Жігіттер информатика әлемінде



Дата25.02.2016
өлшемі76.36 Kb.
#19088
Е. Көшербаев атындағы № 57 орта мектебі

Сыныптан тыс жұмыс

Жігіттер информатика әлемінде“
8-9-10 сыныптар үшін

Пән мұғалімі: Ж а н а е в а А й н а г ү л



Мақсаты: а) Оқушылардың білімі мен жан-жақты ойлау қабілетін,

ой ұшқырлығын сынау

б) Оқушылардың информатика пәніне деген

қызығушылығын арттыру


Оқушыларға қойылатын талап : Компьютердің құрылысын түсіндіре білуі ,

бейнетаспамен, интернетпен жұмыс істей алуы тиіс.

Көрнекілігі: Компьютер , интерактивті тақта, бейнетаспа, картриж
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

3. Қорытындылау.
Жүргізуші.

«Өмір деген көк мұхиттың толқыны

Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып

О, толқындар, арпалысып алға шық

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі»- деп Төлеген Айбергенов

жырлағандай өмірдің өзі сайыс.



Жүргізуші.

Жас достарым !

Мұны дұрыс ұғайық

Компьютер ол құрметтеуге лайық

Ғылымдардың жаңасы

Дегенмен бала - данасы

Информатика жайында

Сайысымызды бастайық !


Жүргізуші.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Әр сыныптың оқушыларының қатысуымен өткізілетін

" Жігіттер информатика әлемінде" сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші.

Сайыскерлердің біліміне баға беретін қазылар алқасын таныстырайық


1. 2. 3.


Жүргізуші. Көңілді екі топтың үштіктері , білгіштер

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді , көп оқыған топ болса

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Алдымен ойынға шығатын оқушыларды ортаға шақырайық

1. Эмблемасы, команда атауы . Жігіттер өздері таныстырады.

2. Таныстыру

Жүргізуші. 1 кезеңде Бізден сұрақ, сізден жауап
Қарап тұрмай жүйріктерге еріңіз

Жігіттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар

Жүйрік болар бәйгелерді көріңіз.


Жауап нақты, тез болу керек. Қай сайыскер топ белгіні бірінші көтереді,

сол бірінші жауап береді. Бағалануы – 10 балл.


Жүргізуші. С ұ р а қ т а р ы :
Дыбыс толқындарын техникалық қабылдағыш қалай деп аталады ?

/микрофон/.

Ең бірініші есептейтін программаларды құрған кім және қай ғасырда?

Телефон желісі арқылы басқа компьютерлерге мәлімет алмасуға

қажетті құрылғы ? / Модем /

4. Текстік және графикалық информацияны компьютерге енгізу құрылғысы

/сканер/

5. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі / DELETTE /

6. Ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметін ұсынатын компания / Провайдер /


  1. Ең бірінші ЭЕМ қай жылы , кімнің басшылығымен жасалды ?

/ 1947 -48 ж.ж С. А. Лебедов /

  1. Бэббидж машинасына алғашқы программа жазған кім? / Ада Лавлейс /

  2. Терезені жабу пернелері / Alt+F4 /

  3. Паскаль тілінің авторы / Никлаус Вирт /

  4. Жолдар мен бағандардың қиылысуы / кесте /

  5. Аргумент деген не? /бастапқы берілген мән/

  6. Тақырыптарға байланысты слайдтар жиыны / презентация /

  7. Microsoft фирмасының авторы / Билл Гейтс /

  8. Integer сөзі нені білдіреді / бүтін шама /

  9. Жоғарғы индексті алу: / Ctrl + Shift+ = /

  10. « Компьютердің атасы » кімді атаған ? / Ч. Бэббидж /

  11. Қағазды бөлікке бөлу / Формат - колонки /

  12. Сыртқы жады / винчестер, дискет, компакт диск /

  13. Тармаќталу командасыныњ ќызметші сµздері / егер онда єйтпесе бітті /


Жүргізуші. 2 – кезеңде 1 - топ Картрижді қайта толтыру

2 - топ Компьютердің ішкі құрылғыларымен таныстыру



Екі топтың оқушылары өздері таңдап, сол бойынша көрсетіп, түсіндіреді. Бағалануы – 30 балл.

Жүргізуші. 3 – кезеңде Жұмбақтар Бағалануы – 10 балл.


    1. Бағдарлама құрайды

Орындалған кезінде

Әлденені сұрайды / INPUT операторы /

2. Әдетте үнсіз тұрамын

Белгі берсең ұғамын

Жазуы бар қағаздың

Құралы боп шығамын / принтер /





  1. Компьютердің айнасы

Бағдарыңды таңдашы

Сурет, сөзін көрсетіп

Тиер саған пайдасы / монитор /


  1. Қанша тетік тізілген

Саусағыңды сезінген

Барлық сенің ойыңды

Компьютерге енгізген / пернетақта /


  1. Бар нәрсеге жетік

Миы күшті тетік

Ол арқылы сөйлесіп

Кетесің шетелге де өтіп / компьютер /
6 Барлық сурет , мәтінді

Компьютерге енгізген

Керек емес жерін де

Компьтерден өшірген / сканер /


Жүргізуші. 4 – кезеңде Интернетпен жұмыс

Екі топтан екі оқушы шығып, интернеттен мәлімет алып көрсетеді. Бағалануы – 30 балл.

Келді кезең интернетпен жұмысқа

Әлемдегі жаңалықтар , табыста.

Интернеттің тілін егер білсењіз

Қиын болмас озуыңыз жарыста.



Жүргізуші. 5 кезеңде Бейнетаспамен жұмыс

Екі топтан екі оқушы шығып, бейнетаспаға түсіріп,оны компьтерде көрсетеді. Бағалануы – 30 балл.

Егер болсаң мамандықтың иесі

Не істер едің бұл өмірге жүйелі

Асыл тастан , өнер жастан шығар деп

Бабам айтқан, баба сөзі киелі


Жүргізуші. 6 кезеңде Алтын қақпа

Ең қиыны жарыстыњ қақпа еді

Мықтылары сандық ашып , жеңсін енді

Тез жауап бер ойланып тұрып ќалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді !

Әр сұрақ жауабы Бағалануы - 30 балл


Жүргізуші. сұрақтары: І - топқа

1. Ойыншы шығару сұрағы: Антивирус программаларын ата

/ детектор, вакцина, ревизор, фильтр, доктор /

2. Тас қақпаның сұрағы:

Hewlett- Packard фирмасы Desklet сериясындағы алғашқы сия бүріккіш

принтерді қай жылы шығарды ? / 1988 ж /

3. Күміс қақпаның сұрағы:

Applte фирмасы алғашқы монохромды қолмен істейтін сканерді қай жылы шығарды ?

/ 1991 жылы /

4. Алтын қақпаның сұрағы:

Мультимедиа – бұл компьютерде дыбысты , ақпаратты , тұрақты және қозғалыстағы бейнені біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Мультимедиа өзі көптеген мәлімет тасымалдаушылар жиынын білдіреді. Мултимедиялық зат құрамына музыкалық және ауызекі жетелеу, бейнеклиптер, анимация, графикалық және слайдтар, мәтіндер базасы кіретін интерактивті компьютерлік жиынтық кіреді.Мультимедиялық компьютердің құрамы: 386 –дан жоғары процессорлы жүйелік блок, 512-ден жоғары килобайт болатын монитор, қатты диск, дыбыстық карта, акустикалық жүйе кіреді.



Сұрақ : Мультимедиа қай жылы , қай елде пайда болды ? / Америкада 1990 ж /

5. Алтын сандықтың сұрағы:




  1. 1694 жылы атақты неміс математигі Блез Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын құрастырды.

Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды.

Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу , көбейту, тіпті квадрат түбір табу амалдарын да орындайтын болды.

Кейін бірнеше рет жетілдірілді. Осы машинаның пайда болуымен есепші мамандығы пайда болды. 1969 жылы бұл машинаны шығару ең жоғарғы деңгейге 300 мың машинаға жетті. ХХ ғасырдың 70 жылдары бұл машинаны элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.

Сұрақ : Бұл машина қалай аталды ? / Арифмометр /

ІІ - топқа

1. Ойыншы шығару сұрағы:

Жұмыс столын безендіру әрекеті қалай орындалады

/ Настройка – Панель управления – Рабочий стол /

2. Тас қақпаның сұрағы:

Дүние жүзі бойынша бірінші бағдарламалаушы деп саналатын

Ада Лавлейс қай жылы кімнің машинасына алғашқы бағдарлама жазған ?

/ 1846 ж Бэббидж машинасына /

3. Күміс қақпаның сұрағы:

Веб беттердің мәліметтерін компьютер бейне бетіне

шығару бағдарламасы / Браузер /



  1. Алтын қақпаның сұрағы:

Әлемде тұңғыш рет ұялы телефонды « Моторола » компаниясы ойлап тауып шығарды. Алғашқы телефондар салмағы 790 грамм болған. Оларды ойлап табу үшін 15 жыл 100 миллион доллар ақша кеткен. Ал ұялы телефонның құны 4 мың доллар көлемінде болған.

Сұрақ : Ең алғашқы ұялы телефон қай жылы шықты ? / 1984 жылы /

5. Алтын сандықтың сұрағы:

DVD – бұл СD сияқты оптикалық диск. ХХ ғасырдың аяғында ақпаратты 17 гигабайттық тасымалдау мен цифрлы бейнелеуге көшуді алмастыратын жаңа құралдарды шығару басталды. Бірнеше жылға созылған талқылаудан кейін 1995ж

бекітіліп, 1996 жылы DVD плейерлер Токиода шығарылды. 2000 жылы алғашқы DVD аудидо дискілер шығарылды. ХХІ ғасырға дейін компакт дискінің сыйымдылығы 650 МВ –қа тең болса, ал қазіргі уақытта 100 МВ – қа жетті.
Сұрақ : DVD бейнемагнитофондар, қай жылы шықты ? / 2001жылы /
Қорытындылау

Соңында берген жауабы мен жинаған ұпай сандары бойынша



жеңімпаз топ анықталып , марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет