Ересектер тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Г. Жолдыбаева, І санатты бейнелеу жетекшісі Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы №1



Дата14.07.2016
өлшемі29.1 Kb.
#198143
Ересектер тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Г.Жолдыбаева, І санатты бейнелеу жетекшісі

Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы

1 «Қарлығаш» балабақшасы



Білім беру саласы:Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сурет салу Тақырыбы:Қуыршақтың камзолы.

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық киімі – камзолмен таныстыру және ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және көркемдік талғамдарын дамыту.

Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Балаларға камзолды дәстүрден тыс әдістер арқылы ою - өрнектерді үйретуді жалғастыру. Бояу түстерін дұрыс таңдап, ою - өрнек, ұлттық киімдер туралы


білімдерін пысықтау. Ойлау қабілеті мен тілін дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Интерактивті тақта, үлгі жұмыс, суреттер, слайдтар. т.б.

Қажетті құрал-жабдықтар: Қылқалам, су, үлгі суреттер, сүлгі, субояқ, картоп, губка, таяқша, жұмыс дәптері. т.б.

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, сергіту сәті, интерактивті тақтамен жұмыс,мақта оралған таяқшамен салу, картоп бастырмасы, трафаретпен бастыру, губкамен жұмыс,жұмбақ шешу, ойын. т.б.

Сөздік жұмыс: камзол,әшекей.

Балалар интерактивті тақтадан «Ғажайыпстанға саяхат» бағдарламасының ою-өрнекпен таныстыру туралы көрсетілімін тамашалайды.

Ою-өрнектермен танысып, мағұлматтар алады.

Интерактивті тақтадан «Ғажайыпстанға саяхат» бағдарламасының ою-өрнекпен таныстыру туралы көрсетілімін балаларға тамашалатамын.

Ою-өрнектермен танысып, мағұлматтар алады.

«Бал бала» компаниясының сөйлейтін ұлттық қуыршағын көрсетіп ерекшеліктерімен таныстырамын.

Жұмбақ шешу:

Әшекейлі күбіні,

Үюлі тұрған шөмеле, Кигіздім биік төбеге. (Сәукеле)

Ұлттық қуыршақтардың түрлерін көрсетіп, ою - өрнегі жоқ камзол киген қуыршақ жайлы айта келе осы қуыршақтың камзолының суретін салып, оюлармен әшекейлейік деп ұсыныс жасаймын.

Камзолдың суретін салып өрнектеу жолдарын таныстырамын.

Балаларды үш топқа бөліп әр –түрлі тапсырмалар беремін.

Қуыршақ түрлерін көріп танысады.

Жұмыс дәптерлерін ашып ондағы берілген үлгі бойынша қуыршақтың камзолының суретін салып, әшекейлеу жолдарымен танысады.




«Ботамойын» оюымен камзолды әшекейлейтіндерін айтамын.

1ші топқа оюды таяқшамен,

2ші топқа картоп бастырмасымен,

3ші топқа трафарет арқылы губкамен оюларды салуды тапсырамын.


Қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертемін. 1 Картоннан қиылған камзол сұлбасын дәптерлеріне қарындашпен бастырып салады.

2 Астарын ашық қызыл түсті субояққа қылқалам батырып бояйды.

3 Камзолды қызыл түсті субояқпен бояйды.

Субояқ кепкенше қояды да кубик арқылы өткен оюларды қайталайды.

Ботамойын оюымен әр-түрлі әдістер арқылы камзолды өрнектеп шығады.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық,
Ою - өрнек сызайық.
Түйе табан,
Қой ізі мен қос мүйіз,
Қарға тұяқ, құс қанат.
Бүршік пен гүл әдемі,
Ою - өрнек әлемі.
Қылқаламды алайық,
Сәнді өрнек салайық.

Бойларын сергітеді.

Д/ойын: «Сыңарын тап»

О/мақсаты:Ұқсас оюларды бір-бірінен ажыратып, тани білуге машықтану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Оюларынан ажырату арқылы бірдей заттардың сыңарларын табады.



Балалардың бүгінгі жасаған жұмыстарына шолу жасап, сұрақ-жауап арқылы әңгімелеп мадақтаймын. «Ботамойын» оюын сыйлап марапаттаймын. Жұмыстарын іліп, өздерінің және достарының жасаған жұмыстарына баға беріп, тамашалайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Оқу іс-әрекеті барысында үйренген оюларының аттарын және суреттерін білу керек. Түсінеді: Ұлттық киімдер әр ұлттардың өзіндік ерекшелігі екенін және әркім өз ұлтының оюларын танып білу керектігін түсінеді. Қолдана біледі: Әр – түрлі әдіс-тәсілдер мен құрал-жабдықтарды алға қарай өз жұмыстарында қолдана біледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет