Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Машинажасау және көлік» факультеті
«Көлік және логистика» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
каф.меңгерушісі
В.Н. Вдовин____________
(аты-жөні)
________________ 2014ж.
ЕМТИХАНДЫҚ ТЕСТ (№ 1нұсқа)
«Автомобиль жүргізушілерін даярлаудың әдістемелік негіздері» пәні бойынша
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
мамандығы
1 Қандай құрылғы жүргізудің алғашқы дағдыларын үйретуге арналған
-
жол контроллері
-
автоалаң
-
автожаттықпа
-
автоқалашық
-
көлік детекторы
|
2. Жол жағдайларының талабына байланысты автожаттықпалар былай бөлінеді
-
ленталық, көлеңкелік, кинофицирлік, теледидарлық
-
көлеңкелік, теледидарлық, кинофицирлік
-
кинофицирлік, ленталық, көлеңкелік
-
ленталық, теледидарлық, кинофицирлік, физиологиялық
-
көлеңкелік, теледидарлық, роликтік, кинофицирлік
|
3 Ұсақ бөлшектерді ажыратуда көрудің қабілетіне қай фактор әсер етпейді
-
жарықтандырудың қарқындылығы
-
көру жітілігі
-
жарықтың спектрлі құрамы
-
көру талдауышының сезімтал диапазоны
-
бейімделгіштік (аккомодация)
|
4. Сезіну мен қабылдаудың арасында қандай байланыс бар
-
қабылдау әртүрлі сезімдерден тұрады, бірақ ол осы сезімдердің ғана жиынтығынан тұрмайды
-
қабылдау сезінудің жиынтығынан тұрады
-
барлық жағдайда да кез-келген сезіну қабылдауға ауысады
-
сезіну қабылдауға ауыспай, дербес болуы мүмкін
-
қабылдау табалдырығының өлшемі сигналдардың кездейсоқ дәрежесіне байланысты өзгере алады, ол сезінуге байланысты емес
|
5. Ой тұжырым мен байымдау түсініктері қалай байланысқан
-
адамның дұрыс түсініктер жүйесін игеруі толығымен дұрыс ой тұжырым мен байымдауды қамтамсыз етеді
-
түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы ой тұжырым мен байымдауға әсерін тигізбейді
-
дұрыс байымдауды шығару ықтималдығына және дұрыс ой тұжырымның келу түсінігіне әсерін тигізеді
-
дұрыс емес ұғымдар жүйелі түрде дұрыс ой тұжырым мен байымдауды алу мүмкіндігін жоққа шығарады
-
дұрыс емес ұғымдар жүйелі түрде дұрыс ой тұжырым мен байымдауды алу мүмкіндігін жоққа шығармайды
|
6. Қандай аталған нысандар, үрдістер мен құбылыстар көру арқылы есте сақталады
-
қозғалтқыштың жұмыс істеу кезінде көрінетін, қозғалтқыштағы қақпақша механизмінің жылу саңылауының кеңею белгісі
-
автомобиль қозғалысы бағдарындағы жол белгілері мен басқа да реттеу құралдарының орналасуы
-
басқару органдарына дұрыс әсер ету тәсілдері
-
дөңгелектерді бөлшектеу әдісі
-
ГАЗ-53А, ЗИЛ-130 автомобильдері майларын тазалау орталық сүзгішінің сыртқы ақау белгісі
|
7Автокөліктік психология келесі сұрақтарды шешеді
-
оператор ретінде автомобиль жүргізушісінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін “жүргізуші-автомобиль-жол” жүйесіндегі басқа буынмен қиыстыру
-
қызмет ететін техникаға сәйкес талаптар мен адам физиологиялық ерекшеліктерінін тіркеу
-
адамның психологиялық және физиологиялық, антрометриялық сапасын тіркеу және адам мен техниканың өзара әсерін сипаттау
-
машина конструкциясын адамның психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерімен келістіру
-
“адам-машина” жүйесінің біртұтас шеңберінде адам мен техниканың мүмкіндіктерін өзара қиыстыру
|
8 Қайсы аталғандар ішкі талдауыштарға жатады
-
көру
-
есту
-
бұлшық ет-қозғалтқышы
-
дәм сезу
-
сипап сезу
|
9 Терең көру деп көздің қандай қабілетін айтамыз
-
көзден бірдей алыстатылған және көру өрісінің әр жерінде орналасқан заттардың айқын бейнесін көру
-
әртүрлі нысандарға дейінгі арақашықтықты және олардың арасындағы арақашықтықты анықтау
-
көз жанарынан өтетін, қарашық диаметрінің өзгеруіне байланысты жарық ағынын өзгерту
-
әртүрлі қозғалатын нысандарға дейінгі арақашықтықты және олардың арасындағы қашықтықты анықтау
-
көзден әртүрлі қашықтықта алыстатылған заттардың бейнесін анық көруге бейімделу
|
10. Фараның жақын жарығы автомобильдің алдындағы жолын жақсы көруді қамтамасыз етеді
-
30-40 м дейін
-
40-50 м
-
50-60 м
-
60-70 м
-
70-80 м
|
11Жол жүрісінің ережесіне сәйкес «аялдама» деп
-
көлік құралының қозғалысын 5 минутқа дейін, сондай-ақ бұл жолаушыларды мінгізу немесе түсіру, не көлік құралына тиеу немесе түсіру үшін, қажет болса онда да көбірек уақытқа мақсатты тоқтатуы
-
көлік құралы қозғалысының қажетті тоқтауынан туындайтын барлық әрекеттер, сондай-ақ жол қозғалысының ұйымдастырылуына байланысты көлік құралдары қозғалысын тоқтатуы
-
көлік құралдары қозғалысының кез-келген әдейі тоқтатылуы
-
жол қозғалысын ұйымдастыруға байланысты, көлік құралдары қозғалысын тоқтатуы
-
жол-көлік оқиғаларының және бөгеліс жағдайларының пайда болатын жерлерінде қозғалыстың әдейі тоқтатылуы
|
12Рульдік басқару істемейді деп саналады, егер
-
конструкцияда көзделген рульдік басқарудың күшейткіші немесе рульдік демпфері (мотоцикл үшін) жоқ немесе ақауы бар
-
рульдік басқару төменгі жылдамдықпен қозғалу кезінде маневр жасауға мүмкіндік бермейді
-
рульдік басқарудағы жиынтық люфт белгіленген мөлшерден асады
-
рульдік басқарудағы жиынтық люфт белгіленген мөлшерден аз
-
ол тұрып қозғалмай қалса
|
13. Тұрғын аймақта көлік құралдарының қозғалысы рұқсат етіледі
-
жүру бөлігімен
-
жүру бөлігімен және жаяужолмен, егер ол жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірмесе
-
тұрғын үй мен балалар алаңына 10 м жақын болмайтын, кез-келген жерде
-
жүру бөлігінің шетімен
-
тура қозғалысты жүзеге асыру
|
14Жеңіл автомобильді пайдалануға тыйым салынады, егер рульдік басқарудағы люфтің жиынтық мәні келесіден артық болса
-
10 градустан
-
20 градустан
-
25 градустан
-
15 градустан
-
28 градустан
|
15Жұмыс істемейтін спидометр құрылғысы бар көлік құралын пайдалануға рұқсат етіледі ме
-
рұқсат етіледі
-
тыйым салынады
-
тыйым салынады, жеке иеленушісі бар автомобильдер, мотоциклдер мен мопедтарды қоспағанда
-
ереже оны қарастырмайды
-
рұқсат етіледі, егер ол көлік құралының конструкциясында көзделген болса
|
16. Қандай көлік құралдарының алдыңғы әйнегінде мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон тұруы қажет
-
барлық механикалық көлік құралдарында
-
автомобильдерде
-
автомобильдер мен мотоциклдерде
-
жеңіл автомобильдерде
-
мопед пен мотоциклден басқа, барлық көлік құралдарында
|
17. Тәуліктің қараңғы уақытында қозғалған кезде Сізді қарсы автомобиль қарықтырды. Осы оқиғада сіз не істейсіз
-
қозғалысты жалғастырасыз
-
жол жағасына шығып тоқтайсыз
-
жылдамдықты төмендетіп және қозғалысыңызды жалғастырасыз
-
қозғалыс жолағын өзгертпей және апаттық сигналды қосып, тоқтайсыз
-
апаттық сигналды қосып алып ары қарай жүресіз
|
18. Егер тәуліктің қараңғы уақытында жолда жасанды жарықтандырудың кезінде сіздің автомобиліңіздің фаралары жанбай қалса не істер едіңіз
-
олқылықтарды жоғалтуға тырысасыз, ал егерде ол істелмесе, барлық шараны қолдана отырып, ары қарай жүресіз
-
жақын жердегі пункка (ТҚКО) дейін сапарыңызды жалғастырасыз
-
қозғалысты доғарасыз
-
қозғалысты доғарып, түнге қарсы аялдайсыз
-
түк болмағандай қозғалысыңызды жалғастырасыз
|
19Қарсы автомобиль басып озуға шығып сіздің жолағыңызды алып алды. Соқтығысу сөзсіз. Сіз не істейсіз
-
шұғыл тежеп және өз жолағыңызда тоқтайсыз
-
тежеп, оңға қарай қозғалып, және жол жағасына шығасыз
-
фаралармен сигнал бере бастайсыз, дыбыстық сигнал бересіз, сонымен бірге жылдамдықты төмендетпей, қарсы автомобильдің сізге жол беретініне сенесіз
-
оңға қарай шығып, жылдамдықты көбейтіп және өтіп кетесіз
-
қарсы автомобиль өз жолағын алсын деп, жарық сигналын бересіз
|
20. Жүргізушілердің жағдайлық (ЖО)оқуының мәнісі неде
-
қауіпсіз жүргізудің дәстүрлік оқуында
-
жол-көлік оқиғаларының пайда болуын анықтайтын жол-көлік жағдайларының талдалуында
-
жүргізушінің біліктілігін жоғарлатуда
-
басқа жол қозғалысына қатысушыларға ықпал етпей, автомобильді қауіпсіз және сенімді басқаруда
-
керекті қауіпсіздік жағдайында жол қозғалысының әртүрлі жағдайларын үлгілеуде
|
Құрастырушы
доцент, т.ғ.к _________________________ А.М. Жандарбекова
(қолы)
Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Машинажасау және көлік» факультеті
«Көлік және логистика» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
каф.меңгерушісі
В.Н. Вдовин____________
(аты-жөні)
__________________ 2014ж.
ЕМТИХАНДЫҚ ТЕСТ (№ 2 нұсқа)
«Автомобиль жүргізушілерін даярлаудың әдістемелік негіздері» пәні бойынша
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
мамандығы
1. Дағдылыққа жеткізудің шеберлігі былай аталады
-
білгірлік
-
шеберлік
-
дағды
-
сенсомоторлық реакция
-
кәсіптік шеберлік
|
2Үйренушілерге автомобиль жүргізудің негізгі дағдыларын қалыптастыруға арналған, жалпы қозғалыстан қоршалған және арнайы жабдықталған аумақ былай аталады
-
автоқалашық
-
автоалаң
-
автодром
-
авторалли
-
автотрасса
|
3Болашақ жүргізушілерде, кәсіптік қызметтің психологиялық негіздерін оқудың нәтижесінде құрылу қажет
-
автомобиль жүргізуге байланысты психикалық құбылыстардың, процестердің және қасиеттердің жалпы түсінігі
-
үйренушінің әрбір кезеңдегі оқу мақсатын анық түсіну
-
автомобиль басқаруда жол-көлік оқиғасынан сақтандыратын шешім қабылдауды тудыру
-
автомобильдің техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, уақытында және дұрыс, жол жағдайларын бағалауды, оның өрбуін болжауды тез және дәл білу
-
алдағы оқу қызметіне моральдік-психологиялық дайындық
|
4Көлік құралын басқаруда жүргізушінің қимылы мынаған байланысты
-
еріксіз зейінге
-
ерікті зейінге
-
еріксіз зейінге болса, сондай-ақ ерікті зейінге
-
сырттайбағытталған зейінге
-
іштей бағытталған зейінге
|
5Фара жарығынан жүргізушінің көрмей қалу ұзақтылығы 10 с жетеді. 30 км/сағ келе жатқан автомобиль, жарықтың кенет өзгеуінен бастап, жүргізушінің жолды алғашқыдай көре алу қабілетінің қалпына келуіне дейін қанша жолды жүріп өтеді
-
80 м
-
60 м
-
40 м
-
30 м
-
20 м
|
6Қандай аталған нысандар, үрдістер мен құбылыстар есту арқылы есте сақталады
-
қозғалтқыштың жұмыс істеуі кезінде, қозғалтқыш қақпақша механизмінің жылу саңылауының кеңею белгісі
-
автомобиль қозғалысы бағдары кезіндегі жол белгілері мен басқа да реттеу құралдарының орналасуы
-
басқару органдарына дұрыс әсер ету тәсілі
-
дөңгелектерді бөлшектеу әдісі
-
ГАЗ-53А, ЗИЛ-130 автомобильдері майларын тазалау орталық сүзгішінің сыртқы ақау белгісі
|
7Аталған сұрақтардың қайсысы инженерлік психология шешетін мәселелер шеңберіне жатпайды
-
оператор қызметінің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып аспаптарды жобалау
-
операторлардың жұмыс орындарын жетілдіру
-
операторларды дайындауды және кәсіпқой іріктеу мен таңдауды жетілдіру
-
“адам-машина” жүйесі жұмысының экономикалық тиімділігін анықтау
-
оператор еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуының сұрақтары
|
8Ішкі және сыртқы ортаның тітіркенуінен қай талдауыштардың қозуы мүмкін
-
температуралық
-
бұлшық ет-қимыл
-
көру
-
есту
-
иіс сезу
|
9Көздің қандай қабілетін динамикалық көзөлшем деп айтамыз
-
көзден бірдей алыстатылған және көру өрісінің әр бөлігінде орналасқан заттардың айқын бейнесін көру
-
әртүрлі нысандарға дейінгі қашықтықты және олардың арасындағы қашықтықты анықтау
-
көз жанарынан өтетін, қарашық диаметрінің өзгеруіне байланысты жарық ағынын өзгерту
-
әртүрлі қозғалатын нысандарға дейінгі және олардың арасындағы арақашықтықты анықтау
-
көзден әртүрлі қашықтықта алыстатылған заттардың бейнесін айқын көруге бейімделу
|
10Қашық жарық фаралары автомобильдің алдындағы жолын қанша қашықтықтан көруді қамтамасыз етеді
-
100 м
-
130 м
-
150 м
-
170 м
-
200 м
|
11Жол қозғалысының ережесіне сәйкес «жол қозғалысына қатысушы» деп
-
көлік құралын басқаратын адам
-
қозғалыс үрдісіне жүргізуші, жаяу жүргінші, көлік құралының жолаушысы ретінде тікелей қатысатын адам
-
жолдағы және онда жұмыс атқармай жатқан кез-келген адам
-
жолдың қасында тұрған кез-келген адам
-
көлік құралында отырған адам
|
12Жолаушыларды мінгізу мен түсіру жүру бөлігі жағынан
-
рұқсат етіледі
-
рұқсат етілмейді
-
рұқсат етіледі, егер ол қауіпсіз болса және басқа қозғалысқа қатысушыларға кедергі келтірмесе
-
рұқсат етіледі, егер ол жаяужол немесе жол жағасы жағынан мүмкін болмағанда және мына жағдайда қауіпсіз болса және басқа қозғалысқа қатысушыларға кедергі келтірмесе
-
басқа қозғалысқа қатысушылар болмаған жағдайда, рұқсат етіледі
|
13Тұрғын аймақта тура қозғалысқа
-
тыйым салынады
-
рұқсат етіледі
-
рұқсат етіледі, егер ол өндірістік қажеттілікпен байланысты болса
-
автомобиль басқарудың алғашқы дағдысы болса, рұқсат етіледі
-
рұқсат етіледі, егер көлік құралында катализатор орнатылған болса
|
14Қай аталған көлік құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі, егер рульдік басқарудағы люфтің шекті қосынды жиынтық мәні 22º болса
-
жеңіл автомобильдер мен олардың негзінде жасалған жүк автомобильдері мен автобустарды
-
автобустарды
-
жүк автомобильдерін
-
мотоциклдерді
-
троллейбустарды
|
15Жеңіл автомобильдің қай жерінде өрт сөндіргіш болу қажет
-
салонда
-
жүксалғышта
-
ережемен қарастырылмаған
-
автомобильдің бамперына бекітілген
-
автомобиль капотының астында
|
16Тайғақ жолда тежеудің қандай әдісін қолдану тиімдірек
-
ілінісуді өшіріп тежеу
-
ілінісуді өшірмей тежеу
-
қол тежегішті қосымша қолданып тежеу
-
дөңгелектерді толық блокировкалап тежеу
-
блокировкаға жете жаздап тежеу
|
17Сіз нашар көрінім жағдайында жүріп келесіз және сіздің автомобиліңізде қашық жарық қосылған. Кенет сіз қарсы қозғалып келе жатқан басқа автомобильді байқадыңыз, өз әрекетіңізді суреттеңіз
-
түк болмағандай жүре бересіз
-
қарсы машинаға 150 метр қалғанда қашық жарықты жақынға ауыстырасыз
-
тоқтайсыз және, фараны өшіріп, автомобильді өткізіп жібересіз
-
қашық жарықты жақынға қарсы автомобильге дейін 10 метр қалғанда ауыстырасыз
-
шұғыл тоқтап және апаттық сигналды қосасыз
|
18Автомобиль тіркемесімен басқа ақаулы автомобильді жетекке алуы мүмкін бе
-
жоқ
-
мүмкін
-
тек қана қатты тіркемемен
-
тек қана иілгіш тіркемемен
-
ережеде ол көрсетілмеген
|
19Сіз екі жолақты жолда жүріп келесіз де, сізге қарсы басқа «сенімсіздеу» автомобильдің қозғалып келе жатқанын байқайсыз: ол жүру бөлігінің ортасымен бір жақтан екінші жаққа қарай қозғалып келеді. Сіз не істейсіз
-
дыбыстық сигнал бересіз, фаралармен жыпылықтатасыз және бұрынғы жылдамдықпен қозғалысыңызды жалғастырасыз
-
түк болмағандай жүре бересіз
-
дыбыстық сигнал бересіз және, жол жағасына шығып, тоқтайсыз
-
өз жолағыңызда шұғыл тоқтайсыз
-
оңға қарай шығып, жылдамдықты арттырып, өтесіз
|
20Автоалаңдағы үйренудің негізгі мақсаты не
-
басқа жол қозғалысына қатысушыларға әсер етпей, үйренуші автомобильді сенімді және қауіпсіз басқаруды үйрену
-
жүргізушілердің біліктілігін арттыру
-
үйренушілердің әрбіреуіне жеке тіл табу
-
автомобиль механизмін басқарудың алғашқы керекті дағдысын баулыту
-
жүргізушілерді психологиялық даярлау
|
Құрастырушы
доцент, т.ғ.к _________________________ А.М. Жандарбекова
(қолы)
Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Машинажасау және көлік» факультеті
«Көлік және логистика» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
каф.меңгерушісі
В.Н. Вдовин____________
(аты-жөні)
__________________ 2014ж.
ЕМТИХАНДЫҚ ТЕСТ (№ 3 нұсқа)
«Автомобиль жүргізушілерін даярлаудың әдістемелік негіздері» пәні бойынша
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
мамандығы
1 Көңіл-күй дегеніміз не
-
ағзаның бейімделген мүмкіндіктерінің тозуымен (арықтауы, истощение), оның психофизиологиялық мүмкіндіктерінің тозуымен (угнетение, езгілену) сипатталатын жүйкелі-психикалық қозуы. Ол адамның жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, қылықтарына іріткі салуына (дезорганизация) әкеледі.
-
жағымды және жағымсыз болуы мүмкін ұзақ уақыт өтетін эмоциялар, соған байланысты адамның жұмысқа қабілеттілігіне және қылықтарына әсері әр түрлі
-
аса қозған психикалық жағдайы, салдары ағзаның барлық қызметінің шегті (максимальді) қозуына әкеледі
-
адам өзін өзі ұстай алмай кеткен кездегі, қысқа, қарқынды өтетін эмоциялық тұтанулар (вспышка)
-
бір-біріне деген қарым қатынас, адамның орындайтын жұмысына қарым-қатынасы
|
2 Аталған формалардың қайсысы жүргізушілерді даярлаудағы оқу мекемелерінің дәрістерді өткізу түріне жатпайды
-
теориялық
-
тәжірибелік
-
зертханалық
-
кеңестер
-
айтыс (дебат)
|
3 Сезім деп санадағы қандай тойтаруды айтамыз
-
материалдық дүниедегі құбылыстар мен заттар қасиеттерінің жиынтығының нәтижесінде, осы құбылыстар мен процестердің аяқталған түсінігі қалыптасатын
-
сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін, материалдық дүниенің құбылыстары мен заттарының кейбір қасиеттерін
-
тап осы сәтте адамға әсер етпейтін, материалдық дүниенің құбылыстары мен заттарының жекелеген қасиеттерін
-
материалдық дүниенің құбылыстары мен заттарының жекелеген қасиеттерін
-
заттар мен құбылыстар қасиеттерінің жиынтығын
|
4 Депрессия дегеніміз
-
адамның жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуімен және қылығының ұйымдасуының бұзылуымен анықталатын ағзаның икемдену мүмкіншіліктерінің сондай-ақ, оның психофизиологиялық мүмкіншіліктерінің тозуымен сипатталатын жүйке-психикасының бұзылуы
-
жағымды және жағымсыз болуы мүмкін ұзақ өтетін эмоциялар, осыған байланысты олар адамның қылықтарына және жұмысқа қабілеттілігіне әртүрлі әсер етеді
-
ерекше қозған психикалық күй-жағдай, оның салдарынан ағзаның барлық қызметінің барынша қозуы
-
адам өзін-өзі бақылауын жоғалтқан кездегі қысқа, қарқынды өтетін эмоциялық күй жағдайы
-
адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы, оның орындайтын жұмысына деген көзқарасы
|
5 Нақты заттарды ажырату өрістің ортаңғы жағында көруді қосарландырған кезде ажыратылады. Көру өрісінің жанама (перифериялық) жағындағы затты анық көру үшін, жүргізуші затқа назарын дәлдеп аударады. Қиылысқа жақындағанда көліктік жағдайды шолуға орташа алғанда 0,5—1 с кетеді. 55 км/сағ келе жатқан автомобиль осы уақытта қанша жолды жүріп өтеді
-
10-20 м
-
7-15 м
-
5-10 м
-
3-6 м
-
1-2 м
|
6 Қандай аталған нысандар, үрдістер мен құбылыстар моторлы естің көмегімен сақталады
-
қозғалтқыштың жұмыс істеуі кезіндегі, қозғалтқыштың қақпақша механизмінің жылу саңылауының кеңею белгісі
-
автомобиль қозғалысы бағдарындағы жол белгілері мен басқа да реттеу құралдарының орналасуы
-
басқару тетіктеріне дұрыс әсер ету тәсілі
-
дөңгелектерді бөлшектеу әдісі
-
ГАЗ-53А, ЗИЛ-130 автомобиль майларын тазалау орталық сүзгішінің сыртқы ақау белгісі
|
7 Аталғандардың қайсысы оператор қызметінің ерекшеліктеріне жатпайды
-
адам басқару үрдісі мен нысандарынан көбірек алыстатылады
-
жасалған қимылдарға жауапкершілік дәрежесі артады
-
қызмет басқа адамдардың ұйымында өтеді, қозғалу белсенділігі шектелмеген
-
жедел қимылдарға жоғарғы дайындықпен сипатталады
-
адамның негізгі қызметі – ақпараттық – жағдайды талдау және шешім қабылдау
|
8 Ішкі және сыртқы ортаның тітіркенуінен қай талдауыштардың қозуы мүмкін
-
көру
-
ауыру
-
бұлшық ет-қимыл
-
есту
-
иіс сезу
|
9 Аталғандардың қайсысы зейіннің ерешелігіне жатпайды
-
бөлінуі
-
ауысуы
-
қарқындылығы
-
тұрақтылығы
-
дайындығы
|
10 Автомобильдердің арасындағы қандай аралық қауіпті
-
1,5 – 2 м
-
2 – 2,5 м
-
2,5 – 3 м
-
3 – 3,5 м
-
3,5 – 4 м
|
11 Жол қозғалысының ережесіне сәйкес «рұқсат етілген ең жоғарғы масса» деп
-
тасымалдауға рұқсат етілген жүктің ең жоғарғы массасы
-
көлік құралының жүксіз алынған массасы
-
дайындаушы-кәсіпорынның ең жоғарғы рұқсат ету ретінде белгілеген, көлік құралының жүкпен, жүргізушімен және жолаушылармен тиелген массасы
-
дайындаушы-кәсіпорынның рұқсат ету ретінде белгілеген көлік құралының массасы
-
автомобильдің жүкпен тиелген жоғарғы массасы
|
12 Қозғалыс кезінде жолаушыларға борттық платформасы бар жүк автомобилінің кузовында тұруға рұқсат етіледі ме
-
борт платформасының биіктігі еден деңгейінен 0,8 м кем болмаса, рұқсат етіледі
-
қозғалыс жылдамдығы 40км/сағ аспаса, рұқсат етіледі
-
автомобиль отыру орындарымен жабдықталған болса, рұқсат етіледі
-
тыйым салынады
-
рұқсат етіледі, егер бір квартал ғана жүретін болса
|
13 Тұрғын аймақта оқу-жаттығу жүрісіне
-
тыйым салынады
-
рұқсат етіледі
-
рұқсат етіледі, егер жеңіл автомобильде үйренушінің жеке өзінің тұратын жеріне жақын жерде жүзеге асырылса
-
үйренушіде басқарудың алғашқы дағдысы болса, рұқсат етіледі
-
өндірістік қажеттілікпен байланысты болса, рұқсат етіледі
|
14 Жүк автомобильдерін пайдалануға тыйым салынады, егер рульдік басқарудағы люфтің жиынтық мәні келесіден асса
-
10 градустан
-
15 градустан
-
20 градустан
-
25 градустан
-
22 градустан
|
15 Жеңіл автомобильді пайдалануға рұқсат етіледі ме, егер онда көлік құралының бекітілуі көзделген қауіпсіздік белбеулерінің болмаған жағдайында
-
рұқсат етіледі, елді мекенде жүргенде
-
рұқсат етіледі, егер көлік құралы 70 км/сағ артық жылдамдықпен қозғалуға тыйым салынған айырым белгісімен көрсетілген болса
-
тыйым салынады
-
тек шығарушы зауытпен келісілген болса, рұқсат етіледі
-
рұқсат етіледі
|
16 Тайғақ жолда тежеу қажет
-
ілінісуді өшіріп барып, бір қалыпты және тіреп барып тежеу педалін басу
-
ілінісуді өшірмей, тежеу педалін ауық-ауық басу
-
ілінісуді өшіріп тежеу педалін басу
-
бір қалыпты
-
қатысы жоқ, қалай тежесеңде
|
17 Тұманда қозғалыс жылдамдығы аспау керек
-
20-30 км/сағ
-
50-60 км/сағ
-
жылдамдық шектелмеген
-
40-60 км/сағ
-
25-35 км/сағ
|
18 Жеңіл автомобильдің құрғақ асфальтты жамылғысында қозғалыс жылдамдығы 60 км/сағ болғандағы тежеу жолы қандай
-
15 м
-
25 м
-
30 м
-
10 м
-
35 м
|
19 Сіз жеңіл автомобильмен ауылдық жатық жолда жүріп келесіз, бір уақытта сіз автомобиліңізді бір жаққа тартып бара жатқанын (доңғалақ тесілді) сезесіз
-
дереу тоқтап және дөңгелекті ауыстырасыз
-
жылдамдықты төмендетіп алып, ары қарай жүре бересіз
-
машинаны сырғыта бастағанда немесе басқа шу шыққан кезде ғана тоқтайсыз
-
өз жолағыңызда дереу тоқтайсыз
-
түк болмағандай жүре бересіз
|
20 Тәртіпсіздік дегеніміз
-
әрбір жағдайда өзінің ойлау қызметін, сезімін және қылықтарын басқара алу
-
жүргізушіге мәлім ережелер мен шектеулерді оның саналы түрде бұзуы
-
өзінің іс-әрекетерін қоғамдық міндетке бағындыру, қызметтік міндеттерін адал орындау
-
қабылдаған шешімін ұзақ және табандылықпен соңына дейін жеткізу қабілеті
-
жағдайды жылдам бағалай алу, кідірмей шешім қабылдап оны орындай алу қабілеті
|
Құрастырушы
доцент, т.ғ.к _________________________ А.М. Жандарбекова
(қолы)
Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Машинажасау және көлік» факультеті
«Көлік және логистика» кафедрасы
БЕКІТЕМІН
каф.меңгерушісі
В.Н. Вдовин____________
(аты-жөні)
__________________ 2014ж.
ЕМТИХАНДЫҚ ТЕСТ (№ 4 нұсқа)
«Автомобиль жүргізушілерін даярлаудың әдістемелік негіздері» пәні бойынша
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
мамандығы
1.Оқудың жағдайлық мақсаты болып табылмайды
-
жүргізушілерді жолдағы аналитикалық жүріс-тұрыс жүйесіне үйрету
-
қауіпті жағдайларды болжау
-
жол жағдайының өркендеуін болжау мен бағалау
-
автомобильді басқару кезінде ЖКО алдын алу немесе оның ауыртпалығын азайтуда шешім қабылдауды орындау
-
қозғалыстың жоғарғы жылдамдығын өркендету
|
2. Күрделі және кенеттен болған жол жағдайлары кезінде автомобильдің барлық техникалық мүмкіндіктерін уақытында тез пайдалана отырып, жол жағдайларын нақты және тез бағалай білу, олардың өркендеуін болжай алу былай деп аталады
-
дағды
-
білім
-
кәсіптік шеберлік
-
сенсомоторлық реакция
-
жағдайға байланысты үйрену
|
3. Жол-көлік оқиғаларының негізгі бір себебі — кәсіптік талапқа жүргізушінің өзіндік қасиеттерінің сәйкес келмеуі. Жол-көлік оқиғалары (ЖКО) келесі салдарынан пайда болмайды
-
тәуекелге бейімділік
-
жүргізушінің өзіндік кәсіптік деңгейін жоғары бағалауы
-
жол жүру ережелерінің талаптарын мүлтіксіз орындау
-
өзінің әрекеттеріне сынсыз қарау
-
басқа қозғалысқа қатысушыларға негізсіз қарау
|
4. Ойлау ылғи да байланысты
-
тек қана қабылдауға
-
қабылдау мен еске
-
тек қана еспен және зейінге
-
қабылдаумен және зейінге
-
осы немесе басқа жағдайда да барлық психикалық процестерге
|
5. Сезіну көру, есту, иіс сезу, діріл, дене түйсігі арқылы сезіну болып бөлінеді. Сезінудің аталған түрлеріне бөлінуі тіркеуге негізделген
-
сезім мүшелеріне әсер ететін сигналдардың өлшемін
-
сигналдардың әсер ету ұзақтылығын
-
сигналдардың өзгеру мүмкіндік сипатын
-
физикалық табиғи сигналдарды
-
сигналдардың өзгеру амплитудасын
|
6. Жауап қайтару (реакция) деп
-
алынған ақпараттарды өңдеу кезінде жүргізушінің шешім қабылдауы
-
ақпараттарды өңдеу процесі
-
бұлшық етке жүйке серпінін беру процесі
-
сыртқы және ішкі тітіркенуге жауап қайтару
-
бұлшық етке жүйке серпінін беру және тітіркенуді қабылдау үрдісі
|
7. Қай кезеңде ақпараттарды алу мен өңдеуде, жүргізуші қоршаған ортадан, аспап көрсеткіштерінен сигналдарды қабылдайды
-
ақпараттардың түсуі
-
ақпараттардың өңделуі
-
шешім қабылдау
-
шешімді орындау
-
орындалған қимылдарды бақылау
|
8. Ішкі және сыртқы ортаның тітіркенуінен қай талдауыштардың қозуы мүмкін
-
дәм сезу
-
көру
-
вестибулярлы
-
есту
-
бұлшық ет-қимыл
|
9. “Екі түрлі көрініс” әдістемесі мынаны зерттеуге арналған
-
көзөлшемді
-
зейінді
-
сенсомоторлы реакцияны
-
ойлауды
-
есті
|
10. Елді мекеннен тыс жерде, жақсы көрінім жағдайында құрғақ жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып 60 км/сағ қозғалып келе жатқан автомобильдің ең аз ұсынылатын қашықтығы қаншаға тең
-
30 м
-
45 м
-
60 м
-
90 м
-
120 м
|
11. Жол қозғалысының ережесіне сәйкес «жол беру» деп
-
жүргізушіге басқа жол қозғалысына қатысушыларды өткіз деп, оның тоқтауын білдіретін талап
-
жол қозғалысына қатысушы, егер бұл оған қатысты артықшылығы бар қозғалысқа басқа қатысушылардың қозғалыс бағытын немесе жылдамдығын өзгертуге мәжбүр етуі мүмкін болса, қозғалысты бастамау, өзгертпеу немесе жалғастырмау, қандай да болмасын маневрды жүзеге асырмауды білдіретін талап
-
жүргізушіге «Аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады» деген белгіге ғана тоқта дегенді білдіретін талап
-
жүргізушіге 2.4 «Жол беріңіз» деген белгіні көргенде жол беру қажет екенін білдіретін талап
-
жүргізушіге қиылыста өзінің қосалқы жолда тұрып назарын қатаң қадағалауын білдіретін талап
|
12. Жолаушыларға жүргізушіні көлік құралы қозғалысы кезінде оны басқарудан алаңдатуға болады ма
-
рұқсат етіледі
-
тыйым салынады
-
көпшілік пайдаланылатын көлік құралдарында бір реттік талон алу үшін ғана, рұқсат етіледі
-
талапқа сәйкес аялдамаларды хабарлау үшін рұқсат етіледі
-
рұқсат етіледі, егер жолаушы өз аялдамасынан өтіп кетсе
|
13. Тұрғын аймақта жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен тұруға рұқсат етіледі ме
-
тыйым салынады
-
рұқсат етіледі
-
рұқсат етіледі, егер көлік құралында катализатор орналасқан болса
-
рұқсат етіледі, егер ол өндірістік қажеттілікпен байланысты болса
-
арнайы оқшауланған және жол таңбасымен көрсетілген орындарда, рұқсат етіледі
|
14. Рульдік басқарудың қандай ақауларымен жеңіл автомобильді пайдалануға тыйым салынады
-
рульдік басқарудағы люфтің жиынтық мәні 10º асса
-
алдыңғы дөңгелектердің бұрылу бұрышында нормадан тыс ауытқулар бар болғанда
-
руль дөңгелегінде аз-маз жарықшақтар болса
-
конструкциясында көзделген рульдік басқарудың күшейткіші жоқ немесе ақауы болса
-
руль дөңгелегін бұрған кезде дүңкіл байқалса
|
15. Тайғақ жолда автомобильдің сырғанауына қандай әрекеттер әкеледі
-
қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, төменгі жылдамдықпен қозғалғанда
-
бұрылғанда немесе жолдың жүру бөлігінен ауытқығанда руль дөңгелегінің өте жатық бұрылысы
-
бұрылыстарда немесе жолдың иілмесінде тежеусіз қозғалу
-
автомобильді тоқтатудың алдында алдын ала жылдамдықты ең төменге дейін төмендету кезінде
-
бұрылыстардан тез өту
|
16. Артқы жетектегі автомобильде басталған сырғанауды тоқтату үшін жүргізуші міндетті
-
ілінісуді өшіріп тежеу педаліне басу керек
-
руль дөңгелегін сырғанау басталған жаққа бұру қажет
-
руль дөңгелегін сырғанау басталған жаққа қарсы бұру қажет
-
ілінісуді қосып және сырғанаудан шығу үшін жоғарғы беріліске ауысу қажет
-
жедел тежеп және дөңгелектерді блокировать ету
|
17. Сіздің автомобиліңіз қала жағдайында қозғалып келеді. Кенет Сіз сиренаның дауысын естідіңіз және артқы көрінім айнасынан «Жедел көмек», полиция немесе өрт сөндіруші автомобилінің жақындағанын көрдіңіз. Не істейсіз
-
оңға қарай шығып және тоқтайсыз
-
бастапқы жылдамдықпен қозғала бересіз
-
жылдамдықты төмендетесіз, қозғалыс траекториясын өзгертпейсіз
-
қозғалыс жолағын ауыстырмай және апаттық сигналды қосып, тоқтайсыз
-
апаттық сигналды қосып алып ары қарай қозғаласыз
|
18. Жүргізуші жүру бөлігінің ені 10,5 м жолды неше жолаққа бөле алады
-
төрт
-
үш
-
екі
-
бес
-
бөлуге құқықтары жоқ
|
19. 80 км/сағ артық жылдамдықпен қозғалған кезде, сіздің автомобиліңіздің шинасы жарылып кетіп, автомобильді бір жаққа «лақтырып» жіберді. Жөндеуге тоқтамас бұрын, не істейсіз
-
ауық-ауық тежеуге жүгінесіз және автомобильді тоқтатасыз
-
газ педалін жібересіз, (қозғалтқышты тежеу басталады) және машинаны керекті бағытта ұстап тұруға тырысасыз
-
шұғыл тежейсіз
-
машинаны сырғаната бастаған немесе бөтен шу шыққан кезде ғана тоқтатасыз
-
жылдамдықты төмендетіп, ары қарай қозғаласыз
|
20. Оқу үрдісінде қолданылатын, оқудың техникалық құралдары (ОТҚ) деп нені атаймыз
-
оқу-тәрбиелік үрдісті қарқындандыру үшін, оның сапасын жақсартып және үйренушінің еңбек жағдайының өнімінділігін арттыратын құрылғы
-
жол жағдайларын дәл және тез бағалайтын, оның өрбуін болжап, автомобильдің мүмкіндіктерін тез және уақытында қолданатын құрылғы
-
автомобиль жүргізушісінің жұмыс жағдайын үлгілейтін, құрылғы
-
автомобильді қауіпсіз және сенімді басқару құрылғысы
-
қауіптілік жағдайларды талдап және ЖКО алдын-алуды ескерту ұсыныстарын өндіру құрылғысы
|
Құрастырушы
доцент, т.ғ.к. _________________________ Ә.М. Жандарбекова
(қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |