"Әулеттің ақынға әсері"
Қиарстанова Нұрай Х-201
Мазмұны - Зере әжесі мен Абай арасындағы рухани жақындастык.
- Ұлжан ананың шыққан тегі және оның Абайға әсері.
- Абай айналасындағы текті аналар тағылымы.
- Құнанбай мен Абай.
- Құнанбай тәрбиесінің Абайға ықпалы.
Мақсаты - Абайға әсер еткен өз әулетін таныту.
- Зере әжесі мен Ұлжанның рухани тәрбиесін ашып көрсету.
- Құнанбай мен Абай, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты көрсету.
- Абайдың өмірдегі ұстазы әке – Құнанбай.
Кіріспе - Әр-бір қаламгерді әдеби ортасынан жеке-дара алып қарау, тану мүмкін емес. Ақын, немесе жазушы өз ортасында өсіп, шыңдалып қана қоймай, біте қайнасып, сол қауымның бір бөлшегіне айналады. Рухани дүниесі толысқан шақтан бастап айналасына ықпалды болған тұлғалар өз әдеби ортасын қалыптастырады. Демек, белгілі бір әдебиет өкілінің шығармашылық өсуіне ықпал ететін үрдістер және сол тұлғаның кемеліне келгеннен кейін өз айналасына, кейінгі буынға әсері деген мәселелер әдеби орта ұғымын тудырады. Қазақ әдебиетінің дара тұлғасы А.Құнанбайұлының әдеби ортасын анықтап, ғылыми айналымға түсіру - бүгінгі абайтану ғылымының көкейкесті мәселесі.
«Әулеттің ақынға әсері» Жас Абайдың рухани жетіліп өсуіне өз әкесі – Құнанбай, анасы – Ұлжан, Зере әже, қаладан оқыған Халиолланың ықпалы зор. Есейіп, ақылы толысқан шағына дейін Абай өз ауылының, көршілес елдердің ең танымал деген ақыны мен жырауынан, биі мен шешенінен сөз маржандарын сүзді, халықтың бай ауыз әдебиетін бойына сіңірді. Зере әжесі Зере атанған Тоқбала келін болып түскеннен кейін өзінің ақыл-парасаты арқасында “Ел анасына” айналған. Романда құлағы естімейтін, мейірімді, бір қарағанда сонша қорғансыз көрінетін кейуанаға Құнанбайдың өзі алдын кес-кестей алмайды. Ел аузында сақталған өлеңде: “Айтқанда ардақты ана –Тоқбаланы, азулы Құнанбайда тоқталады ”,-деп жырға қосқан. Әжесі Зере мен Абайдың қарым-қатынасы Зере немерелерінің ішінде ИбраҺимді алабөтен жақсы көрген. Абайды қойнына алып жатқызып, еркелете-еркіндете өсірген. Немересіне Абай деген аяулы ат қойған. Бала Абайдың ішсем, жесем, ұйықтасам деп емес, білсем, көрсем, үйренсем деген жан құмарын оятқан жан – Зере әжесі. Анасы Ұлжан мен Абай Ұлжан - Абайдың ақ сүт беріп өсірген анасы, Абайдың ақын болуына тікелей әсер еткен жан. Ұлжан өте сабырлы, кең мінезді, сөзге ұста, тапқыр, шешен кісі болған. Абай анасының осындай асыл қасиеттерін жастайынан боцына сіңіріп өскен. Анасы еркелетін Абайды Телғара деп атаған. Абай айналасындағы текті аналар тағлымы - Тек қана өз аналары ғана емес, жалпы Абайға дейін де, оның заманында да Тобықты елінде сөзге шешен ел аналары көп болғанннан.
- Айдостың әйелі – Айпара.
- Тайсоймастың қызы – Сары апа.
- Асыл сөздері кейінгі ұрпаққа там-тұм болсада жеткен Дала аналары арысы Айпарадан бастап, Зере, Ұлжан, Сары апа, Тайбала, Ботантай аналарымыздың Абайдай ұлының тәрбесіндегі орны бөлек.
Құнанбай қажы Құнанбай Өскенбайұлы – би, аға, сұлтан, Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Құнанбай – білім ,оқу ісіне ерекше көңіл бөлген. Қазақ балаларын оқытатын, мектеп – медреселер ашты. Құнанбайдың ақынддығенмен қоса тағы бір ерекше қасиетті сәуегелігі, көпіркелдігі. Құнанбай мен Абай Құнанбайдың балаларын ішінде екі баласына Халлиолла мен Абайға үлкен үміт артады. Абайды қасында ұстауға тырысып, Семейде аз жыл оқытып, ел басқару мақсатында ауылға алдырған. Тумай жатып түсіне аян болып кірген ИбраҺим – Абайға ықыласы ерекше, сенімі зор еді. а Құнанабай – Абайдың өмір мектебінде ақылшы ұзтазы болған. Пайдаланылған әдебиеттер - https://kk.wikipedia.org/
- https://esimder.pushkinlibrary.kz/
- https://kopilkaurokov.ru/
Достарыңызбен бөлісу: |