Денеге май біткенде мына сусынды пайдаланған жөн, оны дайындау үшін: алма сусынынан – 100 мл, қауын сусынынан – 50 мл, қызанақ сусынынан – 5 мл, лимон қышқылынан – 25 мл қоспа дайындап ішкен абзал. Бұл сусынды авитаминоз және қаназдық ауруларында ем ретінде пайдаланған жөн. Сусынды өт жолдарын айдауға жарты стақаннан тамақ жер алдында 15-30 минут бұрын ішу керек. Алманың қышқыл түрлерін асқазанда қышқыл азайғанда және іш қатқанда пайдаланған жөн.
Алма сусындары
Алма тосабы. Тосаптың құрамында қант (сахароза, глюкоза, фруктоза), органикалық қышқылдар, минералды тұздар, витаминдер, әсіресе С витамині мен каротин (А провитамині) көп болады, яғни ол – адамның денсаулығына пайдалы, нәрлі тағам. Сондықтан қыста жеуге тосапты молырақ қайнатып алған дұрыс. Алманың тосап жасауға қолайлы тәтті сұрыптары: Коричное, Боровинка, Антоновка мен Анис. Тосап қайнатарда алманың қабығын аршып, ішіндегі өзегін алып тастайды да, қалыңдығы 2 см-дей етіп, тілімдеп турайсыз. Туралған алмаңыз қарайып кетпес үшін оның үстінен қайнаған су құйып, сол ыстық суда 5-6 минут ұстайсыз. Бұдан алма жұмсарады. Одан кейін алманы сүзіп аласыз да, дереу суық сыға салып салқындатасыз. Алма салынған ыстық суды шырын жасауға пайдалануыңызға болады.
- Салқындатылған алманың үстінен ыстық шырын құйып, 3-4 сағат суытып қоясыз. Бұдан соң оны отын жайлап жағып, 5-7 минут қайнатасыз да, 6-8 сағат суытып қоясыз. Осылайша 3-4 рет қайталап қайнатасыз.
- Егер алма кесінділерінің кейбіреулері ертерек пісіп кетсе, оларды ағаш қасықпен теріп алып, банкаға салып қойыңыз да, қалғандарын әбден піскенше қайната беріңіз. Тосап кейін қанттанып кетпес үшін алманың тәтті сұрыптарына қайнатуы аяқтала берген кезде аздап лимон қышқылын (1 кг алмаға 3 г лимон қышқылы есебінен) қосу керек. Сондай-ақ аздап ванилин қосқан да жақсы.
- Тосап жасауға 1 кг алмаға 1 кг шекер, 1-1,5 стақан су қажет. Майда алмалардан қайнатқан тосап та дәмді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |