«Жеңіс, естегілер, отаншылдық» тақырыбы бойынша газет
интернет-сайт немесе газеттерде жарияланған мақалаларға, фотосуреттер, үлгілі шығармалар жазған жастар мен ересек сынып оқушыларының арасында өтетін Республикалық бәйге конкурсының
ЕрежеСІ
Жалпы тәртібі
-
Республикалық бәйге 2009 жылдың 1 қыркүйегінен 2010 жылдың 31 наурызына дейін созылады.
-
Материалдар 2010 жылдың 7 сәуіріне дейін қабылданады.
-
Бәйге қорытындысы 2010 жылдың сәуірінде шығарылады.
-
Бәйгені, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдық қолдауымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті жанындағы ЮНЕСКО кафедрасы мен үкіметтік емес ұйымдардың «Әріптес» Алматы Конфедерациясы (ҮҰАК) ұйымдастырып, өткізеді.
Сарапшылар алқасы
-
Сарапшылар алқасы құрамына белгілі журналистер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультетінің оқытушылары, бірқатар балалар жастар мәселелерімен шұғылданатын үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері енеді.
-
Сарапшылар тақырып бойынша озық жұмыстарды екі (2) саты бойынша іріктейді.
-
Алқа 2010 жылдың сәуіріндегі мәжілісінде үздік жұмыстарды бекітеді.
Негізгі принциптер
-
Мектеп оқушылары жазған шығармалар, БАҚ жарияланымдары, бейне түсірімдер мен фотосуреттер бәйгенің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беруі тиіс. Атап айтқанда: Қазақстанның патриоттық және рухани-өнегелі қазыналарына, қазақтар мен қазақстандықтардың дәстүр, әдет-ғұрып, тарихы мен мәдениетіне тарту; оның өткенімен таныстырып, бүгінгі күйі жөнінде әңгілелеу, Республиканың келешегіне көз жүгірту.
-
Материалдар мектеп оқушылары шығармаларына немесе шығармашылық журналистік туындыларына қойылатын барлық талаптарға сай болуы тиіс.
-
Олар ақпараттық, талданбалы, танымдық және очерктік сипатта бола алады.
-
Материалдар жалпы жұртшылық ұғымына сай публицистикалық бағыттағы актуальды және ұғынықты болғаны абзал.
-
Туындылар бәйге ұсынып отырған тақырып аясынан аспасын. Атап айтқанда, қазақстандықтардың жеңісі, естеріндегілері мен отаншылдығына арналған болуы міндетті.
Марапаттау
Қазақ және орыс тілдеріндегі үздік еңбектер, бейне – түсірілім мен фотосуреттер БАҚ, радио, телеарна, веб-басылым беттерінде жарияланып, айқындалады.
Жеңімпаздарға сертификаттар тапсырылады. Сондай-ақ, тұрақты түрде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын жазатын БАҚ редакциялары, оқу басқармалары, мектептер тарапынан сертификаттармен марапатталады.
Түйіндеу
-
Сарапшылар алқасы бәйгеге түскен материалдар жөнінде рецензиялар және БАҚ, журналистер, үкіметтік емес ұйымдар, педагогтерге есеп бермейді.
-
Бәйге материалдары екі данадан ұсынылады:
-
тасқа басылған және электронды нұсқадағы мектеп оқушыларының шығармалары – екі дана;
-
материал жарияланған газеттің екі данасы;
-
екі бейне дискіге қоса, материалдың БАҚ жүзін көргенін куәландыратын хат ұсынылады; ол мекеме жетекшісінің растайтын қолы қойылып, мөрі басылады;
-
материал тақырыбы көрсетілген, автордың қағазға шығарылған екі фотосуреті мен электронды нұсқалары.
-
Бәйгеге тапсырылған материалдар кері қайтарылмайды.
-
Бәйге қорытындысы бойынша 2010 жылғы сәуірде баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, тақырып бойынша жарияланған үздік туынды жеңімпаздарына сертификаттар тапсырылады.
Бәйгеге ұсынылған материалдарды одан кейінгі пайдалану құқын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті жанындағы ЮНЕСКО кафедрасы мен үкіметтік емес ұйымдар «Әріптес» Алматы Конфедерациясы (ҮҰАК) иемденеді.
Материалдар төмендегі мекен жайына жолдану тиіс:
Алматы, әл-Фараби, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті, ЮНЕСКО кафедрасы. Тел.: 8(727)377-34-43. Ахметова Ләйлә Сейсембекқызына. «Жеңіс, естегілер, отаншылдық» тақырыбы бойынша жоғары сынып оқушылары мен жасөспірімдер арасындағы бәйгеге.
Достарыңызбен бөлісу: |