Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау



Дата05.02.2024
өлшемі32.88 Kb.
#490938
әлеуметтану


«ALKHAN BOKEYKHAN» UNIVERSITY

Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау.


Аты-жөні: Мейрамғалиева Ақбота

2023-2024 оқу жылы

Əлеуметтану – (латынның “social” – қоғам, гректің “logos” – ілім)
тұтас алғанда қоғамның, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық бірліктің
өзара өмір сүруі жəне дамуы туралы ілім. Демек əлеуметтану – қоғам
туралы ілім, ұғым деген сөз. Əлеуметтанудың ғылым ретінде тууы ХІХ
ғасырдың ортасындағы француз позитивист-философы Огюст Конт (1798-
1857) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш рет «əлеуметтану»
терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропаның
(Г.Спенсер, К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер т.б) көптеген оқымыстылары
айтарлықтай үлес қосқан.
Əлеуметтану – қоғам туралы ғылым. Американ əлеуметтанушысы
Дж.Смелзер осылай деп түсіндіреді. Əлеуметтанудың зерттеу объектісі
ретінде əлеуметтік қатынастар жəне олардың жүйеленуі қарастырылады.
Əлеуметтік айғақ (Э.Дюркгейм), əлеуметтік тəртіп (М.Вебер), тұлға,
əлеуметтік құрылғылар, əлеуметтік институттар (марксизм)
əлеуметтанудың пəні болып табылады. Əлеуметтану философиядан
тармақталып шыққан. О.Конт, Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, М.Вебер сияқты
ғалымдардың əлеуметтануын əлеуметтік философиядан айыру қиын.
Демек, əлеуметтану дегеніміз – біртұтас жүйе ретіндегі қоғамның
дамуы мен өмір сүруінің жалпы заңдылықтары туралы əлеуметтік
құбылыстарды өзара байланыстырып зерттейтін ғылым.
2. Əлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуының əлеуметтікэкономикалық жəне теориялық алғы шарттары бар, олар ХІХ ғасырдың
бірінші ширегінде капитализмнің дамуымен сабақтас. ХІХ ғасырдың 50-ші
жылдарында əлеуметтанымдық статистикаға байланысты тəжірибелер мен
зерттеулер пайда болды, шаруашылық санақ жүргізілді. Жаппай
статистикалық сұрау техникасы жасалып, демографияның негізі қаланды.
Жаңа қоғамдық құбылыстар мен процестерді ой елегінен өткізу үшін
арнаулы ғылым қажет болды. Ол əлеуметтану ғылымы еді.
3. Əлеуметтану – көп деңгейлі ғылым, ал абстракциялық жəне
нақтылық формалардың бірлігін, əлеуметтанымдық макро-микро
қатынастың теориялық жəне эмпирикалық арақатынасының бірлігін
қарастыратын ғылым. Негізгі ғылымдардың иерархиясы төмендегіше
анықталады: математика, астрономия, физика, химия, биология жəне
əлеуметтану.
Əлеуметтанудың заңдары мен заңдылықтарына, қоғамдық ғылымдар
жүйесіндегі орнына, қызметіне сипаттама беріледі.

Əлеуметтанудың қызметтері алуан түрлі. Олар:


1. Танымдық;
2. Əдістемелік;
3. Сипаттамалық;
4. Əлеуметтік бақылау;
5. Болжамдық;
6. Əлеуметтік жоспарлау;
7. Идеологиялық;
8. Гуманистік;
9. Жалпымəдениеттік.
Мысалы, танымдық қызмет əлеуметтануды ғылыми білімнің бір
саласы ретінде санап, оны арнаулы, объективтік, дəлелді, арнаулы тілі мен
əдістері бар білім ретінде қарастырады. Əлеуметтік бақылау, болжамдық,
əлеуметтік жоспарлау қызметтері əлеуметтанымдық білімнің, əлеуметтік
практиканың əр түрлі салаларында қолданылуын жобалайды.
Идеологиялық немесе көзқарастық қызмет адамның бағалау іс-əрекетінің
жүзеге асырылуын немесе адамның тұлға ретінде қоғамда бейімделуін
көздейді.

Теориялық əлеуметтанудың негізін қалаушы Сен-Симонның


шəкірті – француз ғалымы Огюст Конт болып табылады (1798-1867). Ол
алғашқы болып «əлеуметтану» терминін өзінің «Позитивтік философия
курсы» (1839) атты еңбегінде ғылымға енгізді. О.Конт қоғам туралы
жағымды тəжірибелі ғылым жасауды қажет санап, оның пəнін іргелі заң
ретінде есептеді, тіпті əлеуметтануды «əлеуметтік физика» деп те атады.
Конт əлеуметтануды «əлеуметтік статика» жəне «əлеуметтік
динамика» деп бөлді. Біріншісі қоғамды, оның барлық элементтерін
тұрақты жəне тепе-тең теңдік жағдайында зерттейді де, əлеуметтік
үндестік (гармония) заңын олардың негізгісі деп есептейді. Екіншісі,
қоғамдық дамуды, бір дəрежеден екінші дəрежеге өту жағдайында
зерттейді. О.Конт əлеуметтанымдық зерттеудің негізгі заңын бақылау жəне
эксперимент ретінде тұжырымдайды. О.Конт ғалымдар ұсынысын
нақтылы тəжірбиелік тексеруден өткізу қажет деген тезисті көтерді.
Сондықтан да Конт философиясы «позитивизм» деген атау алды. Контты
«əлеуметтанудың атасы» деп атау кездейсоқ емес, ол оған атау мен
бағдарлама берді.
О.Конттың пайымдауынша, қоғам туралы ғылым өзінің
дəлелдемелері бойынша басқа ғылымдардан қалыспауы тиіс. Сол себепті
қоғамды зерттеу барысында əлеуметтануда физика іспеттес
математикалық əдістерді пайдалану əбден мүмкін. Осылайша қоғам
туралы ғылымды əдістері жағынан да таным нормалары жағынан да нақты
ғылымдарға жақындастырып, əлеуметтануда натурализм бағытын
қалыптастырды.
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында О.Конт өлгеннен кейін
əлеуметтік ойдың бірнеше ағымдары пайда болды, олардың өкілдері
қоғамдық өмірдің критерийін одан тыс жағдайлардан іздеді. Бірінші
кезекте, жаратылыстану биологиялық факт ойлардың дамуынан туындап,
оған жаратылыстанудың əсері күшті болды, мысалы, Ч.Дарвин ілімінің
пайда болуы. Мұндай қатынастың ірі өкілдерінің бірі ағылшын ғалымы
Герберт Спенсер еді (1820-1903).
Спенсердің əлеуметтанымдық теориясы Ч.Дарвиннен қабылдаған екі
принципке негізделді: қоғамды организм деп түсіну жəне əлеуметтік
эволюция идеясы. Шын мəнісінде, қоғам төрт организмді көшіріп
(копирует) алады жəне тудырады. Олай болса, «оған тəн нəрсе –
биологиялық заңдылық» деген қорытынды айтады. Ол заң, Спенсердің
айтуы бойынша, қоғамға сəйкестеніп бейімделеді.
3. О.Конттың еңбектері көрнекті француз əлеуметтанушысы
Э.Дюркгеймге зор ықпалын тигізді (1858-1917). Э.Дюркгеймнің
еңбектерінде («Қоғамдық еңбектің бөлінісі», «Əлеуметтанымдық əдістің
ережелері», «Өзін-өзі өлтіру» т.б.) жаңа əлеуметтанымдық қатынастар
берілген. Бірақ, оның пайымдауынша, əлі де болса ғылыми əлеуметтану
жеткілікті қалыптаспаған. Неліктен? Өйткені əлеуметтану нақты
фактілерге жүгінуі керек, деп есептеді Э.Дюркгейм. Оның маңызы –
əлеуметтік факторлардың жиынтығынан тұратын қоғамды əлеуметтік
шындық деп түсіну. Оларды зерттеу əлеуметтанудың пəнін құрайды.
Əлеуметтік факт, Э.Дюркгеймнің пайымдауынша, ол – жеке тұлғаларға
тікелей əсер ететін əлеуметтік құбылыс. Əлеуметтік фактілерге
Э.Дюркгейм құқық жəне тəртіп нормаларын, тарихи қалыптасқан ойлау
мен əрекет формаларын, əлеуметтік қозғалыс, тіпті моданы (сəн өнерін) да
жатқызады. Э.Дюркгеймнің негізгі əдістемелік принципі – əлеуметтік
фактілерді заттарға жақындастыру («əлеуметтік фактілер – заттар
тəріздес»). Яғни əлеуметтанушының негізгі мақсаты – əлеуметтік
фактілердің арасындағы байланысын зерттеу. Э.Дюркгеймның
“социологизмі” оның теориясының негізі болып табылады. Ол əлеуметтік
шындықтың ерекшелігін, біріншілігін, дербестігін мойындауға жеке
адамның оған бағыныштылығын, екіншілігіне негіздеген.
Э.Дюркгеймның шығармашылығының негізгі маңызы –
əлеуметтануға жүйелік анықтамасын беруінде. Оның негізгі сипаттары: а)
қоғамды құрылымды-функционалдық организм деп түсіну; ə) қоғамдық
тəртіпті оның қажетті жағдайы деп қорғау; б) əлеуметтік тəрбие
институтын қоғамның өмір сүруі үшін қажетті, маңызды механизмі деп
түсінуі.
4. ХХ ғасырдың ірі əлеуметтанушыларының бірі болып М.Вебер
есептеледі (1864-1920). М.Вебердің еңбектері тек қана əлеуметтану
ғылымымен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар экономика, құқық,
салыстырмалы тарих, мəдениеттану салаларын қамтиды. К.Маркстің
идеялары М.Вебердің көзқарасына зор ықпал етті. Бірақ М.Вебер оның
əлеуметтік қарама-қайшылықтардың қоғамдағы рөлі туралы пікіріне қарсы
шықты. Өйткені М.Вебердің пікірінше, қоғам өміріне тек қана
экономикалық қарым-қатынас қана емес, сонымен қатар идея мен
құндылықтар да зор əсерін тигізеді. Сондықтан болар, М.Вебердің ең ірі
еңбектері діни əлеуметтануға арналған. Оның еңбектерінде Үнді, Қытай
мемлекеттерінде қалыптасқан ежелгі дін, сонымен қатар иудаизм діні
қарастырылады. Батыс пен Шығыстың ең ірі діни жүйелерін салыстыра
отырып, М.Вебер капитализмнің өркендеуіне христиан дінінің тікелей
əсері бар деген тұжырымға келеді.
Оның «Протесттантық этика мен капитализм рухы» деген еңбегінде
діни сенім капиталистік экономиканың дамуының ынталандыру негізі деді.
Себебі ол еңбексүйгіштікті, үнемділікті, есепшілдікті, шыдамдылықты,
жігерлілікті қалыптастырады деп түсіндірмекші болды. Бұд еңбектегі
негізгі əлеуметтанымдық тұжырымдамалары қазіргі күнге дейін өзінің
ғылыми жағынан орасан зор табыс болып саналады.
Вебердің маңызды еңбегінің бірі бюрократияны зерттеу болды.
Бюрократия – кең көлемдегі ұйым онда қызметкерлер рангыларға бөлінеді
дейді. Ол қала, құқық жүйесі, экономика түрлері, таптар тарихы туралы
зерттеуге үлес қосты. Əлеуметтану ғылымы туралы да еңбектер жазған. Ол
Дюркгейм мен Маркске, керісінше, əлеуметтануға ғылым ретінде қарау
керек деген талап қойған.
М.Вебердің əлеуметтанымдық ілімнің негізі – идеалдық тип туралы
ілім. Идеалдық тип – бейне-схема, зерттеуші-əлеуметтанушы таныған,
зерттеген нақты материалды тəртіпке келтіру жəне жүйелеу тəсілі.
Вебердің идеалдық типі туралы ілімі – əлеуметтануды түсінудің негізі. Бұл
жерде, əлеуметтану бастауыш тип есебінде, адамның немесе белгілі бір
топтың тəртібін негізге алуы керектігі айтылады.
5. К.Маркс қоғамды зерттеп, əлеуметтанудың ғылым ретінде
қалыптасуына зор ықпал етті. К.Маркс еңбектерінің көпшілігі
экономикалық əлеуметтану проблемаларына арналды. Көптеген ғалымдар
К.Маркс қоғам туралы ғылымның дамуына үлкен үлес қосқанын атап
көрсетті. Солардың бірі – ағылшын əлеуметтанушысы Э.Гидденс еді. Ол
Маркс идеяларының «əлеуметтанымдық тұрғыдан қарастырғанда аса терең
жəне бай ой-пікірлерге толы» деп есептеді. К.Маркстың қоғам туралы
ғылымға қосқан ең үлкен үлесі – оның тарихты материалистік тұрғыдан
түсіндіруі («барлық тарих – таптар тартысы»), экономикалық жəне
əлеуметтік детерминизм. Капитализмді зерттей отырып, Маркс тапқа
анықтама берді. Оның көзқарасы бойынша, капитализмнің орнына тапсыз
социалистік қоғам орнауы керек, таптың жойылуына байланысты қоғамда
барлық теңсіздік жойылуы керек. К.Маркс «негізгі таптар буржуазия жəне
пролетариат болып бөлінеді» деп есептеді. Буржуазияның ішінде меншік
иелері болады, олар əлеуметтік иерархиядағы жағдайына байланысты
өндірістің (фабриканың, жердің) маңызды құралдарының иелері арқылы
ерекшеленеді. Маркс люмпенпролетариат деп аталатын, қоғамнан «шетке
шыққан» адамдардың болатынын көрсетті.
Оның əлеуметтік құрылым теориясында, пролетариаттың өзін
пайдаланушыларға қарсы революциялық көтерілісін «басатындарға», яғни
орта таптың орны мен рөліне көңіл бөлінеді. Оның пікірінше, қоғамда
болып жатқан өзгерістерге жеке меншік тұрғысында қалыптасқан
экономикалық қарым-қатынастар əсер етеді. Олар əлеуметтік қарамақайшылықтардың пайда болуына əкеліп соқтырады, ал бұл қарама-
қайшылықтарды жөнге келтіру дүниежүзілік тарихтың құрамы болып
табылады.
Маркстың құнды еңбегі – қосымша құн теориясын жасауында.
Маркс капитализмнің дамуына қарай буржуазияның байиын,
пролетариаттың кедейлене түсуін дəлеледеді. Олардың арасындағы
шиеленіс күшейе түседі де, жұмысшылар революция жасап, өз
диктатурасын орнатады. Əділетсіз қоғамдық құрылыс ретінде каптализм
құрып, бүкіл əлемдік деңгейде социализмге өту басталады деді.
6. ХIХ ғасырдың соңында АҚШ-та қолданбалы эмпирикалық
əлеуметтану дамыды. Əсіресе еңбек əлеуметтануы мен басқару
əлеуметтанулары өріс алды. Американ ғалымы Фредерик Уинслоу Тейлор
(1856-1915) кəсіпорындарда кешенді зерттеулер жүргізіп, дүниежүзінде
бірінші болып еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру (орысша – НОТ)
жүйесін ашты. Бұл жүйе өндірістегі «адами факторларды», еңбекке
материалдық жəне моральдық ынталандыруды, басқару өнерінің
ерекшеліктерін анықтады. Тейлор бірінші болып рестрикционизм
(ағылшынша гestriction – шек қою) құбылысын ғылымғы енгізді. Оның
мəні – қалай болса, солай жұмыс істеу. Сонымен қатар, Тейлор
хронометраж əдісін, нұсқау карточкаларын, жобалау бюросын, əлеуметтік
ақпаратты жинауды, жаңаша басқару құрылымын енгізді.
Американдық еңбек əлеуметтануына Э.Мэйо зор үлес қосты. Ол
1927-1932 жылдары əйгілі Хоторн қаласы шеңберінде эксперимент
жүргізді. Мұның мақсаты – еңбек ұжымдарында өріс алған формальды
емес құбылысты ашу. Бұл құбылыстың мəні – əркімнің ұнатуына қарай
ұжымның шағын топтарға бөлінуі.
Абрахам Маслоу 1943 жылы қажеттіліктердің иерархиялық
теориясын жасады. Ол қажеттіліктерді базистік жəне туынды деп, екі түрге
бөлді. Базистік қажеттіліктерге тамақ ішу, ұрпақ қалдыру, киім кию,
баспананың болуы, қауіпсіздікті жатқызды. Туынды қажеттіліктерге
əділеттілікті, аман-есендікті, тəртіп сақтауды жатқызды.
АҚШ-ғы əлеуметтанымдық зерттеулердің əдістемесінде
бихевиоризм (ағылшынша behaviour – мінез-құлық) кең өріс алды. Оның
негізін салушы Э.Торндайк, Д.Б.Уотсон, Б.Скиннер еді. Осыған сəйкес
əлеуметтанудың зерттейтін пəні – адамның мінез-құлығы.
Əлеуметтану дамуының жаңа кезеңі: біріншіден, эмпирикалық
əлеуметтанудың қалыптасуымен жəне дамуымен (ХХ ғ. 20-40 ж.),
екіншіден, жаңа бағыт пен теорияның дамуымен (ХХ ғ. 40-60 ж.),
үшіншіден, эмпирикалық жəне теориялық əлеуметтануды белгілі дəрежеде
ұштастырумен байланысты болды (ХХ ғ. 70 ж. бастап біздің уақытымызға
дейін).
ХХ ғасырдағы əлеуметтанымдық прогрестің даму тенденциясының
бірі – эмпиризмнің дамуы. Эмпирикалық əлеуметтану деп нақтылы
əлеуметтік факторларды жинаумен жəне қорытуымен байланысты
зерттеуді жəне арнаулы сұрау, əлеуметтанымдық бақылау, эксперимент
тəсілдерін пайдалануды түсінеміз. Мұндай зерттеулер ХХ ғасырдың 20-30
жылдарында АҚШ-та, содан кейін басқа елдерде жүргізіле бастады.
Эмпирикалық əлеуметтану əлеуметтік статистикасыз дами алмайды. Оның
негізін ХІХ ғасырда франко-бельгия ғалымы Адольф Кетле мен ағылшын
зерттеушісі жəне кəсіпкер Чарльз Буту қалады.
Эмпирикалық жəне теориялық əлеуметтануды ұштастыра отырып
дамыту идеясы Роберт Мертонның (1910-2003) еңбектерінде («Əлеуметтік
теория мен əлеуметтік құрылым») жəне функционалдық қорыту
теориясында негізгі орын алды.
Белгілі орыс-американ əлеуметтанушысы Питирим Сорокин (1889-
1968) Ресейде 1922 жылға дейін тұрды, одан кейін Батысқа кетуге мəжбүр
болды. Америкада жұмыс істей жүріп, ол əйгілі «əлеуметтік
сттратификация жəне əлеуметтік мобильділік» теориясын қалыптастырды.
ХХ ғасыр əлеуметтануының екінші кезеңі белгілі америка
əлеуметтанушысы Толкотт Парсонстың (1902-1979) ғылыми
жұмыстарымен сипатталады. Ол «əлеуметтік əрекет» теориясын жасады.
Əлеуметтанудың ХХ ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап осы
мерзімге дейін ұштасып келе жатқан жаңа кезеңі басталды. Бұл кезең,
біріншіден, ғылымның пəнін түсінумен, екіншіден, макро- жəне микро,
теориялық жəне эмпирикалық əлеуметтанудың байланысын ашуымен
сипатталады.
Əлеуметтану ғылымы туралы маңызды еңбек жазған американ
əлеуметтанушысы Н.Смелзер жəне ағылшын əлеуметтанушысы Э.Гидденс
əлеуметтану туралы «тұтас алғанда қоғам əлеуметтік құрылым жəне
салалар туралы ілім» деген нақтылы анықтама берді.
Смелзер қоғамды тірі организіммен теңейді, əлеуметтік институттар
əлеуметтік организмдегі қалыпты «физиологиялық» процестерді
жақтаушы арнаулы органдар деп қарастырған.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап бұрынғы Одақта
«Əлеуметтану» пəні оқытыла бастады, факультеттер, орталықтар, ғылымизерттеу институттары құрылды. Белгілі Ресей əлеуметтанушылары
қалыптасты. Олар – Г.Осипов, А.Харчев, В.Ядов, Ю.Леваде, Ж.Тощенко,
Т.Заславская, Л.Коган, А.Радугин т.б.
3. Қазақстанда саяси əлеуметтік ой-пікірдің қалыптасуына Ш. Уалихановтің, Ы.Алтынсаринның, А.Құнанбаевтың əлеуметтік-саяси
көзқарастары жатады.
Ш.Уалиханов қоғамда жүргізілген өзгерістер адам мүддесіне қажет
екендігін атап көрсетті. Өз тұсында қоғамда əлеуметтік таптар мен топтар
арасында келіспес қарама-қарсылықтың бар екенін түсінді. «Бүкіл ұлттың
мүддесі, – деді Шоқан, – қатаң əділеттілікке жүгінгенде жеке қоғамның
пайдасынан жоғары болуы керек». Ол ислам дінін қазақ қоғымының
дамуына кедергі екенін айтты. Шоқанның қоғамдық көзқарастары
«Баянауыл округі туралы», «Сот реформасы жайындағы хат» т.б.
еңбектерінде тұжырымдалған.
Ыбырай Қазақ қоғамында кəсіби білімнің негізін қалап, бірнеше
кəсіби мектептер ашты. Ол қазақ даласындағы əділетсіздікті, заңсыздықты
тек қана білім арқылы жеңе алатындығын айтты. Қазақ халқын
отырықшылыққа шақырып, оның қазақ қоғамына прогресс əкелетеніне
сенді.
Абай өзінің қоғамдық көзқарасында дүниенің объективтік
заңдылығын мойындап, оны қара сөздерінде жан-жақты дəлелдеді. Абай
қазақ қоғамының прогрессивті дамуының себебі – адамның моральдық
жақтарының күштілігінде деп көрсетіп, өзінің «Адам бол!» принципінде
адам бойындағы адал қасиеттерге сипаттама берді. Оларға мыналарды
жатқызды: «талап, еңбек, терең ой, қанағат рахым ойлап қой, бес асыл іс
көнсеңіз».
Қорытындылай келе, әлеуметтану туралы анықтамалар өте көп. Білім беру де және алу барысында да әлеуметтану принциптерін және басты ғымдарды ұмытпауымыз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет