Ғ А Р Ы Ш
(араб.-кеңістік, космос) – ғаламның
астрономиялық анықтамасының синонимі. Кейде
ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы
енбей қалады. Ғарыш жер төңірегіндегі кеңістікті
қамтитын жақын ғарыш және жұлдыздар мен
галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс
ғарыш болып ажыратылады.
ҒА РЫШ КЕР, КОСМОНАВТ
(грек. kosmos –
ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі) – ғарышқа ұшу
кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі
оны
пайдаланатын
адам;
адамның
ғарышқа
ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.
ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ
-
ғарыштық ұшу аппараттарын
құрастыру, дайындау, олардың ұшуын жүзеге асыруды
қамтамасыз ететін, инженерлік қондырғылармен және
радиотехникалық заттармен жабдықталған кешен, аумақ.
ҒАРЫШ
АЛАҢЫ
космодром
—
ғарыштық
аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға және ұшыруға
арналған
ғимараттар
мен
техникалық
құралдар
орналасқан жер.
60 ЖЫЛДА 5 МЫҢ
ЗЫМЫРАН ҰШЫРЫЛДЫ
ЖЫЛЫНА 20-25 РЕТ
ЗЫМЫРАН ҰШЫРЫЛАДЫ
60 ЖЫЛ ІШІНДЕ ҒАРЫШҚА
150 АДАМ ҰШТЫ
Байқоңырда
1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан
асқан Лайканы «Спутник- 2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып
жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң
Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан
өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын
күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық
уақыт өмір сүруі керек болатын.
ЛАЙКА
— ҒАРЫШҚА САПАР ШЕККЕН ӘЛЕМДЕГІ ТҰҢҒЫШ
ТІРШІЛІК ИЕСІ.
ЮРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ ГАГАРИН
ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕР
1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр
ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол
Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге
қайта қонды.
ӘУБӘКІРОВ ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕР ҰШҚЫШЫ
1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол
өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары
және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді.
Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу
процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына
таралуының ғарыштық суреттері алынды.1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды.
Тоқтар Әубәкіров – әлемнің 256-шы ғарышкері
МҰСАБАЕВ ТАЛҒАТ АМАНГЕЛДІҰЛЫ
ҒАРЫШКЕР
Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран кітапты, туған жердің бір уыс
топырағын, көк байрақты ала ұшқан. 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда
(Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген. 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда
(Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде
бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа
шыққанны жазылып алынған. 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-
32) 8 күн ғарышта өткізген.
Талғат Мұсабаев – әлемнің 309-шы ғарышкері
АЙДЫН АҚАНҰЛЫ АЙЫМБЕТОВ
ҒАРЫШКЕР
2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған
«Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш
станциясынан
Халықаралық
ғарыш
станциясына
аттанды.
Айдын
Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын.
Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент
Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.
Айдын Айымбетов – әлемнің 545-ші ғарышкері
1. Егер Сатурн ғаламшарын өте үлкен бір суға салса, ол жүзіп жүрер еді.
Себебі, оның тығыздығы судың тығыздығынан аз.
2. Нейтронды жұлдыз материалынан жасалған шәй қасықтың салмағы жер
бетінде 112 миллион тоннаны құрайды екен.
3. Юпитердің салмағы Күн жүйесіндегі барлық ғаламшарлардың салмағын
қосқандағыдан көп.
4. Жердің тартылыс күші адамның омыртқасын басып, сығып тұрады,
сондықтан ғарышқа ұшқан ғарышкердің бойы шамамен 5,08 см-ге
ұзарады.
5. Жердің салмағы тұрақты емес. Ғалымдардың анықтауынша, жыл сайын
Жер өзіне 40 160 тонна салмақ қосып, 96 600 тоннасынан айырылады.
Яғни, сонда Жер жылына шамамен 56,5 тоннаға жеңілдеп келеді.
6. Шолпан – Күнді сағат жүрісіне қарама-қарсы бағытта айналатын жалғыз
ғаламшар. Бұған бірнеше жорамал бар. Соның бірі, ғалымдардың
пікірінше, бұрын Шолпанның бетіне ірі астероидтар соқтығысып, оны
кейін қарай айналдырып жіберген.
ҒАРЫШ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР:
Достарыңызбен бөлісу: |