Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы доценті, т.ғ. к. А. Р.Әліпбаев



бет1/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.75 Mb.
#136652
  1   2   3   4   5
Қазіргі кезеңдегі қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму қарқыны
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің

халықаралық қатынастар және

ҚР сыртқы саясаты кафедрасы

доценті, т.ғ.к. А.Р.Әліпбаев

aman19@mail.ru

Халықаралық қатынастарда орын алып жататын саяси өзгерістер мемлекеттердің дамуына ерекше ықпал етері сөзсіз. ХХ ғасырдың 80-ші жылдардың аяғында орын алған Шығыс Еуропадағы саяси дүрбелең өзара тәуелділік үрдісінің нәтижесінде Кеңестер Одағының ыдырауына алып келсе, бұл өз кезегінде халықаралық қатынастардың жаңа субъектілерінің қатарына қосылған Қазақстан еліне де тікелей әсер етті. Өйткені бұрынғы Кеңестер Одағы шеңберінде Қазақстанның сыртқы әлеммен байланысы негізінен сол кездегі «орталық» арқылы ғана жүзеге асқан болатын. Енді міне Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде бүкіл әлеммен, соның ішінде еуропалық мемлекеттермен дипломатиялық және консулдық қатынастар орнату нәтижесінде мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыта түсті.

Еуропалық мемлекеттердің ішінде Германия Федеративтік Республикасымен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа өзіндік ерекшеліктер тән. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың ақпан айының басында Германия Федеративтік Республикасына жасаған ресми сапарынан кейін қазақстандық-германдық жоғары деңгейдегі екіжақты қатынастардың қосымша серпіліс алғанын атап кеткен дұрыс. Екі ел арасында іс жүзінде барлық бағыт бойынша байланыс қалпына келтірілген, жүйелі түрде аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер бойынша кеңесулер мен пікір алмасулар өткізілуде.

Қазақстан елі тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен бастап Германиямен тығыз байланысты қалыптастырғаны белгілі. Қазақстан мен Германияны тек саяси және экономикалық мүдделер ғана емес сонымен бірге мәдени-ізгілікті байланыстар да, оның ішінде Қазақстаннан ата-жұртына оралған 900 мыңнан астам және Қазақстанда тұрып қалған 200-230 мыңдай неміс ұлтының өкілдері біріктіреді.

Германияда 2009 жыл Қазақстан жылы болып жарияланып, екі елдің өзара қарым-қатынастарына жаңа серпін беріп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа сатыға көтергені айқын. Осыған орай үстіміздегі жылдың 15-25 қаңтар аралығында Берлинде қазақстан ауылшаруашылық кешені өкілдерінен тұратын делегацияның жылсайын өтетін «Жасыл апта 2009» халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне қатысуы екіжақты қатынастардың нығаюына қосқан жаңа үлесі десе болады. Өйткені ҚР-ның аграрлық секторын модернизациялау және батыстық стандарттар мен ноу-хауды енгізу мақсатында ү.ж. 17 қаңтар күні ҚР-дың ГФР-ғы Елшісі Н.Онжановтың қатысуымен вице-министр М.Оразаев және Германия Федеративтік Республикасы Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқығын қорғау министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Герд Мюллер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасы Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқығын қорғау Федералдық министрлігі арасындағы «Қазақстан-герман аграрлық-саяси диалогы» бірлескен екіжақты кооперациялық жобасының жүзеге асырылуы жөніндегі Бірлескен мәлімдемеге қол қойды [1].

Осы сапар барысында қол жеткізілген құжаттардың мақсаты Қазақстан мен Германия арасында ауылшаруашылық саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты орнату, бірлескен жобалардың іске асуын, қазақстандық сарапшы мамандардың германиялық сарапшылар тарапынан ақыл-кеңес алып отыруын, қазақстандық мамандарды даярлайтын екіжақты жоба келешекте ҚР-ның аграрлық кешеніне қажетті үздік және мол тәжірибені әкелу болып табылады.

Екі жақты өзара ынтымақтастық ү.ж. 21 қаңтарында ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Н.Онжанов Бавария федералдық жеріне жұмыс сапармен барып, осы жердің Экономика, инфрақұрылым, көлік және технология министрі Мартин Цайльмен кездесуімен жалғасты. Кездесудің нәтижесінде екі жақ осы жылдың көктем айында Министрліктің Мемлекеттік хатшысы Кати Хессельдің Қазақстанда бавар кәсіпкерлерінің қатысумен өтетін бизнес-форумның шеңберінде біздің елге сапарын ұйымдастыру туралы келісімге келді. Сонымен бірге осы күні Мюнхенде ҚР Елшілігінің, Мюнхен мен Жоғары Баварияның Сауда-өнеркәсіптік палаталарының және Бавария федералдық жерінің Экономика және көлік министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен Бавариядағы Қазақстанның экономикасы күні өтті. К.Хессель Бавария федералдық жерінің Қазақстанмен экономикалық байланысы жайлы баяндамсында: «Қазақстан қазір Бавариямен сауда жасауда Ресейден кейінгі ТМД елдері ішінде екінші орында, ал Орталық Азияда бірінші орында тұр. 2007 жылы екі арадағы сауда айналым алдыңғы жылдағыдан 10%-ға артып 2,6 млрд. евроға жеткен», деп атап өтті [2].

Қазақ-герман экономикалық қатынастарын тереңдетуге екіжақты байланыстарды нығайту мен екі елдің халқын жақындату үшін жарияланған «Германиядағы Қазақстан жылы» аясында өтіп жатқан әртүрлі іс-шаралар екі ұлтты ұйыстыра түсуде.

Германиядағы Қазақстан жылын өткізу шеңберінде 2009 жылдың 26 ақпанынан 2 наурызына дейін Мюнхен қаласында туризм саласының дамуындағы әлемдік үрдісті анықтайтын, әйгілі «F.RE.E - 2009» халықаралық көрмесі өтсе, 11-15 наурыз күндері Берлин қаласында өткен «ITB-2009» Халықаралық туристік көрмесінде біздің ел «Германиядағы Қазақстан жылының» көлемінде өз көрмесімен таныстыруы екіжақты танымдық байланысқа өзіндік үлес қосып жатты. Азғана уақыттан кейін, 20 сәуірде Ганновер өнеркәсіп көрмесінде Қазақстанның көрме бұрышы ұйымдастырылды. Ганновер өнеркәсіптік көрмесі жаңа технологиялар мен өнеркәсіпті автоматтандырудағы жаңа құралдар қойылатын және ел өнеркәсібін таныстырып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе бөлісуге мүмкіндік беретін әлемдегі ең ірі көрмелердің бірі екендігі белгілі.

Ал 19 наурыз күні Ройтлинген қаласында (Баден-Вюртемберг федералдық жері) «Германиядағы Қазақстан жылы» шеңберінде Қазақстанның экономика саласындағы жетекші мамандары мен менеджерлерінің біліктілігін жетілдіру бағдарламасының қатысушылары мен түлектерінің «Өзгерістерді басқару және дағдарыс жағдайындағы сыртқыэкономикалық серіктестік» конференциясы өткізілген болатын. Қатысушылардың негізгі мақсаты дүниежүзілік дағдарыстың салдарынан кәсіпорындарда пайда болған мәселелерді талқылау және Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық шеңберінде менеджерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасын осы өзгерістерге бейімдеу бойынша кеңестер дайындау болды.

Конференцияда жақын арада InWEnt қоғамының бүкіл Орталық Азияға арналған аймақтық кеңсесін ашу туралы өте маңызды келісімге қол жетті [3].

Германиядағы Қазақстан жылының шеңберінде Мюнстер қаласының тұрғындары «Waldorf» залында 18 сәуір күні Қазақстандық неміс драма театрының қойылымдарын тамашалады. Осы мәдени шараның жалғасы 20 сәуірде Берлиннің «Ernst-Reuter-Saal» атты залында өтті. Неміс драма театрын таныстырып сөз сөйлеген ГФР-дағы Елші Н.Онжанов қонақтарға Қазақстандағы театр өнерінің дамуы, Үкіметтің этникалық азшылықтардың рухани-мәдени дамуы үшін көрсетіп жатқан көмек шаралары және еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің арасындағы конфессияаралық және мәдениетаралық келісім мен төзімділіктің нәтижесі екендігін жеткізді.

Осы бағытта үстіміздегі жылдың 21 сәуір күні Баден-Вюрттемберг жерінің астанасы Штутгарт қаласында ГФР-дағы ҚР Елшілігі, Штутгарт қаласының әкімдігі және Баден-Вюрттембергтегі ҚР-ның Құрметті консулдығының ұйымдастырумен «Германиядағы Қазақстан жылы» шеңберінде Қазақстан экономикасының күні өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін, әртүрлі экономикалық жобаларға герман кәсіпкерлерінің қатысуы және Елбасының «Дағдарыстан даму мен жаңаруға» атты халыққа жолдауын таныстыру болды. Штутгарт қаласының мэрі В.Шустер біздің елдің жақсы дамып келе жатқанын және герман кәсіпкерлері үшін қазақстан кәсіпкерлерімен бірлестік құруға мол мүмкіндіктері бар екенін атап өтті [4].

Осы күні Штутгарттегі Koеnig-Karl-Halle концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің шығармашылық кеші екіжақты саяси-экономикалық қатынастардың мәдени байланыстармен ұласып жатқандығының айғағы.

Майндағы-Франкфурт- қаласында 22 сәуір күні өткен Орталық және Шығыс Еуропа Бірлестігінің шеңберіндегі Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жұмысшы тобының 3-ші мәжілісі барысында германдық банктер тарапынан несие беру жүйесі талқыланған еді. Бұл жұмысшы тобының құрамына Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытудағы үш жүзден астам ірі және орта деңгейдегі германдық кәсіпорындар кіреді. Бұл орган германдық іскерлік бірлестіктер ішіндегі қазақ-герман экономикалық ынтымақтастығының стратегиялық мәселелерін талқылау және толықтыру үшін, тәжірибемен алмасу үшін Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жеке жұмысшы тобы құрылған бірегейі болып табылады [5].

Осындай сындарлы қатынастардың негізінде екі ел арасындағы азаматтардың қатынастарын жаңа деңгейге көтеру үшін мемлекетаралық визалық тәртіп шартына жеңілдіктер жасау көзделуде. Сол ретте Қазақстан тарапынан 2008 жылдың қарашасында «Дипломатиялық және қызметтік төл құжаттары бар тұлғалар үшін визадан бас тарту талаптары жөніндегі келісім» жобасы герман тарапына ұсынылған болатын. Бүгінгі күні Қазақстан тарапынан Еуропалық Одақ-Орталық Азия әріптестігінің жаңа стратегиясы шеңберінде Еуропалық Одақ елдерімен кең көлемдегі байланыстары жобалануда. Сонымен бірге Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық етуіне байланысты мемлекеттің «Еуропаға жол» бағдарламасы шеңберінде 2009-2011 жылдар аралығына жаңа міндеттер жүктелген болатын. Бұл міндеттілік Қазақстан өкілдері мен азаматтары үшін жаңа қарым- қатынастар деңгейінің қалыптасуына әкелетіндігі айқын. Ол өз кезегінде еуропалық елдерге шығу тәртібінің қолайлы болуын қажет етеді. Яғни, дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттарға ие тұлғалар үшін визалық жүйеден бас тарту, қажеттіліктен тыс ресімдеу істерін қысқартып, ресми өкілдердің өзара жол сапарларын жеңілдетеді және әлдеқайда белсендіре түсері сөзсіз. Қазақстанда дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттардың тек мемлекет қызметкерлеріне ғана берілуі, Германияда ешқандай көші-қон мәселесіне қауіп туғызбайтындығы айқын. Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметі бойынша бүгінгі күнге Шенген аймағында іс жүзінде Қазақстаннан ешқандай заңсыз босқынның жоқ екендігі келтіріледі. Алайда, Германияға жол сапар шегуге ниет еткен қазақстандықтар үшін рұқсат алу мәселесінде әлі де бірқатар қиыншылықтар кездеседі. Өйткені Еуропалық Одақтың басқа елшіліктерінен өзгешелігі Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің консулдық бөлімшесі және Алматы қаласындағы Бас Консулдығы көптеген құжаттар мен анықтамаларды өткізуді талап етеді. Бұл кең байтақ Қазақстанның шалғайда жатқан елді мекендерінің тұрғындары үшін виза алу мәселесінде мол қаржылық шығындармен қоса бірталай уақыттарының кететіндігін ескеруді қажет етеді. Әдетте Қазақстан азаматы құжаттарын өткізу үшін алдымен тізімдеу нөмерін алуға келеді, келесі жолы осы құжаттарды өткізуге, соңынан сұхбаттасуға немесе виза алуға келуі екі ел арасындағы қарқынды даму үстіндегі саяси және экономикалық өзарақатынастардың толыққандылығына сызат түсіретіндей. Сонымен бірге виза алу барысында германдық тарап қосымша түрде ресми шақыруды, өтініш берушінің банктік анықтама үзіндісін, дүние-мүлкі жайлы әртүрлі ақпараттар мен Қазақстанда қалып отырған туған-туыстары және тағы басқа, бар жоғы 15-20 шақты тармақ бойынша мәліметтерді талап етуі, тікелей азаматтың жеке басының мәселелеріне араласуға әкеледі. Өркениетті қарым-қатынасқа ұмтылған қазіргі сәтте мемлекетаралық байланыста азаматтарға қатысты алмасу шараларын жұмсарту күн тәртібіндегі қажетті мәселелердің бірі болып табылады.

Елге кіруге рұқсат беру мәселесінде Шенген аймағындағы басқа елдердің тәжірибесі әлдеқайда либералды екендігін және ТМД көлеміндегі елдерден өтініш берушілерге германдық шетелдік өкілдіктерінің талаптарымен салыстырғанда үлкен айырмашылығы бар. Виза беру жөніндегі Шенген келісімі өте икемді болып келеді, бұл келісім шеңберіндегі елдердің өздері қандай құжатты талап ететіндіктерін өздері айқындауға құқылы. Соған орай соңғы кезде осы мәселені түбірлі шешу мақсатында Қазақстан тарапынан бірқатар ұсыныстар жасалынған болатын. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасында визалық тәртіп пен реадмиссияны оңайлату жөнінде екіжақты келісімге келу мәселесі, өйткені мұндай құжаттың қабылдануы тараптар азаматтары үшін визалық мәселені біршама жеңілдетеді. Әрине, Қазақстанның жаппай барлық азаматтарына қатысты визалық мәселені жеңілдетуге германдық тарап келісе қоймас, дегенмен алқашқы сатыда азаматтардың нақтылы бір санаты үшін жеңілдік жасау мүмкіндігін ойластырған дұрыс. Бұл санатқа ең алдымен қысқа және ұзақ мерзімді сапарға аттанатын дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттарға ие тұлғаларды, қызметтік жолсапарға шығатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін, мәслихаттар мен келіссөздерге баратын ұлттық компаниялар мен ұйымдар қызметкерлерін, мәдени шараларға қатысу үшін шығатын өнер қайраткерлері мен спортшыларды, сондай-ақ жедел дәрігерлік көмекті мұқтаж ететін азаматтарды жатқызуға болады. Келіссөз барысында тараптар виза алу үшін қажетті құжаттардың тізімдемесін нақтылы айқындауға көңіл бөлуі керек. Бүгінгі күні мұндай құжаттардың қатарына - ҚР кепілдік хаты, төлқұжат, визалық сауалнама, қамсыздандыру полисі жеткілікті болып табылады.

Германиядағы Қазақстан жылының аясында 10-11 маусымында Қазақстан Республикасының әділет министрі Р.Түсіпбеков өзінің Германияның астанасы Берлин қаласында болған сапары барысында ГФР-дің федералды әділет министрі Бригитте Цюприес ханыммен болашақтағы екіжақты құқықтық ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөз өткізген болатын. Келіссөз барысында қатысушы тараптар үстіміздегі жылдың 7 мамырында екі елдің сыртқысаяси ведомство басшылары қол қойған «Болашақ үшін әріптестік аясындағы әрекеттер бағдарламасын» жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша кешенді шараларды дайындау қажеттілігін атап өтті. Екі елдің әділет ведомствосының жетекшілері келіссөз қорытындысы бойынша «ҚР әділет министрлігі мен ГФР федералды әділет министрлігі арасындағы алмасу және құқықтық ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен Мәлімдемеге» қол қойған болатын [6]. Бұл құжат Қазақстан мен Германия арасындағы ведомствоаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Осы кездесулердің құқықтық мәселелер бойынша екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға арналуы, болашақта екі ел азаматтарының өзара қатынасын жеңілдетуге өзіндік үлес қосары анық.

Жалпы Қазақстанның сыртқы саясаты үшін еуропалық бағыт халықаралық ынтымақтастықтың маңызды басымдылықтарының бірі. Сырт елмен байланыстың нәтижелі дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан елі әлемнің 35 мемлекетінің азаматтары үшін қазақстандық визаны алу тәртібін жеңілдеткен болатын, сол елдердің қатарынан Германияны да көруге болады. Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат алу тәртібі туралы Нұсқауға сай экономикалық дамыған және саяси тұрақты елдердің азаматтары үшін бір ай көлеміндегі бір реттік іскерлік, туристік және жеке тұрғыдағы визаны алу - Қазақстанның консулдық мекемесіне хат күйіндегі өтінішінің негізінде-ақ ресімделеді. Бұл іс әрекет мүмкіндігінше бар жоғы үш жұмыс күні шеңберінде жүзеге асады. Соңғы кезде осы тізімнің шеңбері Еуропалық Одақтың басқа елдерімен де толықтырылуы жобалануда.

Қазақстанның «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 22-23 қазанда Астана қаласында алғаш рет «Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында көші-қон және визалық тәртіпті жеңілдету туралы» семинар өткізілді. Келіссөзге визалық саясат, көші-қон, халықаралық-құқықтық мәселелер бойынша Еуропалық Одақтың жетекші сарапшылары, еуропалық елдердің Қазақстанда аккредиттелген елшілері мен консулдары, біздің елдегі Еуропалық Комиссия басшысы Норберт Жустен қатысқан болатын. Кездесу барысында кең көлемде консулдық мәселелер оның ішінде еуропалық елдерге жолсапар шегетін қазақстандық азаматтар үшін Еуропалық Одақ елдері тарапынан визалық тәртіпті либерализациялау мәселесі талқыланады. Қазақстан азаматтарына виза ресімдеу үрдісін қысқарту, заңсыз көші-қонмен күрес және ұйымдасқан қылмыспен, босқындық, еңбек көші-қоны мәселесіне, төлқұжат мәліметтерін қорғауды күшейту және шекаралық бақылау басқармашылығына қатысты мүдделік пікір алмасу орын алды.


------------------------------

1. Ү.ж.15-25 қаңтар аралығында Берлинде қазақстан ауылшаруашылық кешені өкілдерінен тұратын делегацияның жылсайын өтетін «Жасыл апта 2009» халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне қатысуы //http://www.mfa.kz

2. Ү.ж. 21 қаңтарда ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Н.Онжановтың Баварияға жұмыс сапары болды //http://www.mfa.kz

3. Германияда экономика саласындағы Қазақстан менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасына қатысушылардың конференциясы өтті //http://www.mfa.kz

4. Ү.ж. 21 сәуірде Штутгартта Қазақстан экономикасының күні өтті //http://www.mfa.kz

5. 22 апреля с.г. в Германии состоялось 3-е заседание рабочей группы по сотрудничеству с Казахстаном в рамках Объединения Центральной и Восточной Европы //http://www.mfa.kz

6. 10-11 июня с.г. министр юстиции РК Р.Тусупбеков посетил с визитом в ФРГ//http://www.mfa.kz

2.

3. На сегодняшний день РК заключила аналогичные Соглашения с некоторыми странами Евросоюза, как Венгрия, Словакия и Польша, а также подписаны Соглашения с Республикой Хорватия и Федеративной Республикой Бразилия.

Справочно: Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Венгерской Республики о порядке взаимных безвизовых поездок граждан с дипломатическими и служебными паспортами вступило в силу 6 ноября 1996 года, Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Словацкой Республики о взаимных безвизовых поездках граждан-владельцев дипломатических и служебных паспортов вступило в силу 17 апреля 1998 года.
КС МИД РК

Предложения к тезисам беседы

И.о. директора МИД РК Б. Сейтбатталова с консулом Республики Чехия по вопросам миграции, интеграции, беженцев и европейской гармонизации МВД ФРГ Герольдом Ленгутом

(г. Астана, 17 февраля 2008 года 17:30)

Приветствую Вас, г-н Герольд Ленгут, на гостеприимной казахстанской земле. Придавая особое значение такой встрече, уверен, что достигнутые в ходе нынешнего визита договоренности будут способствовать развитию сотрудничества между нашими странами.
Консультации между делегациями

МВД Казахстана и МВД Германии

Справочно: первые консультации между делегациями МВД Казахстана и МВД Германии состоялись в Берлине 20-21 июня 2007 года по предложению МИД РК.

На данной встрече были обсуждены такие вопросы, как: борьба с нелегальной миграцией и трафиком людей, двойное гражданство, облегчение заграничных поездок, а также рассмотрен вопрос подписания двустороннего Соглашения о реадмиссии. В ходе данных переговоров была так же достигнута устная договоренность о проведении следующего этапа переговоров в Астане.

Такие консультации, как правило, состоят из трех этапов, и на последнем этапе должны быть уже подписаны соответствующие соглашения. В этой связи МВД РК необходимо предпринять неотложные меры по скорейшему согласованию проекта вышеуказанного Соглашения с заинтересованными министерствами и ведомствами РК, с учетом позиции МФ РК и МЭиБП РК в части возможных крупных финансовых потерь бюджета по приему депортированных из Европы граждан РК, так как от конкретных результатов планируемого мероприятия, а также степени готовности к подписанию Соглашения о реадмиссии будет зависеть вопрос облегчения визового режима для граждан Казахстана.

Служебная записка

В соответствии с протоколом заседания Правительства РК от 20.02.2007 года, пункт 2.10. (совместно с Министерством внутренних дел проработать вопрос облегчения режима въезда для граждан РК в Федеративную Республику Германия/страны Шенгенской зоны), а также протоколом казахстанско-германских консульских консультаций, состоявшихся 7-8 ноября 2006 года в Астане, была достигнута договоренность продолжать совместную работу по консульско-правовым вопросам с привлечением экспертов других заинтересованных министерств и ведомств двух стран.

Во исполнение пункта 2.10. указанного Протокола и достигнутых договоренностей, Департамент консульской службы совместно с Посольством РК в ФРГ инициировал проведение консультаций между Министерством внутренних дел РК и Министерством внутренних дел ФРГ во второй половине апреля т.г. в Берлине с нашим участием. МВД ФРГ выразило свое согласие. Однако МВД РК, ссылаясь на активное сотрудничество между правоохранительными органами двух стран по различным каналам, отсутствие финансовых средств на консультации и проведение в указанные сроки согласованных международных мероприятий со своими партнерами, информировал о невозможности их участия в данном мероприятии.

Учитывая сложившуюся ситуацию и необходимость исполнения указанного поручения Правительства РК, а также принимая во внимание актуальность поднимаемых вопросов для граждан Казахстана, полагаем целесообразным провести межмидовские консульские консультации.

Следует отметить, что будущие переговоры могут стать «прорывными» в плане достижения облегчения режима въезда для различных категорий граждан Казахстана (выезжающие в служебные командировки, на лечение или похороны, деятели культуры, спортсмены и др.) в Федеративную Республику Германия/страны Шенгенской зоны.

Просим рассмотреть.


Директор ДКС В. КОНУРБАЕВ


2008 жылы Еуропа және Америка елдерімен дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін визалық талаптардан босату мен ұлттық паспорттарға жеңілдіктер енгізуде екі жақты Келісім жобалары дайындалып, олардың күшіне ену жолында мемлекетішілік іс-шаралар атқаруда біраз жұмыстар жүргізілді.



19 октября с.г. в Гамбурге в рамках 2-го казахстанско-германского экономического форума состоялась презентация экономических потенциала Мангистауской обл.
В рамках Года Казахстана в Германии 19 октября с.г. в Гамбурге при содействии Посольства Казахстана и Торговой палаты Гамбурга состоялся 2-ой казахстанско-германский экономический форум. Главной целью состоявшегося мероприятия стали презентация экономических возможностей Мангистауской области и установление партнерских связей между портовыми городами Актау и Гамбург. В форуме приняли участие свыше 150 представителей политических и деловых кругов Гамбурга из числа депутатов земельного Сената и муниципальных властей города, руководства порта Гамбург, научно-исследовательских институтов, менеджеров фирм и банков, расположенных в регионе.

Форум открылся показом фильм «Mangistau - Land of Miracles», в ходе которого гости смогли ознакомиться с достижениями Мангистауской области в различных сферах.

В своем выступлении депутат германского Бундестага Хеди Вегенер отметила, что на протяжении нескольких лет отношения между Германией и Казахстаном остаются стабильными и динамичными. Особый импульс сотрудничеству придают регулярные встречи руководства обеих стран, в частности февральский визит президента Н.Назарбаева в Германию и открытие главами государств Года Казахстана в ФРГ. По мнению депутата, Германия рассматривает Казахстан в качестве важнейшего политического и торгово-экономического партнера в Центральной Азии, а установление партнерских связей между важными портовыми городами Актау и Гамбург внесут достойный вклад в развитие всего комплекса двусторонних отношений между Германией и Казахстаном.

Член президиума Торговой палаты Гамбурга Штефан Диркс тепло приветствовал участников форума и призвал немецкие деловые круги к более тесному сотрудничеству с Казахстаном и, в частности с регионом Мангистау. Он также поделился положительным опытом работы немецких фирм в Казахстане за последние 15 лет и обозначил перспективы развития сотрудничества с казахстанскими партнерами.

В своем докладе посол Казахстана в ФРГ Нурлан Онжанов ознакомил участников Форума с актуальными аспектами текущего экономического развития Казахстана и мерами по индустриализации страны в контексте Стратегического плана развития Республики Казахстан до 2020 года, обозначив перспективы двустороннего торгово-экономического сотрудничества между РК и ФРГ в рамках Программы инновационно-инвестиционного партнерства.

Вниманию гостей Посольством были презентованы экономические возможности Мангистауской области и наиболее актуальные инвестиционные проекты региона. Особое внимание было уделено вопросам развития специальной экономической зоны «Морпорт Актау» с размещением в ней высокотехнологичных экспортоориентированных производств, а также реализации проектов по созданию Каспийского энергетического хаба.


Определенный интерес немецких участников вызвал доклад о стратегии развития системы транспорта и логистики в Казахстане. В данном контексте немецкие представители были проинформированы о конкретных проектах по расширению железнодорожных транспортных коридоров в регионе, а также созданию в Актау международного мультимодального траспортно-логистического центра.

Председатель правления порта города Гамбург Себастиан Юргенс с учетом реализуемых в регионе проектов, высказал заинтересованность в расширении сотрудничества с портом Актау. По его мнению, эффективный обмен опытом в сфере транспорта и логистики был весьма полезным для достижения поставленных задач. С.Юргенс предложил продолжить диалог по установлению партнерских связей между портами Гамбург и Актау.

Руководитель адвокатской и налоговой компании «Salans LLP-Rechtsanwälte und Steuerberater» Франк Хильдебранд ознакомил участников с правовыми рамками ведения бизнеса в Казахстане. По его мнению, реформы законодательной системы страны за последние годы создали благоприятный инвестиционный климат для иностранных компаний.

Организованные в рамках Года Казахстана в Германии мероприятия в Гамбурге вызвали живой интерес деловых кругов ФРГ к региону Мангистау и призваны способствовать развитию всего комплекса казахстанско-германских торгово-экономических отношений.


Дата публикации: 2009-10-19



Об облегчении визового режима и миграции между РК и ЕС»



В рамках реализации Государственной программы «Путь в Европу», 22-23 октября с.г. в Астане впервые состоялся семинар «Об облегчении визового режима и миграции между Республикой Казахстан и Европейским Союзом». Казахстанскую делегацию на переговорах возглавил ответственный секретарь Министерства иностранных дел Рапиль Жошыбаев, европейскую, в состав которой вошли ведущие эксперты ЕС в области визовой политики, миграции, международно-правовых отношений, послы и консулы европейских стран, аккредитованные в РК, глава Европейской Комиссии в нашей стране Норберт Жустен.

В ходе встречи был обсужден широкий спектр консульских вопросов, в частности, либерализация визового режима со стороны стран ЕС для казахстанских граждан, посещающих европейские страны.

Состоялся заинтересованный обмен мнениями касающийся упрощения процедур оформления виз гражданам Казахстана, борьбе с нелегальной миграцией и организованной преступностью, беженцам, вопросов трудовой миграции, усилению защитных данных паспортов и управлению пограничным контролем.





Казахстан представил свою продукцию

на всемирной книжной ярмарке во Франкфурте
В Франкфурте прошла ежегодная всемирная книжная ярмарка «Frankfurter Buchmesse 2009», участие в которой приняли представители ведущих мировых компаний-производителей и продавцов печатной продукции и электронных средств информации, писатели и издатели, продавцы книг и библиотекари, агенты и журналисты.

Стенд нашей страны в павильоне выставки, был представлен новинками казахстанских писателей и учебной литературой, выпущенной издательствами «Алматы китап» и «Мектеп».

В рамках «Года Казахстана в Германии» на выставке состоялась презентация немецкого издания книги «Минута молчания на краю света» известного поэта, дипломата и общественно-политического деятеля Олжаса Сулейменова.

Приветствуя участников презентации, посол Казахстана в ФРГ Нурлан Онжанов отметил, что целью данного проекта является продвижение культурного имиджа Казахстана через пропаганду творчества казахских писателей в Германии – одном из крупнейших государств Европы.

О.Сулейменов, автор «Минуты молчания ...» ознакомил аудиторию со своими произведениями, подчеркнув важность, несмотря на сегодняшнюю доступность интернет-ресурсов, популяризации книг и печатных изданий, в особенности среди молодежи.

Рецензент-литературовед и друг Казахстана Леонхард Кошут, давний знакомый казахстанского автора, рассказал аудитории о творчестве О.Сулейменова, получившем международное признание. Он особо отметил деятельность классика казахстанской литературы по исследованию роли тюрков в истории и древнетюркской письменности, особо отметив книгу «АЗиЯ» О.Сулейменова, оказавшей большое влияние не только на филологию, но и на политическое сознание общества. Л.Кошут отметил, что появление книги известного казахстанского писателя и поэта на немецком языке является еще одним шедевром серии «Казахская библиотека».

Данное произведение было представлено в рамках уникального проекта «Казахская библиотека», реализуемого Посольством Казахстана в ФРГ совместно с немецкими издательствами, благодаря котором немецкий читатель имел возможность ознакомиться с произведениями Абая, Мухтара Ауезова, Абдижамила Нурпеисова, Абиша Кекильбаев, Тахави Ахтанова. В планах в текущий год выпуск книги Герольда Бельгера «Дом скитальцев».

Мероприятие стало важным событием Года Казахстана в Германии, призванного внести вклад в дальнейшее развитие дружественнных отношений между двумя странами в культурно-гуманитарной сфере сотрудничества.




Дата публикации: 2009-10-20

















ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР

БАСШЫЛАРЫНЫҢ ІХ САММИТІ
НАХЧЫВАН ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бәкиев және Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл 2009 жылғы 2-3 қазанда Нахчыван қаласында (Әзірбайжан Республикасы) түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ Саммитіне қатысты.


Мемлекеттер басшылары,
тарихы, тілі және мәдениеті жақындықтарына, достық, теңдік және өзара тиімділікке негізделген барлық салаларда қалыптасқан қазіргі жоғары дәрежедегі байланыстар мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өте отырып,
түркітілдес мемлекеттер басшылары Саммиттерінің және 2006 жылы Түркия Республикасында өткен Саммитте қабылданған Анталья Декларациясын қоса алғанда, алдыңғы Саммиттерде қабылданған декларациялар қағидаларының пайдалылығын растай отырып,
түркітілдес мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарды және қазіргі татулықты нығайту Еуразия өңіріндегі ынтымақтастықты тереңдете түсетіндігіне сенімді бола отырып,
2009 жылғы 2-3 қазанда Нахчыван қаласында өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ Саммитінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван Келісіміне қол қойылуын қанағаттанғандықпен атап өте отырып,

Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы экономика мен сауданың жетекші рөлін атап өте отырып,


Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым құжаттарына, ең алдымен Хельсинки қорытынды актісіне деген өздерінің бейілділігін білдіре отырып,

егемендік, аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, күш қолданбау және күш қолдану қаупін төндірмеу қағидаттарының негізінде мемлекеттердің саяси және экономикалық қауіпсіздіктерін нығайтудағы ортақ ұстанымдарын негізге ала отырып,


төмендегілерді мәлімдеді:
1.                  Нахчыван қаласында өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ Саммиті түркітілдес мемлекеттер арасындағы түрлі салалардағы көпжақты және екіжақты қарым-қатынастардың және ынтымақтастықтың одан әрі дамуы мен тереңдеуіне маңызды үлес қосатындығын атап өтті.
2. Өзара мүдделілік негізінде түркітілдес мемлекеттер арасындағы тарихи ортақтастық, тілі және мәдениетінің жақындығынан туындайтын қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға тілек білдірді.
3. Демократия, адам құқығын сыйлау және нарықтық экономиканы дамыту, заң үстемдігін және тиімді басқару қағидаттарына бейілділіктерін тағы да растады.
4. Сауда-экономика саласындағы өзара қатынастарды дамытуға, соның ішінде теңдік және өзара тиімділік қағидаттары негізінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, коммуникация және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге тілек білдірді.
5. Түркітілдес мемлекеттердің қарқынды дамып келе жатқан экономикалары көптеген салаларда ынтымақтастықты нығайту үшін қолайлы жағдай тудыратынын атап көрсетті, түркітілдес мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастыққа олардың әлеуеттеріне сәйкес жаңа серпін беру мақсатында қосымша шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты.
6.                  Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Каспий өңірі энергия ресурстарының өсіп келе жатқан рөлін растады, Баку-Тбилиси-Жейхан және Баку-Тбилиси-Эрзурум стратегиялық мұнай және газ құбырлары жаһандық энергетикалық қауіпсіздігіне және өңір елдерінің тұрақты экономикалық дамуына қызмет ететініне сенім білдірді. Осыған байланысты, Баку-Тбилиси-Жейхан құбырының өткізу қабілеттілігін ұлғайту маңыздылығын атап өтті және Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының Ақтау портымен байланысына ерекше мән берді.
7.                  Азия мен Еуропа арасындағы жүк тасымалдары ағымын ұлғайтуға бағытталған және Шығыс-Батыс дәлізінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын Баку-Тбилиси-Карс жаңа жалғастырушы теміржол бағытын құру көліктік-коммуникациялық қатынастардың кеңеюіне және экономикалық дамуға, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа септігін тигізетіндігін атап өтті.
8.       Түркітілдес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды тереңдетуге, осы мақсатта өзара сапарларды, тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға және ынтымақтастыққа зор көңіл бөлінетінін атап көрсетті. Парламентаралық, орталық пен жергілікті билік органдары және бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланыстарды кеңейтуге өз қолдауларын білдірді, бұл екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға, сонымен қатар түркітілдес мемлекеттері халықтарының арасындағы қоғамдық қатынастарды дамытуға жәрдемдеспек.
9.       Ғылым, білім, мәдениет, көркемдік, туристік, спорт және басқа да салалардағы қатынастарды нығайтудағы өзара мүдделіліктерін растады, түркітілдес халықтар арасындағы рухани және гуманитарлық байланыстарды қолдау және кеңейтуге өз бейілділіктерін білдірді.
10.   Ғылыми ұйымдар және ғылым қайраткерлері арасындағы қатынастарды, сонымен қатар тиісті саладағы нақты жобаларды қолдайтындықтарын білдірді және білім саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын тағы да растады.
11.   Өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға, ынтымақтастықтың барлық салаларында өзара қарым-қатынастарды, тығыз байланыстар мен ортақ іс-әрекеттерді дамытуға бағытталған саяси консультацияларды одан әрі көтермелеу қажеттігін растады. Түркітілдес мемлекеттер арасындағы сенімділік пен өзара түсіністікті нығайтуға қолдау көрсетуге ниет білдірді.
12.   Ауғанстанның бейбіт түрде қалыптасуы және оны қайта қалпына келтіру жөніндегі өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруды жақтап пікір білдірді және елдегі жағдайды назарға ала отырып, ауған билігі үшін елеулі сынақ болған 2009 жылғы 20 тамызда өткен сайлауды қолдады.
13.   Халықаралық қоғамдастықтың Ауғанстанға көмек көрсету бағдарламаларына және оның экономикасын қайта қалпына келтіру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыруға бірлесе қатысуға ниет білдірді. Осы орайда ауған мәселесін реттеуге бағытталған түркітілдес мемлекеттердің барлық бастамаларын, әсіресе Қырғыз Республикасының «Бішкек бастамаларын» құптады.
14.   Ирактың аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтап қалуы және жалпы ирак халқының ажырамас бөлігі болып табылатын түркі тектес қауымның құқықтары мен бостандығының кепілдігі қажеттігіне назар аударды.
15.   Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Азиядағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі диалог пен ынтымақтастықты дамытудағы маңыздылығын атап өтті, Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы барысында институттану жолында айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізгенін атап көрсетті және Түркия Республикасының 2010-2012 жылдардағы төрағалығын толықтай қолдады.




6.       Түркияның ЕО-ға кіру үдерісіндегі ілгерілеушілігін қанағаттанғандықпен атап өтті. Өйткені, Түркия Еуразия кеңістігіндегі маңызды ел болып табылады және оның ЕО-ға мүшелігі өңірдің жалпы дамуына саяси, экономикалық және әлеуметтік серпін береді.
7.       БҰҰ-ның белгіленген өлшемдері негізінде жүзеге асатын жаңа Әріптестік шеңберінде кипрлік мәселенің шешілуіне өз үміттерін білдіріп, Кипрдегі екі тарап арасындағы реттеу жөніндегі жан-жақты келіссөздердің жалғасуын, сондай-ақ түрік кипрліктерін оқшаулауды дереу алып тастауға қатысты БҰҰ Бас хатшысы үндеулері мен ИКҰ қарарларын қолдады.
8.       Ислам Конференциясы Ұйымының тиімділігін арттыру мақсатында ИКҰ құрылымының шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірлескен күш-жігерлердің маңыздылығын атап көрсетті және Қазақстан Республикасының 2011 жылы ИКҰ СІМК төрағалығын қуаттады.
9.       Шекараларды мәжбүрлеп өзгертуге жол бермеуге қатысты өз ұстанымдарын растады және халықаралық бейбітшілікке және тұрақтылыққа, егемендікке және мемлекеттердің аумақтық тұтастықтарына қауіп төндіретін басқыншылық актілеріне қарсы халықаралық қауымдастықтың күш-жігерлерін біріктіру жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды фактор болып саналатынын мәлімдеді.
10.   Халықаралық қауіпсіздікке, тұрақты дамуға, сондай-ақ БҰҰ Жарғысында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін жаһандық және стратегиялық мәселелерді шешудегі БҰҰ рөлінің күшеюіне ерекше көңіл бөлетіндерін атап өтті. БҰҰ-да өткізілетін реформалар халықаралық мәселелердегі, оның әлеуетін жаңа қауіптер мен халықаралық құқық тәртібіне қыр көрсетулерге қарсы жедел және тиімді пайдаланудағы БҰҰ-ның орталық рөлін күшейтуге бағытталуы тиіс екендігін атап өтті.
11.   2011 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-шы сессиясы шеңберінде өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлау барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2012-2013 жылдар кезеңіндегі тұрақты емес мүшеліктеріне Әзірбайжан Республикасы мен Қырғыз Республикасының кандидатураларын ұсынуды салиқалы түрде қарастыруға ниеттерін білдірді.
12.   Армян-әзірбайжан Таулы Қарабақ қақтығысына және оның ауыр салдарларына алаңдаушылықтарын жеткізді және аумақтық тұтастығы қағидаты, Әзірбайжан Республикасы шеқарасының мызғымастығы мен халықаралық құқық нормалары негізіндегі тұрақтылық пен өңірлік ынтымақтастық үшін кедергілердің бірі болып табылатын бұл қақтығысты бейбіт түрде реттеу маңыздылығын атап өтті; армян-әзірбайжан Таулы Қарабақ қақтығысын шешу Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен игілікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды ілгерілеу болатынына тағы да сенім білдірді.
23. БҰҰ-ның бастамасы болып табылатын аса жоғары мәдениетаралық өзара түсіністік және дінаралық диалогты көтермелеу және өзара құрмет, бейбітшілікті ілгерілету, үйлесім мен әлемнің түрлі мәдениеттері арасындағы өзара түсіністік ахуалын қалыптастыруға бағытталған Өркениеттер альянсы, сондай-ақ Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы болып табылатын Әлем және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің үлесін ризашылықпен атап өтті.
24. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы шеңберінде осы ұйымның күшеюіне үлес қосу, экономикалық тұрақтылықты және өңірдегі әл-ауқатты арттыру мақсатында одан әрі жалғасатынын растады.
25. Қызметі бауырлас халықтардың парламенттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясына қолдау білдірді.
26. Терроризм, адам саудасы, есірткі заттары және психотроптық заттардың заңсыз айналымы, қылмыскерлік, соның ішінде заңсыз қару-жарақ сату, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін басқа да қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы күрестегі ынтымақтастық пен бірлескен іс-әрекеттердің маңыздылығын атап көрсетті. Осы саладағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара және халықаралық ұйымдармен және форумдармен ықпалдасу ниеттерін тағы да растады.




          27. Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ Саммитінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван Келісіміне қол қоюдың негізінде құрылған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі түркітілдес мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың жаңа кезеңін белгілеп беретіндігін атап өтті.
28. Тарихи байланыстарға негізделген түркітілдес мемлекеттер арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар достастық пен тату көршілік рухында өрбитінін, түркітілдес мемлекеттердің мүдделеріне сай келетінін атап өтті. Ортақ мәдени мұраны қорғау, осы мұраны келешек ұрпақтарға жеткізу және оны халықаралық аренада насихаттау салаларында тығыз ынтымақтастықты дамыту үшін күш салатындығына жігерлілік білдірді.
29. ТҮРКСОЙ-дың Түркі әлеміндегі ортақ құндылықтарды бірдейлендіруде, дамытуда, тарату мен халықаралық деңгейде танымал етуде маңызды рөл атқаратыны атап көрсетті, сондай-ақ оның түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени қарым-қатынастарын тереңдетуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Осыған байланысты түркітілдес елдердің тілі, мәдениеті және рухани құндылықтарының ортақтығына негізделген байланыстар мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда ТҮРКСОЙ-дың маңыздылығын атап өтті.
30. Әзірбайжан Республикасы Президентінің әлем өркениетінің дамуына бағалы үлес қосқан бай түркі мәдени мұрасын сақтап қалу және қолдау жөніндегі ТҮРКСОЙ Қорын құру туралы бастамасын бірауыздан қолдайды. Өз мемлекеттерінің үкіметтеріне ТҮРКСОЙ Қорын құру мен қызметінің ұйымдық мәселелерін пысықтауды тапсырды.
31. Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х Саммитін Қырғызстанда өткізу туралы шешім қабылдады.
32. Қонақтар Саммит қорытындысына қанағаттанғандық білдіріп, өздеріне көрсетілген жылы қабылдау мен қонақжайлығы үшін әзірбайжан халқына және Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.

2009 жылғы 3 қазанда Нахчыван қаласында әзірбайжан, қазақ, қырғыз және түрік тілдерінде қол қойылды.




Әзірбайжан Республикасының  Ильхам Әлиев

Президенті

Қазақстан Республикасының  Нұрсұлтан Назарбаев

Президенті

Қырғыз Республикасының  Құрманбек Бәкиев

Президенті

Түркия Республикасының  Абдулла Гүл

Президенті


Жарияланған күні: 2009-10-03















Ү.ж. 21 сәуірде Штутгартта Қазақстан экономикасының күні өтті
Ү.ж. 21 сәуірде Баден-Вюрттемберг жерінің астанасы Штутгарт қаласында ГФР-дағы ҚР Елшілігі, Штутгарт қаласының әкімдігі және Баден-Вюрттембергтегі ҚР-ның Құрметті консулдығының ұйымдастырумен «Германиядағы Қазақстан жылы» шеңберінде Қазақстан экономикасының күні өтті.

Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев бастаған делегацияның құрамында «Маңғыстау», «Цесна-Банк», Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен әртүрлі кәсіпорындар өкілдері болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін, әртүрлі экономикалық жобаларға герман кәсіпкерлерінің қатысуы және Елбасының «Дағдарыстан даму мен жаңаруға» атты халыққа жолдауын таныстыру болды.

Елші герман кәсіпкерлерін қазақстан-герман қатынастарының дамуы және биылғы экономикалық іс-шаралар туралы хабардар етті.

Штутгарт қаласының мэрі Вольфганг Шустер біздің елдің жақсы дамып келе жатқанын және герман кәсіпкерлері үшін қазақстан кәсіпкерлерімен бірлестік құруға мол мүмкіндіктері бар екенін атап өтіп, экономикалық делегациямен бірге Қазақстанға баруды көздеп отырғанын жеткізді.

А.Перуашев Үкіметтің шағын және орта кәсіпкерлікті, банк саласын, әртүрлі әлеуметтік бағдарламаларды қолдау үшін дағдарысқа қарсы қолға алып жатқан шаралары туралы айтып беріп, герман әріптестерін бірлескен кәсіпорындарды құруға, қазақстан экономикасына инвестиция салуға шақырды.

Кездесу соңында қатысушылар екіжақты кездесулер өткізіп, ынтымақтасудың жолдарын талқылады.

Осы күні Штутгарттегі Koеnig-Karl-Halle концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрі концерт қойды.


Республикалық неміс драма театрының Германияға гастролі болды
Ү.ж. 18 сәуірде Германиядағы Қазақстан жылының шеңберінде Мюнстер қаласындағы «Waldorf» залында Республикалық неміс драма театры Максим Горькийдің «Қыз және өлім» атты спектаклін қойды.

Залға жиналған қоғамдық және мәдени ұйымдардың өкілдері, студенттер және тағы басқа көрермендер Неміс театрының қойылымдарын қызыға тамашалады.

Ал 20 сәуірде театр өз қойылымдарын Берлиннің «Ernst-Reuter-Saal» атты залында қойды. Неміс драма театрын таныстырып сөз сөйлеген ГФР-дағы Елші Н.Онжанов қонақтарға Қазақстандағы театр өнерінің дамуы, Үкіметтің этникалық азшылықтардың рухани-мәдени дамуы үшін көрсетіп жатқан көмек шаралары және еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің арасындағы конфессияаралық пен мәдениетаралық келісім мен төзімділік жөнінде айтып берді. Қазақстаннан келген өнер шеберлерін Ресейлік немістер конвентінің төрағасы Генрих Гроут те тамашалады.


Қазақстан делегациясы Ганноверде өткен өнеркәсіптік көрмеге қатысты
Ү.ж. 20 сәуірде Ганновер өнеркәсіп көрмесінде Қазақстанның көрме бұрышы ұйымдастырылды. Көрмеге Индустрия және сауда министрлігінің Сауда жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Райхан Ділмағамбетова бастаған, құрамында еліміздің әр өңірінен жиналған 10 кәсіпорын бар, қазақстан делегациясы қатысты.

Елші біздің көрме бұрышына келген қонақтарды құттықтау сөзінде Қазақстан жаңа технологияларды дамытуға талпынып келе жатқан ел ретінде халықаралық өнеркәсіптік көрмелерге қатысып отырады деді.

Көрме кезінде «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Үлбі металлургиялық заводы» АҚ, «Конденсат» АҚ, «Катон қарағай бұғы паркі» сынды компаниялар таныстырылып, қазақ әртістерінің мәдени бағдарламасы қойылды.

Герман тарапынан ГФР-дың Сауда өнеркәсіп палатасы, Ганновер көрмесінің басшылығы, Төменгі Саксония Федералдық жерінің экономика министрлігі және герман кәсіпкерлері қатысты.

Ганновер өнеркәсіптік көрмесі жаңа технологиялар мен өнеркәсіпті автоматтандырудағы жаңа құралдар қойылатын және ел өнеркәсібін таныстырып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе бөлісуге мүмкіндік беретін әлемдегі ең ірі көрмелердің бірі.

Қазақ-герман экономикалық қатынастарын тереңдетуге екіжақты байланыстарды нығайту мен екі елдің халқын жақындату үшін жарияланған «Германиядағы Қазақстан жылы» аясында өтіп жатқан әртүрлі іс-шаралар көмек көрсетіп отырғанын атап өту керек.



Германияда экономика саласындағы Қазақстан менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасына қатысушылардың конференциясы өтті



Ү.ж. 19 наурыз күні Ройтлинген қаласында (Баден-Вюртемберг федералдық жері) «Германиядағы Қазақстан жылы» шеңберінде Қазақстанның экономика саласындағы жетекші мамандары мен менеджерлерінің біліктілігін жетілдіру бағдарламасының қатысушылары мен түлектерінің «Өзгерістерді басқару және дағдарыс жағдайындағы сыртқыэкономикалық серіктестік» конференциясы өтті.

ҚР-ның ГФР-дағы Елшілігі ұйымдастырған кездесуге ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің өкілдері, «Тұран-Профи» Халықаралық кәсіби академиясының ректоры М.Омаров және герман тарапынан Федералдық экономика және технологиялар министрлігінің өкілдері, «InWеnt» қоғамының директоры Герд Шиманский-Гайер, Баден-Вюртемберг экономикалық мекемесінің қызметкерлері, бағдарламаға қатысушы білім беру орталықтарының өкілдері қатысты.

Қатысушылардың негізгі мақсаты дүниежүзілік дағдарыстың салдарынан кәсіпорындарда пайда болған мәселелерді талқылау және Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық шеңберінде менеджерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасын осы өзгерістерге бейімдеу бойынша кеңестер дайындау болды.

Конференцияда жақын арада InWEnt қоғамының бүкіл Орталық Азияға арналған аймақтық кеңсесін ашу туралы өте маңызды келісімге қол жетті.


Жарияланған күні: 2009-03-19








Ү.ж. 11-15 наурыз күндері Берлин қаласында өткен «ITB-2009» Халықаралық туристік көрмесінде Қазақстан өз көрмесін көрсетті

Ү.ж. 11-15 наурыз күндері Берлин қаласында өткен «ITB-2009» Халықаралық туристік көрмесінде біздің ел «Германиядағы Қазақстан жылының» шеңберінде өз көрмесін таныстырды. Бұл дүниежүзіндегі туризм саласының даму бағыттарын көрсететін көрме.

Осы жылы көрмеге туристік агенттіктер, әуе компаниялары, қонақ үйлер мен көлікті жалға беру компаниялары сияқты туризм салаларының 11 мыңнан аса өкілі қатысты.

Қазақстанның көрмесін Германия еліндегі Елші Нурлан Онжанов ашты. Елші қонақтар мен көрмеге келгендерге еліміздің туристік әлеуетін және Елшіліктің осы «Германиядағы Қазақстан жылы» кезінде өткізетін әртүрлі іс-шараларымен таныстырды.

Осымен бірге Қазақстанның туризм саласын зерттеп жүрген герман журналисті Дагмар Шрайбер еліміздің туристік жерлерімен, ұлттық табиғи парктерімен, жаңа туристік жобалармен және туризмнің тау шаңғысы, су, экологиялық түрлерімен тыныстырды.

Қазақстан көрмесіне келген туристік саланың мамандары көп болды. Олардың ішінде «ITB-2009» туристтік көрмесінің саяхаттар мен логистика орталығының басшысы Давид Рютц болды.



Ү.ж. 26 ақпанынан 2 наурызына дейін Қазақстан делегациясы Мюнхен қаласында өткен «F.RE.E - 2009» халықаралық туристік көрмесіне қатысты
Германиядағы Қазақстан жылын өткізу аясында ү.ж. 26 ақпанынан 2 наурызына дейін Мюнхен қаласында туризм саласының дамуындағы әлемдік үрдісті анықтайтын, әйгілі «F.RE.E - 2009» халықаралық көрмесі өтті. Көрме аумағы 70 000 кв.м. болатын жаңадан салынған «Neue Messe München» көрме кешенінде өтті. Көрмеге туристік бизнеске қатысы бар барлық сала өкілдері: туристік агенттіктер, әуе компаниялары, қонақүй, автокөлікті жалға беру және тағы басқа осы бағытта қызмет көрсететін 1500-дей фирма қатысты. Көрме кезінде көрсетілген саяхатқа шығу мен дем алуды ұйымдастыруға арналған түрлі қызықты бағдарламалар келушілерге қатты ұнады.

Қазақстан делегациясы Бавариядағы ҚР Консулдығымен бірлесіп «Альпы Тянь-Шаньды қарсы алады» деген ұранмен көрме бұрышын жасады. Туризм саласының өкілдері мен келушілер Қазақстан делегациясының көрмесін көруге көп келді.

ҚР-ның ГФР-дағы Елшілігі мен Мюнхен қаласындағы Құрметті Консулдығының белсенді көмегінің арқасында біздің делегация көрме кезінде бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда Дүниежүзілік туризм ұйымының өкілдерімен кездесіп, Астанада өтетін ЮНЕСКО Бас Ассамблеясының 18-ші отырысына дайындық мәселелерін талқылады.

Ү.ж. 21 қаңтарда ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Н.Онжановтың

Баварияға жұмыс сапары болды

Ү.ж. 21 қаңтарда ҚР-ның ГФР-дағы Елшісі Н.Онжанов Бавария федералдық жеріне жұмыс сапармен барып, осы жердің Экономика, инфрақұрылым, көлік және технология министрі Мартин Цайльмен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Бавария арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен оны дамыту жақтарын талқылады. Министр Цайль Қазақстанның керемет дамуына тоқталып, ел басшылығының дағдарыстан шығу үшін қолға алып жатқан шараларына жоғары баға берді. Кездесудің нәтижесінде екі жақ осы жылдың көктем айында Министрліктің Мемлекеттік хатшысы Кати Хессельдің Қазақстанда бавар кәсіпкерлерінің қатысумен өтетін бизнес-форумның шеңберінде біздің елге сапарын ұйымдастыру туралы келісімге келді.

Сол күні Мюнхенде ҚР Елшілігінің, Мюнхен мен Жоғары Баварияның Сауда-өнеркәсіптік палаталарының және Бавария федералдық жерінің Экономика және көлік министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен Бавариядағы Қазақстанның экономикасы күні өтті. Оған Баварияның ірі кәсіпорындарының 70-тен астам басшылары қатысты.

Бұл жиында Баварияның Экономика және көлік министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Катя Хассель, ҚР Елшісі Нұрлан Онжанов, СӨП Төрағасы Эрих Грайпль баяндама жасады. Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілі Йорг Хетч, Қазақстанның «ATF-Bank» басшылығының төрағасы Александр Пикер, Банкінің халықаралық қызметін дамыту «HypoVereinsbank München» департаментінің директоры Вальтер Руппрехт, «Knauf Gruppe Iphofen» компаниясының өкілі Александр Блюмхардт, Бавариядағы Қазақстанның Құрметті консулы Райнхольд Креммель Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысу мен дамыту және қаржы саласы мен іс жүргізу мүмкіндіктері жайлы айтып берді.

Елші Қазақстандағы саяси және экономикалық жағдай туралы және қазақ-герман ынтымақтастығының даму келешегі жайлы айтып, Бавария кәсіпкерлеріне елімізде іспен айналысу мүмкіндіктерін таныстырды.

К.Хессель Бавария федералдық жерінің Қазақстанмен экономикалық байланысы жайлы баяндады. Оның айтуынша «Қазақстан қазір Бавариямен сауда жасауда Ресейден кейінгі ТМД елдері ішінде екінші орында, ал Орталық Азияда бірінші орында тұр. 2007 жылы екі арадағы сауда айналым алдыңғы жылдағыдан 10%-ға артып 2,6 млрд. евроға жеткен».

Ү.ж. 15-25 қаңтар аралығында Берлинде қазақстан ауылшаруашылық кешені өкілдерінен тұратын делегация жылсайын өтетін «Жасыл апта 2009» халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне қатысуда
Үстіміздегі жылғы 15-25 қаңтар кезеңінде, ҚР-ның Ауылшаруашылық вице-министрі М.Оразаев бастаған ауылшаруашылық кешені өкілдерінен тұратын делегация жылсайын өтетін «Жасыл апта 2009» халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне қатысуда. Жыл сайын өтетін көрмеге 60 мемлекеттен 1500 ден астам қатысушы өз өнімдері мен ноу-хауды ұсынып, кәсіби серіктес табу мүмкіндігіне ие болуда.

Көрмеге ҚР-ның АШМ-гі аграрлық саланың көшбасшы өнеркәсіптерімен бірлесе отырып жыл сайын отандық ауылшаруашылық өнімдері және ұлттық тағамдар бейнеленген стендті қатысушылар назарына ұсынуда. Қазақстандық аграрлық саланы биыл Ақмола облысы, «ҚазАгро» АҚ, «Қазагроинновация» АҚ, «Астана-Зеленстрой» ЖШС, «Көкшетау минералды сулары» ЖШС компаниялары көрсетті. Қазақстандық делегация және Елшілік қызығушылық білдіргендердің барлығын республиканың әлемде астық өндірудегі, мал мен өсімдіктер өнімдерін дамытудағы алар үздік орны туралы аграрлық саладағы жетістіктерімен таныстырып өтті.

Ү.ж. 15 қаңтар күні М.Оразаев мемлекеттердің ауылшаруашылық басшылығы өкілдері қатысқын «Нақты істерге бағытталған ұжымдық жобалар: әлемдік азық-түлік ресурстардың сақталуына қосқан үлес» атты форумда баяндама жасады.

ҚР-ның аграрлық секторын модернизациялау және батыстық стандарттар мен ноу-хауды енгізу мақсатында ү.ж. 17 қаңтар күні ҚР-ның ГФР-ғы Елшісі Н.Онжановтың қатысуымен вице-министр М.Оразаев және Германия Федеративтік Республикасы Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқығын қорғау министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Герд Мюллер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасы Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқығын қорғау Федералдық министрлігі арасындағы «Қазақстан-герман аграрлық-саяси диалогы» бірлескен екіжақты кооперациялық жобасының жүзеге асырылуы жөніндегі Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Бұған қосымша, қазақстандық «КазАгроИнновация» акционерлік қоғамы мен Герман Федеративтік Республикасы Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылардың құқығын қорғау Федералдық министрлігінің негізгі мүдделі мекемесі болып табылатын «ГФА Консалтинг Груп ГмбХ» компаниялары араларында аталған кооперациялық жобаның жүзеге асырылуын көздейтін құжатқа да қол қойылды.

Қол қойылған құжаттардың мақсаты Қазақстан мен Германия арасында ауылшаруашылық саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты орнату бірлескен жобалардың іске асуын, қазақстандық сарапшы мамандардың германиялық сарапшылар тарапынан ақыл-кеңес алып отыруын, қазақстандық мамандарды даярлайтын екіжақты жоба келешекте ҚР-ның аграрлық кешеніне қажетті үздік және мол тәжірибені әкелу болып табылады.

Елшілік «ҚазАгро» мен «Қазагроинновация» АҚ-ры өкілдерінің ауылшаруашылық бәсекелестікке қабілеттігімен танымал Баден-Вюртемберг және Бавария федералдық жерлеріне сапарларын жоспарлауда.. Онда қазақстандық ауылшаруашылықтың кәсіби мамандары Штуттгарттағы ауылшаруашылық министрлігінде жоспарланған кездесулерге және ҚР-ның Германиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен 21 қаңтар күні өтетін Қазақстанның Бавариядағы экономика күніне қатыспақ.

10-11 июня с.г. министр юстиции РК Р.Тусупбеков

посетил с визитом в ФРГ
В рамках «Года Казахстана в Германии» 10-11 июня с.г. в Берлине министр юстиции Республики Казахстан Рашид Тусупбеков в ходе своего визита провел переговоры с федеральным министром юстиции ФРГ г-жой Бригитте Цюприес по вопросам дальнейшего двустороннего правового сотрудничества. Стороны отметили необходимость разработки предметного комплекса мер по реализации «Программы действий в рамках партнерства во имя будущего», подписанной главами внешнеполитических ведомств двух стран 7 мая с.г.

По итогам переговоров руководители юридических ведомств двух стран подписали «Совместное Заявление об обмене и правовом сотрудничестве между Министерством юстиции РК и Федеральным министерством юстиции ФРГ». Документ призван способствовать укреплению межведомственных контактов и укреплению диалога как между Казахстаном и Германией, так и с Евросоюзом в целом. В рамках реализации Государственной программы «Путь в Европу» Министерство юстиции РК намерено при поддержке германских коллег изучить опыт по совершенствованию законодательства, пенитенциарной системы и судебной экспертизы с учетом международных стандартов.

В рамках визита Р.Тусупбеков провел встречи с депутатом Бундестага, заместителем председателя «Парламентской группы Германия - Центральная Азия» при германском Бундестаге Карлом - Гергом Вэлльманом, а также с председателем Высшего суда Берлин Моникой Норе, на которых были обсуждены вопросы развития двусторонних отношений по правовым вопросам.

Дата публикации: 2009-06-11


22 апреля с.г. в Германии состоялось

3-е заседание рабочей группы по сотрудничеству с Казахстаном

в рамках Объединения Центральной и Восточной Европы
22 апреля с.г. во Франкфурте-на-Майне состоялось первое заседание Делового Совета в рамках Объединения Центральной и Восточной Европы (OMV). В тот же день состоялось 3-е заседание рабочей группы по сотрудничеству с Казахстаном в рамках OMV, образованной под эгидой посольства Казахстана. В работе заседания приняли участие члены рабочей группы, а также казахстанская делегация во главе с председателем НЭП «Атамекен» Азат Перуашевым, в состав которой вошли представители министерств, финансовых институтов и деловых кругов.

Целью совещания явилось обсуждение вопросов обновления кредитных линий по экспортному кредитованию сделок немецких компаний с Казахстаном, где особую роль играют германские экспортно-кредитные банки, финансирующие процессы поставок оборудования в нашу страну. Для этих целей рабочая группа совместно с НЭП «Атамекен» инициирует концептуальное сотрудничество между немецкими кредитными институтами и банками любых уровней в РК.

В ходе заседания с докладами выступили председатель НЭП «Атамекен» Азат Перуашев на тему «Антикризисные меры в Казахстане» и посол РК в ФРГ Нурлан Онжанов, представив вниманию основные положения послания Главы государства народу Казахстана «Через кризис к обновлению». Участники отметили, что предпринятые казахстанскими властями для преодоления последствий финансового кризиса меры, были своевременными и положительно влияют на оздоровление экономики.

Своим опытом работы в Казахстане поделились представители многопрофильного концерна «МАN», сообщив о перспективах и опыте деятельности компании в нашей стране. Директор по корпоративному развитию концерна тяжелой промышленности «Тhyssen Krupp» Клаус Поттхофф поделился планами машиностроительного сектора компании по сооружению объектов промышленности в Казахстане. Интерес участников заседания вызвал доклад управляющего директора банка экспортного кредитования «АКА Ausfuhrkreditgesellschaft mbH» на тему: «Актуальные аспекты и экспортное финансирование».

Деловой Совет в рамках OMV был создан в соответствии с ранее подписанным между OMV и НЭП «Атамекен» меморандумом. В рабочую группу по сотрудничеству с Казахстаном в рамках OMV входят более трехсот крупных и средних германских предприятий, активно развивающих экономическое сотрудничество с Казахстаном. Данный орган является единственным среди германских деловых объединений, где образована отдельная рабочая группа по сотрудничеству с Казахстаном для обсуждения и проработки стратегических вопросов казахстанско-германского экономического сотрудничества, обмена опытом.

Дата публикации: 2009-04-22










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет