Әлі күнге Баукеңнің баласы боп жүрмін



Дата08.07.2016
өлшемі422.5 Kb.
#185198
Әлі күнге Баукеңнің баласы боп жүрмін

(жазушы Бақытжан Момышұлы-70 жас толуына байланысты библиографиялық шолу)



1941 жылы 3 қазанда Алматы қаласында туған. Некрасов атындағы №10 орыс орта мектебін, шет тілдер педагогикалық институтын бітірген. Жамбыл облысының Жаулы аудандық газетінде тілші, Жамбыл облыстық газетінде аудармашы, «Ленинская смена» газетінде редактор болып істеген.

Шығармашылық жолын аудармашылықтан бастаған. Ш. Мұртазаевтың «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай» повестерін, Ж. Молдағалиевтің, Д. Досжановтың, О. Бөкеевтің, Қ. Найманбаевтың, Б. Бодаубаевтың, Б. Тоғысбаевтың, Ш. Шаваевтың, М. Айымбетовтың, Қ.Тоқаевтың, т.б. жазушылардың шығармаларын аударды.

Көптеген кітаптардың авторы, көрнекті қаламгер Бақытжан Момышұлының қай шығармасын оқысаңыз да ең алдымен сізді ойлы оқиға, таза эпикалық және психологиялық баяндауларға құралған кейіпкерлердің тағдыры мен өзіне ғана тән сөйлеу тәсілі тамсандырады хақ..Талантты жазушының кәсіби шеберлігі мен сөз өнеріне деген адалдығы, әр шығармасында жаңа ой айтуға, жаңаша мазмұндық, пішіндік, көркемдік жүйе жасауға талпынысы танылып отырады. Жазушының бір ғана шығармашылығына тоқтала кетсек.

Ол «Преломление света» атты романы. Орыс тілінде жазылған роман отыз тараудан тұрады. Тараулардың аттары болмаса да әр қайсысының айтар ойы, атқарар көркемдік жүгі, тақырыбы бар. Бұл романның ішінен бір ғана кейіпкер туралы айта кетеміз. Ол 18 жыл түрмеде болған Рахмалы Байжасаров туралы, сынды белгілі қоғам және партия қызметкері жөніндегі естеліктері, екеуара әңгімесі шығармадағы диалог поэтика

сын құрайды.

Суреткер Бақытжан Момышұлы адамзат қоғамына сабақ болар кешегі тарих пен бүгінгі

кезеңнің мәселелерін интерпретациялауды сұрақ-жауап ретіндегі нақты мәліметтерге құрған. Адамзаттың санасын сілкіп, оның ішкі өміріне өзгеріс әкелетін жаңа қоғамдағы психологиялық құбылыстар роман мәтініндегі жаңа мазмұн мен жаңа пішіннің өмірге келуіне себеп болған.

XX ғасыр соңындағы әдебиетті зерттеу мәселелері төңірегіндегі еңбектерге сүйенсек, көркем прозада кеңінен көрініп жүрген бірден-бір көркемдік категория-диалог екен. Бұл жәйт кейіпкердің ішкі жан дүниесіндегі ой-толғамдарды тебіреністерді тереңнен толғап, талдаудан гөрі бүгінгі уақыт талап етіп отырған көкейкесті тақырып жөнінде «тірі тілдесу», жанды сөз қозғау әлдеқайда маңызды екендігін көрсетеді. Осы мақсатты көздеген жазушы Бақытжан Момышұлы романында әр дәуірдің өз диалогы бар екенін, ол сол кезеңнің ойлау мен сөйлеу әдебін әсерлі жеткізген әдеби тәсіл-диалогқа көркемдік жауапкершілік міндет жүктеген. Өйткені, осы шақпен ойлап, сол мезеттің (кезеңнің) мәселесін қозғайтын көркем диалогтың алдыңғы қатарға шығуы-қазіргі қоғам мен сананы

бүтіндей өзгертіп жатқан жаңа уақыт сөзін дер кезінде айтып қалу қамы. Мұны заңды құбылыс деп қараған жөн. Қазіргі философиялық-эстетикалық ойда кеңінен көрініп жүрген постмодернизм бағытының өкілдері баса мән беретін диалог Б.Момышұлы романында зор рөл атқарған.Бүгінгі күн ұрпақтарының кешегі тарихты жаңаша түсіндіруге талпыныс жасауы-жазушының жаңаша тәсіл қолдануына мәжбүр етеді. Сондықтан да мұнда автортек жазушы ғана емес, ұлт тарихы мен ұшқан ұядағы тәрбиеден тамыр алған, халқының бүкіл бет-бейнесін бала кезінен көңіліне тоқып өскен өрелі өнерпаз болғандықтан өзі оқырманға ұсынып отырған кезең шындығын елден естігені бойынша емес, өзі көріп, сезінген, куә болған кейіпкер ретінде біліп, баяндайды. Роман кейіпкері біреу (Рахмалы) болғанмен баяндаушы-екеу. Бірі-автор, екіншісі, кейіпкер-автордың апасы Шәмша,яғни қазақ қыздарының Ұлттық символына айналған көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Шәмша Көпбайқызы Беркімбаева. Екі тарихи тұлға арасындағы диалог екеуіне де аға болып келетін қоғам қайраткері Рахмалы Байжасаровтың өнегелі өмірі мен өз ұлтына жасаған қамқорлығы, жаңа кеңестік кезеңді құрудағы азаматтық адалдығы, т.б жөніндегі ой-толғаныстан тұрады. Роман өзара сұхбатқа еске алу әдісіне құрылып,екі кезеңнің оқиғасы алма-кезек ауысып, бір-бірімен іштей рухани байланыста дамытып отырады. Алайда, шығармадағы өмірлік әсерлер, баяндалып отырған тарихи оқиғалар мен оларға деген бүгінгі көзқарас әдепкіде кәсіби кітаби білім, тек автордың өз өресі тұрғысынан талданғандай сынай танытқанымен ондағы ұлттық рухқа құрылған интеллектуалды сұхбат оқушысын жалықтырмай терең ойларға жетелейді.

Кешегі кеңестік дәуірдегі көркем шығармаларда баяндалатын бай мен кедей тағдыры, олардың арасындағы таптық тартыс, жаңа өмірге,жаңа қоғамға деген көзқарас романда уақыт сынынан өткен тарихи оқиға бүгінгі берілер баға тәуелсіздік кезіндегі еркін рух, ойсананы иеленген бүгінгі ұрпақтың ойы, талдауы ретінде бейнеленді. Әр кейіпкердің өзіне тәң сөйлеу жүйесі, баяндау тәсілі бар. Кеңестік кезіндегі қазақ ауылына келген жаңа өмір өкілі - Рахмалы өмірімен өзектеліп, өрнектелген, дәуірдің көркем шындығы бүгінгі тарихи ақиқат арқылы ашылады. Мұнда жазушы тарихи оқиғаны сол қалпында бейнелеуден гөрі бүгінгі жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеуді оң көріпті.

Бұл роман бүгінгі ұрпақтың тарихи жадына жаңа тәуелсіз ой-сана тұрғысынан қайта жаңғырту керектігін, оның ұлтқа қажетті тағылымын таразылап, таңдауға тәрбиелену керектігін көксейді. Өйткені, әр дәуірдің ұрпағы тарихқа деген жаңа көзқарасты талап етеді.

Романдағы оқиға желісі тек Рахмалы тағдыры төңірегіне тоқталып қалмай, бүгінгі күннің мәселелері - тіл, діл, дін тақырыбындағы философиялық-эстетикалық ойларға, ғылыми-теориялық тұжырымдарға да өріс береді. Автор бүгінгі имандылық қасиетті Құран кітабындағы тағылымдық тәрбие мәселесін кейіпкердің ойтолғамдарымен үйлестіріп отырады. Рахмалы аға туралы естеліктердің көбі ежелгі аңызәңгімелер сюжетіне құрылып, ұлт тарихын ұрпақ санасына саяси астарсыз таза қалпында сіңіру көзделіп, ақиқаттан алшақтамайтын тұнық бітімді этнопсихологиялық мәліметтер әр кезеңнің көркем шежіресі ретінде баяндалады. Сондайақ шығармадағы көркемдік-эстетикалық жүк атқарып тұрған компонент-әдеби төс көру тәсілі. 18 жыл бойы халық жауы ретінде нақақтан-нақ жазаланып, трагедиялық күй кешкен кейіпкер Рахмалының образын ашу үшін де автор көбіне еске алу, елестету, үрейлі түстер көру, оларды талдау т.б.сынды әдеби әдістерге де жие жүгінген.

Қалай дегенмен, Бақытжан Момышұлының «Преломление света» атты романы кеңестік кезеңде елімізде орын алған тарихи оқиғалардың, саяси репрессиялардың зардабы мен астарлы құпияларына жаңа ұрпақтың көзқарасы мен бағасы.

Ал екінші романына тоқталсақ «Жанымның жарық жұлдызы»

жазушы Бақытжан Момышұлының бұл романына жаңа ғана шаңырақ көтерген Гезал мен Талаптың үй болып қалыптасуы ашы да азабы мол өмір сынақтарынан қалай өткені арқау болған. Жайшылықта сырт көзге байқала бермейтін адамгершілік идеалға деген нық сенім-романның алтын діңгегі.

Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Буыржан Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға

толы өмір жолы мен көркем туындылары жөнінде сан тарапты пікір айтылып, талассыз жазылып келе жатқан мақала,зерттеу кітаптар қаншама!

Бір таңданар жай-Бауыржанның өз шығармалары мен ол жайлы жазылған кітап атаулының бәрі де тез таралып кететін ерекшелігі бар. Жазушы Бақытжан Момышұлы «Әкемнің күлкісі» естелігінде біз ерекше бір сәуле мен әсем дыбыстар,жарқын күлкі мен жеңіл мұң тоғысып жататын осынау кештерді ұнатушы едік. Жан жүрегімізбен ұнататынбыз.

Мен әрдайым сенің күлкіңді аңсаймын. Сенің күлкің сараң да сұсты, мысқыл аралас мейірімді күлкі,бірақ ол ешқашан жылусыз немесе жасанды болған емес. Ал сен өз күлкіңнің сондай керемет әрі жүрекке жылы тиетінін білмейтін де боларсың. Мен өмірден қиындық көріп, көңілім сырдаң тартқан шақтарда әрдайым сенің күлкіңді аңсаймын. …Жылдар өтті, ал менің түйсінгенім ─ сенің күлкің тек мені ғана жылы шуағымен баураған екен.

Жұрт сені тек сұсты кейіпте ғана көреді,сондықтан олар ішкі жан-дүниеңді білгісі де келмейтін болар? Бірақ, тау тасындай қатал адамнан мейірім күту де қиын ғой.

Сенің күлкің жайлы білген соң олар өзіңді бұрынғыдан да гөрі іш тартады. Ал сенің күлкің, батырым, жан сарайыңның әлсіздігінен емес, мөлдір мейіріміңнің молдығынан деп білемін. Мейірім бәрінен де күшті. Адам барлық уақытта жек көре алмас, бірақ ол ешқашан да сүйіспеншіліксіз тұра алмайды.

Сен үлкен жүректі адамсың. Сенің жүрегің батылдыққа толы, адам қайғысы мен мұңына әрдайым ортақ. Ержан есімді немерең дүниеге келгенде сенің жүрегің нәзік үміт пен махаббаттан жарылуға шақ қалды.

Раушан гүлінің бір шоғын менің кішкентайыма алып келіп ─ менің немерем бар, оның есімі әлі белгісіз, бір-ақ адам атын алатыны анық, ─ деп айғайладың.

Қуаныштан сыйлық алуды да ұмытқаныңды айтып күлдің, бірақ осы сәттерде көйлегіңді де шешіп беруге дайын тұр едің.

Менің Ержаным батырдың, совет полков-

нигінің, жазушының немересі, ─ деп сен

мақтанышпен айттың. Бұл сөздерді айтуға,

әрине, сенің толық хақың бар.

─ Мен Бауыржанның ұлымын, - дедім мақтаныш аралас көтеріңкі сезіммен.

Сонда маған айғайлап ұрыспадың, ал сен біртүрлі аянышты көзқараспен қараған кезде жердің тесігі болса кіріп кетердей күйде едім.

─ Балам, әкенің ұлы болу қашпайды. Халықтың ұлы болатын кезің әлде қашан жетті, ─ дедің. Осыдан кейін мақтаныш пен махаббаттан туған сезіммен іштей ғана:

─ Иә, мен Бауыржанның ұлымын, бірақ жалғыз мен емес, менің құрдастарым, соғыс жылдарында туған перзенттер де менің әкемнің ұлдары, ─ дейтін болдым, ─ осындай үнсіз мойындаудан кейін ешқандай күмән да, сұрақ та болмайды.

Иә, мен сенің ұлыңмын, мен ғана емес, карточка жүйесін өзгерткен қырық жетінші жылы менімен бірге нан кезегінде тұрған барлық бауырларым сенің ұлың. Иә, сен менің әкемсің, сен қырық бірінші жылы дүниеге келген барлық ұлдың әкесісің, олардың қара көздері мен көкшіл жанарларынан мен әлі күнге ескі жараның сыздағанын сезгендей боламын.

Әке! Мен солдат емеспін, сондықтан да генерал Иван Васильевич сұңқарларының гвардиялық туын құшуға хақым жоқ.

Сонда да сен туған күні тіземді бүгіп, оқ тескен шинеліңнің шетіне суық ернімді тигізуге, тағызым етуге рұқсат ет. Біз сенің ұлдарыңбыз, біз сенің немерелеріңбіз, мәңгі совет адамдарымыз. Солай болып қала да бермекпіз.

Әдебиеттер тізімі


  • Момышұлы Б. Жанымның жарық жұлдызы:Роман /Орыс тілінен ауд.

С.Қалиев.-Алматы.-1985.-376 бет.

  • Бақытжан Момышұлы. // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық-

Алматы, 2004.-214 бет.

  • Бақытжан Момышұлы.// Қазақ әдебиеті:. Энциклопедиялық анықтамалық.-Алматы,

2005.-374 бет.

  • Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер.-Алматы, 2005.-208 бет

  • Бақытжан Момышұлы.//Қазақ әдебиеті:Энциклопедия.-Алматы,1999.-480 бет.

  • Алдабергенқызы Д. Әлі күнге Баукеңнің баласы боп жүрмін.: баласы Бақытжан

Момышұлы сұхбат.// Түркістан.-2010.-11 ақпан.

  • Айтолен Ұ. Атақты болғаның азабы көп: жазушы Бақытжан Момышұлы.

// Айқын апта.-2001.-6 қазан.

  • Пірәлиева Г. Теңіз дәмі тамшыдан танылады. Жазушы Бақытжан Момышұлы

//Қазақ әдебиеті.-2011.-7 қазан.

Құрастырушы: Қазиқанова А.Қ.



ақпарат-библиографиялық бөлімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет