Ел чемпионында жерлестеріміз топ жарды



Дата29.11.2022
өлшемі3.22 Kb.
#466013
ЕЛ ЧЕМПИОНЫНДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ТОП ЖАРДЫ


ЕЛ ЧЕМПИОНЫНДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ТОП ЖАРДЫ
Өткен аптада Астана қаласында таеквондо (WT) спорт түрінен балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа еліміздің әр аймағынан үздік таеквондошылар жиналды. Осы жарыста Түркістан облысының атынан шыққан спортшыларымыз 1 алтын, 2 күміс, 2 қола алқаларды қанжығаларына байлады.
Атап айтар болсақ 34 кг салмақ дәрежесінде Исмаил Айсұлтан алтыннан алқа тағынса, 22 кг салмақта Пердебай Ердаулет пен 18 кг салмақта Қанжар Дінмұхаммед күміспен күптелді. Ал 34 кг салмақта өнер көрсеткен Исламбек Хадиша мен 40 кг салмақтағы Тұрсынхан Нұрай қол медалға қол жеткізді.
Жеңіске жеткен спортшымыз бен жаттықтырушыларымызды жетістіктерімен құттықтай келе, алдағы бұдан да үлкен жарыстарда жеңіс тұғырынан көріне берулерін тілейміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет