6-бап. Мемлекеттік энергетикалық бақылау
1. Энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган электр энергетикасы саласындағы бақылауды жүзеге асырады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарының орындалуын;
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желілерінің, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдалану құрылғыларының пайдаланылуы мен олардың техникалық жай-күйін қадағалауды жүзеге асырады;
3) 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
4. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. Электр энергетикасы объектісінің басшысына анықталған бұзушылықтарды жою үшін орындау мерзімі мен орындалуына жауапты тұлғалар көрсетілген белгіленген үлгідегі нұсқама беріледі немесе объект басшылығы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын оған негіздегі әзірлейтін акт жасайды, ол мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органға табыс етіледі.
9. Энергетикалық бақылау:
1) электр және жылу энергиясының сапасы жөніндегі техникалық талаптардың сақталуына;
2) өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерінің сақталуына;
3) электр және жылу энергиясының ұтымды және үнемді пайдаланылуына, оны өндіру, беру, тұтыну режимдерін оңтайландыруға;
4) электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығына жүргізіледі.
10. Энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:
1) электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларына қатысады;
2) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесін бірнеше бөліктерге бөлуге, электр және жылу энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі электр жабдығын бүлдіруге әкеп соққан ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерудің есебін жүргізеді;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
3) тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларының электр желілерiне қосылуына рұқсат береді.
11. Энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) электр және энергия құрылғыларына қол жеткізуге;
2) электр станциялары энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу желілерінің, сондай-ақ тұтынушылардың электр жабдықтарының техникалық жай-күйін кезең-кезеңмен тексеруді жүзеге асыруға;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асыруға;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеуді, энергия үнемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиiмдiлiгiн тексеруді жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыруға;
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) бақылауындағы энергетикалық жабдыққа зерттеу жүргізу, энергетикалық ұйымдарды кешенді тексеру кезінде және электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеру кезінде сарапшыларды тартуға;
7) энергияны үнемдеу бағдарламаларын, нормативтік-әдістемелік актілерін, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлеуді ұйымдастыруға;
8) ұйымдардың меншік иелеріне аварияларға, жазатайым жағдайлар мен электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің өзге де техникалық талаптарын өрескел бұзуға жол берген кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізуге немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзуға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге құқылы.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
1) энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына арналған тарифтерді тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтынатын көлеміне қарай саралау тәртібін бекітеді;
2) және 3) тармақшалар 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) энергия өндіруші ұйымдармен инвестициялық шарттар жасасады;
3) жеке тарифті бекітеді;
2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін интернет-ресурста жүргізеді, орналастырады және он күн сайын жаңартып отырады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;
6) осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағында, 18-бабының 1-тармағында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындауға міндетті нұсқамалар енгізеді;
7) тармақшаға өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы
7) осы Заңның 12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының, 5-тармақтарында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдар бұзған жағдайда сотқа жүгінеді;
8) осы Заңда айқындалған нормативтік құқықтық актілерді өз құзыретінің шегінде әзірлейді, бекітеді;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау
Электр энергетикасы саласындағы қызметтің жекелеген түрлері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
8-бап. Өндiрiстiк-технологиялық қызметке араласуға жол берiлмеушiлiк
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар ұйымдардың электр және жылу энергиясын өндiру мен беруге немесе осы процестердi технологиялық басқаруға байланысты өндiрiстiк-технологиялық қызметiне араласуға құқылы емес.
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-бап. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу уәкілетті органға, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға және жүйелік операторға алдын ала хабарлай отырып және олармен келісе отырып жүзеге асырылады.
2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану концессиялық келісімдер негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Концессиялық келісімдер негізінде салынған кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, шағын станциялар мен тарату құрылғылары осы келісімдердің қолданылу кезеңінде концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Концессиялық келісімдер негізінде салынған кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, шағын станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылсын
2-1-тарау. Электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптары
9-1-бап. Жалпы ережелер
1. Электр жабдықтарын, электр және жылу желілерін, тұтынушылар қондырғыларын пайдалану кезіндегі ұйымдастырушылық іс-шаралары адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
2. Электр жабдықтары, электр және жылу желілері, электр және жылу энергиясын өндіруге, беру мен пайдалануға арналған тұтынушылар қондырғылары, электр және жылу энергиясы техникалық реттеу объектілері болып табылады.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тұтынушылардың электр энергиясын қабылдау шығыстарындағы электр энергиясының сапа көрсеткіштері белгіленген нормаларға сәйкес келуге тиіс.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мыналар:
жұмыс кернеуінің атаулы мәннен барынша ауытқуы;
электр тогы жиілігінің ауытқуы электр энергиясы сапасының сипаттамалары болып табылады.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Магистральдық және тарату құбырларындағы жылытуға арналған жылу энергиясының параметрлерi белгіленген температура кестесiне сәйкес болуға тиiс.
9-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр қондырғыларын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1. Электр желілерін жобалау және пайдалану кезінде осы Заңға және техникалық регламенттерге сәйкес электр энергиясына белгіленген талаптардың орындалуы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Электр және жылу энергиясын өндіруге, беруге және тұтынуға арналған электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары техникалық регламенттерде белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
9-3-бап. Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тұтыну кезінде пайдаланылатын электр-техникалық жабдықтар мен материалдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары
1. Қазақстан Республикасында өндірілетін және оның аумағына әкелінетін электр-техникалық жабдықтар мен материалдар техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сәйкестікті растау рәсімінен өткізілуге тиіс.
2. Электр-техникалық жабдықтар мен материалдар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Техникалық регламенттерде қойылатын талаптарға сәйкестігі расталуға жататын электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтарын, тұтынушылардың қондырғыларын сәйкестікті растау саласындағы құжатсыз пайдалануға беруге жол берілмейді.
4. Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің жабдықтары, тұтынушылардың қондырғылары қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ететін, техникалық жағынан жарамды күйде болуға тиіс.
3-тарау. Электр энергиясы нарығындағы жүйелік
оператор мен энергияны өндіру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар
10-бап. Жүйелiк оператор
1. Жүйелiк оператор мынадай функцияларды орындайды:
1) шартқа сәйкес ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi, оған техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды қамтамасыз етедi;
2) электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен тәулiктiк кестесiн қалыптастыруды қоса алғанда, шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлендiру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
4-тармақша 2005 ж. 31 желтоқсанға дейiн қолданылды
4) электр қуатын реттеу жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) электр энергиясының өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру жөнiнде жүйелiк қызметтер көрсетедi;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн қаржылық реттеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таратылуын және қуат резервтерiнiң iске қосылуын айқындайды;
8) нақты уақыт режиміндегі электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
9) iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс режимдерiн басқару мен олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды;
10) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың, электр энергиясы көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң релелiк қорғау мен аварияға қарсы автоматикасының бiрлескен құрылғыларының бiртұтас ақпараттық жүйесiн, автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiнде техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
11) ұлттық электр желісіне электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң қол жеткiзуi үшiн тең жағдайларды қамтамасыз етедi;
12) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз етедi;
13) электр станцияларының, шағын станциялардың негiзгi жабдықтарын, электр беру желiлерiн, релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын, технологиялық басқару және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету жүйелерiн жөндеуге шығаруды келiседi;
14) су электр станцияларының су-шаруашылық теңгерiмдерiн ескере отырып олардың жұмыс режимдерiн және Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң жұмыс режимдерiн әзiрлеуге қатысады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 10-бап 17) тармақшамен (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) және 18) тармақшамен (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) толықтырылады
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді уәкілетті орган айқындаған баға бойынша, көлемде және мерзімде сатып алу туралы тендер жеңімпазымен шарт жасасады;
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 10-бап 20) және 21) тармақшалармен (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) және 22) тармақшамен (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) толықтырылады
2. Жүйелiк оператордың мынадай жағдайларда:
1) технологиялық және өндiрiстiк мұқтаждықтарға;
2-тармақша 2005 ж. 31 желтоқсанға дейiн қолданылды
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) iргелес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен бiрге электр энергиясы ток ағымдарының шарттық шамаларын қамтамасыз етуге;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;
2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Жүйелiк оператор Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару:
1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндiру-тұтынуды теңгерiмдеу шарттарының талаптарын iске асыратын Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн басқарудан;
2) электр энергиясының мемлекетаралық ток ағымдары режимдерiн басқарудан;
3) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде технологиялық бұзылыстарды болдырмауды, оқшауландыруды және жоюды қамтамасыз етуден;
4) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі қуат резервтерiн оралымды басқарудан;
5) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң сенiмдi және тұрақты жұмысын қамтамасыз ететiн релелiк қорғау, аварияға қарсы және режимдiк автоматика жүйелерiнiң құрылымын, принциптерін, орналасқан жерлерiн, көлемдерi мен қондырғыларын айқындаудан;
6) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн қалыптастыру мен бекiтуден;
7) электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасаудан тұрады.
5. Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару және тиiстi өкiмдер беру электр энергиясының сапалық сипаттамасының ағымдағы мәнi - қуаты, жиiлiгi және кернеуi негiзiнде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |