Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің



Дата25.02.2016
өлшемі116 Kb.
#24722
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен



бекітілген



«6M020400 - мәдениеттану»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама «6M020400 – Мәдениеттану» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушы: филос.ғ.д., проф. Т.Х.Ғабитов

Бағдарлама Дінтану және Мәдениеттану кафедра мәжілісінде қарастырылған ________________

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Кафедра меңгерушісі__________________ А.Д. Құрманалиева

Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Әдістемелік бюро төрағасы __________________ Н.А. Саитова

Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ А.Р. Масалимова

Ғалым хатшы __________________ З.Н. Исмагамбетова

МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Адамзат тарихында қоғам уақыт өткен сайын түбегейлі өзгерістерге ұшырап, өз құндылықтарын ой елегінен қайта өткізіп, рухани жаңғыруға даңғыл жол ашуда. Сондықтан бүгінгі таңда өркендеп келе жатқан «Мәдениеттану» пәнінің өзекті мәселелерін, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан мәдени құндылықтар жүйесін жаңа заман тұрғысынан қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Сындарлы кезеңдердің талқысынан өтіп қана қоймай, осы бір тарихи дәуірлердің рухын жинақтап, мейлінше бай тәжірибе-тағылымды өз бойына сіңіре білген, өзінің сан-сапалық қасиеттерімен ерекшеленетін “мәдениет” атты ұлы күштің бағзы замандардан-ақ адамзат баласының зерттеу және оқып-білу объектісіне айналғандығы ақиқат. Қазіргі таңдағы жедел даму үстіндегі ғылыми-техникалық прогресс пен технологиялар талабынан өз кәсіби мамандықтарын жете меңгерген, нарықтық замандағы өмір шындығына икемделген, қоғамдағы өз орнын түсіне білетін, ХХ1 ғасырдың талаптарына сай болашақ магистрларды таңдап алу емтиханның басты мақсатына жатады.

Емтиханның тағы бір мақсаты болашақ магистрлерді адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.

Емтихан бағдарламасының міндеттері:



  • адамзат баласының мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеруді, тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;

  • әлемдік мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау;

  • мәдениеттің этноаймақтық және ұлттық феномендерін зерттеу және олардың болмыстық ерекшеліктерін анықтау;

  • түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдау;

  • қоғам мәдениетінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына мәдениеттанулық тұрғыдан сипаттама беру;

  • отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу.

Қабылдау емтихан формасы - күрделенген ауызша-жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушы өзінің емтихан билеттерінің сұрақтарына жауапты жауапқағазына жазып, емтихан комисиясына ауызша жауап береді. Апелляцияға берген кезде жауап қағазындағы жазба аппеляция негізінде алынады».



2. Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

Магистратураға түсуші тұлға игеруге міндетті білімдер:



- гуманитарлық пәндер жүйесіндегі мәдениеттанудың орнын, оның объектісі мен спецификасын, неғұрлым өзекті проблемаларды айқындау;

  • мәдениет феноменін, оның адамның өмірлік іс-әрекетіндегі рөлін түсіндіре білу;

  • мәдениеттің базистік құндылықтарын қабылдау, сақтау, болашақ ұрпаққа бере білу жолдарын игеру:

  • мәдениет формалары мен типтерін, дамуы заңдылықтарын, негізгі мәдени-тарихи региондарды білу, отандық мәдениет тарихын, оның әлемдік мәдениет пен өркениет жүйесіндегі орнын білу;

  • әртүрлі мәдениеттердің көптүрлілігі және өзіндік құндылықтығы туралы түсінік алу;

  • қазіргі қоғамның мәдени ортасында бағдар ала білу;

  • ұлттық және мәдени мұраның сақталуы және артуы жөнінде қамқор бола білу.

  • тұлғаның қалыптасу жағдайлары, оның бостандығы және тұлғаның өмірді сақтау, қоршаған табиғи ортаның мәдениеті үшін жауапкершілігі туралы түсініктің болуы;

  • қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарын реттеудің адамшылық нормаларын білу;

  • интелектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қызметке, үздіксіз білімін көтеру қажеттілігіне қызығушылық тудыру.

3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері: «Мәдениет теориясы мен философиясы», «Мәдени антропология», «Қазақ мәдениетінің тарихы» пәндері.
4. Емтихан тақырыптарының тізімі

    1. «Мәдениет теориясы мен философиясы» пәні

1. Мәдениеттанудың объектісі және гуманитарлық ілімдер жүйесінде алатын орны.

Дүниежүзілік көркем мәдениет және мәдениеттану. Мәдени антропология. Этика, эстетика және дінтану мәдениеттанулық пәндер ретінде. Мәдениеттану қалыптасуының басты кезеңдері.



2. Көнешығыстық және антикалық мәдениеттанулық ойлар

Ортағасырлық және Ренессанс мәдениеттануы. Жаңа Замандағы батыстық мәдениеттану. Шығыстағы мәдениеттанулық ізденістер. Қазақстан Республикасындағы рухани жаңғыру мәселелері және мәдениеттану пәнін оқыту методикасы. Рухани мәдениет және өркениеттілік.



3. Мәдениет және табиғилық. Мәдениет әлеміндегі адам

Мәдениеттің негізгі анықтамалары. Мәдениет құндылықтар дүниесі ретінде. Мәдениет әлеуметтендіру және жекешелендірудің бірлігі түрінде. Мәдениет дүниені адамдандырудың нәтижесі, мұрагерлік пен сабақтастықтың құралы ретінде.



4.Мәдениет – адам еріктілігінің кепілі

Мәдениет және сұхбат. Мәдени коммуникация. Мәдениет және өркениет. Мәдениеттің құрылымы. Мәдениеттегі материалдық пен руханилықтың, табиғилық пен жасандылықтың арақатынасы. Техника – мәдениеттің жемісі. Материалды мәдениет және адам мүмкіндіктері. Рухани мәдениеттің құрылымы. Мәдениет және менталитет. Салт-дәстүр – мәдениеттің өзегі. Мәдениеттегі дәстүршілдік пен жаңашылдық. Білімділік, зиялылық және мәдениеттілік. Әдептілік, әдемілік және мәдениет. Дін және мәдениет. Мәдениеттің басты қызметтері: адамдандырулық, қарым-қатынсатық, реттеушілік, ақпараттық, болжаулық, аксиологиялық.



5. Адам – мәдениеттанудың негізгі зерттеу объектісі

Мәдени антропология. Мәдениеттің биологиялық алғышарттары. Гуманизм және мәдениет. А.Швейцердің "өмірді қастерлеу", Тейяр де Шарденнің "адам феномені", Рерихтердің "тірі этика", "күш көрсетпеу" ілімдерінің гуманистік мәдени маңызы. ХХ ғасыр ойшылдарының антигуманистік қоғамдық құрылымдармен күресі. Мәдениеттің жалпыадамзаттық өркениетті қалыптастырудағы қызметі. Мәдениеттің тоталитарлық түсініктерін сынау. Мәдениеттегі тұлғалылық және тұлғасыздық. Технократиялық мәдениеттің шектері. Адамдық ынтымақтастық және аномия.



6. Мемлекет пен мәдениет арақатынастарының әмбебаптылығы.

Мәдениеттің экстерриториялығы. Адамзат мәдениетіндегі мемлекеттік идеяларын қолдаушылар: Платон, Макиавелли, Гегель, Талейран, В.И.Ленин және т.б. Мәдениет және демократия. Мәдениет жөніндегі элитарлық теориялар: Ницше мен Карлель. Авторитарлық және тоталитарлық жүйелердегі мәдени ахуал. Диссиденььік қозғалыс, партикулярлық, мәңгүрттік, "темір перде", "берлиндік қабырғалар".



7.Адам құқықтары және мәдениет

Мәдени құндылықтары еркін жасау, пайдалану және тарату құқықтары. Мәдениет туралы заңдар: тарих және бүгінгі күн. Демократиялық және азаматтық қоғам – жоғары мәдениеттіліктің кепілі. Адам құқықтарының жалпы Декларациясы мәдени еркіндік жөнінде. ҚР Конституциясы мәдени жетістіктерді еркін тұтынудағы адам құқықтары туралы.



8.Мәдениеттің сұхбаттық табиғаты

Текст мәдени мұра ретінде. Мәдени контекстегі автор мен кейіпкер. Тіл және мәдениет. В.Я.Пропп, К.Леви-Стросс, Ю.Лотман, М.Бахтин мәдениет туралы. Мәдени коммуникация. Мәдениеттің әлеуметтік динамикасы (А.Моль). Рухани мәдениетті тарату және қорғау мәселелері. Антимәдениет, контрмәдениет, квазимәдениет. Мәдени дәстүр мен жаңашылдық.



9.Қазіргі адамзаттың бірлігі мен айырмашылықтары

Шығыс пен Батыс. Солтүстік пен Оңтүстік. Қазіргі суперөркениеттер. Хантингтон, Фукуяма ілімдері. Қазақстанның әлемдік өркениеттер сұхбатында алатын орны.



10. Дүниежүзілік тарихтағы мәдени типтердің тұтастығы мен көп түрлілігі

Өркениеттердің формациялық және әлеуметтік-мәдени типологиясы. Мәдениеттің циклдік айналмалы ілімдері (О.Шпенглер, Н.Данилевский, А.Тойнби). К.Ясперс мәдениеттің белдеулік уақыты туралы. Мәдениеттер типологиясы және еуроорталықтық көзқарас. Түрік өркениеті әлемдік мәдениеттің маңызы ошағы ретінде. Мәдени-тарихи процестің басты заңдылықтары мен сатылары. Мәдениеттің пайда болуы туралы негізгі ілімдер.



11.Мәдениет дегуманизациясы мен картезиандық адам типінің тоқырауы (кризисі) нигилизм философиясының мұрасу ретінде

Адам және Құдай «өлімнің» философиясының эсхологиялық дискурсі. С. Кьеркегор, А. Шопенгауэр, Ф. Ницше философиялары батыстық өркениет моделі және классикалық мәдениеттің антропологизмі мен рационалдық, историзм дағдырысы ретінде. ХХ ғасыр басындағы социомәдени философиялық-теориялық және көркем-эстетикалық қозғалыстар. ХХ ғасыр басындағы мәдениет өкілдерінің көркем-эстетикалық манифестері.



12. Модерн және реализм: эпистемалар мен эстетикалық құндылықтардың ауысуы

Позитивизм және модернизм. Декаденс және гуманистік оптимизм. Соцреализмнің көркемдік мтеоды. Тоталитарлық қоғам мәдениеті. Әлеуметтік ортаның модернизациясы және модерн мәдениеті. Модернизмнің теориялық және философиялық негіздері. А. Бергсонның интуитивизмі. Э. Кассирердің символикалық форма философиясы.



13. ХХ ғасыр батысеуропалық мәдениеті құндылықтардың батыстық жүйесінің мұрагері ретінде.

Құндылықтардың батыстық жүйесінің паттерндері. Әлемнің батыстық моделі және оның мағына тудыратын бірлігі. Ерікті, шығармашылық мәнді адам оқиғасы әлемнің Батыстық моделінің орталық оқиғасы ретінде.



14. Әлемнің баттстық моделінің негізгі идеялары

Шығармашылық субъективтілік туралы идея, сызықты идеясы, орнықты, тұрақты-дамушы жүйелердің, заңдылықтардың идеясы. Мәдениет құндылықтар жүйесі ретінде және рух эстафетасының векторы ретінде. Ф. Ницшенің нигилизм теориясындағы батыс өркениетінің «соңғы апатын» жете түсіну. Ф. Ницше «Құндылықтарды қайта бағалау». Құдайға, Адамға, ақылға сенім апаты әлемнің Батыстық моделінің құндылықтар жүйесінің апатының негізі ретінде.



15. ХХ ғасырдағы негізгі жаңа-кезеңдік дүние танымдық құрылымдардың өзгерісі

Мәдениеттің индивидуалсыз, рухсыз қалыптасуы. ХХ ғасыр мәдениеті «құндылықтарды қайта бағалау» мәдениеті ретінде.



16. Н.Данилевский, О. Шпенглер философияларындағы апаттылықты жете түсіну

Тарихи прогрессизмді, рационализмді, антропологизмді, историзмді сынау, еуропалық тоқырау техногенді өркениет тоқырауы ретінде.



17.ХХ ғасыр мәдениеті рационалистік және гуманистік құрылымдардың тоқырауы ретінде

Негативті құбылыстарды жеңу және ренессанстық, ағарту мәдениетінің дәстүрлі құндылықтарын сақтау тоқырау жағдайынан шығу шарты ретінде (А. Вебер, Х. Ортега-и-Гассет).



18 .ХХ ғасыр мәдениетінің тоқырауы «гумандылықтың жоғалуы» ретінде (Р. Гвардини)

«Адамгершілік сезім қасіретінің тапшылығы – «гумандылықтың жоғалуы» симптомы ретінде.



19. ХХ ғасыр мәдениетінің апокалиспстілігі - «эзотерикалық ізденістердің жандануы» шарты ретінде.

Тақырып актуализациясы: мәдениеттің жоқ болуы немесе оның жаңаруының бастамасы. П. Сорокин мәдениеттің дамуындағы өтпелі жағдай ретінде батыс мәдениетінің тоқырауы жөнінде.


4.2 «Мәдени антропология» пәні

20. Ч. Сноу және оның мәдениетінің екі типі теориясы

Сциентизм және антисциентизм. ХХ ғасырдағы батыс қоғамындағы техника феномені. Техникалық сфера субъективтілік мәселелерімен, субъективтіліктің жаңа өмірлік типтерінің қалыптасуымен байланыс болып табылады.



21.Ғылыми-техникалық мәдениеттің жаңа типінің қалыптасуы

Ғылыми-техникалық дамудың информациондық аспекті. Рационалды құрастыру доминанты. Адамзат жасалған техникалық әлемнің бөлігі ретінде. М. Хайдеггердің техника философиясы және өнер түрлеріне техниканың әсері. Техника мәдениеттің негізгі параметрі ретінде. Технологиялық құрастырулардың негізгі этаптары. ХХ ғасыр батыс мәдениетіндегі ғылым феномені. ХХ ғасырдағы ғылымның негізгі жетістіктері. Ғылыми-техникалық революция феномені. Ғылыми-техникалық прогресстің негізгі әлеуметтік салдары. Компьютерлік революция – адам бейнесінің (кейпінің және оның бос уақытының сапалы өзгеруі. Компьютерлік ойындар әлемі. Компьютерлік технлогия әлеміндегі адамның аддиктивті іс-әрекеті.



22. ХХ ғасыр батыс мәдениетіндегі классикалық емес философияның қалыптасуы

Психоанализ және оның ХХ ғасыр рухани мәдениетіне әсері. Иррационалдық проблематика және мәдениеттің келіспеушілігі. Франкфурттық мектеп философиясы және адам мен батыс қоғамының «біркештілік» проблематикасы. Ғылыми-техникалық рационалдылық батыс мәдениеті феномені ретінде.



23.Батыс мәдениеті қоғамындағы жатсыну және затқа айналдыру феномені

Ғылым философиясы және ғылыми білім проблематикасы. Ғылым және метафизика демаркация мәселесі. Философия статусын қайта ұғыну. Философия рөлі мен белгіленуінің өзгеруі. Білім сциентизациясы мәселесі. Структурализм ХХ ғасыр Батыс философиясындағы әсерлі ағым ретінде. Структурализм және семиотика өзарапәндік ғылыми бағыттар ретінде.



24.Мәтіннің структуралистік түсінігі

Структурализм генезисі. Структуралыө лингвистика ХХ ғасырдық философиялық-теориялық парадигмасының қайнар көзі ретінде. Фердинанд де Соссюр және оның «Жалпы лингвистика курсы». Орыс формальді мектебі. Прагалық линвистикалық үйірме. Француздық структурализм. М. Фуко және билік оқиғаларын ауыстыру (контаминациясы) мен білім мәселелсі. Сэпир және Уорфтың лингвистикалық салыстырмалық теориясы. Мәскеудің және Тартустың семиотика мектебі.



25.Абстракционизм, символизм, акмеизм, экспрессионизм өнерінің сипаттамалық белгілері

Модерн және авангард олардың ұқсастықтары мен айырмашылығы аспектісінде. Авангард көркемдік және технлогиялық эксперимент ретінде. Авангард иституализациясы. Әлеуметтік пргаматика аспектісіндегі авангард мәдениеті. Көркемдік авангардтың негізгі бағыттары. Футуризм. Абсурд театры. ХХ ғасыр өнеріндегі жаңа бағыттардың құрылымы.



26. Абстракционизм өмірден көркем шеттену ретінде

Абстракционизмнің көркемдік бастаулары (нышандары). Абстракционистік өнердегі негізгі бағыттар. Поп-арт жаңа реализм ретіде. Поп-арт өнеріндегі ақиқатқа қатынас. Поп-арттың бір түрлілігі. Поэзия мен әдебиеттегі сюрреализм. Кескіндемедегі сюрреализм. Сюрреалистік эффкетілер. Экзистенциализм көркем-философиялық, мәдени бағыт ретінде. Экзистенциализмнің орталық міндеті. Экзистенциализмнің негізгі мәселелері. Экзистенция рефлексияның басты тақырыбы ретінде, антисциенттік бағыт. Адам тіршілігінің абсурдтылығы. Еркіндік (азаттық) мәселесі.



27.Зерттеулер мен стратегиялардағы өзгерістер: тез және ақырын экономиктер жүйесі (Э. Тоффлер)

Ақпараттық қоғам теориясы (Е. Масуда). Ақпараттық мәдениет құрылысы. Массалық урбанизация және адамның есізденуі (жауапкершіліктен айырылуы). Символикалық капитализм қалыптасуы. Ақпарат товар ретінде. Ақпараттық техникалар мен технологиялар.



28.Адам құрылымы

Массалық адам әлеуметтік манипуляция объектісі ретінде. Массалық ақпараттар амалдарымен мифтердің тираждалуы. Деромантизация және дегероизация адамгершілік қатынастардың дегуманизациясының негізі ретінде. Постмодернизм және массалық адам. Адам атомизациясы және адам деиндивидуализациясы. «Шоппинг» бос уақыт формасы ретінде. Массалық мәдениеттегі жыныс девальвациясы. Масскульт мифтері симулякрдің әртүрлілігі ретінде. Массалық адам ақпараттық қоғамның жемісі ретінде.



29. Адамның тотальді «пассивизациясы», оның дебилизациясы және примитивизациясы

Массалық адам «манипуляцияланған тіршілік» ретінде. Массалық мәдениет қоғамның өмірін жүйелеуші және ұйымның кешенді формасы ретінде. Адамның ойлау қабілетіне теледидар мен компьютерлердің әсері. Импульсивті әсердің қалыптасуы. Шығармашылық ой деформациясы және креативтіліктің төмендеуі. Масскульт пен әлем сахнасының қалыптасуы. Кич-мәдени символика вульгаризациясының формасы ретінде.



30. Жарнама массалық мәдениет феномені ретінде

Жарнаманың мәдениеттанулық анализінің ерекшелігі. Жарнама генезисі мәдениет феномендері ретінде. Жарнама фантастикалық кеңістік сияқты «ертегілік карнавалдық салтанатты шеру» формасы ретінде. Левинсонның жарнамаға берген сипаттамасы. Жарнаманың массалық мәдениетке әсері. Массалық мәдениет және жарнама «символдық» конструктор ретінде. Музыка массалық мәдениеттің объекті ретінде. Тұтынылатын музыкалардың қалыптасуының қайнар көздері. Музыкалық өнердегі тұтынылатын тенденциялардың дамуы. Музыка және масса адамы. «Шлягер» тұтынылатын музыканың атомды бірлігі ретінде. «Джаз» көңіл көтеру формасы ретінде. «Мюзикл» «театырдандырылған» көңіл көтері формасы ретінде. «Поп-музыка». Фотосурет және киноматограф. Кино массалық мәдениет феномені ретінде. Қазіргі қоғам мен мәдениеттегі кино. Кино массалық құбылыс ретінде. Кино массалық коммуникация түрі ретінде. Кино және оның коммерциализациялануы. Кино қалыптасқан мәтін ретінде. Киноның семиотикалық кеңістігі. Киноның манипулярлы сипаты. Қазіргі мәдение пен қазіргі қоғамдағы теледидар және оның дамуы. «Теле-дәуірдің» негізгі сипаттары. «Зеппинг» спутниктік және кабельді теледидардың таралуының нәтижесі.



31.Постмодернизм мәдени ағым ретінде

Философия, эстетика, өнер және гуманитарлық ғылымдар. Постмодернизмнің философиялы-эстетикалық негіздері. «Постмодернизм» терминінің қалыптасуының негізгі этаптары. Интеллектуалды шығармашылықтың жаңа ережелері. Постмодернимзнің авангардттан айырмашылығы. Постмодернизмнің әмбебапты гуманизмы. Постмодерни эстетикасының қалыптасуы. Постмодернизм практикасы. Постструктурализм мәдени шығармашылықты ұғынуға философиялық-методологиялық және мәдениет мәтіндерін интерпретациялауға қадам ретінде. Маргиналдылық постмодернистердің философиялық ізденістерінің тақырыбы ретінде. Ж. Делездің «ынта философиясы». Ж. Бодрийардың «философиясы». Ж. Дерриданың «Деконструкция философиясы».



32.Қазіргі Батыс өркениетінің қалыптасу ерекшеліктері

Батыстық өркениеттің әлеуметтік-мәдени негіздері: алғашқы қор жинау, нарық, азаматтық қоғам, вестернизация. "Фауст" адам және протестандық этика. Жаңа Заман философиясы және еуропалық ойлау стилінің қалыптасуы. Өнеркәсіптік төңкерістер мен техникалық өркениеттің қалыптасуы. Реформация. Ағартушылық пен Романтизм. Отаршылдық пен әлем бөлінісі. Әлеуметтік қақтығыстар. Атеизм, революциялық сана мен материализм. Қазіргі Батыс мәдениеттің парадигмалары. ХХ ғасырдағы әлеуметтік жанжалдар және бүкіладамзаттық өркениеттіліктің қалыптаса бастауы. Күш көрсетпеу этикасы және жаңа гуманизм. ХХ ғасырдағы әлемдік өркениеттер және батыстандыру шектері. Бұқаралық және экрандық мәдениет.



33. Ресейлік мәдени типтер (Н.Бердяев)

Славяндық мәдени типке Н.Данилевскийдің берген бағасы. Византиялық, скандинавтық, түріктік ықпал. Киев Русі және христиандықты қабылдау. Шығыс славяндары мәждениетіндегі ескі діни сенім-нанымдардың орны. Ежелгі орыс жазбалары. Татар-моңғолдық кезең. Батыспен мәдени байланыстардың азаюы. Шығыс славяндардағы этникалық ыдырау. Мәскеулік кезең. Күшті мемлекеттілік идеясы. Мәскеу – ІІІ Рим. Сословиялар мен патримониалдық басқару жүйесінің қалыптасуы. Христиандырылған Шығыс және латындық Батыс



34. Еуроазиялық мәдени тип

І Петр кезеңі. Мәдени реформалар. Ресейді батыстандыру. Орыс мәдениетінің "алтын және күміс" ғасырлары. Славянофилдер мен батысшылдар. Империялық мәдениет. Ресейлік интеллигенцияның ерекшеліктері. Орыстың социалистік мәдениеті. Тоталитарлық мәдениет коллизиялары. Эммиграциялық орыс мәдениеті. Кеңес Одағы ыдырауының әлеуметтік-мәдени себептері. Ресей мәдениетінің болашағы.


4.3 «Қазақ мәдениетінің тарихы» пәні

35. Қазақ мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны

Қазақстан мәдениеті тарихының басты кезеңдері. Қазақ мәдениетінің зерттелу деңгейі және еуроорталықтық, империяшыл, арийорталықтық көзқарастарға сын. Қазақ мәдениетінің автохтондығы мен гомогендігі.



36.Номадалық шаруашылық-мәдени типқазақ мәдениетінің архетипі.

Қазақстан жеріндегі көне көшпелілік мәдениеттер. Скиф-сақ өркениеті. Ежелгі сақтардың сенім-нанымдары, ментальдық ерекшеліктері және өнері. "Аң стилі" және оның қазақ ою-орнегіндегі көріністері. Анахарсис – скиф философы. Әскери демократия және прототүрктердің ел басқару мәдениеті. Әйелдердің сақ қоғамында алған орны. Номадалық ұлыстардың Шығыстан Батысқа қарай қоныс аудару. Көшпелілер тарих католизаторлары ретінде. Ғұн, үйсін, қаңлылар – прототүрктік мәдениеттің иелері. Прототүрктердің материалды және рухани мәдениеті. Ұлы жібек жолы және прототүрктер.



37. Түркі ойшылдары мәдениет туралы

Әл-Фарабидің ғылыми мұраларының зерттелу тарихы. 3. Әл-Фараби және қазіргі заман . Әл-Фарабидің ізгі қала және надан қала айырмашылықтарын түсіндіруі туралы. Платон мен Әл-Фарабидің мемелекет туралы тұжырымдарындағы негізгі ұқсастықтар мен айырмашылықтар қарастыру.. Әл-Фараби және тіл білімі. Әл-Фараби және логика ғылымы.. Әл-Фараби және математика.. Әл-Фараби физикасы. Әл-Фараби астрология мен алхимия туралы.



38. Жүсіп Баласағұнның “Құтты Білік” дастаны

Ортағасырдағы түркі халықтарының этикалық және эстетикалық идеялардың жиынтығы. “Құтты Білік” дастаны әлемдік маңызы бар туынды.. Шығарманың ерекшелігін қарастыру. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқарудағы негізгі әдістер туралы (этикалық сипатына тоқталу).



39. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің алғышарттары

Қазақ халқының қалыптасуының әлеуметтік-мәдени негіздері. Қазақ мәдениетінің мемлекеттік кезеңі. Қазақ хандылығының материалды мәдениеті. Жаңа замн көшпелілері. Қазақ киіз үйінің символикасы. Қазақ халқының сал-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, рәміз-рәсімдері. Жеті аталық үрдіс. Эпос әлемі. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесі, сенім-нанымдары. Дүниетанымдық синкретизм. 41.



40.Қазақтардың дүние туралы түсініктері, тілі, жазуы, емшілік тәсілдері, музыкасы.

Қазақ халқының ментальдық ерекшеліктері. Қазақ хандығының құрылуы – ұлттық мәдениет қалыптасуының негізі. Жыраулар, ақындар, күйшілер , шешендер шығармашылықтары, қол өнері, ою-өрнек рәміздерінің ерекшеліктері. Қазақтардың космологиялық түсініктері мен дүниетанымының синкретизмі.



41. Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуі

Отарлау әлде мәдениеттер сұхбаты? Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресі. Миссионерлік әрекеттер және патшалық Ресейдің исламға көзқарасы. Қазақ антиутопиясы. Зарзаман мәдениеті.



42. Қазақ ағартушылығы

Ш.Уәлихановтың мәдениеттанулық ізденістері. Дәстүрлі мәдениет пен жаңашырлық. Ы.Алтынсарин – қазақ ағартушылығының тікелей тұлғасы. Абай – қазақтың рухани мәдениетінің жеткен шыңы. Шәкәрімнің мәдениеттанулық көзқарастары.Ұлттық сананың оянуы және ұлт-азаттық қоғалыс.



43. Қазақ ойшылдары мәдениет туралы

Қазақтың ғалым-ағартушыларының белгілі еңбектері (Абай – философ және ақын, Шоқан – Шығыс мәдениеттерін зерттеуші, Ы.Алтынсарин – қазақ ағартушылығының көрнекті тұлғасы, т.б. ).Ш.Уәлихановтың мәдениеттанулық ізденістері.Уәлихановтың қазақ қоғамындағы реформалар туралы және оның діни көзқарастары. Қазақ ағартушылығы. Дәстүрлі мәдениет пен жаңашырлық. Ы.Алтынсарин – қазақ ағартушылығының тікелей тұлғасы. Ы. Алтынсариннің педагогикалық ойлары, тәрбие және дін туралы ұстанымдары.



44. Абай – қазақтың рухани мәдениетінің жеткен шыңы

Абай қазақ халқының болмысын толық білген суреткер ақын, ойшыл ретінде. “Алаш Орда” идеясы, оның қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы ролі.. Ә. Бөкейханов ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі ретінде. Қазақ зиялыларының қазақ автономиясы туралы идеясы және оның қазіргі тәуелсіздіктің тұжырымының бастамасы ретінде. Мұстафа Шоқайдың “Біріккен Түркістан” идеясы. Зарзаман мәдениеті.. Шәкәрімнің мәдениеттанулық көзқарастары.Ұлттық сананың оянуы және ұлт-азаттық қоғалыс.



45. Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін күресі

Миссионерлік әрекеттер және патшалық Ресейдің исламға көзқарасы. Қазақ антиутопиясы.Х1Х ғ.ХХ ғ. Қазақ поэзиясы мен музыка өнерінің белгілі қайраткерлері, әдебиет майталмандары мен саяси қайраткерлер.(Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Ақан сері, т.б; әдебиет майталмандары мен саяси қайраткерлер.( Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б.).



46. Кеңес Одағы ыдырауының әлеуметтік-мәдени негіздері

Қазақ мәдениеті тәуелсіздік аясыеда. Қазақстан Республикасындағы мәдени жағдай. Нарық және мәдениет. Қазақ мәдениетін батыстандыру ерекшеліктері. Шығыстық сұхбат аймағына қайта қосылу талпыныстары.



47. Қазіргі мәдени типтер: архаикалық, маргиналдық, мәңгүрттік, еуроазиялық, нарықтық, ақсүйектік

Заманның рухани талабы және мәдени жауап баламалары. Мәдени өркендеу бағдарламалары. Қазақстанның даму стратегиясындағы мәдениет мәселелері.



48. Қазақстан Республикасы мәдениетінің жетістіктері мен мәселелері

Кеңестік Қазақстан мәдениеті. Өнердің, білім мен ғылымның Қазақстандағы дамуы. Кеңес Одағы ыдырауының әлеуметтік-мәдени негіздері. Көрнекті өкілдері. Егемен Қазақстандағы ұлттық мәдениетті жандандыру мен өркендету мәселелері. Қазақ мәдениеті тәуелсіздік аясында.



49.Қазақстан Республикасындағы мәдени жағдай

Нарық және мәдениет. Қазақ мәдениетін батыстандыру ерекшеліктері. Шығыстық сұхбат аймағына қайта қосылу талпыныстары. Қазіргі мәдени типтер: архаикалық, маргиналдық, мәңгүрттік, еуроазиялық, нарықтық, ақсүйектік. Заманның рухани талабы және мәдени жауап баламалары. Мәдени өркендеу бағдарламалары. Қазақстанның даму стратегиясындағы мәдениет мәселелері.



50. Батыс футурологиясының қалыптасуы

«Рим клубының» өкілдері. «Рим клубының» негізгі мәселесі ретінде. «Рим клубы» зерттеулерінің негізгі бағытары.



5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

НЕГІЗГІ
1.Абай. Шығармалары. А., 1995.

2.Ақатаев С. Інжу-маржан секілді: Эссе. А., 1995.

3.Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. А., 1973.

4.Баласағұн Ж. Құтты білік. А., 1986.

5.Бартольд В.В. История культурной жизни Туркестана. ч.1. Л., 1987.

6.Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. М., 1977.

7.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. А., 1995.

8.Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. М., 1993.

9.Ғабитов Т.Х., Мүтәліпов Ж. Мәдениеттану. – А.: Раритет, 2012.

10.Құлсариева А.Т., Масалимова Ә.Р. Мәдени антропология. – Алматы, 2010

11.Иассауи Қ.А. Ақыл кітабы. А., 1996.

12.Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т.Х. Әдеп негіздері. А., 1997.

13.Казахи. Историко-этнографическое исследование. А., 1995.

14.Қазақ. ІІ тарау. Менталитет. А., 1994.


ҚОСЫМША

15.Культурология. Антология. Т. 1-4. М., 1994.

16.Культурные контексты Казахстана: история и современность. А., 1998.

17.Нуржанов. Культурология. (Курс лекций). А., 1994.

18.Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахстанская национальная идея. А., 1994.

19.Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. А., 1996.

20.Тайлор Э. Первобытная культура. М., 1989.

21.Тойнби А. Постижение истории. М., 1992.

22.Темирбеков С.Т. Введение в культурологию. Ч., 1996.

23.Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов. А., 1991.

24.Фрейд З. Тотем и табу. М., 1992.

25.Швейцер А. Культура и этика. М., 1973.



  1. Хейзинга Й. Человек играющий. М., 1992.

  2. Лосев А.Ф. Культура. Мифология. Культура. М., 1991.

  3. Самосознание европейской культуры ХХ века. М., 1991

  4. Фромм Э. Иметь или быть. М., 1999

  5. Юнг К. Архетип и символ. М., 1991.

  6. Хейзинга Й. Осень Средневековья.М., 1988

  7. Гуревич А.Я. Средневековый мир: культура безмолствующего большинства, - М.; Искусство, 1990


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет