Әож 951/959(574) М. Х. Дулати «тарихи -и рашиди» ЕҢбегіндегі қазақстанның орта азия елдерімен қарым қатынасы



Дата24.02.2016
өлшемі60.07 Kb.
#12063
ӘОЖ 951/959(574)
М.Х.ДУЛАТИ «ТАРИХИ -и РАШИДИ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА – АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫ.
Иманбекова Г.М.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Қазақ хандығының Могулистанмен және Шайбанидтермен байланысына тоқталмас бұрын оның осы кездегі даму барысына тоқталайын. Бұл ХIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басынан бастап Қазақстанда үлкен өзгерістерболды. Ол өзгерістер саяси – мемлекеттік, әлеуметтік – экономикалық,этикалық дамуында айқын көрінеді. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ хандығында біршама өзгерістер болды. Ол мал шаруашылығынан енді қалалық, жер шаруашылығы кең құлаш жайып етек ала бастады. Ол әсіресе Жетісу, Сырдария өңірінде айқын көрінді. Осы Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстанда тарихи – этникалық жағынан қазақ халқының дамуы күшті болды. Ерте дүниеден – ақ өмір сүріп келе жатқан бұл аудандағы тайпалар, бір – бірімен этникалық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени – шаруашылық жағынан тығыз байланысты өмір сүрген ру тайпалар болады. Бірақ сол кездегі тарихи жағдайға байлланысты мемлекет ретінде дамуына мүмкіндік болған еді, яғни Шыңғысханның жорығы олардың дамуына мүмкіндік бермеген болатын. Тек XV ғасырдың 2- жартысымен XVI ғасырдың басында қазақ хандығының құрылуының негізінде мемлекет болып дамуына мүмкіндік ашылды. Бұл кезеңде қазақ халқы хандық болып дамып, сыртқы саясатында жаңадан құралған мемлекетті сақтап, оның территориясын кеңейтіп, сыртқы мемлекеттердің шапқыншылығынан сқтау болды. Ал енді оның мемлекет болып дамуына келетін болсақ, XIV – XV ғасырдан кейін моңғол шапқыншылығының орнауымен оның қойнауында шаруашылық, мәдени даму жаппай қазақ халқының бірігу процесі жүрді. Кейбір қазақ ру тайпалары сол кездегі шашылып кеткен моңғолдардың ұлыстар құрамына кіруі, яғни Ақ – Орда, Могулстан, Әбілхайыр хандығына, Ноғай ордасына, Сібір хандықтарына кетеді. Сол сияқты Феодалдардың өзара күресі, ру тайпаларының бір – бірімен қырқысуы, кейбір хандықтардың, мемлекеттердің саяси-экономикалық, шаруашылық жағыныан құлдырауына әкеп, әр түрлі этникалық топтардың бірігуі тежеп отырды: Соған қарамастан өзара күресулердің нәтижесінде әр түрлі этникалық топтардың бірігуі қажеттілігі туды. Қазақ хандығының хандық болып қалыптасуына бірқатар әлеуметтік-экономикалық және саяси факторлар әсер етті.Оған Әбілхайыр хандығындағы Могулстан мәселесіндегі билік үшін феодалдық өзара қырқыс және әлеуметтік теңсіздіктің нәтижесінде кедей шаруаларды аяусыз қанауды және кедей шаруалардың оларға қарсы күресі бұл шиеленістердің XV – ғасырдың 2-жартысында әлсіреп қалуына әкеп соқты. Олардың күресі сол орта ғасырға тән шаруашылықтардың жерлерін тастап басқа хандықтарға кету болды.

Екінші фактор XV ғасырдың 50-70 жылдарындағы Әбілқайыр ханмен ойрат феодалдары арасындағы және сондағы кедей шаруалардың күресі болды. 1428 -1468 жылдардағы Әбілхайыр ханмен ойрат феодалдары арасындағы күресте Әбілхайыр жеңілгеннен кейін ондағы ру, тайпалар Жетісу арқылы Сығанақтан, Сайрамнан, Түркістаннан, Ташкенттен, Шығыс Дәшті – Қыпшақтан, Сырдария, Қаратау бөктерінен Батыс Жетісуға 200 мыңға жуық адам қашып келген. Осылардың келуімен Қазақ хандығының құрылуна қолайлы жағдай жасады. Осындай тарихи жағдайларға байланысты, қазақ хандығының негізін салған Жәнібек пен Керей жақсы пайдалана алды. Осындай жапа шегіп қашып келген ру тайпаларды біріктіріп, XV ғасырдың 60 жылдары қазақ хандығын құрды. Сөйтіп, XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында қазақ хандығы территориясын кеңейтіп, экономикалық жағынан нығая түсті. Территориясын көбейту, экономикасын нығайту қазақ хандығына оңайға соқпады. Өйткені көрші отырған Могулстан, Шейбанидтердің Тимуридтердің шапқыншылығына қарсы қиян-кесті қан төгі ұрыстар жүргізумен ғана сақтай алатын еді. Бұл солай болды да. Қазақ ру, тайпаларының бір мемлекеттің астына бірігуі кейде бейбіт түрде жүрсе, кейде осындай қантөгістермен жүріп отырды. Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек пен Керей хан Могулстанмен тығыз, одақтық, достық қатынаста болған. Жәнібек пен Керей ханның Могулстанмен қатынасының негізі қазақ хандығы құрылмас бұрын, XV ғасырдың 50-жылдары Керей ханмен Жәнібек ханның Жетісуга келуімен қаланған болтын. Бұлардың достық, одақтық қарымқатынасы ұзақ уақытқа дейін мықты, берік болған. Бұл туралы сол дәуірде өмір сүріп, өзінің қол жазбасын қалдырып кеткен Мухаммед Хайдардың жазбасында айтылған. Ол хандығы мен Могулстан хандығының арасындағы достық қарым – қатнас Есен-Бұға билігінен басталып,яғни XV ғасырдың аяғынан XVI ғасырдың 30- жылдарына дейін болған. Дегенменде бұл екі халықтың арасында Жетісудың, Сырдарияның құнарлы жайлымдық егіндік жерлері үшін феодалдық қатынастар болып тұрған.



Ал енді тікелей Могулстан хандығына келетін болсақ, ол XIV ғасырдың орта шенінде Жетісудың орталығында Шығатай мемлекеті құлағаннан кейінгі құрылған феодалдық мемлекет болатын. Яғни ол өзінің территориясын Оңтүстік – Шығыс Қазақстанда, қазіргі қырғыз территориясын және Қашқария территориясын алып жатты. Сонымен бірге ол өзінің құрамында көптеген этникалық топтарды мағұл, дулат, үйсін, керей, арғын, жалайыр т.б. топтарды біріктіріп жатты. Яғни кезінде қазақ халқының бірігіп, одан әрі гүлденуіне әсер еткен Ұлы жүзбен Орта жүздің рулары еді. XV ғасырдың 2-жартысында қазақтар осы Могулстан хандығынан шығып, басқа аудандарға қазақтармен бірігіп, Қазақ хандығының құрамына кірген.Олай болу себебі Могулстан хандығының ішкі саяси жағдайының тұрақты болмауы, өзара феодалдық күрестердің әсерінен феодалдардың өз ара ыдырауы, саяси-экономикалық теңсіздіктің өсуінен халық бұқарасының күресі Могулстанның позицмясын әлсіретіп, ондағы этникалық топтардың қазақ хандығына кетуге мәжбүр етті. Әсіресе Есен-Бұға хан билігінің соңында феодалдық билеуші топтарды басып-жаншып отырды. Осындай жағдайлардан кейін ондағы ру, тайпалар қоныстарын тастап,Әбілхайыр ханға немесе Ойрат хандығына, болмаса қазақ хандығына кетті. Осы Есен-Бұға хан өлген соң, оның билігінде болған Қашқарияның бір бөлігі баласы Дос-Мухаметтің қарамағында, біраз бөлігі кейінгі баласы Кебек Сұлтанның қол астында қалды. Ал ағасы Юнус оңтүстік – шығыс Могулстанды алды. Яғни Ташкент, Ферғана аудандарын қанатына алды. 1542 жылы оған қоса Қашқарияны қосып алып, оңтүстік – шығыс Қазақстанды қаратпақ болып, жорыққа аттанды. Ол жорығы сәтсіз аяқталып, ол территорияға билігін ортната алмады. Жорығының сәтсіз болу себебін Тарих рашиди қолжазбасында былай көрсеткен. Юнус жас кезінде тәлім – тәрбиені Ираннан алып, сол жақта көп уақыт тұрған. Соның әсерінен көшпелі өмірмен ескі мағұлдық салтты мойындағысы келмегені және оның жоқ кезінде жергілікті феодалдар еркін биліксіз өмір сүріп, оның билігін мойындамай және қолдамай ол сәтсіздікке ұшырады деп жазды.Сонымен бірге көп жыл биліксіз және өзіндік өмір сүрген жергілікті феодалдардың оған деген қарым-қатынасы оныңбилеп төстеуіне мүмкіндік бермеді. Сондықтан оның қол астындағы Жетісудың бірқатар рулары мен тайпалары біртіндеп қазақ хандығының қол астына өтті. Есен- Бұға өлгеннен кейінге оншақты жылдан соң, Жетісуды Жәнібекпен Керей хандардың жағдайлары біраз жөнделе түсті. Яғни олардың жағдайының жөнделуіне Әбілхайыр ханның езгісінен қашқан Орталық және Оңтүстік Қазақстанның рулары мен тайпалары Көшпенді феодалдары Керей және Жәнібек ханға келіп қосылып,панлады. Осы он жылдықта Қазақ хандығы одан әрі нығая түсті. Бірақ ол нығаюы өте ауыр сыртқы саяси жағдайлармен ұштасып отырды. Дегенмен де Могулстан билеушілері ішкі келіспеушіліктердің әсерінен Қашқариядағы оңтүстік-шығыс Могулстандағы билігінен айрылып, Жетісудағы оқиғаларға араласуға мүмкіндік болмай қалды. Солай болсада Қазақ билеушілері үшін екі күштіқарсылас тұрды. Олар Батыс шекарасындағы Әбілхайыр ханның қауіпі болса, Шығысында Ойрат ханның қауіпі болды. Қазақ хандығының құрылғанына 4 жыл болған кезде, 1468 жылы Әбілхайыр хан Шығысқа аттанып Могулстанның қалған жерлерін жаулап алмақ болады. Бірақ оның басып алғаны туралы нақты дерек жоқ. Сонда да Махмұд Валидің қалдырған жазбаларынан түйін шығарсақ, ол осы кезде Шейбанид ханның көп әскері, Қаратаудың қойнауымен Талас өзеніне келіп, Шу арқылы Солтүстік- Шығысқа аттанып, Қазақ билеушілерін басып алмақ болады. Бірақ олардың бұл жорығы сәтсіздікпен аяқталып кері кетеді. Соған қарағанда Әбілхайыр хан Қырғыз руларымен бірігеп Жетісудуғы Қазақ хандықтарынан қатты соққы алып, жаулап ала алмаған деген тұжырым болады.Әбілхайыр хан өзінің бұл қарсыласының, яғни қазақ хандығының күшейуінен қорқып, қаытадан жорыққа аттанады. Оның бұл жорығыда сәтсіздікпен аяқталады. Бұл жорықтар туралы нақты дакумент-дерек жоқтың қасы. Дегенмен бұл күресте Шейбанниттік әскердің қауіпі төнумен Қазақтар, өзінің территориасына тереңдей еніп шегінуге мәжбүр болды. Ал Әбілхайыр осы жорықта өліп әскері кері кетеді. Енді Қазақ хандары шығыс Дешті-Қыпшақта билігін орнатпақ болып, осы жер үшін күреске араласады. Әбілхайыр өлгенен кейін одан өзінің есесін алу үшін Қазақ хандығы үлкен әскер күшкін Дешті-Қыпшаққа және Түркістанға аттандырады. Осы сәтті уақытты Юнус хан пайдалана алмай Қашқарияны екінші рет тастап Могулстанға кетуге мәжбүр болды.
Әдебиет


  1. Абусеитова М. Казахское ханство ХVІв., Алматы, 1985г.

  2. Абсеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине ХVІ века. А., 1985г.

  3. Есдаулетов А. Правитель из Кашмира из рода Дулат. Заң, №18,1995ж.

  4. М.Х. Дулати. Тарих-и Рашиди. Алматы, 1999г.

  5. Кәрібаев Б. М.Х. Дулати – қазақ хандығының құрылуы туралы. Материалы...,Тараз, 1997ж.

  6. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в серед. ХІV-нач. ХV века. (Вопросы политической и социально-экономической истории) Алма-Ата, 1977г.

  7. Кәрібаев Б. ХV ғ. соныХVІғ. Басындағы Орта Азиядағы саяси оқиғаларға байланысты Қазақ хандығының сыртқы саясаты. Вестник КазГУ, А., 1993ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет