Есеп комитеті қызметінің негізгі қорытындысы


III БӨЛІМ. ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ҰСЫНЫМДАРЫН



бет9/9
Дата23.02.2016
өлшемі4.92 Mb.
#4311
1   2   3   4   5   6   7   8   9

III БӨЛІМ.

ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ҰСЫНЫМДАРЫН

ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Бюджет кодексіне және мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, Есеп комитетінің ұсынымдары мен шешімдері, ең алдымен, бюджет процесін жетілдіруге, осы саладағы заңнамалардың олқылықтары мен кемшіліктерін анықтауға, қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған.

Есепті кезеңде Үкіметке, мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне 40 ұсыным мен 256 шешім жіберіліп, олардың 53,7%-ы орындалды.

1. Есеп комитеті Үкіметке және бақылау объектілеріне бюджет жүйесін жетілдіру, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы тәртібін нығайту жөнінде ұсынымдар жіберді. Олар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту және бюджеттік рәсімдердің тиімділігін арттыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңда ескерілді.

Бюджет кодексіне бюджет қаражатын және мемлекет активтерін нысаналы пайдалану принципін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тарату нормасы енгізілді. Осылайша Қазынашылықта оларға мемлекеттік органдардікіне ұқсас шоттар ашу арқылы бюджет қаражатын екінші деңгейдегі банктерге тиімсіз орналастыру мүмкіндігі жойылды.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалануының қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігін, бюджеттік инвестицияларды бағалауды тексеру, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін бақылау бойынша Есеп комитетінің құзыреті кеңейтілді. Мұндай көзқарас ұлттық компаниялардың, басқарушы холдингтердің және мемлекеттің қатысуымен құрылған басқа да заңды тұлғалардың бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі қызметінде ашықтықты қамтамасыз етеді.

2. Мәдениет министрлігі «Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік тілдің саяси мәселелері бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі. Аталмыш Заң жобасында Есеп комитетінің Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау үшін нормативтік құқықтық акті әзірлеу және қабылдау жөніндегі ұсынымдары ескерілген, сондай-ақ мемлекеттік тілді белгілі көлемде және біліктілік талаптарына сай білуі қажет кәсіптердің, мамандықтар мен лауазымдардың тізбесі қарастырылған.

3. Қаржы министрлігіне тапсырыс берушінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтерді (жұмыстарды) сатып алуын лоттарға бөлу міндеттерін регламенттеу бөлігінде мемлекеттік сатып алу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаларға өзгерістер енгізу жөнінде ұсынымдар берілді. Аталмыш ұсыным «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 543-IV Заңында ескерілді.

Заңда тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамаларын әзірлеуді авторлық қадағалауы, күрделі құрылыс объектілерін салуды, реконструкциялауды және күрделі жөндеуді авторлық қадағалауы бойынша қызметтерді сатып алған жағдайда, өнім берушіні таңдауды және онымен шарт жасасуды регламенттейтін өзгеріс қарастырылған. Осы өзгеріске сай, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын қолданбай, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға болады.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлеудің және бекітудің қажеттілігі туралы Есеп комитетінің шешімі бойынша 2012 жылғы 29 наурызда № 374 қаулы қабылдады.

5. Әділет министрлігі Есеп комитетінің ұсынымы бойынша «Адамдарды қылмыстық істер бойынша шақыруға байланысты, олардың шығыстарын өтеу және оларға сыйақы төлеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірледі. Аталмыш қаулы жобасында сарапшылардың, мамандардың және аудармашылардың сот процесіне қатысуына байланысты, олардың шығыстарын өтеу және оларға сыйақы төлеу тәртібі мен мөлшерлерін өзгерту қарастырылған.

6. Мұнай және газ министрлігіне тарату қорларын құрудың және олардың жұмыс істеуінің бірыңғай тетігін регламенттеу бөлігінде заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар бойынша қажетті шаралар қабылдау ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы шаруашылық заңнаманы жетілдіру және оны қолдану тәжірибесін талдау мәселелері бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының 2011 жылғы 12 мамырдағы №51-8.6 хаттамасына (жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша) сәйкес құрылған жұмыс тобы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу жөнінде тиісті ұсыныстар дайындады. Енді таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен асып кететін болса, жер қойнауын пайдаланушы таратуды қосымша қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерінен аз болса, қалған ақша қаражаты жер қойнауын пайдаланушыда қалады.

Егер құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушы келісімшартты қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін оған берген ғимараттың барлығын немесе бір бөлігін пайдалануды жалғастыру туралы шешім қабылдаса, мұндай жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы тарату бағдарламасын жүзеге асыру бойынша міндеттеме алмайды.

7. Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне Азиаданы өткізу кезінде сатып алынған тауарлардың мақсатты пайдаланылуына тексеру ұйымдастыру және тауарларды әкелудің белгіленген режимін бұзушылық фактілері бойынша кедендік әкімшілік ету шараларын қабылдау ұсынылды.

Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша, Азиаданы өткізу үшін тауарлар әкелуді жүзеге асырған кәсіпорындарға барып, 7 жоспардан тыс кедендік тексеру ұйымдастырылған. Тексерулер «ҚР Ауыр атлетика федерациясы» қоғамдық бірлестігінде, «Алматы Электро Транс» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында, «СМП-Алматы» ЖШС-да, «Строительно-эксплуатационная фирма» ЖШС-да, «Мега-Тенгри» ЖШС-да, «ЭнергоПрогресс-2» ЖШС-да және «EURO GOLD CONSTRACTION» ЖШС-да жүргізілген.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша, тауарларды мақсатына сай пайдаланбау фактілерін анықтауға байланысты, «ҚР Ауыр атлетика федерациясы» қоғамдық бірлестігіне қатысты өсімпұлды қоса алғанда, 3,5 млн.теңге кедендік төлемдер мен салықтар (бұдан әрі – КТмС), «Мега-Тенгри» ЖШС-ға – 721,5 мың теңге КТмС, «ЭнергоПрогресс-2» ЖШС-ға – 33,7 млн.теңге КТмС қосымша есептелген.

8. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қор) Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ның (бұдан әрі – ҚДБ) кредиттік қызметіне SWOT-талдау жүргізуді, проблемалық кредиттердің кредиттік тарихтарын қарауды, сондай-ақ кредиттік берешекті өтеу және іске асырылатын инвестициялық жобаларды оңалту мүмкіндігін зерделеу жөнінде шаралар әзірлеуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Қордың ақпараты бойынша, 2011 жылғы шілдеде «Большой четверки» компаниясымен бірге ҚДБ-ның қызметіне алдын ала диагностикалық шолу жүргізілді. ҚДБ-ның несие портфелін талдау көрсеткендей, қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі бизнес-жоспарлардың сапасыз пысықталуынан, жобалардың жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілмеуінен, жобаларды қаржыландыруда қарыз алушылардың өз үлестерінің төмен болуынан туындаған жоғары тәуекелге ие. Бүгінгі таңда ҚДМ несие портфелінің жалпы сомасының 47%-ын қауіпті немесе проблемалық жобалар құрайды. Қордың ҚДБ-да жүргізетін диагностикасының екінші кезеңінің шеңберінде кредиттік портфельдің сапасына, құрған провизиялардың жобалардың ағымдағы жағдайына сәйкестігіне егжей-тегжейлі талдау жасау және жобаларды қайта құрылымдау, сондай-ақ, жалпы ҚДБ-ның проблемалық портфеліне байланысты мәселелер жөнінде ұсынымдар әзірлеу жоспарланып отыр.

9. «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «БРК-Лизинг» АҚ) лизингтік мәмілелерді жүзеге асыру тетігін жетілдіру, лизинг алушылар санының артуын ынталандыру, сондай-ақ «БРК-Лизинг» АҚ-ның қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде қажетті шаралар қабылдау ұсынылды. Қордың ақпараты бойынша, қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттардың, атап айтқанда, лизинг қызметін реттейтін негізгі регламенттер – Лизингтік мәмілелерді жүргізу жөніндегі жұмыс регламентінің, Қауіпті лизингтік мәмілелер жөніндегі регламенттің, Лизингтік мәмілелерді мониторингілеу регламентінің, Проблемалық активтерді сату жөніндегі жұмыс регламентінің тәртібі мен рәсімдерін қайта қарау жолымен лизингтік мәмілелерді іске асыру тетіктерін жетілдіру жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілген.

Аталмыш құжаттарды өзгерту шеңберінде әлеуетті лизинг алушылардың өтінімдерін қарау жөніндегі бизнес-процестер және қолданыстағы лизингтік мәмілелерді мониторингілеу мен әкімшілік етудің бизнес-процестері оңтайландырылған, проблемалық лизингілік мәмілелермен жұмыс істеу тәртібі мен рәсімдері қайта қаралған, сондай-ақ тиімділікті арттыру мақсатында кешенді сараптаманы қарау және жүргізу мерзімдері қысқартылған.

10. Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 2012-2014 жылдарға арналған табиғат қорғау іс-шараларының қаражатына деген қажеттілікке егжей-тегжейлі талдау жасау, салынуы жоспарланған объектілердің тізбесін қайта қарау, стратегиялық жоспарға тиісті өзгерістер енгізе отырып, табиғат қорғау қызметі саласына сапалық тұрғыдан жаңа нормативтік-құқықтық көрсеткіштер енгізу бойынша қажетті шаралар қабылдау ұсынылды.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғат қорғау іс-шараларын айқындаудың әдістемесін әзірлеуде. Қазіргі кезде аталмыш әдістемені облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен келісу рәсімі жүргізілуде. Экономикалық даму және сауда министрлігіне қоршаған ортаға келтірген зияны үшін әкімшілік айыппұлдар, талаптар мен өтемақылар түрінде түсетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және жобаларды инвестициялауды қарастыратын дамудың бюджеттік бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға жіберілетін кепілдік берілген трансферт арқылы экологиялық проблемаларды шешуге пайдалану туралы ұсыныстар жіберілді.

2012-2014 жылдары жүргізіліп жатқан инвестициялық жобаларды іске асыруды аяқтау жоспарланған.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарында жұмыс процесін оңтайландыруға, яғни мемлекеттік органдардың арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етудің мерзімдерін айтарлықтай дәрежеде қысқартуға және Министрліктің орталық ақпараты мен аумақтық органдарының арасында жедел ақпарат алмасуды жақсартуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе мен талдамалық әдістерді енгізудің сапалық көрсеткіштері енгізілді.

11. Астана қаласының әкіміне ЖЭО-1-ді реконструкциялауды, сондай-ақ теннис кешенін салуды аяқтау үшін Астана қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша қажетті шара қабылдау ұсынылды.

Астана қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 537/77-IV шешіміне сәйкес, «Астана қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Астана қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 421/55 – IV шешіміне өзгерістер енгізілген. Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ақпараты бойынша, Даму бағдарламасына және Даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылуда, оларда теннис кешенін салу жөніндегі іс-шара қарастырылатын болады.

12. Алматы облысының әкіміне Қызылағаш ауылындағы республикалық бюджет қаражаты есебінен салынған сумен жабдықтау объектілерінің және электр беру желілерінің техникалық паспорттарын дайындау және оларды пайдаланушы ұйымның балансына өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдау ұсынылды.

«Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараты бойынша, сумен жабдықтау объектілерінің және электр беру желілерінің техникалық паспорттарын дайындау және оларды пайдаланушы ұйымның балансына өткізу бөлігінде Қызылағаш су қоймасының тиісті құжаттары дайындалып, олар заңнамада белгіленген тәртіппен бекіту және тіркеу үшін Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-ге, сондай-ақ Ақсу ауданының «Жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығына» жіберілген.

13. Мұнай және газ министрлігіне «Мұнай және газ ақпараттық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Корпоративтік басқару және дивидендтік саясат кодексін бекіту жөнінде қажетті шара қабылдау ұсынылды.

Қоғам аталмыш ұсынымды орындау үшін Қоғамның Директорлар кеңесінде 2011 жылғы 28 қазанда алдын ала қаралған Корпоративтік басқару кодексін және «Қоғамның дивидендтік саясаты туралы» ережені Мұнай және газ министрлігіне бекітуге енгізген.

14. Бас прокуратураға ішкі бақылау қызметтерінің Инспекторлық басқарманың құрылымынан шығарылып, бірінші басшыға қайтадан бағынуы жөнінде шара қабылдау ұсынылды.

Ұсынымды орындау бойынша Бас прокуратураның 2012 жылғы 24 қаңтардағы №113 ца бұйрығымен Бас прокурорға тікелей бағынатын, дербес құрылымдық бөлімше құқығында Ішкі бақылау басқармасы құрылды.

15. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне күрделі және ағымдағы жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерін қайта қарау бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысына өзгерістер енгізудің орындылығы туралы мәселені қарау жөнінде шара қабылдау ұсынылды.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша, «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының тиісті жобасы дайындалып, келісуге және сараптамадан өтуге жіберілген.

16. Есеп комитетінің ұсынымы бойынша, Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 337-1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу ережесі автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізуді алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес келтірілді.



____________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет