Ересектерге арналған оқулық



бет10/12
Дата15.06.2016
өлшемі1.08 Mb.
#137360
түріУчебник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
И.П. Шухов Преснов аудандық газетінің редакциясында істеді. Екі рет 1942 және 1944 жылдары Солтүстік Қазақстан делегациясының құрамында майданға барды. И.Шуховтың соғыс туралы очерктері «Правда» газетінде, Англия мен Американың баспасөз беттерінде басылып шықты.

ЕБІНЕЙ БӨКЕТОВ


(1925-1983)

Ебіней Бөкетов 1925 жылы 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Бағанаты ауылында туған. Қорған облысына қарасты Макушинск ауданында алғаш мектеп табалдырығын аттаған ол соғыс жылдары бастауыш және орталау мектептің мұғалімі болған. Одан кейін Қазақтың кен-металлургия институтының металлургия факультетін бітіріп, аспирантураға қалдырылады. Сонымен бірге, Қазақ мемлекеттік баспасында редактор болып істеген. Сол жылдары ол ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар, әдебиет сыны, көркем аударма саласында да еңбек еткен.


Ол бірнеше монографияның, көптеген көркем публицистиканың, «Шесть писем другу» атты кітаптың авторы. Көркем аударма саласында С.Есениннің «Анна Снегина», В.Маяковскийдің «Қандала», «Жақсы» деп аталатын шығармаларын және И.Василенконың «Артемка» повесін, Э. Золянің әңгімелері мен мақалаларын, И.Вазовтың «Тепкіде» романын қазақшалаған.
Біздің қаламызда Е.Бөкетов атындағы көше және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде аудитория бар.

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ


1. Қазақша баламасын жазыңыз:
достопримечательности, не очень большой, расположен, центр, микрорайон, основан, площадь, памятник, гордиться, парк, нравится, родился – вырос, акимат, на берегу реки Ишим.
2. Берілген сөздер және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрыңыз.
3. Келесі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:
1. Я живу в городе Петропавловске.
2. Наш город небольшой.
3. Петропавловск – центр СКО.
4. СКО образована в 1936 году.
5. В нашей области 13 районов.
6. Петропавловцы гордятся своим городом.
7. Город основан в 1752 году.
8. Он расположен на реке Ишим.
9. В нашем городе много достопримечательностей: библиотека имени С.Муканова, русский драматический театр им. Погодина, историко-краеведческий музей.
10. Основная улица города – улица Конституции.
11. В городе есть учебные заведения: СКГУ имени М. Козыбаева, педколледж имени М. Жумабаева и др.
12. Я люблю свой город, так как здесь я родился и вырос.
13. Северо-Казахстанскую область называют «краем белых берёз».
14. Наша область граничит с Курганской, Омской, Тюменской, Костанайской областями.
15. В области проживают представители 97 национальностей.
16. В нашей области хорошо растут пшеница, овощи, картофель.
4. Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Почему СКО называют «краем белых берёз»?
2. Почему вам нравится г. Петропавловск?
3. Почему область называют «Северными воротами республики»?
5. «Біздің облысымыз» атты тақырыпқа орыс тілінде 10 тестік тапсырма құрастырыңыз. (Составьте 10 тестовых заданий по теме «Наша область»)
6. Солтүстікқазақстандық атақты адамдар туралы баяндап беріңіз. (Расскажите об известных людях – североказахстанцах.)
7. Какие пословицы-поговорки о родине, о родном крае вы знаете на казахском языке?
8. Подискутируйте на темы «Туған жер – алтын бесік», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».

“Солтүстік Қазақстан облысы” тақырыбы бойынша


ТЕСТІК ТАПСЫРМАЛАР

1. Солтүстік Қазақстан облысы құрылған жыл


а) 1936 жыл
ә) 1938 жыл
б) 1945 жыл
2. Солтүстік Қазақстан облысында … аудан бар
а) он екі
ә) он бес
б) он үш
3. Облыс орталығы
а) Көкшетау қаласы
ә) Петропавл қаласы
б) Ақмола қаласы
4. Облыс аумағы … мың шаршы шақырым
а) 44,9
ә) 44,3
б) 55,3
5. Біздің облысымызды «…» деп атайды
а) «ақ қайыңдар өлкесі»
ә) «күрішті өлке»
б) «тұманды өлке»
6. Солтүстік Қазақстан облысы – Республиканың солтүстік …
а) қақпасы
ә) астанасы
б) терезесі
7. Солтүстік Қазақстан - … Отаны.
а) Қ.Тоқаевтың
ә) С.Мұқановтың
б) Қ.Сәтбаевтың
8. Облыс 1966 жылы … орденімен марапатталды
а) Алтын белгі
ә) Парасат
б) Ленин
9. Солтүстік Қазақстан облысының ең ірі өзені - … .
а) Ертіс
ә) Есіл
б) Еділ
10. Солтүстік Қазақстан облысында … жуық көл бар.
а) жүзге
ә) сексенге
б) мыңға
11. Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан атақты спортшылар
а) И.Поддубный, Қ.Мұңайтпасов
ә) В.Шақшақбаев, Е.Парфенова, В.Винокуров
б) А.Сидоров, С.Иванов, Ю.Петров
12. Солтүстік Қазақстан облысы … облыстарымен шектеседі
а) Омбы, Қорған, Түмен, Қостанай
ә) Атырау, Қарағанды, Алматы, Қызылорда
б) Павлодар, Орал, Шымкент

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ


Қазақстан жерінің жалпы аумағы 2,7 миллион шаршы шақырым. Өзінің жер көлемі жөнінен мемлекетіміз дүние жүзінде алтыншы орынды алады.


Халқының саны 15 миллион адам. Қазір Қазақстан Республикасында жүз отыз бір ұлттың өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Негізгі ұлттар: қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, украиндар, т.б. Республикада мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл ретінде қазақ тілімен бірдей қолданылады.
Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанмен, шығыста – Қытаймен, ал батыста – Каспий теңізімен шектеседі.
Қазақстанның табиғаты мейлінше алуан түрлі. Оның байтақ жерінде жазықтар да, қыраттар да, таулар да бар. Қазақстан жерінің ең биік нүктесі – Хан Тәңірі шыңы, теңіз деңгейінен 6995 м. жоғары, ал ең төменгі нүктесі – Қарақия ойпаты, теңіз деңгейінен 132 м. төмен жатыр.
Қазақстанда – үлкенді-кішілі 8,5 мың өзен бар, оның ішінде жетеуінің ұзындығы 100 шақырымнан асады. Ең ірілері – Каспий теңізіне құятын Орал және Ембі өзендері. Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері республиканы кесіп өтіп, Солтүстік мұзды мұхитқа құяды. Сол сияқты үлкенді-кішілі 48000 көл бар. Олардың ішіндегі ең үлкені – Балқаш, Зайсан, Алакөл. Жер бетіндегі ең үлкен теңіз болып табылатын Каспийдің солтүстігіндегі едәуір бөлігі мен шығыс жағалауының жартысы Қазақстанға қарайды. Қазақстандағы Каспий теңізінің жалпы көлемі – 2340 шақырым болады.
Қазақстан аумағының 26%-ын жазық дала алып жатыр, 167 млн. гектар жерін шөл (44 %) және жартылай шөл (14 %) құраса, орманды жер көлемі –21 млн. гектар.
Еліміздің аумағында өсімдіктің жалпы түрлері 6 мыңнан астам, олардың ішінде дәрілік шөптердің 250 түрі өседі. Құстардың түрі 500-ден астам, өзен-көлдерде балықтың 150 түрі бар, ал далалар мен ормандардағы жабайы аңдардың түрі 178-ге жетеді.
Қазақстан жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы табылса, 70 элементтің қорына барлау жасалған, 60-ы өндіріске тартылған. Қазіргі уақытта минералды шикізаттың 1225 түрі бар, 493 кен орны белгілі. Әлем бойынша Қазақстан цинк, вольфрам және барит өндіру жөнінде – екінші орында, мыс, флюориттен – үшінші, молибденнен – төртінші, алтыннан – алтыншы орында.
Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін жүзден астам мемлекет таныды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары - Ту, Елтаңба, Гимн. Ұлттық теңге 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енді. Мемлекеттік нышандар мен ұлттық теңге – тәуелсіздіктің жетістігі.

Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы.

…Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көпдінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне, осындай қала.

Н. Назарбаев


АСТАНА

1998 жылғы 6 мамырда “Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы деп қайта атау туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлығы шықты. Астана қаласы атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді. Жаңа Астана қаласы қаланы қақ жарып ағып жатқан өзен жағасында бой көтереді. Астана ресми елтаңбасының жаңа нұсқасы 1999 жылғы маусымда бекітілді.


Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.
Астана бұрын Қараөткел, Акмолинск, Целиноград, Ақмола деп атанған. Астана Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
1830 жылдың 18 маусымында Астана қаласына айналған бекіністің негізі қаланды. Ол Ташкенттен Оралға және Ресей империясының басқа да аудандарына апаратын керуен жолы бойында қолайлы географиялық жағдайға ие бола отырып, тез арада ірі сауда орталығына айналды.
1929 жылдың 8 қарашасында Бурабай-Ақмола темір жолы салынып, ол өнеркәсіптің қалыптасуы үшін айрықша маңызды болды. Осында алғашқы пойыз келді.
1939 жылдың 14 қазанында Ақмола облысы құрылды. Оның құрамына Торғай және Көкшетау облыстары кіріп, республиканың ірі аймағына айналған әкімшілік орталығы болып белгіленді.
1952 жылдың 16 қаңтарында Ақмола – Павлодар темір жол желісінің құрылысы аяқталды. Ақмола республиканың солтүстік аймағындағы ірі темір жол торабына айналды. 1961 жылдың 24 сәуірінде Ақмоланың атауы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылдың 6 шілдесінде Целиноград қаласы Ақмола деген өз атына ие болды.
Астана – Қазақстан Республикасының әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы болып табылады. Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар көп: Президент Ақордасы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ішкі істер, Сыртқы істер, Қаржы министрліктерінің ғимараттары, католиктердің костелі мен синагога, тұрғын үй және ойын-сауық кешендері, “Транспорт-Тауэр”, “ҚазМұнайГаз”, “Астана-Тауэр”, т.б. Сондай-ақ Елорданың көрікті жерлерінің бірі – “Атамекен” этнопаркі. Ол парк Қазақстанның картасын бейнелейді. Қаланың этникалық пішінін ескерткіштер айқындайды, солар қалыптастырады. Республика даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында екі ескерткіш орнатылған: Кенесары ханға, ұлы Абайға. Жоғарғы Соттың жанында қазақ халқының үш ұлы биінің – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би – ескерткіші орын тепкен. Заң академиясына іргелес орналасқан бақтың дәл ортасында С.Сейфуллиннің ескерткіші бар. Астананың орталық бөлігіндегі гүл жайнап тұрған бақтардың бірінде А.С.Пушкиннің ескерткіші бой көтерді. “Отан қорғаушылар” монументі де бар.
Республика даңғылы – Астананың күре тамыры іспетті басты қатынас жолы. Қаланың бұрынғы Тыңгерлер даңғылы – астананың осы заманғы орталық көшесі. Бұл күндері Астанада Ұлттық опера және балет театрының труппасы, “Астана” эстрада-симфониялық оркестрі, симфониялық оркестр мен хор, драма театрлары және Президенттің мәдени орталығында, “Жастар” сарайында, Конгресс-холда, мұражайлар, Есіл өзені жағасындағы аквапарк жұмыс істеуде. Өзеннің сол жағалауында жаңа әкімшілік орталық бірінші кезекте 67 гектарға жуық жерге орналасқан. Ол аумақтық та, функционалдық жағынан да бөлінген үш алаңды қамтиды. Әкімшілік және қоғамдық ғимараттардан басқа, осы орталықта компаниялардың, қаржы институттарының офистері, сауда орталықтары, қонақ үйлер, отельдер, көрмелік, жарнамалық залдар және өзге де нысандар орналасады.
Қалада көкке өрлеген “Бәйтерек” монументі бар. “Астана-Бәйтерек” монументі кешенін салу идеясының авторы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Кең мағыналы мифологиялық тұжырымдаманы жинақтаған “Бәйтерек” бейнесі - өмір ағашы деген мағынаны білдіреді. “Бәйтерек” өзінің орналасуымен және композициялық құрылымымен көшпенділердің космогендік көзқарастары туралы, әлемдік өзеннің құйылыс сағасы туралы мағына береді. Оның жағасында тамыры терең жерден нәр алған Өмір ағашы – Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бұл ағаштың тамыры жер асты әлемінен бастау алып, ағаштың өзі мен діңгегі – жер бетінде орналасса, ал оның ұшар басы көк аспанмен тілдескен.
Аңыз бойынша ағаштың ұшар басына жыл сайын киелі құс Самұрық алтын жұмыртқа салады екен, ал ағаштың етегінде өмір сүретін Айдаһар жұмыртқаны жұтып қоя береді. Міне, мұның бәрі жаз бен қысты, күн мен түннің алмасуын, жақсылық пен жамандықтың арасындағы талас-тартысты бейнелейді. Бәйтеректің мағынасы “Аялы алақан” композициясында қазақ халқының жаңа кезеңге жасаған қадамын бейнелейтін Президенттің оң қолының табы негізінде жасалып, 97 метр биікте орналасқан, бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттің жаңа астанасының 1997 жылы жария етілген кезеңімен байланыстырылған. Бәйтерек – еліміздің кешегісі мен бүгінінің және жарқын болашағының бірегей көрінісі. “Бәйтерек” жас, мықты, еңселі ағаш деген мағынаны бере тұрып, өзінің тарихи тамырын сақтап қалған мемлекеттің нұрлы болашаққа жасаған қадамын айқындайды, сондықтан “Астана – Бәйтерек” монументі әлемдік қауымдастық алдында тәуелсіз Қазақстанның символы ретінде танылады.
Бүгінде Астана төңірегінде 20 мың гектардан астам алқапта, әзірге биіктігі 7-8 метрдей болатын жасанды орман өсіп тұр. Астанада шамамен 1 миллион 200 шаршы метр жасыл алаңдар бар. Олардың 500 мың шаршы метрі қаланың орталық бөлігінде орналасқан.
Сөздік: нышаны сияқты - здесь: считается как символ, көз алдымызға елестейді - представляем себе, ассоцируется, аты әлемге әйгілі-стало известным всему миру, қасиетті өлке - священный край, нәзік- нежный, іскерлік - здесь: бизнес, зәулім – высотный, әсерлі- впечатляющий.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Астана қаласында болдыңыз ба? 2. Астана туралы не білесіз? 3.Астана қаласы қандай орталыққа айналды? 4. Астана қаласына барғыңыз келе ме?

Қазіргі Астана қаласы туралы қосымша әңгіме-сұхбат жүргізіңіз. Үлгі:


- Сәлем, Қанат!
- Сәлеметсің бе, Сәуле!
- Жазғы демалысыңды қалай өткіздің?
- Биыл Астананың күннен-күнге көріктенген келбетін 3000 мектеп оқушылары тамашалап, жаңа Астананың әсем жерлерінен мол әсер алып қайтқанын білесің бе? Осы оқушылардың арасында мен де болдым.
- Қандай әсер алып қайттың?
- Астанада әсем, зәулім ғимараттар көп: Президент Ақордасы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қаржы министрлігі ғимараттары, католиктердің костелі мен синагога, тұрғын үй және ойын-сауық кешендері, “Транспорт-Тауэр”, “ҚазМұнайГаз”, “Астана-Тауэр” т.б. Әсіресе, Елорданың көрікті жерлерінің бірі – Президенттің мұражайы, “Атамекен” этнопаркі, Океанариум ұнады. Есіл өзені жағасындағы аквапаркте де болдым.
- Қаладағы көкке өрлеген “Бәйтерек” монументін көрдің бе?
- Иә, көрдім. Ол 97 метр биікте орналасқан екен.
- “Бәйтерек” қандай мағынаны білдіреді?
- “Бәйтерек” бейнесі – “өмір ағашы” деген мағынаны білдіреді. Бәйтерек “жас, мықты, еңселі ағаш” деген мағынаны бере тұрып, өзінің тарихи тамырын сақтап қалған мемлекеттің нұрлы болашаққа жасаған қадамын айқындайды, сондықтан “Астана – Бәйтерек” монументі - тәуелсіз Қазақстанның символы ретінде танылады.
- Мен Астана – болашағы үлкен қала деп ойлаймын. Екі-үш жылдан соң Астананың салынып жатқан жаңа ғимараттары биікке бой көтергеннен кейін Астананы танымай қаласың!
- Сонда екеуіміз барып көреміз.
Мемлекеттік нышандар туралы шағын мәтіндерді аударыңыз.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік туы

Мемлекеттік тудың түсі – көгілдір. Көгілдір түс – адалдықтың, тазалықтың белгісі. Тудағы қыран бейнесі – еркіндік белгісі. Ол мемлекеттік тұтастық идея-сын білдіреді. Мемлекеттік ту - мемлекетке тән ресми белгілердің бірі.

Тудағы ұлттық өрнек қазақ халқының мәдениетін, өнерін білдіреді. Мемлекеттік ту – мекеме үйлерінде, шетелдегі елшіліктер мен консулдықтарда, кемелерде, т.б. жерлерде көтерілетін арнаулы белгі.
Мемлекеттік тудың барлық белгілері бар жалаушалар да болады. Олар келіссөз үстелдеріне қойылады, ресми қонақтарды қарсы алу және шығарып салу кезінде машиналарға қадалады.
Сөздік: адалдық-честность, тазалық-чистота, тұтастық-целостность, бейне-изображение, білдіреді-обозначает, елшілік-посольство, келіссөз-переговоры, қарсы алу-встречать, шығарып салу-провожать.

Елтаңба


Біздің Елтаңбамыз шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі - шаңырақ. Шаңырақ бар елтаңба тарихта болған жоқ. Елтаңба композициясында ай мүйізді алтын қанатты қос пырақ бар.

Ұлттық өрнек қазақ халқының тұрмысымен тығыз байланысты. Ат, тұлпар – қазақ тұрмысының негізі. Елтаңбадағы ең басты белгінің бірі – бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Елтаңбаның негізгі бояуы – алтын түстес.

Сөздік: мағына-значение, тіршілік-существование, тұрмыс-быт, өрнек-орнамент, шексіз-безграничный.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ

Сөзін жазғандар:


Әнін жазған:

Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев


Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы: Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы: Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

ГИМН


Гимн – мемлекеттік егемендіктің музыкалық-поэтикалық рәмізі. Гимннің поэзиялық компоненті туралы ақын Ә.Тәжібаев: «Гимн дегеніміз – мемлекеттің сөзбен тоқылған туы», - дейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі мен Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарда орындалады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар Гимнді орнынан тұрып, оң қолының алақанын омырауының сол жағына қойып тыңдайды.

Әнұран ежелгі қазақ жерінде гуманизм, бейбітшілік пен келісім жолында бірігуге, татулық пен достыққа шақырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнің жаттап алыңыз.
Жаңа мәтінді оқып, аударыңыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ


САЯСИ ЖҮЙЕ

Елдің бас заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ол республикалық референдумда 1995 жылдың 30 тамызында қабылданды. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы – біртұтас мемлекет, басқару формасы – президенттік. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Елбасы – Президент. Президент жеті жылға сайланады. Заң шығарушы, жоғары өкілетті орган- Парламент. Ол екі палатадан тұрады: Сенат пен Мәжілістен. Үкімет басында Премьер-министр бар. Оны Президент тағайындап, Парламент бекітеді. Үкімет Президент алдында жауапты және Парламентке есеп береді. Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар және әкімдіктер. Облыс әкімдерін Премьер-министрдің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды.

Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? 2. Елдің бас заңын атаңыз. 3. Парламент неше палатадан тұрады? 4. Облыс әкімдерін кім тағайындайды?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

Қазақстанның білім беру орындарында тәрбие мен білім беру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақстанда орта білім міндетті. Балалар мектепке алты – жеті жасында барады, ал он алты-он жеті жасында бітіреді.


Білім берудің бірінші сатысы – бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгі бастауыш мектеп. Білім берудің екінші сатысы – бесінші сыныптан тоғызыншы сыныпқа дейінгі орта мектеп. Орта мектепті бітіргеннен кейін оқушылар осы мектепте оқуды жалғастырады немесе лицейге, колледжге түседі. Ал орта білім алғаннан кейін олар жоғары оқу орындарына түсуге тырысады. Жоғары оқу орындары – институт, университет, академия. Жоғары оқу орнына түсу үшін төрт пәннен бірыңғай ұлттық тестілеу тапсырады. 120 ұпай алған талапкерлер тегін оқиды және шәкіртақы алады. Қазір оқу ақылы.
Қазіргі кезде жеке меншіктік мектептер мен жоғары оқу орындары көп. Республиканың ірі оқу орындары – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университеті, Қазақ мемлекеттік Әлем тілдері университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университет, т.б.

Төменде берілген сөздік минимум арқылы мәтіннің мазмұнын орысша айтып беріңіздер.


Білім беру – образование, тәрбие – воспитание, жүргізіледі- проводится, міндетті- обязательно, саты- ступень, бастауыш мектеп- начальная школа, түсу- поступать, орта білім- среднее образование, пән- предмет, тапсыру- сдавать, ұпай- балл, шәкіртақы- стипендия, талапкер- абитуриент, тегін- бесплатно, ақылы- платный, жеке меншіктік- частный, ірі- крупный, жоғары оқу орны- высшее учебное заведение.
1. Білім беруді дамыту тұжырымдамасы туралы не айта аласыз?
2. Бұл құжат қашан қабылданды?
3. Бірыңғай ұлттық тестілеу жөнінде әңгімелеп беріңіз.
«Қазақстан Республикасы» тақырыбы бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіз қай республикада тұрасыз? 2. Қазақстан егеменді ел ме? 3. Қазақстанның астанасы қай қала? 4. Қазақстан Республикасы қай жылы құрылды? 5. Ол қай жылы егеменді мемлекет болып жарияланды? 6. Халқының саны қанша? 7. Жер көлемі ше? 8. Қазақстан климаты қандай? 9. Қазақстанның ірі өзендерін атаңыз. 10. Қазақстан Республикасының нышандарын атаңыз. 11. Ұлттық теңге қай жылы айналымға енді?

Жаңа мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Қазақстан Республикасының Конституциясын Ресей Федерациясының Конституциясымен салыстырыңыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясы Республикалық референдумда 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Конституция тоғыз бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – “Жалпы ережелер”, екінші бөлім – “Адам және азамат”, үшінші бөлім – “Президент”, төртінші бөлім – “Парламент”, бесінші бөлім – “Үкімет”, алтыншы бөлім – “Конституциялық кеңес”, жетінші бөлім – “Соттар және сот төрелігі”, сегізінші бөлім – “Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару”, тоғызыншы бөлім – “Қорытынды және өтпелі ережелер”деп аталады. Конституцияның 98 бабы бар. Ең бірінші болып Қазақ Конституциясының Жобасын жазған адам – Барлыбек Сыртанов. Ол 1890 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетін үздік бітірген. Ол өте білімді адам болған. Құқықтық мемлекет құруға атсалысқан. Қолжазбада “конституция” деген терминнің орнына “устав” деген термин қолданылған. Уставтың мазмұнды идеялары қазіргі Қазақстан Республикасының Конституциясында пайдаланылған.


Конституцияның үшінші бөлімі, 40 – бабы «Президент» деп аталады.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

БІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында туған.
1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры.
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
1960 – 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969 – 1973 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973 – 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977 – 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.
1979 – 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989 – 1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет