Әуежай қызметіне жататын қызметтер және операциялар тізбесін бекіту туралы



Дата03.07.2016
өлшемі215.52 Kb.
#175179
"Әуежай қызметіне жататын қызметтер және операциялар тізбесін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 81-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 5 наурыздағы № 119 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 сәуірде № 6857 тіркелді


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Әуежай қызметіне жататын қызметтер және операциялар тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу       Көлік және коммуникация
агенттігінің төрағасы              министрі
___________ Н. Алдабергенов       _____________Ә. Құсайынов
Қазақстан Республикасы   
табиғи монополияларды   
реттеу агенттігі төрағасының
2011 жылғы 3 наурыздағы  
№ 81-НҚ және         
Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация  
министрінің         
2011 жылғы 5 наурыздағы  
№ 119 бірлескен бұйрықтарымен
бекітілген         
Әуежай қызметіне қатысты қызметтер мен операциялар тізімі
      1. Әуе кемесінің ұшу мен қонуын қамтамасыз ету, қоса алғанда:
      1) ұшу-қону жолағын, рульдік жолдар, перрондар беру;
      2) әуеайлақты күту мен пайдалануды қамтамасыз ету;
      3) әуеайлақты жарықтехникалық қамтамасыз ету;
      4) әуежай аймағында ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;
      5) әуенавигациялық ақпараттардың және әуе кемесінің әуежайдан ұшуының негізгі бағыты бойынша әуенавигациялық жағдайдың оперативті өзгерісін жеткізу;
      6) ұшу бағыты бойынша желдің режимін есепке алып, авиациялық жанар-жағармай материалдарының қажетті мөлшерін дұрыс есептеуін тексеріп шығу; (соның ішінде әуежаймен орындалған жағдайда);
      7) радиотехникалық қамтамасыз етуді (соның ішінде әуежаймен орындалған жағдайда);
      8) метеорологиялық қамтамасыз ету (соның ішінде әуежаймен орындалған жағдайда);
      9) жақындау жолда диспетчерлік қызмет көрсету және әуеайлақтың диспетчерлік қызмет көрсету (соның ішінде әуежаймен орындалған жағдайда);
      10) әуежай ауданында авария және өрт апаттарын алдын-алу шараларымен қамтамасыз ету.
      11) Жолаушылық әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағат және жүк пен жүкжолаушылық сертификаттаған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе) түсіруге жататын жүк (почта) болу кезінде алты сағат ішінде тұрақ орнын беру;
      12) жүк және жүкжолаушылық сертификатталған әуе кемелерінің түрлері қонғаннан кейін, өңдеуге жататын жүк (почта) болу кезінде үш сағат ішінде тұрақ орнын беру;
      13) Әуеайлақ зонасында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоспағанда қону мезетінен бастап тоқтау мезетіне дейін әуе кемесіне әуеайлақтық қызмет көрсету технологиясында көзделген басқа қызметтер.
      2. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоса алғанда:
      1) жолаушыларды, қол жүктерін, багаждарды, азаматтық авиациясы әуе кемелерінің экипаждары мүшелерін;
      2) әуежайдың өткізу және ішкі объектілік режимдерін қамтамасыз ету;
      3) әуе кемесін, пошта мен борт қорларын ұшу алдында тексеру;
      4) әуежай күшін және құралдарын заңсыз араласу актілерін бөгеу бойынша әрекеттерге дайындықта ұстау;
      5) әуе кемелеріне бөтен тұлғалардың өтуін болдырмайтын тұрақтарда әуе кемелерін күзету;
      6) әуе кемесімен тасымалдауға тиым салынған қару, оқ-дәрілер, жарылғыш, радиоактивті, улы, тез тұтанғыш құралдар мен заттарды алып жүру мүмкіндігін болдырмау;
      7) әуе кемесінің жолаушылардан бөлек бөлігінде оғы алып тасталынған күйде оларды багажда тасымалдауды қамтамасыз ететін қару мен оқ-дәрілерді тасымалдау кезінде сақтықтың ерекше шарасын енгізу;
      8) авиақамтамасыз ету объектілерін күзету;
      9) әуежай аймағына пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысын ұйымдастыру.
      3. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі қосымша қызметтер, қоса алғанда:
      1) қызметкер мен өту рұқсаты шектеулі аймаққа өтетін коммерциялық ұйымдардың көлік құралдарын тексеру және рұқсатнамалармен қамтамасыз ету;
      2) көлік құралының өтуі үшін жолдарды күтуді қамтамасыз ету;
      3) бақылау жүргізілетін зонада өтініш арқылы тұлғаларды алып жүру;
      4. Басқа ұжымдардың әуежай аймағын өртке қарсы қамтамасыз ету, қоса алғанда:
      1) персоналды ұсыну;
      2) техникалық құрал-жабдықтарды беру;
      3) өртті сөндіруге арналған материалдар беру;
      5. Әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк пен жүкжолаушылық сертификаттаған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе) түсіруге жататын жүк (почта) болу кезінде алты сағаттан тыс тұрақ орнын беру:
      1) тұрақ орнын дайындау;
      2) Жолаушылық әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк пен жүкжолаушылық сертификаттаған әуе кемелеріне қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе) түсіруге жататын жүк (почта) болу кезінде алты сағаттан тыс тұрақ орнын беру;
      6. Әуе кемесіне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру, қоса алғанда:
      1) тұрақ орнын дайындау;
      2) әуе кемесіне базалық әуеайлақтан тұрақ орнын беру.
      7. Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) беру, қоса алғанда:
      1) жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін жұмыс орнын дайындау;
      2) жолаушыларды тіркеуді жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтар және байланыс құралдары бар орын беру;
      3) жолаушылады тіркеуді жүзеге асыру үшін терминалдағы жалпы қолданыс орнының бөлігін беру.
      8. Жолаушыларға қызмет көрсету – жолаушыларды тіркеуді әуежай жүзеге асыратын жағдайда қызмет көрсету технологиясына сәйкес көрсетілетін қызметтер, қоса алғанда:
      1) жолаушыларды тіркеу, багажды өлшеу мен рәсімдеу;
      2) нормативтен тыс багажды рәсімдеу;
      3) орталықтанған кесте құру;
      4) бос орынның бар болуын анықтау;
      5) тіркеу қорытындысын жүргізу;
      6) тиеу жинақтық ведомствосын алдын-ала және нақты құру, рейстік құжаттамаларды рәсімдеу;
      7) құжаттарды, соның ішінде бақылау талондар пакетін және рейс бойынша бір мәртелік жинақ квитанцияларын экипажға беру;
      8) әуе кемесіне тиеуді бақылау;
      9) тиеу үшін ұшақтың жүк бөлігі туралы мағлұмат беру;
      10) жолаушыларды жинақтау және әуе кемесіне дейін алып жүру;
      11) әуе кемесіне отырғызғаннан кейін жолаушылардың санын тексеру;
      12) ұшып келген жолаушыларды күтіп алу және әуевокзалына дейін алып жүру;
      13) багаж тиеу, түсіру және тасымалдау, сондай-ақ багажды тапсыру;
      14) вокзал жанындағы алаңдары және әуевокзал зонасы: вестибюль, анықтама-ақпараттық аймақтарды, ғимараттар және күту аймағын, жолаушыларға қосымша қызмет көрсету ғимараттарын (ана мен бала бөлмесі, діни рәсімдер бөлмесі, медпункт, әжетхана) беру, күтіп ұстау және қызмет көрсету;
      15) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;
      16) жолаушыларға багаж арбаларын беру.
      9. Жолаушыларға қызмет көрсету – жолаушыларды тіркеуді авиакомпания өз бетімен іске асыратын жағдайда қызмет көрсету технологиясына сәйкес көрсетілетін қызметтер, мыналарды қоса алғанда:
      1) багажды өлшеу мен ресімдеу;
      2) нормативтен тыс багаж ресімдеу;
      3) жолаушылар жинау;
      4) ұшып келген жолаушыларды күтіп алу және аэровокзалға дейін сүйемелдеу;
      5) багаж тиеу, түсіру және тасымалдау, сондай-ақ багажды беру;
      6) вокзал маңындағы алаңдар және аэровокзал аймағындағы: вестибюль, анықтама-ақпараттық аймақтарды, үй-жайлар және күту аймағын, жолаушыларға қосымша қызмет көрсету үй-жайларын (ана мен бала бөлмесі, діни рәсімдер бөлмесі, медпункт, әжетхана) беру, күтіп ұстау және қызмет көрсету;
      7) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыздандыру;
      8) жолаушыларға багаж арбасын беру.
      10. Жолаушыларға, экипаж мүшелеріне ұзақ мерзімде тұруға арналған залдар беру;
      1) үй-жайлар беру;
      2) персоналын беру;
      3) ұзақ мерзім залында жолаушыларға қызмет көрсету;
      11. Жүкті өңдеу – келіп түскен және жөнелтілген жүктер мен пошталарды өңдеу кезінде қызмет көрсету технологиясына сәйкес көрсетілетін қызмет, қоса алғанда:
      1) кедендік бақылау және жүк қабылдап алушыларды ескерту (халықаралық тасымалдауда);
      2) санитарлық бақылау (халықаралық тасымалдауларда);
      3) өлшеу және маркерлеу;
      4) жүк алушылар бойынша сорттауды қоса алғанда қоймада сорттау, құжаттамалар рәсімдеу;
      5) контейнерлерге және түпқоймаларға іріктеуді, бөліп іріктеуді қоса алғанда рейстер бойынша іріктеу;
      6) жүкті жиырма төрт сағаттан артық емес аз мерзімге сақтау;
      7) әуе кемесіне және кері тасымалдау үшін тиеу-түсіру құралына тиеу-түсіру;
      8) әуе кемесіне және кері тасымалдау;
      9) әуе кемесіне/ әуе кемесінен тиеу мен түсіруді бақылау;
      10) әуе кемесіне және кері тиеу-түсіру.
      11) әуе кемесінің бортынан ұшу құжаттамаларын тасу және жеткізу;
      12) құжаттарды тиісті тәртіппен ішкі ережеге және халықаралық ұйымдардың регламентіне немесе тасымалдаушының өз талаптары бойынша сәйкес құру, қол қою, өткізу, келісу, тіркеу;
      13) жүктерді пакеттеу құралы үшін қойма алаңдарын беру;
      14) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) белгілеген талаптарына сәйкес жүкті сақтау және пакеттеу құралдарын өңдеу;
      15) жүктерге қызмет көрсету үшін қоймалар мен жабдықтар беру;
      мемлекеттік органдардың талаптары бойынша жеке тексеру үшін жүктерді беру;
      16) мемлекеттік органдардың талаптары бойынша жеке тексеру үшін жүктерді беру;
      17) мемлекеттік органдардың тиісті рұқсатын алғаннан кейін белгіленген тәртіп бойынша жүк алушыға немесе агентке жүкті беру;
      18) қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жіберілген жүк партиясының келгені туралы жүк алушыны немесе агентті хабардар ету, жүк алушыға немесе агентке жүк құжаттамасын беру;
      19) одан әрі тасымалдау үшін жүктерді (трансферттік, транзиттік) қабылдау/дайындау;
      20) пошталық құжаттар бойынша келген пошталарды тексеру;
      21) трансферттік поштаны алып жүруші пошталық құжат бойынша өңдеу;
      22) кіріс/шығыс пошталық құжаттарды беру.
      12. Жүкті жиырма төрт сағаттан аса сақтау, қоса алғанда;
      1) жүкті қабылдау;
      2) жүкті сақтау;
      3) жүкті беру.
      13. Жарнамаларды орналастыруға орын беру; қоса алғанда:
      1) орын беру;
      2) персонал беру.
      14. Әуе кемесін авиациялық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету – қызмет көрсету технологиясына сәйкес көрсетілетін қызмет, қоса алғанда:
      1) авиациялық жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      2) авиациялық жанар-жағармай материалы сапасының анализі;
      3) авиациялық жанар-жағармай материалын қабылдау, құю және жіберу;
      4) әуе кемесіне авиациялық жанар-жағармай материалын құю үшін қызметкер (оператор) және техникалық жылжымалы және/немесе стационарлық құрал беру;
      15. Авиациялық жанар-жағармай материалдарын сақтау бойынша қызметтер:
      1) авиациялық жанар-жағармай материалын қабылдау;
      2) авиациялық жанар-жағармай материалы сапасын талдау;
      3) жанар-жағармай материалын сақтау;
      4) жанар-жағармай материалын жіберу;
      16. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетудің транзиттік формасы бойынша қызмет көрсету – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету және әуе кемесінің типі бойынша техникалық қызмет көрсету регламентіне сай әуе кемесін ұшуға дайындау, сондай-ақ қажетті құжаттамалар рәсімдеу,қоса алғанда:
      1) әуе кемесіне ағымдағы оперативті қызмет көрсету;
      2) техникалық қызмет көрсету регламентін, технологиялық нұсқаулар, оперативті техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты, анықтамаларды, каталогтар мен әуе кемесінің әрбір типі бойынша басқа қажетті құжаттар беру;
      3) әуе кемесін, соның ішінде жолаушылық салонды, асхананы, әжетхана бөлмелерін оперативті ішкі тексеруді іске асыру;
      4) әуе кемесіне оперативті тексеру жүргізу туралы борттық мәліметтер журналына енгізу;
      5) борттық мәліметтер журналына әуе кемесін тексеру кезінде анықталған ақаулар туралы ескертулер енгізу;
      6) ұшу алдында әуе кемесінің үстінде мұздың жоқтығын тексеру;
      7) әуе кемесінің ұшуға дайындығы туралы құжаттамалар рәсімдеу.
      17. Әуе кемесін күтіп алуды – жөнелтуді қамтамасыз ету - әуе кемесін күтіп алуды – жөнелтуді қамтамасыз ету жөніндегі техникалық қызмет көрсету регламентінде көзделген міндетті жұмыстар жинағы бойынша әуе кемесінің ұшуын инженерлік–авиациялық қамтамасыз ету, қоса алғанда:
      1) әуе кемесін тұрақ орнына қабылдау;
      2) шасси дөңгелегінің астына тұрақ қалып орнату;
      3) тұрақ қалыптарын тазарту;
      4) әуе кемесінің жерге қону;
      5) ұшақтың сөйлесу құралы немесе перрон және экипаж кабинасы арасындағы радио байланыс арқылы экипажбен байланыс орнату;
      6) қозғалтқышты жіберуді бақылау;
      7) әуе кемесінің тұрақ орнынан жермен жүруін бақылау;
      8) шасси фиксаторын, қозғалтқыш қақпағын, түрлі датчиктердің тыстары орнату (алып тастау);
      18. Жолаушыларды отырғызу/түсіру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) трапты беру;
      2) трапты орнату;
      3) жолаушыларға қызмет көрсету агентінің жолаушыларды отырғызуын/түсіруін бақылау;
      4) трапты жинау.
      19. Жолаушыларды жеткізу – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) жолаушыларды әуе кемесіне/әуе кемесінен жеткізу үшін көлік құралын беру;
      2) жолаушыларға қызмет көрсету агентінің жолаушыларды алып жүру;
      3) көлік құралын алып кетуді;
      20. Жолаушылар мен әуе кемесінің экипаждарын борт қорымен қамтамасыз ету - әуе кемесін борт тамағымен қамтамасыз ету кезінде көрсетілетін қызмет, қоса алғанда:
      1) әуе кемесінің бортына алынбалы жабдықтар мен борт ыдыстарын қабылдау және түсіру;
      2) көлік құралына тиеу, борт тамағын кешенге (цех) жеткізу және алынбалы жабдықтар мен борттық ыдыстарды түсіру;
      3) көлік құралына борт тамағы кешенінен (цех) борт тамағын тиеу;
      4) арнайы автокөлікпен қамтамасыз ету (автолифт және т.б.)
      5) әуе кемесіне борт тамағын жеткізу;
      6) әуе кемесінің бортына борт тамағын беру және тиеу.
      21. Жолаушыларды жеке-дара алып жүру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) үй-жайларды беру;
      2) көлік құралын беруді (шағын автобус);
      3) жолаушыларға қызмет көрсету агентінің алып жүру;
      4) көлік құралын алып кету.
      22. Багаж, жүк және поштаны жеке-дара алып жүру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) техникалық құралдар (багаждық трактор, багаждық арбалар, паллеттер) мен персонал беру;
      2) әуе кемесіне және дейін алып жүру;
      3) техникалық құралдарды алып кету.
      23. Экипаж жеткізу – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) техникалық құралдар (автобус, шағын автобус), қызметкер беру;
      2) әуе кемесіне/әуе кемесінен жеткізу;
      3) техникалық құралдарды алып кету.
      24. Буксирлеу – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, беруді қоса алғанда:
      1) техникалық құралдар (әуе кемесі және/немесе сүйретпе үшін су құралы);
      2) буксирлеу су құралын әуе кемесі мен тягачқа жалғау/ажырату;
      3) техникалық құрам (қажетті гарнитурамен);
      4) буксирлеу аяқталғанда техникалық құралды алып кетуді.
      25. Ішкі тазалау – жолаушылар салонын, есік учаскелерін, алғы және артқы кабиналарды, экипаждар, залдар, барлар, буфеттер, асханалар, санузелдер (әжетханалар), терезелер бөліктерін, жүк бөліктерін, вертибюлаларды тазалау технологиясында көзделген жұмыстар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) күл сауыттарды тазарту;
      2) әуе кемесіндегі қоқысты жинау;
      3) орындықтың арқа қалталарынан және жоғарыдағы багаж орындарынан қоқыстарды жою;
      4) орындықтарды жуу;
      5) жолаушылар орындықтары мен жалғаспалы жабдықтарды тазалау және тәртіпке келтіру;
      6) еденді тазалау (кілемдерді және айналадағы шалағайларды);
      7) борттық буфеттердегі, асхана мен әжетханадағы жабдықтардың үстін және жабдықтарын ылғалдап тазалау;
      8) әуе ауруынан, азық-түліктердің шашылуынан, азық-түліктердің төгілуінен және дақтардан болған түрлі ластануларды жою;
      9) қоқысты шығару және пайдаға асыру.
      26. Әуе кемесінің санузелдеріне (әжетханаларына) қызмет көрсету - әуе кемесінің санузелдеріне (әжетханаларына) құюды (босату, тазалау, жуу) және санузелдер (әжетханалар) жеткізуді, қалдықтарды жою мен пайдаға асыруды қоса алғанда, қызмет көрсету бойынша жұмыстар жиынтығының қамтамасыз ету, қоса алғанда:
      1) санузелдер (әжетханалар) қалдығын құю үшін және техникалық сумен толтыру үшін арнайы машина беру;
      2) персоналды (оператор) ұсыну;
      3) әуе кемесіне арнайы машина алып бару және оператордың арнайы машинаның технологиялық шлангісін әуе кемесінің жүйесіне жалғауы;
      4) әуе кемесінің қабылдау бөшкесіне әуе кемесінің берілген типі бойынша технологиялық нұсқауға сәйкес немесе пайдаланушының нұсқауы бойынша құю және жуып тазалау;
      5) әуе кемесінің қабылдау бөшкелерін кейін химиялық пакеттер қосумен техникалық сумен толтыру;
      6) технологиялық шлангілерді ажырату, технологиялық люктерді, жапқыштарды жабу және арнайы машинаны алып кету жұмыстарын жүргізгеннен кейін.
      27. Ауыз суды толтыру - әуе кемесін ауыз сумен толтыруды қамтамасыз ету бойынша қызметтер жиынтығы, қоса алғанда:
      1) ауыз суды дайындауды, тазалау мен фильтрлеу;
      2) судың санитарлық нормаларға сәйкестілігінің құжаттарын беру;
      3) персоналмен (оператор) арнайы машина беру;
      4) оператордың арнайы машинаны әуе кемесінен алып кету;
      5) технологиялық шлангілерді әуе кемесінің жүйесіне жалғау;
      6) әуе кемесінің су бөшкелерін толтыру;
      7) технологиялық шлангіні ажыратуды, крандарды, люктер мен жапқыштарды жабу;
      8) арнайы машинаны әуе кемесінен алып кету.
      28. Әуе кемесіне электрэнергиясын беру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) электрэнергиясын қызметкермен беру үшін арнайы техника немесе стационарлық қуат көзін беру;
      2) арнайы техниканы әуе кемесіне айдап бару;
      3) әуе кемесіне технологиялық кабелдер қосу;
      4) электрэнергия беруді және беріп жатқан арнайы техниканың немесе әуе кемесі бортындағы стационарлы қуат кернеу тоғының параметрлерін бақылау;
      5) тұтынып жүрген электрэнергиясының көлемін анықтау;
      6) кабелдерді ажырату;
      7) жұмыс жүргізгеннен кейін арнайы машинаны әуе кемесінен алып кету;
      29. Әуе кемесін кондиционерлеу – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) әуе кемесін кондиционерлеу үшін персонал (оператормен) арнайы машина беру;
      2) әуе кемесінің кабинасын қажетті температураға кондиционерлеу жүргізу;
      3) арнайы машинаны алып кету жұмысын жүргізгеннен кейін.
      30. Әуе кемесін қар мен мұздан тазарту – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) сыртқы ауаның температурасына қарай арнайы сұйықтық дайындау;
      2) әуе кемесі үстінің мұздануын персонал (оператормен) жою үшін арнайы техника беру;
      3) арнайы баспалдақтар беру;
      4) әуе кемесінің үстіндегі қар мен мұзды жою;
      5) арнайы машинаны алып кету жұмысын жүргізгеннен кейін.
      31. Авиақозғалтқышқа май құю – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) қозғалтқышты толтыру үшін май дайындауды;
      2) майдың сапасы мен техникалық талаптарға тиістілігін растайтын құжаттар беру;
      3) май құю үшін арнайы машина беру;
      4) техникалық персонал (оператор) беру;
      5) толтыру үшін қозғалтқыш пен май бөшкесін дайындау;
      6) әуе кемесінің бөшкесіндегі майдың мөлшерін тексеру;
      7) май бөшкесіне сертификатталған маман немесе экипаждың бақылауымен қажетті май толтыру;
      8) май бөшкенің, кіру люктерінің аузын жабу;
      9) арнайы машинаны әуе кемесінен алып кету;
      10) Құжаттамалар рәсімдеу.
      32. Жүйені оттегімен толтыру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) жүйені оттегімен толтыру үшін арнайы агрегат беру;
      2) cапа мен оттегінің техникалық талаптарға тиістілігін растайтын құжаттар беру;
      3) техникалық персонал (оператор) беру;
      4) жүйенің саңылаусыздығын тексеру;
      5) ауа баллондарының қысымын тексеру;
      6) әуе кемесінің ауа баллондарын осы әуе кемесінің технологиялық көрсеткішіне сәйкес сертификатталған маманның немесе экипаждың бақылауында толтыру;
      7) арнайы агрегатты әуе кемесіне ажырату мен айыру жұмыстарын жүргізгеннен кейін;
      8) Құжаттамалар рәсімдеу.
      33. Әуе кемесін азотпен немесе сығылған ауамен толтыру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) әуе кемесін азот немесе сығылған ауамен толтыру үшін арнайы машина немесе арнайы агрегат беру;
      2) техникалық құрам (оператор) беру;
      3) баллондарда қысымның болуын тексеру;
      4) әуе кемесіне агрегат орнату және шлангіні әуе кемесіне жалғау;
      5) жүйені қажетті мөлшерге дейін толтыру;
      6) әуе кемесінен шлангіні ажырату және арнайы машинаны (арнайы агрегатты) алып кету жұмысын жүргізгеннен кейін;
      7) құжаттамалар рәсімдеу.
      34. Гидрожүйені тексеру және толтыру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) әуе кемесінің гидрожүйесін толтыру үшін гидросұйықтық дайындау;
      2) гидросұйықтықтың сапасын және техникалық талаптарға тиістілігін растайтын құжаттар беру;
      3) әуе кемесіне арнайы құрылғыны (агрегат) жылжыту үшін арнайы көлік беру;
      4) техникалық құрам (оператор) беру;
      5) әуе кемесіне арнайы құрылғы орнату, технологиялық шлангілер мен гидрожүйесін құюды жалғау;
      6) технологиялық шлангілерді жалғау және арнайы құрылғыны (агрегат) әуе кемесінен айыру жұмысын жүргізгеннен кейін;
      7) құжаттамалар рәсімдеу.
      35. Авиақозғалтқыштың әуе жіберуін қамтамасыз ету – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) авиақозғалтқыштың арнайы әуе жіберу қондырғысын беру;
      2) техникалық құрам (оператор) беру;
      3) әуе жіберу қондырғысын әуе кемесіне орнат;
      4) әуе жіберу қондырғысын әуе кемесіне жалғау;
      5) әуе жіберу қондырғысын жіберу және қажетті құралдарды бақылау, соның ішінде отынның, майдың ағуы мен өрт болдырмау;
      6) әуе жіберу қондырғысын әуе кемесінен ажырату, авиа қозғалтқышты жіберу панелін жабу;
      7) әуе жіберу қондырғысын әуе кемесінен айыру жұмысын жүргізгеннен кейін.
      36. Ангардан тұрақ – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) ангар беру;
      2) ангарды жарық және жылумен қамтамасыз ету;
      3) шасси доңғалағының астына тұрақ қалпын беру;
      4) әуе кемесін қуат көзімен және жер беті қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;
      5) әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
      37. Ұшуға штурмандық қызмет көрсету – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) персонал (штурман) беру;
      2) қызмет көрсетуге қажетті техникалық құралдар беру.
      38. Навигациялық есеп беру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) персоналды беру;
      2) навигациялық есепті орындау үшін техникалық құралдар беру.
      39. Флайт-жоспар құру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) персоналды беру;
      2) флайт-жоспар құру үшін техникалық құралдар беру.
      40. Әуенавигациялық ақпараттар жинағын жалға беру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) персоналды беру;
      2) әуенавигациялық ақпараттар жиынтығы мен қызмет көрсету үшін техникалық құралдар беру.
      41. Радионавигациялық картаны жалға беру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) персоналды беру;
      2) қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар беру.
      42. Болжамдалған желді есепке алып авиациялық жанар-жағармай материалының қажетті мөлшерінің есебі – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) әуежай персоналымен болжамдалған желді есепке алып авиациялық жанар-жағармай материалының қажетті мөлшерінің есебін жүргізу;
      2) қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар беру.
      43. Экипаж мүшелерін медициналық тексеру – қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) экипаж мүшелерін визуалды тексеру;
      2) техникалық құралдарды пайдалану арқылы экипаж мүшелеріне тексеру жүргізу;
      3) экипаж мүшелерінің тексеруден өткендігі туралы тиісті құжаттар (тіркеу) беру;
      44. Әуе кемесінен қоқыс шығару және пайдаға асыру – операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) персоналды (оператор), беру;
      2) қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар беру;
      45. Әуе кемесінің әрбір түрі бойынша алынбалы жабдықтар мен борт ыдыстарын санитарлық өңдеу, қоса алғанда:
      1) персоналды (оператор),беру;
      2) қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар беру.
      46. Техникалық қызметшіл (оператор) беру:
      1) әуе кемесіне қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығын қамтамасыз ету үшін қызметшіл (оператор) беру;
      2) оператордың жұмысы үшін техникалық құралдар беру.
      47. Арнайы техникалық және көлік құралдарын беру - әуе кемесіне қызмет көрсету технологиясында көзделген операциялар жиынтығы, қоса алғанда:
      1) персонал (оператор) беру;
      2) техникалық және көлік құралдарын беру.
      48. Алымсыз сауданы қамтамасыз ету.
      1) алымсыз сауданы іске асыру үшін тауар жеткізуді ұйымдастыру;
      2) алымсыз сауда қызметін іске асыру;
      49. Коммерциялық ұйымдарға тасымалдау процессін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланатын әуежай жайларын жалға беру:
      1) алаң беруді;
      2) басқа негізгі құралдарды беруді қоса алғанда.
      50. Мемлекеттік ұйымдарға әуежай жайларын жалға беру:
      1) алаң беруді;
      2) басқа негізгі құралдарды беруді қоса алғанда.
      51. Тапсырыс (келісімді) авиарейстерді метеорологиялық қамтамасыз етуді беру, қоса алғанда:
      1) персоналды беру;
      2) жай беру.
      52. Авиатасымалдау процессін қамтамасыз етуде қатысатын басқа ұйымдарға ауысу алдында медициналық қарау:
      1) кәсіпорын жұмыскерлерін көзбен шолып қарау;
      2) кәсіпорын жұмыскерлерін техникалық құралдармен қолданып қарау;
      3) кәсіпорын жұмыскерлерінің қарау бойынша өткені туралы тиісті құжаттарды беру және жұмысқа рұқсат беру.
      53. Жүк буып түю, қоса алғанда:
      1) жүкті буып түю үшін орын дайындау;
      2) жүкті буып түюге қондырғыны беру;
      3) жүкті буып түюге арналған материалмен қамтамасыз ету;
      4) жүк буып түюді қамтамасыз ету.
      54. Әуеайлық маңында орналасқан жел айлығы жарамдылығын басқа ұйымдармен қарау, қоса алғанда:
      1) тікұшақты көзбе-көз қарау;
      2) «Ұшу жолағының жағдайы» журналындағы жазба.
      55. Әуе кемелеріне техникалық және желілік қызмет көрсету, қоса алғанда:
      1) техникалық көмек;
      2) техникалық қолдау;
      3) техникалық қызмет көрсету;
      4) желілік қызмет көрсету.
      56. Техникалық қызмет көрсету және авиациялық техниканы жөндеу, соның ішінде:
      1) жедел техникалық қызмет көрсету;
      2) мерзімділік техникалық қызмет көрсету;
      3) техникалық қызмет көрсету және әуе кемелерінің компоненттерін жөндеу.
      57. Азотты, оттегіні және қысылған ауаны жасап шығару және сату қызметі, баллондарды жөндеу, қоса алғанда:
      1) шикізат жасап шығару (азот, оттегі және қысылған ауа);
      2) баллондарға шикізат құю (азот, оттегі және қысылған ауа);
      3) баллондарды куәландыру.
      58. Жабдықтарды тексеру бойынша метеорологиялық қызмет көрсету, қоса алғанда:
      1) әуе кемелерінің өлшем құрал жабдықтарын тексеру;
      2) тексеріс үшін жабдықтармен қамтамасыз ету.
      59. Әуе кемелерін сүйемелдеу, қоса алғанда:
      1) персоналды беру;
      2) рульдеу кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін рулежді жолдан тұраққа дейін байланыс құралдарымен жабдықталған арнайы машина ұсыну.
      60. Әуежай алаңында орналасқан басқа ұйымдардың жел аяғын тазалау, қоса алғанда:
      1) персоналды беру;
      2) қызмет көрсету үшін техникалық жабдықтар беру.
      61. Әуежайдың инфрақұрылымдық объектілерін пайдалану, нақты әуежай кешенінің шегінде - әуе кемесіне перронда технологиялық қызмет көрсетуге сәйкес ұсынған қызмет, қоса алғанда:
      1) жолаушыларды әуе кемесінен/әуе кемесіне шығару немесе отырғызу үшін перронды техникалық құралдарға ұсыну;
      2) жолаушыларды әуе кемесіне/әуе кемесінен әуежайға жеткізу үшін перронды көлік құралына беру;
      3) Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету үшін перронды арнайы техникалық және көлік құралдарына беру.
      62. Тікұшақты авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету әуеайлақтан тыс жерде ұшу-қону кезінде ұсынылады, қоса алғанда:
      1) авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету кешенді ұсынылады.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет