Eртеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Бірде анасы немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз анасының сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері балалар кішкентай қызды «Қызыл телпек» деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:
– Қызым, мына бәлішті әжеңе апарып, хал-жағдайын біліп қайтшы, – дейді.
Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Ол әжесі тұратын ауылына жеткенше қараңғы түсіп кетеді. Қызыл телпек қараңғыда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Бір кезде қыздың алдынан бір қасқыр шыға келеді.
– Қызыл телпек, сен қайда барасың? – деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.
– Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін алып бара жатырмын, – дейді қыз.
Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейхабар еді.
– Жарайды, мен де әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын. Кел, екеуіміз жарысайық, әжеңе қайсымыз бірінші жетер екенбіз? Деп Қызыл телпектің әжесінің үйіне ерте жеткен қасқыр есікті қағады. – Тоқ - тоқ - тоқ!
– Бұл кім? – деп сұрайды әжесі.
Қасқыр дауысын жіңішкертіп:
– Әже, бұл мен ғой, немере қызың – Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәлішін ала келдім, – дейді.
Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап: – Айналайын қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады, – дейді дауыстап. Қасқыр жіпті тартып қалады, сол кезде есік ашылады. Ашқарақтанып бірден әжейді бас салады да бүтіндей жұта салады.
Содан соң басына әжейдың көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады. – Тоқ - тоқ – тоқ деп қақса есік ашық екен
Көрпемен бүркеніп жатқан қасқырды әжем деп ойлаған Қызыл телпек қасқырдың жанына отырады да:
– Әже, әже, құлағыңыз неге сондай үлкен?
– Сені жақсы есту үшін, қызым
– Әже, әже, көзіңіз неге үлкен?
– Сені жақсы көру үшін, қызым.
– Әже, әже, сіздің қолыңыз неге үлкен?
– Сені қатты құшағыма басу үшін
деп Қызыл телпекті бас салып,қызыл телпегімен бірге жұта салады. Далада жүрген отыншылар қасқырдың дауысын естіп, үйге жетіп келеді де төсекте орнынан қозғала алмай жатқан қасқырды көреді. Отыншылар жыртқыштың қарнын жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |