Естиярлар тобына арналған ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы «Жұлдыз» тобы Бейсенбі



Дата03.04.2023
өлшемі59.75 Kb.
#471640
1334719396413 (1)


Естиярлар тобына арналған ұйымдастырылған
оқу әрекетінің технологиялық картасы
«Жұлдыз» тобы
Бейсенбі
Білім беру саласы: 1 «Әлеуметтік орта»
Бөлім:Экология+Көркем әдебиет
Тақырыбы: М.Әлімқұловтың «Аспаз» өлеңі. Оқу. Жаттау.
Мақсаты:Аспазшы еңбегі және оның маңыздылығы туралы білім беру. Топта жұмыс істеуге, әріптестерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Қостілдік компоненттер: аспазшы - повар

Іс-әрекет
кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қызығушылық кезеңдері

Жылулық шеңбері Балалар үйдегі үлкендері қандай мамандық иесі екендерін, кім болып жұмыс істейтіндері туралы әңгімелеседі.

Балалар бір-біріне жылы сөздер айтты

Ұйымдастыру және ізденушілік кезеңдері



Жұмбақ Тәп-тәтті тамағы, астардың маманы. (Аспазшы) «Мен – аспазшы боламын» ойыны Аспазшы еңбегі туралы әңгімелесу –Күнделікті бізге түрлі дәмді тамақты кім дайндайды? -Бүгін балабақшада таңғы асқа біз не жедік? -Сендердің үйлеріңде асты кім дайындайды? -Үйде аналарыңа иамақ жасауға кім көмектеседі? «Адамдардың дені сау, көңілдері сергек болып жүруі үшін күнделікті ас ішіп жүруі керек. Ол тамақтыдәмділеп, барлық көкеністер мен дәмдеуіштерді қосып пісіреді. Үйде тамақты көбінесе аналарымыз дайындайды, үйдегілер мүмкіндігінше көмектесіп, қолғанат болып отырады. Ал арнайы асхана, дәмхана және де көпшілік мектеп, балалбақша, аурухана, т.б. орындардың асханаларында асты арнайы оқу орнын бітірген аспазшы мамандар даярлайды. Басқа мамандық иелері сияқты аспаздар да үнем ізденіп, оқып, өздерінің тәжірибелерін жетілдіріп отырады. Өзара жиі кездесіп, пікір алысып, тәжірибелерімен бөліседі. Аспаз мамандығы өте қиын да қызықты. Үлкен асханаларда, мейрамханаларда аспазшы болып көбінесе ер азаматтар жұмыс істейді. Тамақты неғұрлым шын көңілмен жасасаң, соғұрлым дәмді болады. Дәмді, құнарлы тамақ жеген адамның дені сау, күшті, қуатты болады. «Ас адамның арқауы» деген нақыл сөз осыдан шыққан. Тамақты ішкен кезде де әрқайсысымыз аса бір тәбетпен ішуіміз керек. Сондықтан ас ішер алдында бір-бірімізге «Тәбетің тартсын» деген жылы тілек білдіреміз» М.Әлімқұловтың «Аспаз» өлеңі. Оқу. Жаттау. Біздің гүл бақшада бар әсем асхана. Бар онда аспазшы, ақ көңіл жаксы аға. Әлде май құймақ па? Көже ме сорпа ма? Әлде бал қаймақ па тұрады ортада Тәп-тәтті тамағы, ағай- ас маманы. Пісіре білгенге, астың жоқ маманы,

Жұмбақты шешуге тырысты


Ойынға қызыға қатысты
Балалардың сұрақтары


Бекіту,
бақылау

«Біз не білдік?»
Аспаз мамандығы қиын да қызықты. «Ас- адамның арқауы»




Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Мамандық түрлерін Қалыптастыру керек: Тыныш отырып, мұқият тыңдауға Меңгеруі керек: Мамандықтың барлығы жақсы.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет