Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл



Дата05.07.2016
өлшемі104.84 Kb.
#179304
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 3-2/378 бұйрығына
2-қосымша

«Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың


импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл
тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда,
экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл
тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті
немесе оған балама құжатты тану» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



      4. Көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – он жұмыс күні;
      2) күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – отыз минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – отыз минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану туралы қорытынды.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен куәландырылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің дайын болуы туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi;
      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижені беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      экспорттаушы елдің құзыреттi органдары берген асыл тұқымдық куәлiктердің немесе оған балама құжаттардың көшірмелері.
      Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
      2) портал арқылы:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша сұрау салу;
      экспорттаушы елдің құзыретті органы берген асыл тұқымдық куәліктердің немесе оған балама құжаттардың электрондық көшірмелері.
      Жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті алушыға – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттардың топтамасынқабылдау күні мен уақытын, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын және әкесінің атын (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтертер көрсету мәселелері бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.


      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;
      2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы керек.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы ұсынылады.
      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде өтініш туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» көре алады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделеді.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болуы шартымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414

«Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары


ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық
өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық
куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда,
экспорттаушы елдердің құзыретті органдары
импортталған асыл тұқымдықөнімге (материалға)
берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған
балама құжатты тану» мемлекеттік қызмет
стандартына 1-қосымша

Нысан


Асыл тұқым куәлігін немесе оған балама құжатты тану туралы қорытынды

1. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген танылған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың тізімі     





Асыл тұқымды мал туралы жалпы мәлімет

Асыл тұқымды малдың сәйкестендіру нөмірі**

Асыл тұқым куәлігінің немесе сертификаттың тіркеу нөмірі

Малдың асыл тұқымдық құндылығы туралы мәлімет

түрі

жынысы

Тұқымы

Лақап аты және белгілері

Туған күні

Тірі салмағы, кг*

Құлақ сырғасы

электроннды чип

татуировка

таңба



Бағалау бойынша сыныбы

Бағалау көрсеткіші***





























2. Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген танылмаған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжаттың тізімі     



Асыл тұқымды мал туралы жалпы мәлімет

Асыл тұқымды малдың сәйкестендіру нөмірі**

Асыл тұқым куәлігінің немесе сертификаттың тіркеу нөмірі

Малдың асыл тұқымдық құндылығы туралы мәлімет

Асыл тұқым куәлігін немесе оған балама құжатты танымаудың себебі

түрі

жынысы

Тұқымы

Лақап аты және белгілері

Туған күні

Тірі салмағы, кг*

Құлақ сырғасы

электроннды чип

татуировка

таңба

Бағалау бойынша сыныбы

Бағалау көрсеткіші***































      *- өнімділік бағыттағы етті ірі қара малдар, қойлар, шошқалар, жылқылар және түйелер үшін
      **- тізілгендердің ішінен біреуі немесе бірнешеуі көрсетіледі
      ***- бағалау көрсеткіші бар болуы туралы белгі қойылады
      Асыл тұқым куәлігін немесе оған балама құжатты тану туралы қорытындыны берген адамның тегі, аты,  әкесінің аты (бар болса) _____________________________________________________________________
Күні ________________ ____________________
               Мөр орны      (қолы)

«Экспорттаушы елдердің құзыретті органдары


ірі қара малдың импортталған асыл тұқымдық
өніміне (материалына) берген асыл тұқымдық
куәлікті немесе оған балама құжатты қоспағанда,
экспорттаушы елдердің құзыретті органдары
импортталған асыл тұқымдықөнімге (материалға)
берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған
балама құжатты тану» мемлекеттік қызмет
стандартына 2-қосымша

Нысан


Кімге________________________________________________________________
      (Асыл тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның
      аумақтық бөлімшесіне немесе Ірі қара малдың тұқымдары бойынша
                         Республикалық палатаға)
кімнен_______________________________________________________________
      (жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты, ЖСН немесе заңды
                          тұлғаның толық аты, БСН)
 

Өтініш

Экспорттаушы ел ________________құзыретті органдары импортталған асыл


            (экспорттаушы ел атауы)
тұқымды____________________ өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық
(асыл тұқым өнімінің (материалдың) түрі)
куәліктің/оған балама құжаттың Үлгісін тануларыңызды сұраймын.

Импорттаушының мекен-жайы: __________________


телефон № ___________________________________

Өзім ұсынып отырған құжаттардың дұрыстығын растаймын.

      Мен, _______________________, асыл тұқым куәліктерінің келесі түпнұсқаларындаға мәліметтер берілген үлгіге _________________ сәйкес болатының растаймын.

Тегі, аты,  әкесінің аты (бар болса)


________________________________________
Күні ________________ __________________
       Мөр орны (бар болса) (қолы)



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет