Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 2 Шығыс ұсақ пакеттерді өңдеу



бет54/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 2 Шығыс ұсақ пакеттерді өңдеу
Ұсақ пакеттерді өңдеуге және жөнелтуге қабылдап алатын жұмыскер қабықша, байлам және мөр бүтіндігіне назар аудара отырып олардың сыртқы жағдайын тексереді және «16н.жүкқұжатының» көшірмесіне қол қояды, өңдеу үшін қабылдап алған ұсақ пакеттердің жалпы саны мен қабылдау уақытын көрсетеді. «16н.жүкқұжатының»бір данасы жөнелтуге қабылдап алған жұмыскердің қолымен қабылдау жасаған жұмыскерде қалады.
Жөнсіздіктермен ресімделген ұсақ пакеттер байқалған жағдайда олар пысықтаудан кейін қабылданады. Осы тармақ өңдеу және жөнелту бойынша бөлінген жұмыс орыны бар кезінде орындалады
ХПАО-мен тікелей алмасу жасайтын өндірістік объектілері шығыс ұсақ пакеттерді бағыттар бойынша тіркейді (ТМД және Қиыр шығыс).
Топқа бөлінген шығыс ұсақ пакеттер қапқа бітеу алдында 2 данада жасалатын «16н.жүкқұжатына» тіркеледі, онда ұсақ пакеттің атауы, шығыс ұсақ пакеттің нөмірі (ШПИ) және тиісті елі көрсетіледі. Тізілімнің реттік нөмірі ай бойы жүргізіледі. Ұсақ пакеттерде белгілер бар болған жағдайда «Белгілер» бағанында оларды көрсетеді.
Әрі қарай жіберілетін және қайтарылатын ұсақ пакеттер «16н.жүкқұжатының» «Белгілр» бағанында «ӘҚЖ» немесе «Қ» әріптерін көрсете отырып жеке-жеке тіркеледі. «16н.жүкқұжатына» барлық жазулардан кейін сызық сызылады және олардың жиынтық саны цифрмен көрсетіледі.
«16н.жүкқұжатын» құрастырған жұмыскер екі данасында құрастырған күнін көрсетмен ПМ бедерін анық қояды, лауазымын көрсетіп қолын кояды, тізілімнің бір данасын ұсақ пакетпен бірге қапқа салады.
103н. тізімі бойынша қабылданған ұсақ пакеттер «16н.жүкқұжатын» ауыстыратын 103н. тізімнің бір данасымен қапқа салынады.
Автоматтандырылған жұмыс режимінде жоғарыда айтылған барлық ақпарат ұқсас деректермен автоматты түрде қалыптастырылады, ПМ бедері қойылмайды, күні автоматты түрде қойылады.
11н. тізілімдерінде ескертусіз және қойылмаған қолсыз түзетулерге жол берілмейді.
Ұсақ пакеттер өндірістік объектілерден басқа да тапсырысты почта жөнелтімдерімен бірге, ал ПТжСУ-нен ХПАО-на дейін басқа да халықаралық почта жөнелтімдерімен бірге қаптарда жіберіледі.
Ұсақ пакеттер осы Ережелердің 614 тармағына сәйкес құрастырылған «16н.жиынтық жүкқұжатына» тіркеліп жазылады. Егер қапта бір ұсақ пакет жіберілетін болса, онда бұл тізілім жиынтық ретінде ресімделеді.
Жиынтық тізілім нөмірленбейді, оның жоғарғы жағында «Жиынтық» сөзі және қаптың нөмірі көрсетіледі. Жиынтық тізілім екі данада толтырылады және оны толтырған өндірістік объектінің жұмыскері (лері) лауазымын көрсете отырып қол қояды. Тізілімнің екі данасына да ПМ бедері қойылады. Ұсақ пакеттері бар әр қапқа «16н.жиынтық жүкқұжатына» бірінші данасы пакеттің біреуінің байлам астына салынады, ал көшірмесі өндірістік объектіде қалады, бұл кезде бір іріленген пакетке байланған ұсақ пакеттер қапқа ішкі жай немесе тапсырысты постпакеттердің үстіңе салынады.
Автоматтандырылмаған өңдеу барысында әр қапқа 11н. адрес жапсырмасы тіркеледі, жапсырмада қаптың қайдан және қайда бағытталғаны, оған берілген нөмірі (сыйымдылығы үшін ШПИ), салмағы, БПҚ нөмірі, «Тапсырысты», «Халықаралық» белгісі көрсетіледі. Автоматтандырылған өңдеу кезінде қап өлшенеді, 11н. адрес жапсырмасы автоматты түрде ұқсас деректерімен қалыптастырылады.
11н. жапсырмалары бір ай бойына реттік нөмірлерімен нөмірленеді, жапсырмада қапқа бекіту жүргізген жұмыскердің (лерінің) фамилиясы және қолы көрсетіледі. Әр 11н. жапсырмасына ПМ анық бедері қойылады.
Ұсақ пакеттері бар қаптар штаты бойынша бір жұмыскері бар (почташыны санамағанда) ПББ–ін есептемегенде, міндетті түрде екі жұмыскермен жабылады.
Ұсақ пакеттер салынған қаптар осы Ережелердің 315 тармағында қарастырылған тәртіпте сүргіленеді (пломбыланады), 11н. жапсырмасы қап байламының астына салынады.
Қаптарды бітеу кезінде бітеу құрылғылары қолданылады. Ондай құрылғыларды пайдалану тәртібі Бітеу-пломбылау құрылғысын қолдану нұсқауында жазылған.
Жинақталған және мөрленген қаптар басқа почта жөнелтімдерімен бірге нөмірлері көрсетіліп екі данада 16н. жүкқұжатына жазылады.
Шығыс ұсақ пакеттердің деректері «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтердің статистикалық есеп жүргізу Тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісіне енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет