Ещанова Тәрбия Сейтжановна
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, Қурайлы ауылы,
№29 «Арай» мектепке дейінгі ұйымы
Тәрбиеші.
Тақырыбы: Қош бол, балабақшамыз
Ертеңгіліктің мақсаты: балалардың мектепалды даярлық тобында алған білімдерін пысықтау. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған балаларды білім алуға, бір – бірімен қатынас жасауға шақыру, оқуға деген ынталарын арттыру, Отанын сүюге, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әсем безендірілген зал, шарлар, гүлдер,
Барысы: 1 – бөлім
Балалар залға қол ұстасып кіреді, жұптасып сап түзеді.
1-Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті меймандар,
Бізбен бірге қоштасуды тойлаңдар,
Гүлдей жайнап өстік балабақшада,
Енді бізді есейді деп ойлаңдар.
-
Тәрбиеші: Шақырайық түлектерді ортаға,
Айтылатын жақсы тілек қаншама
Өлең айтып, тақпақ айтып, би билеп,
Өнерлерін көрсетсінші баршаға.
1-Тәрбиеші: Құрметті ата- аналар, ұстаздар, келген қонақтар. Кешегі балғын бүлдіршін мектепалды даярлық сатысын аяқтап, кішкентай ғана оқушы атануға дайын тұр. Аз да болса жауапкершілік жүгін арқалап, сәл де болса есейгендігін аңғартатын балаларыңыздың білімін, өнерлерін тамашалауға қош келдіңіздер.
2-Тәрбиеші: құрметті ата- аналар, қонақтар, бүгін біз мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндерін ұямыздан ұшырып, бірінші класқа шығарып салғалы отырмыз, қуаныштарыңыз құтты болсын. Біз осы қуанышқа ортақтаса отырып, балаларға дендеріне саулық, оқуда озат болыңдар деген тілек білдіреміз.
Қобыланды: Бақшадағы күндерді,
Есімізде сақтаймыз.
Тәрбиеші еңбегін,
Бәріміз де ақтаймыз.
Нұрайым: Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз
Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.
Мади: Сүйген өз қыз, өз ұлын,
Бөбегім деп аянбай.
Балабақшам – өз үйім,
Апай болды анамдай.
Аружан: Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.
Расул: Балабақшам қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкем менен шешемді
Ертіп енді келмеймін.
Ажар: Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Назерке: Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Балабақшам қош енді.
Бақшамызды ұмытпай,
Келіп, кетіп тұрайық.
Сондай кезде апайлар,
Қалады ғой қуанып.
Ән: « Біздің балабақшамыз ».
-
Тәрбиеші: Мәз- мейрам бүгін бүлдіршін,
Естисің сыңғыр күлкісін,
Естисің тәтті сөздерін,
Байқайсың жанған көздерін.
Көрсетер бүгін өнерін,
Бал- бұл жанған ұл- қызың,
Құтты болсын қадамың,
Мектепке басар жұлдызым
-
Тәрбиеші: Балалар бүгін бақшаменен қоштасып,
Шәкірт болмақ мектеппенен достасып,
Жайнап өсіп құлпырыпты бал құрақ,
Әрбір үйде жанған бір- бір шамшырақ.
Жалғас: Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Аянат: Биыл күзде мектепке
Бірінші класқа барамын
Мақтанбаймын мен текке
Дайын дәптер, қаламым.
Еркебұлан: Енді үлкен баламын,
Ананың тілін аламын
Қуантып ата- ананы
Мен мектепке барамын.
Даяна: Қолыма гүл аламын,
Дайын дәптер, қаламым
Таң қалдырып достарды
Мен мектепке барамын.
Мерей: Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Мектепке кетіп барамыз.
Мектеп біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып, білім аламыз.
Ән: « Мен мектепке барамын »
Балалар жұптасып, шеңбер жасап жүріп, орындыққа отырады.
Естияр топ балаларының құттықтауы.
-
Өсті ақыл – ойларың,
Өсті, міне, бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың
-
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
-
Оқушы бол зейінді,
Өнерге, іске бейімді,
Қамқоршы бол біздердей,
Інілерге кейінгі
-
Бақшамен бүгін қоштасып,
Барасың мектепке жол тартып,
Бізге де соғып тұрыңдар,
Ылғи бестікті олжа қып.
-
Айтайын мен де бір тілек,
Қымбатты аға- апалар,
Жүрегімнен жыр түлеп,
Тіледім сізге сәт- сапар.
ӘН: « Құттықтаймыз сіздерді »
« Ойыншықтар » биі.
2 - бөлім
1-Тәрбиеші: ( ашық хат салынған конверт көрсетеді ): балалар, бүгін біз Әліппе ханшайымынан хат алып отырмыз ( хатты ашып оқиды ). Бүгін Әліппе ханшайм сендерді Білім еліне таңғажайып саяхатқа шақырады. Ал ол үшін бізге біздің сүйікті ертегілеріміз көмектеседі. Сендер ғажайыпқа сенесіңдер ме?
Балалар: Иә!
2-тәрбиеші: Балалар, тыныш ! Естисіңдер ме? Бір дыбыстыр естіледі!
«Буратино» фонограммасының әуені ойнайды. Залға Буратино кіреді.
Буратино: Сәлем, балалар ! Мінеки, мен – әлемдегі ең көңілді Буратино!
Балалар : Сәлеметсіз бе, Буратино.
1-тәрбиеші: Буратино, сен қайда жол тартып едің, біздің білгіміз келеді?
Буратино: Мен енді оқушымын және мектепте оқығым келеді.
2-тәрбиеші: Сенің мектепте оқығың келгені жақсы. Бірақ, айтшы, Буратино, ал сен мектепке жақсы дайындалдың ба?
Буратино: Жақсы ! Бәрін білемін, бәрі келеді қолымнан.
1-тәрбиеші: Солай ма ?!
2-тәрбиеші: Буратино, осы мақтанғаның да жетер,
Одан да бізбен ойнап, көңіл көтер.
Буратино: Қуана ойнаймын! А ол не?
1-тәрбиеші: Сен бәрін білем, бәрі қолымнан келеді деп мақтанып едің, ал өзің құралдарыңды дұрыс салдың ба?
Буратино: Әрине! Мұнда менде кітептар, дәптерлер, қарындаштар, тағы сондай маңызды заттыр. Ал сіздің балаларыңыз құралдарын жинай ала ма?
2-тәрбиеші: Қане, тексеріп көрелік.
Ойын « Оқу құралдарын жина »
1 вариант – екі бала көздері байлаулы күйде оқу құралдарын жинайды.
2 вариант – екң топқа бөлініп, эстафета түрінде әр бала бір- бір оқу құралдан жинайды.
(ойыннан соң балалар орындарына отырады)
Залға билеп, Базилио мысық пен Алиса түлкі келіп кіреді.
Алиса түлкі: Ақылды Буратино! Саналы Буратино! Саған мектепке барудың не қажеті бар? Одан да бізбен бірге ең керемет әлемге жүр.
Буратино: А ол не қылған әлем?
Базилио мысық: Ақымақтар әлемі. Онда әрқашан көңілді. Бізідің елімізде ешкім жұмыс жасамайды, оқу оқымайды, ештене ойламайды.
Алиса түлкі: Бәрі тек қана көңіл көтеріп, ойын ойнайды.
Буратино: Бірақ Карло әкем айтады , ақылды болу үшін мектепте оқу керек.
Алиса түлкі: Енді, өзің ойлап қарашы, сен көп оқыған соң – басың ауырады. Және, жалпы, біз сені мәжбүрлемейміз. Қаламасаң бармай- ақ қой.
Базилио мысық: Иә, мәжбүрлемейміз. Біз Алиса екеуміз Ақымақтар елінде жақсы өмір сүріп, өзімізді керемет сезініп келеміз.
Буратино: негізінде, бұл елді көру қызықты екен...
Алиса түлкі: Жүр, жүр, Буратино (оны екі жағынан ұолдарынан ұстап, залды айнала жүреді). Міне, біз де келдік.
Базилио мысық: Бұл ең керемет ел. Мұнда барлығы тек көңіл көтереді. Қане, балалар, бізге келіңдер! Секіріп, сергіп қалайық!
Ойын – өлең «Егер саған ұнаса...»
Би билеп жатқанда Базилио мысық пен Алиса түлкі жайлап Буратиноның сөмкесінен Әліппені ұрлап, залдан қашып кетеді.
Базилио мен Алиса: Ха-ха-ха! Ха-ха-ха!
Алдадық !
1-тәрбиеші: Қараңдар олардың не істегендерін! Олар барлығын алдап кетті !
Буратино ( қатты жылап): А-а-а! А-а-а! Енді мен не істеймін ?
2-тәрбиеші: Көрдңідер ме, балалар, бұлай сенгіш болуға болмайды, міне, еркелік қандай жағдайға әкелуі мүмкін. Жылама, біз саған көмектесеміз, солай ма, балалар? Сенің Әліппеңді басқа ертегілер елінен іздеуге тура келеді. Бізбен бірге барасың ба?
Буратино: Иә.
Карлсон ұшып келеді.
Карлсон: Мен – Карлсонмын. Сәлем, балалар!
Мен сендердің менсіз ештеңе істей алмайтындарыңды білгенмін! Айтыңдаршы, кім ең ақылды және ең данышпан? Ал ең әдемі кім? Ал ең керемет дос кім? Мен ең күшті ойынпазбын. Тез шеңберге тұра қалыңдар!
«Пяточка насочек» ойын- өлеңі
Карлсон: Тамаша ойнадық! Бұған қоса мен ән айтқанды және тыңдағанды ұнатамын. Маған бір ән айтып беріңдерші, өтінемі!
Қалалық «Кішкентай ханзада мен ханшайым » байқауының жүлдегерлері
Мылтықбай Аружан мен Мұратұлы Жандәулеттің орындауында
«Көктем келді» әні
(орындыққа отырады)
1-тәрбиеші: Қымбатты, Карлсон, ал бізде жайсыз жағдай болып тұр. Базилио мысық пен Алиса түлкі Буратиноның Әліппесін ұрлап әкетті, енді ол мектепке бара алмайтын болды. Сенің ертегіңде Әліппе жоқ па?
Карлсон: менің ертегімде Әліппе жоқ, бірақ сіздерге, мүмкін, Айболит дәрігер көмектесер. Ал маған қайтатын уақыт болды. Сау болыңдар, балалар!
Әуенмен Айболит дәрігер келіп кіреді.
Градусник қойып, секіртпеден бір аяқпен секіруге шақырады.
Отырып- тұру жаттығуына бұйырады.
Қане, балалар, көрейін,
Ауырып отқандарың болса емдейін.
(тыңдайды)
Түлектер екенсіңдер балабақша- ұяңнан ұшып шығар,
Демек, білетіндерің де көп шығар
(жұмбақтар қояды)
(дәрігер математикалық логикалық тапсырмалар шешуге көмек сұрайды)
Дәрігер: Рахмет көмектескендеріңе,
Сендер біздің ертегімізден не іздеп жүрсіңдер?
2-тәрбиеші: Біз Әліппе іздеп жүрміз. Мысық пен түлкі оны Буратинодан ұрлап әкетті. Сенің ертегіңде Әліппе жоқ па?
Дәрігер: Менің ертегімде Әліппе жоқ, бірақ менде сиқырлы құмыра бар. Сендерге сол көмектесе алады! Сау болыңдар, балалар, ал маған ертегіме қайтатын уақыт болыпты! (кетіп қалады).
1-тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы! Қандай әдемі құмыра! Аздап шаң болып қалыпты, қане, мен оны сүртіп жіберейін!
Жын пайда болады.
Жын: ( түшкіріп, шаңнан жөтеліп қалған, шамалы көңілді әуен ырғағымен билейді, сосын балаларды көреді): О! Мені мыңжылдық тұтқындықтан босатқандарыңа рахмет, сендерге, менің жүрегімнің бағалы алмазы (балаларға иіледі)! Мен сендерге сондай қарыздармын! (шығыс салтымен оңға, солға иіледі). Трах –ти -би – дох! Трах – ти-би – дох! Қалағандарыңды сұраңдар! Сендердің барлық тілектеріңді орындаймын! Қане, батылырақ! Әсем сарай қалайсыңдар ма?
Балалар : Жоқ .
Жын: Алтын мен күміс ше?
Балалар: Жоқ, керек емес.
Жын: ( ойланады): Ештеңе қаламайсыңдар ма? Қызық, мен қайда тап болғанмын?
Балалар: Балабақшаға!
Жын: А, солай екен ғой! Ал, жарайды, мұнда керемет балалар тұратын болса, онда маған өздерің қолдарыңнан не келетінін көрсетіңдерші!
Ойын - өлең
Жын: Байқаймын, бәрің де керемет бала екенсіңдер. Ал өздерің қайда жол тарттыңдар?
Балалар: Білім еліне.
1-тәрбиеші: Ал бізді сонымен қатар Әліппе ханшайым қонаққа күтеді. Міне, енді соған жете алмай жүргеніміз. Бізге көмектесе алмайсың ба?
Жын: Қуанышпен көмектесемін! Сіздерге аз ғана қалды
Қазір мен жолдарыңды жақындата түсемін.( сиқыр жасай бастайды)
Барлығың көздеріңді жұмыңдар да, 1, 2, 3 деп санаңдар бірге,
Әліппе ханшайым тез келсін бізге
Әліппе ханшайым келеді.
Әліппе ханшайым: Сәлеметсіздер ме, қымбатты балалар, қонақтар! Мен сендер өткерген оқиғалардың барлығын мұқият бақыладым, енді көріп тұрмын, сендер өте мйірімді, батыл, өте ақылды және тәрбиелі болып өсіпсіңдер.
Арнайы осы күнге арнап мен - Әліппе ханшайым нұсқау жаздым. Соны сіздерге оқып беруіме рұқсат етіңіздер.
Әліппе ханшайымның нұсқауы
Бұл нұсқауды «Тұлпар» балабақшасының балаларына арнаймын.
-
Бұдан соң сендер күнде мектепке баратын боласыңдар және тек қана 4 пен 5 алатын боласыңдар!
-
Балаларға еңбексүйгіш және тәрбиелі шәкірт болыңдар деймін!
-
Жазда мектепке барар алдында ойын ойнап, күнге қыздырынғаннан бассқа, ертегілер оқыңдар деймін!
-
өздеріңнің сүйікті балабақшаларыңды ұмытпай, әрқашан қонаққа келіп тұрыңдар!
-
Бұдан былай сендер даярлық топ балалары емессіңдер, енді сендер 1-класс оқушыларысыңдар!
Сендерге бақыт және жетістіктер тілеймін! Оған қоса мен Буратиноның ұрланған Әліппесін қайтарамын, ол мектепке барғанда керек болады.
2-тәрбиеші: Рахмет, Әліппе ханшайым, біздің балалар жақсы оқушы болуға талпынады! Және олар саған арнап ән дайындады.
Ән: « Почемучки»
Әліппе ханшайым: Керемет әндерің үшін рахмет сендерге , ал енді, балалар, мен сендерді Білім еліне шақырамын!
Балалар ханшайыммен бірге залдан шығып кетеді.
3 - бөлім
Вальс.
Балалар жарты шеңбер құрады.
Назым: Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып билеткен
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен
Тәрбиеші апайым.
Данабек: Қызық- қызық ертектер,
Бізге оқып береді,
Жылауық та, тентек те
Сол апайға көнеді.
Диас: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз,
Таза сәби жүректен
Тәрбиеші апайым
Қабылдаңыз мың алғыс.
Ән: « Тәрбиші біздің»
Аружан: Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстамы
Меңгеруші апайға
Риза барлық ата- ана.
Бізге мұнда әрдайым
Бәрі – бәрі дап- дайын
Қамымызды ойлаған
Рахмет, сізге, қымбатты
Меңгеруші Лунара апайым.
Нұрай: Тобымызға жиі кеп,
Білгенімді сұрайтын
Білмегенді үйретіп
Ақыл айтып тұратын
Театр, цирк келді деп
Сыйлайтын бізге қуаныш
Балабақша әдіскері
Рима апайға мың алғыс.
Әдия: Күндіз не түн демейтін,
Балабақша қызметін
Сырты менен ішіне
Ерінбей еңбек ететін
Дәмді тағам талайын,
Жеткізіп барлық дүкеннен
Рахмет, Валя апайым
Шаруашылық ісін игерген.
Алмас: Жазу жазып үйреткен,
Дыбыстарды оқытқан
Санамақ та жаттатып
Білімді ойға тоқытқан
Артық бізге басқадан
Күлімдеген жақсы адам
Тәрбиеші Мереке апайға
Айтамыз біз мың алғыс.
Сабыржан: Қағазға сурет салдырып
Қарайсыз көз талдырып
Жақсы ісімізді мақтайсыз
Ата –ананы таң қалдырып
Үйреткен өнер- білімін
Тәрбиеші Жадыра апайым
Еңбегіңіз жансын деп
Айтамыз сізге алғыс көп.
Меккемәдина: Айнаш апай, сізді мен
Жақсы көрем әрдайым
Тамақ беріп баптаған
Үнемі бізді мақтаған.
Айнұр: Ерекше бізде бір апай
Біз қараймыз таңырқай
Ән үйрендік апайдан
Ешқашан да жалықпай
Ән салып, би билеткен
Нотаны да меңгерткен
Зор алғыс Ирина апайға
Ән салуды үйреткен.
Аяулым: Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Гүлжайна апайға мың алғыс.
Әлқуат: Шынықтырып денемді
Жаттығулар жасатқан
Ойын, спорт шебері
Жанар апай, сізге де
Айтамыз біз көп алғыс.
Зарема: Үйренгенбіз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Мың бұралған билерді
Үйреткен бізге ерінбей
Айнаш апайға рахмет.
Сабина: Әр күніміз той –думан,
Рахатқа біз батып ек
Асқа бізді тойдырған
Аспазшы Дина, Зухра апай
Сіздерге үлкен рахмет.
Ән: « Қош бол, балабақшамыз»
Балалар жұптасып жүріп, орындыққа оттырады.
Балабақша меңгерушісінің құттықтау сөзі.
Балабақша әдіскерініңі құттықтау сөзі.
Балаларға мақтау қағаздарын табыстау.
Ата- аналардың құттықтау сөзі.
Достарыңызбен бөлісу: |