С.Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ЭССЕ
Тақырыбы: Көшбасшылықтың табиғаты және анықтамасы
Орындаған: Зәурбек Назым
Шымкент 2023ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Көшбасшылықтың ұғымы және табиғаты
2. Көшбасшылық туралы қате түсініктер
3. Көшбасшылықтың ерте теориялары
Көшбасшылықтың ұғымы және табиғаты
Көшбасшы (ағылшынша «leader» – басқарушы деген мағынаны білдіреді) – нақты ресми және бейресми ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету арқылы басқарудың көрінісі.
Көшбасшылық мәселелері келесі аспектілерде қарастырылады: - психологиялық, - философиялық, - әлеуметтік, - саяси, - басқарушылық және т.б. Көшбасшылықтың әр түрлі жағдайлар үшін нақты анықтамалары жоқ, бұл көшбасшылықтың көп аспектілігі, оны талдауға әртүрлі тәсілдердің болуы, сондай-ақ көшбасшылық туралы кең таралған жаңылыстар түсіндіріледі. Бұрын, ежелгі уақыттан бастап, көшбасшылықтың мәселесі қорғаушы, құтқарушыны (рудың ақсақалдары, тайпаның көсемдері) табу болып саналатын. Жан-жақты көшбасшылықтың тарихи үлгілері ретінде пайғамбарларды суреттеуге болады: Иса, Мұхаммед, Будда. Бірте-бірте көшбасшылыққа деген көзқарастар өзгеріп, үлкен бизнес пен менеджменттің қажеттіліктеріне байланысты кешенді жан-жақты қарастырылады.
Қазіргі әлеуметтік және мәдениет тарапынан қарағанда көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат-мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адамның бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар. Педагогика және психология саласынан қарағанда көшбасшылық мәселесі – қарымқатынаста, топтың іс – әрекетінің маңызды аспектісі ретінде қарастырылатын, әлеуметтік – психологиялық құбылыстың бірі болып табады. Шетел психологиясында көшбасшы мәселесі кіші және саяси топтағы мәселелерді өте кең қарастырған. Осы орайда, көшбасшы мәселесімен көп айналысатын зерттеулерге Р. Басс, Е. Богардус, К. Денфорд, Р. Липпит, К.Левин, Ф. Фидлер, Р. Уайттың жұмыстарын атауға болады.
«Көшбасшылық» ұғымына деген қызығушылық бұрыннан қалыптасты. Ерте кезеңнен бастап бұл құбылыстың мағынасын ашып, сипаттамасын түсіндіруге көптеген ғалымдар атсалысты. ХХ ғасырға дейін адамдардың түсінігіндегі көшбасшы ұғымы «тайпа көсемі» ретінде қарастырылып келді. Яғни, халықты басқаратын батыр «көшбасшы» болып тағайындалатын.
«Көшбасшыны» тағайындау оның жеке ерекшеліктеріне, физикалық күшіне байланысты болып келді. Шынымен де, ол кездері білектінің заманы болса, ал қазір заман білімдінікі. Өзінің ақыл-ойымен, интеллектуалдық, шығармашылық, ізденімпаздық қабілетімен ерекшеленетін адам ғана көшбасшы бола алады. ХХ ғасырға дейін нақты көшбасшының сипаттамасы мен мән-мағынасы жоқ.
Адам көшбасшы болып туылмайды, көшбасшылық қабілет өмір сүру барысында қалыптасатындығы белгілі. Дегенмен қазіргі уақытта ғалымдар кез келген тұлғаның көшбасшы болуға әлеуеті бар деген пікірге тоқталады. Алайда статистикалық мәліметтер бойынша адамдардың 5% ғана табысты көшбасшы болады екен
Көшбасшы – бастама көтеретін, өзіне жауапкершілік жүктей алатын, жарқын тұлға. Бұл тұлға, топтың басқа мүшелері өздеріне жауапты шешімдерді жүктей алатын, олардың қызығушылықтарын, бағытын және барлық топ қызметінің сипатын анықтайды.
Көшбасшылық - бұл ұйымда (кәсіпорында, фирмада), оның бөлімшесінде, тобында белгілі бір тұлғаның жағдайы (мәртебесі), ол оны алатын тұлғаның ұйымның белгілі бір мақсаттарына қол жеткізуге күш-жігерін бағыттай отырып, басқа адамдарға ықпал ету қабілеттілігімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |