Мәліметтер қоры (МҚ) ақпараттық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны
Мәліметтер қоры (МҚ) - ақпараттық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны.
Екі өлшемді кестелерден тұратын мәліметтер базасы реляциялық база болып саналады.
Реляция (relation) қатынас деген ұғымды білдіреді
Алдын ала өрістің аты (қайталанбайды); өрістің типі ; сипаттамалары (ұзындығы, форматы) бекітіледі. Өрістің санын, олардың аттарын және типтерін өзгертуге болады.
Құрылым – алдын ала жасалған бағаналар сипаттамасы (ені, мәлімет типі, келісім бойынша мәні, т.с.с.).
Кесте – мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, бір тақырыпқа берілген нақты мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.
Форма - кесте мәліметтерін экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, форма мәліметті енгізу, көру және толықтыру үшін қолданылады.
Сұраныс (запрос) – керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Сұраныс беру арқылы берілген өрістерден немесе басқа кестеден алынатын өрістерден тұратын виртуалды кестелер құруға болады.
Есеп (отчет) – мәліметтердің керекті құрылымын баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі.
MS Access екі режимде жұмыс істейді
1)Жедел (оперативті) режим – бірден МҚ (мәліметтер қоры) терезесінде жұмыс істеу, яғни оларды қарау, өзгерту, керектісін таңдау жұмысын жүргізу;
2) Конструктор режимі – алдын ала объект құрылымын жасау және оны толықтырып өзгерту.