«Электролиттік диссоциациялану» тақырыбына тест тапсырмалары А



бет1/11
Дата13.03.2024
өлшемі186.5 Kb.
#495338
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
9-synyp-himiya-pnnen-arnalan-tester-zhinay


«Электролиттік диссоциациялану» тақырыбына тест тапсырмалары
А
1.Зат ерітінділерінің қандай жұптары реакцияға түседі?
А. КСl және Na2SO4;
Ә. Cucl2 және NaOH;
Б. HCl және K2SO4;
В. МgCl2 және KNO3;
2. Аллюминий нитраты ерітіндісінің ортасы қандай?
А. Сілтілік;
Ә. Бейтарап;
Б. Қышқылдық;
3. Ион алмасу реакцияларына қандай реакция теңдеулер жатады?
А. NH3 + H2O→ NH4OH;
Ә. KOH + HCl →KCl + H2O;
Б. Zn + SnCl2 → ZnCl + Sn;
В. СаO + H2O → Ca(OH)2.
4. Іс жүзінде қандай реакция аяғына дейін жүреді?
А. Na2SO4 + KCl →....;
Ә. Cr(NO3)2 + Na 2SO4.....;
Б. NaNO3 + KOH→ .....;
В. H2SO4+ BaCl2......;
5. Бір моль натрий фосфатын Na3PO4 суда еріткенде тұз толық диссоциацияланса, неше моль натрий ионы түзіледі?
А. 1; Ә. 2; Б. 3 В. 4.
6. Қандай заттың судағы ерітіндісі сілтілік орта көрсетеді?
А. NaCl;
Ә.HCl;
Б. Na2CO3;
В. NH4Cl.
7. Қышқыл ерітінді алу үшін суда қандай затты еріту қажет?
А. Na2SO4;
Ә. Na2HPO4;
Б. NH4Cl;
В. Na2SO4;
8. Негіздік орта жасау үшін, суға қандай затты қосу керек?
А. Nа2CO3;
Ә. NaCl;
Б. AlCl3;
В. HCl;
9. Қандай затты суда еріткенде әлсіз сілтілік реакция береді?
А. NH3;
Ә. CO2;
Б. SO2;
В. H2S;
10. Қайсысы күшті қышқыл болады?
А. H2CO3;
Ә.H2SO3;
Б. H3PO4;
В. H2SO4;
11. 100 молекула тұздың 40 молекуласы иондарға диссоциацияланса, оның диссоциациялану дәрежесі нешеге тең болады?
А. 40 %
Ә. 60 %
Б. 4 %
В. 6 %
В
1. Әлсіз электролиттік диссоциоциялау дәрежесін қалай көтеруге болады?
А. Ерітіндіні сұйылту;
Ә. Ерітіндіні буландыру;
Б. Ерітіндіні араластыру;
В. Ерітіндінің температурасын көтеру арқылы;
2. Қандай ион жұптары бір мезгілде сулы ерітіндіде бола алады?
А. Са2+ және CO32-;
Ә. Ca2+ және NO3-;
Б. Na+ және SO42-,
В. Ba2+ және SO42-;
3. Қысты күні тайғақ болғанда, мұз басқан жолға NaCl немесе CaCl2 себеді, сонда мұз ериді. Бұл немен түсіндіріледі?
А. Еріткіштен қату температурасы жоғары ерітінді түзіледі;
Ә. Еріткіштен қату температурасы төмен ерітінді түзіледі;
Б.Жылу бөлінеді;
В. Жылу сіңіріледі;
4. AlCl3 + Na2CO3 → реакция нәтижесінде қандай зат түзіледі?
А. Al2(CO3)3;
Ә. Al(OH)3;
Б. Al(OH)Cl2;
В. Al(HCO3)3;
5. Құрамында хлоры бар қышқылдардың ішінде қайсысы күшті?
А. HCIO;
Ә.HClO2;
Б. HClO3;
В.HClO4 ;
C

  1. Стақандағы концентрациясы 0,10 моль/л 200 мл ас тұзының ерітіндісі бар. Егер одан 150 мл ерітіндіні құйып алса, стақанда қалған тұздың концентрациясы қандай?

А. 0,20 моль/л;
Ә. 0,10 моль/л;
Б. 0,075 моль/л;
В. 0,25 моль/л;
2. 2 моль 50 мл натрий гидроксиді ерітіндісі 25 мл тұз қышқылы ерітіндісін толығымен бейтараптайды. Сонда тұз қышқылы ерітіндісінің концентрациясы қандай болған?
А. 1 моль/л;
Ә. 2 моль/л,
Б. 3 моль/л;
В. 4 моль/л.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет