Эссе «Психология менің өмірімде жəне кəсібімде»



Pdf көрінісі
Дата16.04.2024
өлшемі55.79 Kb.
#498817
түріСабақ
Психология 1 СРСП



Сабақтың тақырыбы: Психологияға кіріспе 
Тапсырма: 
Эссе «Психология менің өмірімде жəне кəсібімде». 
Жалпы психология бұл адамның психикалық əрекетін, оған сыртқы 
факторлардың əсерін жəне мінез-құлықты егжей-тегжейлі талдау негізінде 
жеке адамдар арасындағы өзара əрекеттесуді зерттейтін ерекше ғылым. 
Психология негіздерін білу үлкен рөл атқарады, дегенмен біз бұл туралы 
ойламаймыз. Адамдар көп қобалжиды, қайғыға батады, біреумен 
жанжалдасады немесе ақпаратты қатты қабылдайды. Жалпы, адам өмірі 
зебра секілді, ақ пен қараға толы… Психология- бұл жан дүниесі. Көптеген 
мамандар психологияға адам туралы маңызды ғылымдардың бірі ретінде 
жүгінеді. Бұл ғылым барлық қызмет салаларында көрініс табады жəне кез-
келген мамандық иесіне өзінің қадір-қасиетін сақтауға жəне айналасындағы 
адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Психология адамдарға 
өздерінің 
ішкі 
жағдайларын 
түсінуге 
жəрдемдеседі.Мен 
үшін 
психологияның артықшылығы - ол біздің өміріміздің барлық салаларын 
қамтуға қабілетті. Мектепте, оқу орнында, жұмыста, отбасымен бірге, 
адамдармен қарым-қатынаста, жеке тəжірибелерде - біз күн сайын көптеген 
мəселелерді шешуге тырысамыз, қиындық тудырған жағдайларды жеңуге 
ұмтыламыз жəне мұндай сəтте психология бізге көмектесетіні анық. 
Дегенмен, бұл бір бөлшегі ғана. Анықтап көз жүгіртетін болсақ, 
психология- сан түрлі құбылыстарға, əдістерге, тарауларға бөлінетін өте 
қызық сала екенін байқаймыз. Менің түсінігімде психология- адамның ішкі 
рухани əлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген 
қарым-қатынасын зерттейді.Жалпы алғанда, адамдар қарым-қатынастарын 
зерттеу үдерісі өте қиын, себебі түсіну қиын, əрбір адамның ішкі əлемі 
ерекше жіне бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде маңызды 
рөл атқарады. Бұл ішкі жеке мотивтерді адамға жетелейтінін, оның мінез-
құлқына жəне іс-əрекетін анықтауға көмектеседі.Психология мені өз-өзімді 
жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым-қатынасын тиімді 
түрде қалай қалыптастыратындығын жəне ең бастысы, отбасы мүшелерімен 
жəне туыстарымен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды 
жеңуге көмектеседі. Жəне де психология өз-өзімді тануыма, 
қызығушылығым арқылы жақсы мамандық таңдауыма себепкер болды 
деуге болады. Яғни жеке тұлға болып қалыптасуымның алғашқы 
баспалдағын құрастыруымның көмекшісі болды. Егер біраз ойлансақ 
адамдардың өздері- психолог сияқты екен.Мысалы сіз біреумен 
таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы 
ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық əсерлерімізді жинап бір 
тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде 
біздің миымыз ұнайды/ұнамайды, онымен байланысты жалғастыру/ 
жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын. Дəл қазіргі 


психология бізге қазіргі дағдарыстан жəне шешілмейтін көрінетін 
жағдайдан шығуға көмектеседі. Адам үшін, оның психикасы, ойлау 
ерекшеліктері мен құрылымы туралы белгілі бір білімнің болмауы ең 
маңызды жəне ерекше мəселелердің бірі болып табылады. Бұл сонымен 
қатар жеке тұлғаға дұрыс көзқарас таба алмау. Дəл осы жəне басқа көптеген 
мəселелерді психология қарастырады. 
Қорытындылайтын болсам, əркімнің өмірі тек өз қолында. Қазақ психологы 
Камшат Бекжігітова айтпақшы «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгертуге 
болады». Тек оймен, эмоционалдық жағдайлармен жұмыс жасау қажет. 
Қазіргі таңда атақты қазақ психолог қыздары Құралай ханым, Камшат 
Бекжігітова, Құралай Қалиевалардың блогтарын, видеосеминарларын 
тыңдаймын. Əйел кісілермен қоса мотиватор ер адамдарды оқу керек деп 
білемін. Оның ішінде қазақ мотиваторларының бірегейі –Қуаныш Шонбай 
дер едім. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері- психолог сияқты 
екен.Мысалы сіз біреумен таныссаңыз, сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін 
жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық 
əсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келеміз де біз оның тұтас бейнесін 
жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды, ұнамайды, онымен 
байланысты жалғастыру, жалғастырмау туралы үкім шығарады деп 
ойлаймын. Өз өмірімізге тек өзіміз ғана жауаптымыз! 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет