iii
Cөз басы
Өтпелі экономикалық елдер үшін экологиялық қызметтің нəтижелілігі
туралы Шолуларға
(ЭҚНШ) қоршаған ортаны қорғау министрлері “Еуропаға арналған үшін қоршаған орта" екінші
Конференциясында ұйытқы болды, ол 1993 жылы Люцернде (Швейцария) өтті.
Соның
нəтижесінде БҰҰ ЕЭК экологиялық саясат жөніндегі Комитеті ЭҚНШ-ны өзінің тұрақты
бағдарламасының бөлігі жасау туралы шешім қабылдады. Шолулардың бірінші циклы 1994 жылы
басталды жəне ол 2004 жылға дейін БҰҰ ЕЭК аймағындағы 24 елде жүргізілді.
2003 жылы "Еуропа үшін Қоршаған Орта" бесінші Конференциясында (Киев) министрлер ЭҚНШ-
бағдарламасын қолдау туралы өз пікірлерін растады жəне шолулардың екінші циклын өткізу
арқылы бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыру жөнінде қаулы шығарды. Осы қолдау
тағы да
"Еуропаға арналған Қоршаған Орта" алтыншы конференциясында (Белград, 2007 жыл) тағы да өз
жалғасын тапты. ЭҚНШ бағдарламасы өтпелі экономикалы елдер үшін маңызды құрал болып
саналады. Осы екінші циклдың аясында бірінші шолу жүргізілген уақыттан бері қол жеткен
прогресстің қорытындысы қатар шығарылады жəне оны жүзеге асыруға,
интеграциялауға,
қаржыландыруға, қоршаған ортамен əлеуметтік-экономикалық өзара ықпалдастық жүргізуге
ерекше назар аударылады.
ЭҚНШ-ны сараптық зерделеу мен алқалы қарау да сондай-ақ БҰҰ ЕЭК мүше-елдері арасындағы
диалогқа жəне бүкіл аймақ бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайлар мен саясатты
үйлестіруге септігін тигізеді. Ерікті іс-шара болып табылатын ЭҚНШ тиісті елдің өтініші бойынша
ғана жүзеге асырылады.
Зерттеулерді аймақтағы халықаралық сарапшылар тобы, шолу жүргізілетін
елдің ұлттық
сарапшыларымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады. Топтар сондай-ақ Біріккен Ұлттар
Ұйымының Даму бағдарламасын қоса атағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің
басқа да
органдарымен, экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымымен тығыз ынтымақтастықта
алынған нəтижелерді пайдаланады.
Осы Есеп БҰҰ ЕЭК жариялайтын Қазақстандағы екінші ЭҚНШ болып табылады. Есепте 2000
жылы ел туралы жүргізілген бірінші шолудан бергі уақытта қоршаған ортаны басқаруда Қазақстан
қол жеткізген прогресстің қорытындылары шығырылады. Ол бірінші шолудың ұсыныстарының
орындалуына баға
береді (I қосымша). Есеп
сондай-ақ саясат əзірлеуге, жоспарлау мен жүзеге
асыруға қатысты Қазақстан үшін маңызды тоғыз мəселені; қоршаған ортаны қорғау саласындағы
саясат
пен жобаларды қаржыландыруды; сондай-ақ экологиялық пайымдарды экономика
секторына, атап айтқанда энергетикаға, минералды ресурстарды өңдеуге жəне су
ресурстарын
басқаруға интеграциялауды қамтиды. Есеп əсіресе, тұрақты дамуды көтермелеуге ерекше назар
аударады, өйткені Қазақстан мұны басым мəселе деп есептейді.
Мен, осы Екінші Шолудың саясат жасаушылар мен азаматтық қоғамның өкілдері үшін, олардың
табиғат пайдалануды басқаруды жетілдіру жəне Қазақстандағы тұрақты дамуды одан əрі
көтермелеу жөніндегі күш-жігерлеріне пайдалы жəрдем
болатынына, сараптық зерделеу мен
алқалы қарау үдерісінен алынған сабақтардың да сондай-ақ БҰҰ ЕЭК өңіріндегі басқа елдерге де
көмектесетініне сенім артамын.
Марек Белька
Атқарушы хатшы
Еуропалық экономикалық комиссия