Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы. 1 сабақ. І нұсқа



Дата23.06.2016
өлшемі29.34 Kb.
#154911
§1. Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы. 1 сабақ. І нұсқа

1. Жалпы тарихтың үшінші кезеңі болып табылады:

а. ежелгі дүние тарихы в. қазіргі заман тарихы с. темір ғасыры

д. алғашқы-қауымдық қоғам е. жаңа заман тарихы

2. ХVІІ ғ. Англиядағы ірі жер иеленушілер:

а. Диггерлер в. Индепенденттер с. Джентрилер д. Пресвитерлер е. Пуритандар

3. Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен және құпиялықтардан тазартуды жақтаушылар:

а. Пуритандар в. Индепенденттер с. Ленлордтар д. Диггерлер е. Джентрилер

4. ХVІІ ғ. ағылшын буржуазиялық революциясының негізгі себептері:

а. Стюарттар абсолютизмі мен ескі феодалдық тәртіптердің қайшылығы в. Өнеркәсіп дағдарысы

с. Шетелдің басқынщылардың озбырлығы д. Парламенттің шығарған әділетсіз заңдары

е. Ұзаққа созылған соғыс

5. «Қысқа парламент» жұмыс еткен жыл:

а. 1650 ж. в. 1642 ж. с. 1640 ж. д. 1648 ж. е. 1646 ж.

6. Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуына түрткі болған оқиға:

а. «Құқықтар туралы билль» құжатының қабылдануы в. «Құқық жөніндегі петицияның» жариялануы

с. «Қысқа парламенттің» таратылуы д. «Жаңа басқару жоспарының» қабылдануы

е. «Ұзақ парламенттің» шақырылуы

7. 1642 жылғы Англиядағы азамат соғысындағы қарама-қарсы екі топ:

а. Парламентті жақтаушылар мен ірі жер иеленушілер

в. Корольды жақтаушылар мен жер иелерін жақтаушылар

с. Корольды жақтаушылар мен христиан шіркеуін жақтаушылар

д. Парламентті жақтаушылар мен феодалдық-абсолютизмді жақтаушылар

е. Шотландиялықтар мен ирландиялықтар

8. ХVІІ ғ. Англиядағы азамат соғысында парламент армиясының қолбасшысы:

а. У.Уолвин в. О.Кромвель с. Дж. Лильберн д. Монк е. Р.Овертон

9. Кромвель армиясы Нейзби түбінде І Карл әскерін талқандаған жыл:

а. 1642 ж. в. 1643 ж. с. 1647 ж. д. 1646 ж. е. 1645 ж.

10. 1649 жылы сатқындығы үшін басы кесілген ағылшын королі:

а. О.Кромвель в. ІІ Яков с. І Карл д. ІІ Карл е. Монк




§1. Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы. 1 сабақ. ІІ нұсқа

1. Жаңа тарих кезеңінің хронологиясы:

а. ХVІІ ғ. в. ХІХ - ХХ ғғ. с. ХVІІІ - ХІХ ғғ. д. ХVІІ - ХVІІІ ғғ. е. ХVІ - ХVІІ ғғ.

2. Англияда ХVІ ғ. басталған қауымдық алқаптарды қоршаудың әлеуметтік-экономикалық салдары:

а. Жерден айырылған шаруалар қалаларға шоғырланды в. Бүкіл елде шаруалар көтерілісі басталды

с. Жерден айырылған шаруалар көрші елдерге қоныстанды

д. Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырады е. Англикан шіркеуінің жерге иеліктері күшейді

3. ХVІІ ғ. Англияда капиталистік қатынастардың дамуына басты кедергі болған жағдай:

а. Англияның шет елдік экономикаға тәуелділігі в. Англияның әлемдік саудадан оқшаулануы

с. Игерілмеген шалғай аймақтардың көптігі д. Англикан шіркеуінің шексіз бақылауы

е. Абсолютті монархия мен ескі феодалдық тәртіптер

4. 1639 ж. ағылшын королі І Карлдың «Қысқа парламентті» шақыру себебі:

а. Буржуазиялық заңдарды қабылдауға в. Шаруалардың феодалдық кіріптарлықтарын жоюға

с. Парламентке жартылай билікті беруге

д. Дворяндық жер иеленушілікті қайта қарауға е. Шотландиямен соғысты бастауы

5. Англияда І Карл парламентті таратқан жыл:

а. 1642 ж. в. 1647 ж. с. 1629 ж. д. 1640 ж. е. 1646 ж.

6. Англиядағы феодалдық топтар мен парламентті жақтаушылар арасындағы азамат соғысының басталу жылы:

а. 1641 в. 1643 с. 1644 д. 1640 е. 1642

7. Англияда азамат соғысын бастағандар:

а. буржуазия мен шіркеу в. король мен шіркеу с. король мен парламент

д. король мен феодалдар е. шіркеу мен парламент

8. ХVІІ ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясының көрнекті қайраткері:

а. Оливер Кромвель в. Джон Лильберн с. Прайд д. Вильгельм Оранский е. І Карл

9. Нейзби түбінде король әскері талқандалған жыл:

а. 1642 ж. в. 1647 ж. с. 1643 ж. д. 1645 ж. е. 1646 ж.

10. 1649 ж. болған ірі тарихи оқиға:

а. Англия республика болып жарияланды в. Абсолютизм, феодалдық қалдықтар жойылды



с. Шаруалардың помещикке кіріптарлығы жойылды д. Парламент билігі күшейді

е. Сословиелік айырма жойылды

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет