Ернур мен Айару бірге ән айтып шығады!
Ернур: Армысыздар әлем тербеткен ақ жаулықты ААААНАААААААЛАР!
Айару: Қайырлы күн көктемдей көрікті, гүлдей нәзік арулар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
1-Жүргізуші:
Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Айару: Ернур, мына залдағы аналарымызға, аруларымызды қарашы бәрі де әдемі, бәрі де көрікті, бәрі де әсем! Солай емес пе?
Ернур: Әрине, Әрине Айару! Бүкіл әлем мына отырған аналармен,арулармен сұлу! Ал сол аналармен, аруларға ажар, көрік беретін әрине мына отырған ер жігіттер қауымы деп қояйық иә! Ер жігіттерге де қол соғып, қошеметтеп қояйық нәзік жанды арулар!
Жалпы нәзік жандарға сыйлық жаса, сый тарту бір ізеттіліктің белгісі!
Айару: Құрметті ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар, көрікті арулар бүгінгі ән шашу сіздердің құрметтеріңізге орындалады.
1 - жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе ортаға 4сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.
«Қыздар қыздар» әсем әнімен
1 - жүргізуші:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі Гимназия директоры Жаңыл Балмұқанбетқызына беріледі.
2 - жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне
4-сынып оқушысы ................................
«16 қыз» атты әнін қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Әлемдегі ең ақылды, дана боп,
Нұрын шашар жақсыларға пана боп.
Кім - кім болсын сені алақанында,
Мейірлене ешкім сүймес ана боп.
2 - жүргізуші:
Алақаны жылылықтан балқыған,
Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.
Бұл сезімге ие болған барша жұрт,
Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл - қыздарыңыздың жүрекжарды тілектерін қабыл алыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |