Excel дегі формулалар мен функциялар


Cандың процентін есептеу формуласы төмендегіше орындалады



бет2/5
Дата27.10.2023
өлшемі43.58 Kb.
#481690
1   2   3   4   5
Excel

Cандың процентін есептеу формуласы төмендегіше орындалады .
1.2-сурет

Бетте орындалатын есептеулерден ең көп таралғандарынан бірі-ұяшықтар ауқымдарын қосу болып табылады. Ұяшықтар ауқымын ағымдағы қосу (+) амалдағыштарымен бөлінген барлық ұяшықтардың мекен жайларын қамтитын өрнек жасап қосуға болады.
Дәл осындай нәтиже алудың оңайырақ тәсілі – «ҚОСЫНДЫ» жетесін пайдалану.
Excel бағдарламасында ұяшықтар ауқымының жалпы қосындысын есептеп шығаруға мүмкіндік беретін «ҚОСЫНДЫ» жетесін жылдам шығаруға арналған Өзқосынды  (Автосумма) батырмасы бар.
Бір жолдың бойында немесе бір бағанада орналасқан ұяшықтар қосындысын есептеу үшін , ұяшықтардың барлығын бөлектеп алыңыз да , Стандартты құралдар үстеліндегі  Автосумма батырмасын басыңыз.
батырмасы тек ұяшықтардың қосындысын есептеуге ғана емес , олардың ішінде орташа арифметикалық , ең кіші және ең үлкен мәндерін және т.б. табуға мүмкіндік береді. (1.2 сурет).
Ұяшықтардың қосындысын есептеу үшін:

  1. Қосындысын шығару қажет ұяшықтардың барлығын бөлектеп алыңыз.

2.Стандартты құралдар үстеліндегі  батырмасын басыңыз.
3. Нәтижесі осы жолдағы немесе бағанадағы ең жақын тұрған бос ұяшықта
жазылады. (1.3 – сурет).

Басқа амалдарды таңдау үшін:

  1. Амал жүргізілетін ұяшықтардың барлығын бөлектеп алыңыз.

  2. Стандартты құралдар үстеліндегі  батырмасының тұсындағы таңбашасын шертіңіз. 

  3. Қажет амалды таңдаңыз.

  4. Нәтижесі ең жақын тұрған бос ұяшықта орналасады


1.4-сурет
Формулаларда ұяшықтар атауы тек латын әріптері арқылы берілуі шарт.
Excel бағдарламасында формулаларды өңдеуге болады. Мысалы, өрнектегі қатені түзету үшін формуланы шертіп, формулалар жолағында түзетулер енгізу керек.
Ұяшыққа кірітілетін формулаларда төмендегі элементтер бөлуі мүмкін:

  • Арифметикалық амалдар , мысалы + (қосу), *(көбейту).

  • Ұяшық немесе аудан адресі немесе олардың аты.

  • Сандар

  • Жұмыс кестесі функциялары, мысалы , СУММ.

Егер бір ұяшыққа формула кірітілген болса , бұл формула бойынша
есептелген өрнек сол ұяшықта пайда болады.
Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен жазылады. Операторлар дегеніміз – іс-әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілер . Көбейту, бөлу, қосу, азайту операторлары , яғни әртүрлі амалдарды орындау шартты белгілеулер түрінде өте қысқа болып жазылады. Excel электорндық кестесінде мұндай операторлардың бірнеше түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет