Әож 811. 512. 122 Төл тіркестер



Дата16.06.2016
өлшемі61.54 Kb.

ӘОЖ 811. 512. 122

Төл тіркестер

Қ.А. Үкібасова


ОҚМПИ Тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.

Резюме

Основной целью является артикуляционно-акустическое описание звукосочетаний в казахском языке.



Summary

The purpose of research is the articulacy-acoustic description of sound combinations in the Kazakh language for what it is necessary to solve the following problem.
Қазақ тілі дыбыстарының жеке тұрғандағы артикуляция-акустикалық анықтамасы оның ойтекті (абстрактылы) сипаттамасы болып табылады. Сондықтан да дыбыстың абстрактылы анықтамасы бойынша дыбысқа тән жалпы белгілер ғана қамтылады. Сөйтіп, ол сөйлеу (мәтін) үстіндегі сол дыбыстың ешбір үлгісімен сай келмейді. Дыбыстың нағыз фонетикалық көрінісі сөйлеу үстінде байқалады. Ал, сөйлеу дыбыс тіркесінен басталады. Дыбыс тіркесі буынға, буын сөзге, сөз сөз тіркесіне, сөз тіркесі сөйлемге, ең соңында сөйлем мәтінге ұласады. Ендеше дыбыс тіркесі мәтіннің құрамды бөлігі, оның ішінде ең кішкене бөлігі болып саналады. Олай болса, дыбыстың артикуляция-акустикалық ақиқат сипаты мәтін құрамында ғана анықталады.

Дыбыс тіркесі болу үшін тіркес құрамындағы дыбыстардың арасында тығыз артикуляциялық байланыс болу керек деп есептейміз. Әрбір артикуляциялық байланыстың өзіне тән акустикалық көрінісі мен перцепциялық нәтижесі болады. Қазақ сөйлермені осы белгілерді түйсіну нәтижесінде қазақ сөзін қазақы қабылдайтын болады. Егер осы белгілердің ішінде орфографияның немесе кірме әріп-дыбыстардың ықпалымен қандай да бір ағаттық кетсе, онда ол сөз қазақы естілмейтін болады. Қазақ тіліндегі төл дыбыстар тіркесін анықтайтын бірден-бір амал (критерий) осы болып табылады.

Қазақ тіл біліміндегі дыбыс тіркесіне арналған зерттеулер дыбыс тіркестерінің әріп тұлғасын тізіп, олардың санын санамалап шығумен шектеліп келді. Сонымен қатар қазақ тіліндегі төл дыбыстар тіркесін (дұрысы: дыбыстардың төл тіркесін) кірме дыбыстар тіркесімен (дұрысы: дыбыстардың кірме тіркесімен) араластырып, олардың өзара басын ажыратпай, ортақ жүйе ретінде қарастырды. Соның нәтижесінде қазақ тілінің фонетикалық (айтылым) заңдылықтарына бағынбайтын дыбыс тіркестері, оның үстіне орфографиялық тұрғыдан жаңсақ дыбыс тіркестері пайда болып жатыр. Олар әлі күнге дейін қазақ тіліне тән фонетикалық құбылыстар (бірліктер) ретінде оқулықтар мен оқу-әдістеме құралдарына еніп келеді. Мұндай жағдайдың қазақ тілінің табиғи айтылым үлгісіне теріс ықпал ететіні сөзсіз және тыңдаушылар үшін де теріс мәлімет болып табылады.

Дыбыс тіркесі – мәтіннің ең кішкене бөлігі болғандықтан, оны мәтіннің бастау көзі деп қарау керек. Мәтінге тән негізгі фонетикалық белгілердің бәрі дыбыс тіркесінің бойынан табылады, сондықтан да дыбыс тіркесінің фонетикалық табиғаты өте күрделі келеді. Дыбыс тіркесінің фонетикалық табиғатын анықтап, оның сипаттамасын берудің амал-әдісі де күрделі. Осыған орай қазақ тіліндегі дыбыстардың тіркес түрленімі деген ұғымды білдіретін атау ендіруге тура келеді. Әрине, дыбыстардың дыбыс түрленімі қазақ тіліндегі белгілі фонетикалық заңдылықтардың шегінде болады. Алайда, сол белгілі фонетикалық заңдылықтарды дыбыс тіркесі деңгейінде интерпретация жасауға тура келеді.

Дәстүрлі қазақ фонетикасында дауыссыздар тіркесіне қатысты ілгерінді/кейінді ықпал деген ұғым пайдаланылады [3-5]. Алайда, оның анықтамасы тілдік фактіні дәйектеумен ғана аяқталады. Мысалы, «с дыбысы ш дыбысының ықпалымен ш дыбысымен алмасады: басшы-башшы» т.б. деген сықылды. Бірақ сол алмасудың күрделі тілдік құбылыс екеніне қарамай, фонетикалық себептері айтылмайды. Күрделі тілдік құбылыс деп отырған себебіміз ол жай алмасу емес, оның көптеген кешенді фонетикалық себептері мен заңдылықтары (сөздегі орны, буын құрамы, сөз тіркесі, тыныс немесе ритмикалық топтар, өзекті үндесім және іргелес үйлесім әуезі, жасалу орны, жасалу тәсілі, дауыс қатысы т.б.) бар.

Дыбыс тіркесіне қатысты анықтамалар оқу-әдістемелік тұрғыдан немесе фонетикалық дәйек (факт) ретінде төте ұсыным болғанымен, теориялық фонетиканың талабына сай шешім емес, қарапайым ережелер балып қала береді. Теориялық фонетикаға (айырым белгілер теориясы, дыбыс түрленім теориясы, дыбыс алмасу теориясы, дыбыс (құрамы мен жүйесі) даму теориясы, модельдеу теориясы т.б.) қосылатын үлес болу үшін кез-келген тілдік құбылыстың себебі (механизмі) мен салдары (нәтижесі) жан-жақты анықталып, ғылыми аппараты қалыптасу керек.

Дыбыс тіркесі жайлы еңбектерде оларды барлық уақытта әріп құрамына қарай топтастырады, ал шын мәнінде артикуляциялық түрленіміне қарай топтастыру керек болады. Өйткені әріп құрамына қарай топтастыру фонетикалық талданымға жатпайды. Артикуляциялық түрленіміне қарай топтастыру фонетикалық талданым болып табылады.

Тіркестердің артикуляциялық жіктелімі толығымен алғаш ұсынылып отыр. Тік (көлбеу) жақшаның ішіне мүмкін болатын айтылым (орфоэпиялық) тіркестер енгізілді. Мысалы, қазақ тілінің айтылымында нб тіркесі кездеспейді, ендеше оның айтылым үлгісі [мб] болып жеке алынды. Егер нб[мб] болып қатар белгіленсе, онда оның жақша сыртындағы нб айтылымы қазақ тіліне тән емес деген сөз. Сөз ішіндегі тіркестерді жіктеп шығамыз:



1. Төл тіркестер

Жалаң (нөлдік) тіркестер: а, ә, ы, і, ұ, ү, қ, ө, е.

Дауысты/дауыссыз тіркестер: ат, ет, от, өт т.б.

Дауыссыз/дауысты тіркестер: ба, бә, бы, бі т.б.



1.2 Жасалу орнына қатысты тіркестер

Ерін/ерін тіркестер: пп, мм, ум, уп, уб

Ерін/тіл ұшы тіркестер: пт, мт, уд, ус, ур, уз, уш, пс

Ерін/тіл ортасы тіркестер: пк, мк, ук, уг, мг, уг

Ерін/тілшік тіркестер: пқ, мқ, уқ, уғ, мғ

Тіл ұшы/тіл ұшы тіркестер: тт, сс, нн, шш, рс, рт, лт, лм, ст, нд, нс, рз, нш,, рн, рл, рд, лд

Тіл ұшы/ерін тіркестер: тп, рм, лм, лп, рм, рп, сп, шп, нм

Тіл ұшы/тіл ортасы тіркестер: тк, ск, рк, рг, зг, шк, йг

Тіл ұшы/тілшік тіркестер: тқ, рқ, сқ, лқ, лғ, рғ, шқ

Тіл ортасы/тіл ортасы тіркестер: ңк, ңг, йк, йг

Тіл ортасы/ерін тіркестер: кп, йм, йб, ңб

Тіл ортасы/тіл ұшы тіркестер: кт, кс, кш, ңс, ңш

Тіл ортасы/тілшік тіркестер: жоқ.

Тілшік/тілшік тіркестер: ңқ, ңғ, йқ, йғ, ққ

Тілшік/ерін тіркестер: қп, йм

Тілшік/тіл ұшы тіркестер: қт, йт, йн, йс, йш, йз, йж, ңт, ңс, ғд

Тілшік/тіл ортасы тіркестер: жоқ.

1.3 Жасалу тәсіліне қатысты тіркестер

Тоғысыңқы/тоғысыңқы тіркестер: тт, мм, мт, пп, пт, нн, нд, нт, қт, мқ, ңқ, ңд, ңм

Тоғысыңқы/жуысыңқы тіркестер: қс, қш, тш, тс, нс, нш, мс, мш, мз

Жуысыңқы/жуысыңқы тіркестер: сс, шш, рс, рш, лс, лш, йш, йс, рз

Жуысыңқы/тоғысыңқы тіркестер: ст, шт, рт, лт, йт, йн, зб, жд, жб, зд, сп, шп, йд, йқ, йк, йп, йб, рқ, рн, сп, шп, йп, рп, лп, уд, ум, ун

1.4 Дауыс қатысына байланысты тіркестер

Қатаң/қатаң тіркестер: тт, тқ, ққ, сс, сқ, шш, пп, тп, сп, шп, кк, кс, пк, кп, кш, шк, ск, ст, шт

Қатаң/ұяң тіркестер: жоқ

Қатаң/үнді тіркестер: жоқ

Ұяң/ұяң тіркестер: бд, зб, жб, зд, жд, зғ, жг, зг

Ұяң/қатаң тіркестер: жоқ

Ұяң/үнді тіркестер: жоқ

Үнді/үнді тіркестер: мм, нн, рм, рн, йм, йн, ңм, ңн, ум, ун, лм, ул

Үнді/қатаң тіркестер: лқ, лт, рт, рқ, йт, йқ, йс, йш, лп, рп, йп, лк, лп, лт, ңқ, ңк

Үнді/ұяң тіркестер: лғ, лд, рд, рғ, йд, йб, йғ, йз, йж, нд, мд, уд, уғ, уг, лг, лғ, рг, рғ, мғ, ңғ, ңг

Қазақ тілінің төл тіркестері дегенде оны орыс және араб тілдерінің ықпалымен еніп отырған дыбыс тіркестерінің үлгілерін айтып отырған жоқпыз. Оларды о бастан зерттеу нысанының қатарынан шығарып тастаған болатынбыз. Өйткені олардың төл тіркес құрамына жатпайтындығы фонетикалық дәйектемені қажет етпейді.

Төл тіркестерді қазақ тілінің өзіне тән әріп таңбалар мен айтылым дыбыстардың арасынан шығарып алып отырмыз. Сөз жоқ, кез-келген фонетикалық талдаудың бастауы сөздің (мәтіннің) жазба нұсқасына барып тіреледі. Ендеше жазба (әріп) тіркестер де сол құрамдағы тілдік бірліктердің бірі болып табылады. Сонымен егер әріп тіркесінің айтылымы сол әріп тіркесінің құрамындағы таңбаларға сай келсе, онда ол тіркесті төл тіркес деп атаймыз. Төл тіркестердің жазылымы мен айтылымы бірін-бірі толық қайталап тұрғандықтан, оларды анық немесе ақиқат тіркестер деп атадық. Ал, егер, әріп тіркесінің айтылымы сол әріп тіркесінің құрамындағы таңбаларға сай келмесе, онда ол тіркестер төл тіркестердің құрамына жатпайды. Ондай тіркестердің жазылымы мен айтылымы бірін-бірі сол күйінде қайталамайтын болғандықтан, оларды жасырын немесе жалған тіркестер деп атадық. Өйткені әріп тіркес сол күйінде қазақы дыбысталмайды, оның дыбыс құрамы белгілі бір өзгеріске ұшырап барып қана қазақы айтылады. Басқаша айтқанда, қазақы айтылатын әріп тіркестері төл тіркестер, ал қазақы айтылмайтын әріп тіркестер төл емес тіркестер болып шығады.

Жұмысымыздағы артикуляциялық талдауға негіз болған, қазіргі кезде қазақ және өзге түркі фонетистері басшылыққа ала бастаған, профессор Ә. Жүнісбек ұсынған қазақ тілінің артикуляциялық базасының моделі болып табылады [4, 783 б.].

Соңғы академиялық грамматикадағы ғылыми аппаратты кеңінен пайдаландықтан, дәстүрлі фонетикамыздағы ұғым-атаулармен кейде сай келе бермейтін тұстары бар.


Пайдаланыған әдебиеттер:
1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Алматы: Сөздік – Словарь, 1999. – 199 б.

2. Мырзабеков С. Қазақ тілінің айтылым сөздігі. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 320 б.



  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Ғылым, 1973. – 624 б.

  2. Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. – Л.: Наука, 1970. – 201 с.

  3. Джунисбеков А. Сингармонизм в казахском языке. – Алма-Ата: Наука, 1980. – 78 с.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет