2-4 сынып Құрастырған:Қазы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакаева Айгуль Ирангаиповна



бет1/8
Дата29.06.2022
өлшемі36.04 Kb.
#459559
  1   2   3   4   5   6   7   8
қазақ тілі ережелер жинағы 2-4 сыныптар



Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қазы жалпы орта білім беретін мектебі


Қазақ тілі пәнінен
ережелер жинағы
2-4 сынып

Құрастырған:Қазы жалпы орта білім беретін
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Жакаева Айгуль Ирангаиповна

2017-2018 оқу жылы



 Дыбыстар. Қазақ алфавитінде 42 әріп бар. Дыбыстар 40 ,
Дауыссыз дыбыстар Дауысты дыбыстар: а,ә,о,ө,е,ұ,ү,і,ы,и,у,э
Тасымал
Сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынын келесі жолға бөліп жазуды тасымал деп атайды. 
Мынандай жағдайларда тасымалдауға болмайды:
Бір дауысты әріпті жол соңында жазып, қалғанын тасымалдауға болмайды. Мысалы: а-та , ә-зір, ө-нер
Сөздің ең соңғы бір дауысты әріптен тұратын буынын тасымалдауға болмайды. Мысалы: арми-я, ке-ю, си-я
Бір буыннан тұратын сөздер тасымалданбайды.
Мысалы: бұлт, төрт, салт, жұрт, құрт, қарт, өрт,ант, қар, сүт
Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды.
Мысалы: ТМД, БҰҰ, ОҚО
Қысқартылып алынған кісі аттары тасымалданбайды.
Мысалы: А. Құнанбаев, М.О.Әуезов
Цифрмен алынған сандарды оларға қатысты қысқарған сөздерден бөліп тасымалдауға болмайды. Мысалы: 18 м, 56 см,12 кг
Дауыссыз й,у дыбыстары дауысты дыбыстардың ортасында келсе онда й мен у келесі буынның алдыңғы әрпі боладыМысалы: қа-йық, са-уын, ке-йін, та-уық
Тасымалданған қатардағы буын дауысты дыбыстан  басталмауы керек. Мысалы: дыб-ыс, қос-ымша бұлай тасымалдауға  болмайды. Дұрысы: ды-быс, қо-сымша немесе қосым-ша
Буын
Сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады.
Ашық буын. Бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталатын буынды ашық буын дейміз. Мысалы: а-та, ә-ке, қа-ла, та-ма-ша
Тұйық буын. Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталатын буынды тұйық буын дейміз. Мысалы: от, ұн, ант, ұлт
Бітеу буын. Екі жағында дауыссыз дыбыс тұрып ,ортасында дауысты дыбыс болатын буынды бітеу буын деп атаймыз.
Мысалы: көл, қар, гүл, қант, бұлт, қарт, жұрт

Дұрыс жазып үйренеміз!


Дауыссыз дыбыстырдың бір-біріне ықпал етіп , өзара үндесіп айтылуын дыбыс үндестігі деп атайды.
Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады. Мысалы: әуе, уақыт , Зәуре
Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады. Мысалы: улап-шулап, ушықты ,ту, су, улы, сусын, келу
Ы,і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылса, ы, і әріптері түсіп қалады. Мысалы оқы-оқу, тасы-тасу,бекі-беку,телі-телу
И дыбысының алдында ы,і естілгенімен ,олар жазылмайды. Мысалы: киім, сирек
И-дауысты, й дауыссыз дыбыс. И әрпі сөз басында және дауыссыздан соң жазылады: Жиек, би, ит, Иса. Й дауыстыдан кейін жазылады: мойын, мейіз, ай,қайыс
Сый, тый және бұлардан тараған сөздерде тек ый жазылады: сый, сыйлық,сыйды,тый,тыйым
Сөзде йа дыбыстары естілгенмен ,жазуда олардың орнына я әрпі жазылады: мая, ұя , сая, таяқ , қияр, қоян , қия, қиял,бояу,саяхат
Сөзде йу дыбыстары естілгенімен ,жазуда олардың орнына ю әрпі жазылады. Мысалы: аю, қою, ою, сарғаю ,есею
П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе ,п дыбысы б-ға айналады: кітап- кітабы, талап-талабы
Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе ,қ дыбысы ғ-ға айналады: қабық-қабығы, бұршақ-бұршағы
Сөз соңында к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе ,ол г-ге айналады: елек-елегі, кірпік –кірпігі, бүйрек-бүйрегі
Сөз басындағы л,р әріптерінің алдынан ы,і естілгенімен ,олар жазылмайды: лақ, рет, рас


Сөз-заттың сапаның қимылдың ,санның атауы. Мысалы: ай,үш,әдемі

Екі немесе одан да көп мағынасы бар сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады. Мысалы: ине –тігу құралы, кірпінің инесі, ағаштың инесі


Дыбысталуы мен жазылуы бірдей, мағыналары бір-бірінен алшақ сөздерді омоним сөздер (айтылуы бірдей мағыналары әртүрлі сөздер) деп атайды. Мысалы: ара –жәндік, ара- ағаш кесетін құрал 

Айтылуы әртүрлі,мағыналары бір –біріне жақын сөздерді синоним сөздер ( мағынасы жуық сөздер) деп атаймыз . Мысалы:әдемі,сұлу,ажарлы


Бір-біріне қарама қарсы мәнде айтылатын сөздерді антоним сөздер (мағынасы қарама-қарсы сөздер) деп атаймыз. Мысалы: ақ-қара, ұзын-қысқа
Сөз құрамы
Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір (түбір сөз) дейміз.
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз. Қосымша жұрнақ және жалғау болып екіге бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.
Мысалы: жұмыс - жұмыс+шы , ойын – ойын+шық
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
Мысалы: жұмыс – жұмыс+та, ойын – ойын+ға
Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ алдымен, жалғау жұрнақтан кейін жалғанады.
Түбір+ жұрнақ+ жалғау  Мал + шы + лар  Дәрі + гер + ді 
Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз: ер+лік, тату+лық, жұмыс+шы
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса,оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: домбыра+шы+лар, аспаз+шы+лар
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса ,оған жалғанатын қосымшалар да жіңшке болады: сурет+ші+лер, іс+мер+лер
Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап-кітабы, құрық-құрығы,әріп-әрпі
Бір түбірден жасалған сөздерді түбірлес сөздер деп атаймыз. Мысалы: кітап+ша, кітап+хана+шы, кітап+хана
Синтаксис сөйлем түрлерін, олардың жасалу жолдарын, сөз тіркесі мен , сөйлем мүшелерін, олардың мағыналары мен жасалу жолдарын қарастырады.
Сөйлем
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлем айтылу мақсатына қарай хабарлы , сұраулы , лепті сөйлем болып бөлінеді
Бірдеңенің жайын хабарлау, баяндау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады.
Мысалы: Оқушылар мектепке барды.
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлеммді сұраулы сөйлем деп атайды. Сұраулы сөйлемнің соңына ? белгісі қойылады. Мысалы: Сенің атың кім? Сұраулы сөйлем жасайтын ма,ме,ба,бе,па,пе шылаулары бөлек жазылады: Апаң үйге келді ме?
Адамның көңіл –күйін , сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады.Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады. Мысалы:Ауа-райы қандай жақсы!
Сөйлем құрылымына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді.
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем деп атайды: Қыс түсті. Балалар шаңғы тепті.
Жайылма сөйлем болып екіге бөлінеді.
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: Айгүл биледі. Самат ұйықтады. Атам ауырды.
Құрамында тұрлаулы мүшелермен бірге тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Мысалы: Айгүл әдемі биледі. Самат ұзақ ұйықтады. Атам қатты ауырды.
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Қатира келді, мені мектепке ертіп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет