«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын анықтау туралы «Ақпараттандыру туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі24.41 Kb.
#3971


Жоба

«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын анықтау туралы
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы « » ________ Заңының 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып белгіленсін.

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі


 

К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы « » _____ №

қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, ж 365 бет).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1169 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4 тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, ж 579 бет).

3. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1497 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № № 10-11, ж 136 бет).

4. Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6 тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, ж 226 бет).



5. «Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігінің мәселелері» 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 және «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы» 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1114 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, ж 826 бет).




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет