«Этнопедагогика» пәнінен 5В010300- «Педагогика және психология»



бет1/8
Дата15.03.2022
өлшемі0.69 Mb.
#456299
  1   2   3   4   5   6   7   8
Этнопед СӨЖ


Ф-УК-01/043



А ЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК – ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика және өнер» факультеті


«Жалпы педагогика» кафедрасы
«Этнопедагогика»
пәнінен
5В010300- «Педагогика және психология»
мамандығы бойынша
студенттің өзіндік жұмысына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Шымкент-2019ж


Құрастырған:


«Этнопедагогика» пәнінен білім алушылар үшін студенттердің өзіндік жұмыс тақырыптары бойынша әдістемелік нұсқаулық ретінде ұсынылды. Әдістемелік нұсқаулық оқу жұмыс бағдарлама негізінде дайындалған. Әдістемелік нұсқаулық студенттердің өзіндік жұмыс тақырыптары берілген.

Әдістемелік нұсқаулық «Жалпы педагогика» мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.


№ хаттама, « » тамыз 2019 ж.

Кафедра меңгерушісі ________ Утебаева А.Т


Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында білім берудің жаңа формасына көшуге байланысты студенттердің креативті жұмыс істеуін қамтамасыз ететін оқытудың белсенді әдістерін, тиімді формаларын пайдаланып, өзіндік жұмыс түрлерін жүзеге асыру қажеттігі туындап отыр.


«Өзіндік жұмыс» ұғымының түрліше белгілерін төмендегідей ажыратып көрсетуге мүмкіндік туып отыр:
1.Көптеген тапсырма түрлерінің мұғалімнің басшылығымен орындалуы
2.Оқушылардың оқу барысын қамтамасыз ету бағытында педагогикалық жұмыстардың мұғалімсіз, мұғалімнің көмегінсіз жүруі.
3.Жекелеген, топтасқан танымдық іс-әрекетін дамыту мақсатында әр түрлі жұмыстардың аудиторияда, аудиториядан тыс кездерде жүргізілуі.
4. Оқушының жеке жоспарының, қызығушылығына, икемділігіне қарай оқу үрдісіндегі міндетті түрде жүргізілетін қосымша дайындық жұмыстары.
Студенттердің өзіндік жұмыстарды орындай білу дағдысын қалыптастыру білім беру ісінің маңызды міндеттерінің бірі болып қалып отыр. Студенттер үшін берген білміді алып қана қоймай, сол білімге өздері, өзіндік ізденістері арқылы қол жеткізу тәсілдеріне үйрену аса маңызды, яғни студенттерді білім алу тәсілдеріне баулу қажет. Себебі, бүгінгі өзгермелі заманда «Өмір бойы білім алу» бойынша «қалаған уақытта, қалаған жерде өздігінен білім алуға» қол жеткізу мәселесі, үздіксіз өздігінен білім алумен қаруландыру болып табылады.
Педагогикалық үдерісте тиімді ұйымдастырылған СӨЖ болашақ мұғалім тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасады. СӨЖ-ді ұйымдастыру формаларын (ұжымдық, жеке, топтық, аудиториялық, аудиториядан тыс) таңдауға: СӨЖ мазмұны, яғни болашақ мұғалімнің өздігінен игеруі тиіс білімі, білігі, дағдысы; СӨЖ-дің ресурстармен қамтамасыз етілуі; оқытушының кәсіби шеберлігі; СӨЖ ұйымдастыруға қойылатын шектеулерді ескеру негіз болды.
СӨЖ құзырлылық күтілетін нәтижеге бағытталған оқыту үдерісінің басым бөлігін (2/3) құрайды, оның ішіндегі оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін СӨЖ көлемін оқу орны белгілейді: дәріске 15 сағат, семинар сабаққа –15 сағат, ОСӨЖ-ге –30 сағат, ал аудиториядан тыс уақыттағы СӨЖ-ге 30 сағат бөлінді).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет