ӘӨЖ 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды пайдалануда халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты қалыптастыру



Дата03.07.2016
өлшемі54.17 Kb.
#174354
ӘӨЖ 351.79:556.536.2
Трансшекаралық суларды пайдалануда

халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты қалыптастыру
Батырбаев Н.М., з.ғ.к., доцент

(Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті)


Утегенова Г.А.

(Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университетінің магистранты)
Қазақстанның тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа мемлекеттік жүйесінің пайда болуы және қалыптасуы, қоршаған ортаны қорғауды басқаруы және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы билік органдарының жақсы ұйымдастырылуы мен территориялық тармақталуы арқылы табиғат пайдалануы жылдары болды. Ол қоршаған ортаны қорғау және біздің мемлекетіміздің табиғи объектілерін ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен одан әрі жүзеге асуын қамтамасыз етті.

Экологиялық саясатты құқықтық қамтамасыз етуді заң шығару процесінен тыс елестету мүмкін емес. Қоршаған ортаны қорғау және пайдалану саласындағы заң шығару процесінің негізі қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенциялар мен әмбебап, аймақтық және локальді сипаттағы шарттар болып танылады. Бұл құжаттар Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік конвенциясы, ҚР-ң Экологиялық Кодексі, ҚР-ң «Ерекше қорғалатын табиғи объектілер туралы», «Экологиялық сараптама туралы», «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Мұнай туралы» Заңдары, Орман, Су, Жер кодекстері сияқты Қазақстан Республикасының ішкі ұлттық заң актілерінде көрініс тапты.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоршаған табиғи ортаны қорғау және пайдалану меселелерін реттеуші кең құқықтық базаға қарамастан, еліміздің сыртқы экологиялық қауіпсіздігіне халықаралық шарттар шегіде шекаралас мемлекеттердің ортақ іс-қимылымен қамтамасыз етілетін Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік конвенциясына сәйкес шешілетін трансшекаралық экологиялық мәселелер қауіп төндіреді.

Трансшекаралық экологиялық мәселелерге су бөлу, трансшекаралық су объектілерінің атмосфералық ауа мен топырақтың ластануы, қауіпті технологиялардың, заттар мен қалдықтардың орын ауыстыруы, территорияның шөлейттенуі, шекарадағы пайдалы қазбалардың кен орындарын өңдеу, теңдесіз табиғи кешендерді сақтау мәселелері жатады[1].

Трансшекаралық суларды қорғау және пайдалану мәселелерін шешуде шекаралас мемлекеттердің екі жақты шартқа отыруының да маңызы айтарлықтай ерекше. Оған мысал ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ҚХР-ң Үкіметі арасындағы 2001 жылдың 12 қыркүйегінде қол қойылған трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді айтуға болады. Қытай мен Қазақстан Республикасының арасында 27 трансшекаралық өзен бар екені анықталды. 2002-2004 жылдар аралығында трансшекаралық өзендер бойынша 5 рет қазақ-қытай келіссөздері, сарапшылар тобының 2 отырысы болып өтті, олардың барысында осы мәселелер бойынша тараптардың көзқарастары айтарлықтай жақындасты, сондай-ақ гидрологиялық құрылыстарға, оның ішінде Ертіс-Қарамай каналына тексеру жүргізілді.

Трансшекаралық су объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттер ынтымақтастығының халықаралық-құқықтық негізі Трансшекаралық сулар және халықаралық өзендерді қорғау және пайдалану туралы көпжақты Конвенция болып табылады (Хельсинки, 1992 жыл 17 наурыз). Преамблуаға сәйкес бұл Конвенцияның Тараптары трансшекаралық сулар және халықаралық өзендерді қорғау және пайдалану маңызды әрі кезек күттірмейтін міндет екенін, оларды шешу тығыз ынтымақтастық жолымен ғана қамтамасыз етілетінін түсінеді. Конвенция мүшелері су ортасына зиянды заттар тастаудың алдын алу, шектеу мен қысқарту бойынша және эфтрофикация мен қышқылдануды, сондай-ақ теңіз ортасының, әсіресе жағалаудағы теңіз аудандарына құрлықта орналасқан ошақтардан ластауын азайту бойынша ұлттық және халықаралық шараларды бекіту қажеттілігін атап көрсетіп отыр.

Мемлекеттердің көпжақты ынтымақтастығының тағы бір мысалы 1997 жылы 21 мамырдағы Нью-Йорктегі Халықаралық суларды пайдаланудың құрлықтық емес түрлерінің құқығы туралы Конвенцияның қабылдануы болды, ол қазіргі халықаралық құқық теоретиктерінің пікірінше, трансшекаралық суларды басқарудың кешенді заңды құрылымын қамтамасыз ететін жалғыз заңды құрал болып саналады. Конвенцияның 5-бап 1-тармағына сәйкес мемлекет халықаралық суларды өз территориясы шегінде дұрыс әрі ақылға қонымды қолдануы тиіс. Халықаралық суларды мемлекеттер тиімді әрі тұрақты пайдалануға және онымен байланысты пайда алуға қол жеткізу мақсатында, өзге мемлекеттердің мүдделерін есепке ала отырып пайдаланады және игереді. Көпжақты Конвенцияларды қарастыра отырып, оның «қоршаған орта халықаралық құқығының негізгі концепцияларының бірі» болып табылатын тұрақты даму концепциясына негіз салғанын айту керек. Сондықтан, мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралық шарттарға, оның ішінде трансшекаралық суларды қорғау және пайдалану туралы шарттарға қосылуы маңызды болып есептеледі.

Сонымен, трансшекаралық суларды қорғау және пайдалану саласындағы Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық-ынтымақтастығы өткен ғасырдың 90-жылдарының аяғына таман жаңартыла бастады. Бұл кезең «аймақтағы сушаруашылық ведомствалар өз тәжірибесінде сушаруашылық қызметтің әсерінен экологиялық ахуалдың нашарлауын, нәтижесінде қоршаған ортаның аймақтағы немесе оның жекелеген бөліктеріндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың тұрақсыз факторға айналуын есепке алды. Дәл осы кезеңде трансшекаралық өзендер бассейніндегі қордаланып келе жатқан су тапшылығы мен олардағы судың сапасының нашарлауы жағдайында, әрбір елдің мүддесін есепке алатын және осы өзендердің экологиялық қауіпсіздік режимін қолдауға бағытталған мемлекеттер арасында су қатынастарын реттеудің құқықтық шаралары дайындалады[2].

Орталық Азия аймағына трансшекаралық суларды қорғау және пайдалану мәселесінен бөлек жердің шөлейттенуі мен құнарсыздануы мәселесі де қауіп төндіруде. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi Концепциясында көрсетілгендей, бұл мәселе біртіндеп топырақ аралас тұзды борандардың пайда болуымен және ластаушы заттардың ауа массасымен үлкен қашықтықтарға көшуі нәтижесінде трансшекаралық мәселеге айналуы мүмкін.

Сонымен қатар, трансшекаралық табиғи объектілерді пайдаланудағы экологиялық талаптарды реттейтін жалпы нормалардың күші аз қолданылады. Қарастырып отырған объектілерді қорғау саласындағы заңдар салалық, объективтік критерилерге негізделіп құрылған, ал ол экологиялық нұсқаманың жағдайын айқындайды. Мұндай экологиялық-құқықтық нұсқамаларды функционалды белгілері бойынша былай топтастыруға болады: трансшекаралық объектілердің сипаттамасын анықтайтын; трансшекаралық табиғи объектілерге ықпал ету процесін реттеуші; трансшекаралық табиғи объектілерді пайдалану және қорғаудың қағидаларын бекітуші; трансшекаралық табиғи объектілерді пайдаланудың құқықтық режимін бақылаушы; трансшекаралық табиғи объектілерді пайдалану және қорғау саласындағы дауларды шешуші.

Шекаралас мемлекеттердің келісімдік ынтымақтастығынан басқа трансшекаралық табиғи объектілерді пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі - халықаралық форумдар өткізу. Сонымен, трансшекаралық табиғи объектілерді қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының негізгі нысандары халықаралық шарттар бекіту, трансшекаралық табиғи объектілердің жекелеген түрлерін қорғау бойынша арнайы мемлекетаралық органдарды құру, халықаралық форумдар, конференциялар өткізу, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық және т.б. болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Дускаев К.К. Қазақстан Республикасы су қатынастарының трансшекаралық мәселелері // Экология және тұрақты даму. - 2004. - № 2. - б. 19-21.

  2. Калиниченко Т.Г. Халықаралық сулар құқығының қалыптасуы және дамуы // Экологиялық құқық. - 2005. - №6. - б. 33-40.

Резюме


В решении проблем охраны и использования трансграничных вод особенно важен двухсторонный договор между государствами. Путем регулирования международно-правовый солидарности, можно достичь эффективного использования природных объектов.
Summary

In the decision of problems of protection and use of transboundary waters it is especially important the contract between the states. By regulation of international legal solidarity, it is possible to reach an effective utilization natural object.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет