«Электронды түрде өтінімді беру жүйесі» порталымен жұмыс ітеу бойынша нұсқаулық Берілген нұсқаулық қатаң есептеме бланкілерін алуға тапсырыс беретін тасымалдаушыларға арналған



Дата11.07.2016
өлшемі45.2 Kb.
#190670
«Электронды түрде өтінімді беру жүйесі» порталымен жұмыс ітеу бойынша нұсқаулық

Берілген нұсқаулық қатаң есептеме бланкілерін алуға тапсырыс беретін тасымалдаушыларға арналған.

  1. «Электронды түрде өтінімді беру жүйесі» порталымен жұмыс істеу үшін internet explorer браузері арқылы http://epz.kz/ электронды адресін ашу керек.

  2. Сіздің браузеріңіздің терезесінде төмендегідей бет ашылады:



  1. «Электронды түрде өтінімді беру жүйесі» порталымен жұмыс істеу үшін алдымен тіркелу керек. Ол үшін «Тіркеу» қосымша бетін ашу керек.

  2. «Тіркеу» қосымша бетін басқан соң монитор экранында келесі терезе пайда болады:

Бұл жерде тасымалдаушы туралы ақпаратты енгізу керек – құжаттамаға сәйкес тасымалдаушының атауы, тасымалдаушының электрондық поштасының адресі, СТН, мекенжайы, жұмыс телефоны, директордың тегі, аты-жөні және тасымалдаушының орналасу орны бойынша көліктік бақылау инспекциясын таңдау. Барлық жолдар толтырылған соң «тіркеу» батырмасын басу керек.



  1. Сіздің электронды поштаңызға логин мен пароль жазылған «Электронды түрде өтінімді беру жүйесі» порталына тіркелгеніңіз туралы хабарлама келеді



  1. Сіздің электронды поштаңызға келген логин мен парольды «Электронды түрде өтінімді беру жүйесі» порталына толтырамыз.



  1. «Электронды түрде өтінімді беру жүйесі» порталына кірген соң келесі терезе пайда болады:



  1. Бұл жерде «Электронды түрде өтінімді беру жүйесі» порталында ыңғайлы жұмыс істеу үшін парольды «Кілтсөзді өзгерту» батырмасын басу арқылы өзгертуіңізге болады.



  1. Ары қарай «Жылжымалы құрам» қосымша бетін басу керек.



  1. Тасымалдаушының жылжымалы құрамын енгізу үшін «Қосу» батырмасын басып, талап етілген параметрлер бойынша жылжымалы туралы ақпаратты енгізу керек:

Егер техникалық төлқұжатта шанақ нөмірі көрсетілмеген болса, онда жолға «-» белгісін қою керек.



  1. Жылжымалы құрам туралы ақпаратты енгізген соң, аталған жылжымалы құрамның алдын ала сканерден өткізілген құжатын (техникалық төлқұжат) енгізу үшін «Сақтау/Файлдарды қосу» батырмасын басу керек.

  2. Ол үшін «файл таңдау» батырмасын басып, жүктелетін файлды таңдап (жүктелетін файлдың көлемі 500 Кб аспауы тиіс), «Файлдарды жүктеу» батырмасын басу керек.



  1. Сіз сонымен қатар дұрыс жүктелмеген файлды жоя аласыз.

  2. Осындай тәсілмен тасымалдаушының жылжымалы құрамы туралы барлық ақпарат толтырылады.



  1. Жылжымалы құрамды қосқан соң сканерден өткізілген тасымалдаушының ҚР аумағында тіркелгені туралы растайтын құжат (заңды тұлғалар үшін: статистикалық карта, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, СТН, жеке басының куәлігі; жеке тұлға үшін: тасымалдаушының мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі, СТН, жеке басының куәлігі).

  2. Ол үшін «Құжаттар» қосымша бетіне ауысып, Сіздің ДК-ден жүктелетін файлды таңдау үшін «файл таңдау» батырмасын басу керек. Содан соң «Электронды түрде өтінімді беру жүйесі» порталына файлдарды жүктеу үшін «Файлдарды жүктеу» батырмасын басу керек.



  1. Барлық құжаттарды жүктеген соң «Сохранить/Оставить без изменения» батырмасын басу керек.

  2. Ары қарай «Тасымалдаушы» қосымша бетіне ауысып, «Мәліметті тексеруге жіберу» батырмасын басамыз.

  3. «Тапсырысты электронды түрде беру» порталының Әкімгері Сіздің жүктеген құжаттарыңыз бен Сіздің берілістеріңізді тексеруі тиіс, тексерген соң Сіздің тіркелгеніңізді мақұлдайды немесе тасымалдаушы туралы ақпаратты сапасыз толтыруыңызға байланысты қабылдамайды.

  4. «Электронды түрде өтінімді беру жүйесі» порталының Әкімгері тіркелгеніңіз туралы мақұлдаған соң Сіздің электронды поштаңызға «Электронды түрде өтінімді беру жүйесі» порталына сәтті тіркелгеніңіз туралы хабарлама түседі.

  5. Тасымалдаушыға жүйенің келесі функцияларына кіруге болады:
    - шетелдік рұқсат бланкілерін алуға бір реттік тапсырыс беру;
    - шетелдік рұқсат бланкілерін алуға жылдық тапсырыс беру.



  1. Бір реттік тапсырысты беру үшін «Тапсырыс» қосымша бетіне ауысу керек.

  2. «Жана тапсырыс беру» батырмасын басыңыз. Келесі терезе пайда болады:



  1. Тапсырыс беріп отырған бланкіні таңдау үшін «Бланк қосу» батырмасын басу керек.



  1. Қажетті бланкінің типін, жылы мен санын көрсету керек.

  2. «Өтінім қосу» батырмасын басыңыз.

  3. Тапсырысқа бланкілердің басқа түрлерін қосу үшін «Бланк қосу» батырмасын басыңыз.



  1. Сіздің тапсырысыңыз есепке алынды. Келесі тапсырысты қосу үшін «Сформировать новую заявку» батырмасын басу қажет.



  1. Берілген тапсырыс қаралған соң, ӨКБИ-ның қызметкері Сіздің поштаңызға тапсырысты қарау қорытындысы туралы хат жібереді.

  2. Жіберілген хатты басып шығарып алыңыз, хатты ӨКБИ-да бланк алған кезде көрсетуіңіз керек.



  1. Қатаң есептеме бланкілеріне жылдық тапсырыс беру үшін «Годовая заявка» қосымша бетіне ауысу керек.



  1. Қажетті бланкінің типі мен санын таңдап, «Қосу» батырмасын басу керек. Осылайша толық жылдық тапсырысты қалыптастыру керек.

  2. Сонымен қатар, дұрыс таңдалмаған бланкілерді бланк түрлеріне қарсы орналасқан «қызыл крест» батырмасын басып жоюға болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет