Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Құндылығы жарияланған кіріс бандерольдерді өңдеу



бет51/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   114
ОМПО дайын кітап

3.5 Құндылығы жарияланған кіріс бандерольдерді өңдеу

Өндірістік объектілерге келіп түскен құндылығы жарияланған бандерольдер салынған кіріс қаптар 16н. жүкқұжатында көрсетілгендерімен салыстырылады, автоматтандырылған өңдеу кезінде 17н. адрес жапсырмаларындағы нөмірлер (ШПИ) сканерден өткізіледі.


Қаптар штат бойынша тек бір ғана жұмыскері бар (почташыны есепке алмағанда) өндірістік объектілерден басқа, міндетті түрде екі жұмыскермен ашылады, қапты ашу барысында пломбыға немесе мөрге зақым келтірмей жіптің (БПҚ) бір айналымы ғана кесіледі.
«Сақтандыру» қабын ашқаннан кейін жұмыскер міндетті:
1) 16н. жүкқұжатының дұрыс ресімделуін тексеруге (ПМ бедерінің бар болуын, ескертусіз, қойылмаған қолсыз түзетулерін);
2) келіп түскен құндылығы жарияланған жөнелтімдерінің жалпы санын 16н. жүкқұжатында көрсетілген жиынтықпен салыстыруға, әр құндылығы жарияланған бандерольдің сыртқы жағдайын тексеруге, оларды өлшеуге. Бандероль салмағының айырмашылығы, салымға кіруге мүмкіндік туғызатын қабықша, байлам, мөр, лента ақаулығы табылған жағдайда немесе сыртқы жағдайының белгілері бойынша салымның бұзылғаны және зақым келгені туралы жорамал жасауға болатын болса ақаулы жағдайға қарай 51н. актісі немесе 30н. хабарламасы жасалады;
3) құндылығы жарияланған бандерольдердегі нөмірлерді (ШПИ) 16н. жүкқұжатында көрсетілген деректермен салыстыруға. Автоматтандырылған өңдеу кезінде нөмірлер (ШПИ) сканерден өткізіледі. Тіркеуге алынбаған құндылығы жарияланған бандерольдер табылған, не тіркеуге алынғандардың орнына басқа бандерольдер алынған жағдайда оларды жүкқұжатқа тіркеп жазу және осы Ережелердің 870, 871 тармақтарына сәйкес 51н. актісін жасау керек;
4) дұрыс жеткізілмегенді, кешіктірілгенді тексеруге, дұрыс жеткізілмегендер бар болған жағдайда бандерольдің әрі қарай жіберу/қайтаруын ресімдеуге және почта алынған бөлімше арқылы тиісті орынға жіберуге;
5) бандерольдер адрсеаттың жартылай мекен-жайымен табылған жағдайда (жуылған, үзілген және т.с.) адресаттың мекен-жайы нөмір (ШПИ) бойынша бағдарламадан алыну мүмкін, нөмірі (ШПИ) болмаған жағдайда адресаттың мекен-жайын алу үшін қабылдаған орынға қызметтік сұрау салынады;
6) 1, 4 тармақшаларында жөнсіздіктер табылған жағдайда осы Ережелердің 866-868 тармақтарына сәйкес 30н. хабарламасын жазуға;
7) 16н. жүкқұжаттың қайырма бетіне келіп түскен құндылығы жарияланған бандерольдердің санын, алған уақытын, лауазымын көрсете отырып қолын қоюға;
8) бандерольдер шығарылғаннан кейін қап және ашылған орыны бандерольдер мен құжаттар қалып қалмау үшін міндетті түрде мұқият қаралады;
9) құндылығы жарияланған бандерольдермен түскен 16н. жүкқұжатының тиісті бағанасында нөмірден нөмірге дейін реттік кіріс нөмірлерін жазуға. Құндылығы жарияланған кіріс бандерольдердің тәртіптік нөмірленуі бір ай шамасында жүргізіледі;
10) құндылығы жарияланған бандерольдің қайырма бетіне кіріс нөмірін және түскен күнін қолдан қоюға;
11) құндылығы жарияланған әр бандерольге 22н. хабарлауын жазуға. Бандерольде белгілер болған жағдайда 22н. хабарлауының оң бетінің жоғарғы жағында сол белгілер жазылады, сондай-ақ құндылығы жарияланған сомасы көрсетіледі. Үстеме төлем бандерольдерге тиісті деректерден басқа үстеме төлемнің сомасы және жөнелтушінің атауы көрсетіледі;
12) 16н. жүкқұжатының қайырма бетіне алынған күннің ПМ бедерін қоюға, құндылығы жарияланған бандерольдерді тексеру және қоймаға кіргізу туралы қолын қоюға;
13) бандерольдерді санауға, құрылымдық бөлімшелермен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтерді статистикалық есепке алу тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісіне деректерді енгізуге.
Кіріс құндылығы жарияланған бандерольдер адресатқа тапсырылғанға дейін қоймада сақталады.
Күні бойы құндылығы жарияланған бандерольдерді қоймаға қабылдау және тапсыру осы Ережелердің 110 тармағының 6 тармақшасына сәйкес жасалады.
Құндылығы жарияланған бандерольдерді алу 22н. хабарлауы сұрыптауға 16н. жүкқұжатындағы кіріс нөмірлері мен жалпы санын көрсете отырып кіріс 16н. жүкқұжатының қайырма бетінде қол қою арқылы беріледі.
22н. хабарлаулары үйге жеткізу үшін, «Талап етілгенге дейін» картотекасына және абонементтік жәшіктер арқылы тапсыру үшін 23н. кітабы бойынша жалпы саны көрсетіліп беріледі.
Бір заңды тұлға мекен-жайына бес немесе одан да көп құндылығы жарияланған бандерольдер келіп түсу барысында, барлық құндылығы жарияланған бандерольдерге кіріс нөмірі, жарияланған құндылықтың жалпы сомасы және үстеме төлемінің жалпы сомасы (болған жағдайда) көрсетіліп бір 22н. хабарлауы жазылады.
Үстеме төлеммен құндылығы жарияланған бандероль аударым бланкісіз келіп түскен жағдайда өндірістік объектінің жұмыскері құндылығы жарияланған бандерольдерде көрсетілген деректердің негізінде барлық қажетті мәліметтерді толтыра отырып, «Телқұжат» деген белгісімен үстеме төлеммен аударым бланкісінің телқұжатын толтыруға міндетті.
Алынғандығы туралы хабарламасымен бандероль 119н. бланкісіз келіп түскен жағдайда құндылығы жарияланған бандерольдің деректері негізінде «Телқұжат» деген белгісімен хабарламаның телқұжаты жасалады.
Хабарлама жетпей тұрған мәліметтерімен түскен жағдайда олар хабарлама бланкісіне құндылығы жарияланған бандерольде көрсетілген деректер негізінде енгізіледі және 30н. жазылады.
«Үкіметтік» белгісімен құндылығы жарияланған бандерольдер бірінші кезекті тәртіпте өңделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет