Факультет: Экономика және бизнес жоғары мектебі Мамандығы: Мемлекеттік және жергілікті басқару



Дата24.11.2022
өлшемі26.17 Kb.
#465703
реферат Спз


Факультет: Экономика және бизнес жоғары мектебі
Мамандығы: Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тақырыбы «Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақ түркілері»

Жазған: Абдулла Аяулым Бакытқызы

Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған. 1-ші ғасырдағы Жібек Жолы, Қытайдан Жерорта теңізіне дейін. Таяудағы кездің өзінде жібектің ойлап табылуы және онымен сауда жасау б. з. б. I мыңжылдық кезіне жатады деп саналып келген еді. Алайда Тайху көліне жақын жерде, Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдік пен тота тапты. Матаның мезгілі — б. з. б. 2750 100 жж. Отан жасалғтан талдау сол кезге қарай-ақ, яғни осыдан бес мың жылдай бұрын жібек тоқу қарапайым сатыдан шықанын дәлелдейді. Б. з. б. VI — V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, соның ішінде Батысқа да шығарыла бастаған. Алтайдаты Пазырық «патшалық» обаларының б. з. б. V ғасырдағы деп саналатын біреуін қазған кезде феникс кестеленген жібек көрпе табылды. Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б. з. б. VI—V ғасырлардаты қабірлерден жүннен жасалтан бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар шықты. Қымбат тұратын жібектердің таралуына сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары қатысқан, сол кездегі ғажайып тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізі өңіріне солар арқылы жеткен. Алайда VI—IV ғасырлардағы Жібек жолы туралы айтуға бола қоймас, қымбат тауарлар дала өңірі арқылы жеткізілген, ол 40-параллель маңынан өткен және Хуанхэ өзенінің үлкен иіндерінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан мен Қара теңіз өңірі далаларын кесіп өткен де, гректер мен этрускілер жеріне жеткен деп шамалау дұрысырақ болады. Жібек Үндістанға сол кезде барған, «сина патто» — «кытай жібегі» деген сөз дәлелдейді. Б. з. б. I ғасырдың ортасында ғана «Жібек жолы» тұрақты дипломатиялық және сауда жолы ретінде пайдаланыла бастайды. Ал бәрі 138 жылы, император Уди Батыстың беймәлім елдеріне жіберген Чжан-Цзянға ерген елші керуені Хань астанасынан шыққан кезде басталтан еді. Чжан-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол қазіргі Ауғанстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға бірінші болып тура жолмен жүріп өтті. Осының ізінше Батысқа — жібек артқан керуендер аттанып, ал Қытайта Жерорта теңізі жағасынан, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар әкеліне бастады. Көп кешікпей халықаралық сауда Орта Азиядаты Зеравшан және Қашқадария аңғарларында орналасқан ел — Соғдыдан шыққан саудагерлердің қолына көшті. Соғдылардың Шығыс Түркістандағы «Тохарлық» қалаларда және Қытайдың Ланчжоу, Дунхуан, Чаньан сияқты қалаларында сауда колониялары болды. Мысалы, Дунхуанда мыңға тарта соғдылар тұрған. Соғдылар Жапонияға өткен, жібек жолы жапондықтардың ертедегі астанасы Нараға жетіп аяқталған. Осындағы бір ғибадатханада соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы. Қазақстанның батысын Қиыр Шығыспен, Амур бойымен керуен жолдары байланыстырып жатты. «Бұлғын жолы» дейтін жол белгілі, ол арқылы Византияның, Иранның, Түрік қағанаттары мен соғды князьдіктерінің Бохай мемлекеттерімен және Жапониямен байланыстары жүзеге асырылған. VI ғасырда «Бұлғын жолының» теңіздегі бөлігі «Жапонияға баратын жол» деп аталған. II - V ғасырларда Жібек жолы, егер Шығыстан бастасақ, Чаньаннан басталып, Ланчжоу ауданында Хуанхэ арқылы өтетін өткелге, одан әрі Нань-Шанның солтүстік сілемдерін жағалап, Ұлы Қытай қорғанының батыс шеті мен «Яшма қақпалары бекетіне» беттеген. Осы арада бір жол айырылып, Такла-Макан шөлінің солтүстігі мен оңтүстігін жағалап кеткен. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо жазиралары арқылы Іле өзенінің аңғарына; ортаңғы жол Чаочаннан Қашкарға, Аксуға және Бедел асуы арқылы Ыстыккөлдің оңтүстік жағасына; оңтүстік жол Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне шыққан, бұл — «оңтүстік жел» деп аталатын жол; «солтүстік жол» Қашғардан Ферғанаға және одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға барған. VI—VII ғасырларда, Ферғана арқылы өтетін бұрынғы жол төте және қолайлы болғанымен, Қытайдан батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол мейлінше жандана түседі. Жолдың ауыстырылуын мынадай себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда түрік қағандарының ордалары болды, Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын солар бақылап отырды. Екіншіден, Ферғана арқылы өтетін жол өзара қырқыс салдарынан VII ғасырда қауіпті болды. Үшіншіден, түріктердін бай қағандары мен олардың төңірегіндегілер теңіздің арғы жағының тауарларын ірі мөлшерде тұтынушылар .Орта ғасырлардың бас кезінде Азияда дүниенің кең-байтақ аймақтары мен елдерді бейнелеген төрт патшалық тұжырымдамасы кеңінен таралды. Бұл «дүние патшалықтарының» әрқайсысы замандастарының көзіне тек өзіне ғана тән артықшылықтарымен көрінді. Суй (589—618), ал содан соң Тан (618—907) әулеттерінің билігімен біріккен Қытай, орталығы Гангадағы Канауджа қаласында болған үнді билеушілерінің патшалығы, Тынық мұхиттан Қара теңізге дейінгі түріктер бірлестігі, Персия мен Византия сияқты құдіретті мемлекеттердің құрылуы әлемнің төрт жағында орналасқан дүниежүзілік төрт монархия: оңтүстіктегі пілдер патшасының (Үндістан), батыстағы асыл заттар патшасының (Иран мен Византия), солтүстіктегі сайгүліктер патшасының (Түрік қағанаттары), шығыстаты адамдар патшасының (Қытай) империялары идеясының негізі болды. Нақ сол идея мұсылман авторларына да ауысты: пілдер патшасы, сонымен бірге үнді философиясы мен ғылымының дамуымен даналық патшасы, адамдар патшасы — мемлекеттік басқару және атақты қытай өнертабыстары себепті өнеркәсіп патшасы деп те аталды; сайгүліктер патшасы жыртқыш аңдар патшасы делінді; ал батыс екі патшалықка бөлінді: олардың біреуі (аңдар патшасы) Персияның, содан сон арабтардың патшасы, екіншісі (ерлер патшасы) халқының көріктілігі себепті Византияның патшасы болды. Бұл тұжырымдаманың көрінісі Самарқанға жақын жердегі Кушан қонысындағы үйдің қабырталарына салынтан әшекей суреттер болып табылады; онда біреуінде — қытай императорлары, екіншісінде — түрік хандары мен үнді брахмандары, үшіншісінде парсы патшалары мен рим императорлары бейнеленген. Әрбір халықтын бір нәрсесімен атақты да даңкты екенін ақындар былайша суреттейді: Біліп қойғын, арабтардан өленде ешкім озбайды, Ал ежелгі гректердің ұлдарына көрінсең, Емдомымен жан-дүниенді козғайды. Сауық-сайран үнділердің мекені, Есеп-қисап, ән-әуенде Римнен кім өтеді, Сурет салса Қытай өзар өрнегімен, әрімен, Ал жалғанда хас шебері Бағдаттың Қашан да артық бәрінен. Талас аңғарындағы Жамукат деп саналатын Қостөбе қала жұртынан аршылған VIII — IX ғасырлардағы ғибадатхана қабырғаларының қалың сылақ қабатының оймыштап безендірілуін нақ осымен түсіндіруге болады. Қабырғалық беттерге піскен жемістер шоғы, салбырап тұрған жүзім сабақтары, қызғалдақтар, жапырақтар, пальметталар, ромб белдеулері, меандрлардың көмкермелері, өсімдік бумалары бейнеленген. Оймыш- тау сарындарында, өрнектердің жеке элементтерінде, стильде Афрасиаб пен Варахша, сондай-ақ Саммара мен Фустат сарайларының қабырғалары сәнделген оймыштарға мейлінше жақын ұқсастық бар. Мұның өзі Бағдат шеберлері талғамдары мен халифат астанасының астаналық стиль сәнінің қалалық мұсылман ойкуменінің шетін қамтып, Жібек жолымен қалай таралғанын айқын көрсетеді. Сол бір алыста қалған оқиғалардың замандастары болған түрлі елдердің авторлары белгілі бір мемлекеттердің неден табысқа жеткені туралы ғана емес, қайта өз халқының өзгелер мәдениеттерінің қазыналарын қалай менгергені туралы жазған, бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің нақты бір түрінің негізгі мазмұны да, міне осында болтан еді. Езілгендер мен кедейлерге жанашырлық білдіруді уағыздап, рақымсыздықты, дүние қоңыздықпен екіжүзділікті әшкерелеген, парсының атақты сопы- ақыны Жалалидцин Румидің (1207—1273) сөздері мәдениеттердің өзара әсері, өзара ұстамдылық пафосынатолы». Руми былай депжазган: «Түрік пен үндінің ортақтіл табысуы қандай жиі кездеседі. Екі түріктің жат - жандар сияқты болуы да сондай жиі кездеседі. Демек, ынтымақтылық тілі — мүлде басқа мәселе: тіл ортақтығынан, ынтымақ ортақтығы қымбат». Сондықтан Конье қаласында қайтыс болтан «жүрек дінін» жырлаушыны соңғы сапарға мұсылмандардың, христиандардың, иудейлердің, буддистердің шығарып салтаны тегін емес. Қолданбалы өнерде, сәулет өнерінде, қабырғалардағы кескіндемеде тауарлардың, мәдени үлгілер мен өлшемдердің Шығыс және Батыс елдеріне таралуымен қатар музыка мен би өнері, қызықты ойын-сауықтар, орта ғасырлардаты өзінше бір «эстрада» өріс алды. Қызықты ойын- сауықтар, музыканттар мен бишілердің, жабайы аңдарды үйретушілердің, акробаттар мен сайқымазақтардың, фокусшы-сиқыршылардың өнер көрсетуі ерекше таралды. Бұл өнерге тілмаш керек болмады, кезбе труппалар үшін тіл кедергісі болған жоқ — «дене кимылдарымен түсінісетіндерді жұрттың бәрі бірдей ұтады», — деп жазды Эразм Роттердамский. Грек василевсіне де, Киев князіне де, Түрік қағанына да, қытай императорына да ұқсас нөмірлер көрсетілген. Сарай маңындағы қызметкерлер құрамы шетелдік оркестрлермен толықтырылып отырған. Олар «сарайдағы салтанатты рәсімдерде де, сарайдаты ресми емес салтанаттарда да» ойнаған. Мысалы, патшаның әнді құрмет тұтатын аксүйектерінің бірі Сюань-цзуньның 30 мың музыкант ұстағаны белгілі. Түрік қағанының Суябка жақын жердегі өз ордасында елшілер қабылдауының суреттелуі сақталған. «Қатан, - деп жазады осы рәсімді көзімен керген буддалық тауап етуші Суань-Цзян, — шарап қойып, музыка бастаута әмір берді... Осы уакыттың бәрінде жаңғырыққан металл әуені сүйемелдеген жатжерлік музыка қалықтап тұрды. Бұл тағылардың музыкасы болғанымен, ол да құлаққа жағып, жүрек пен ойды қуанышқа беледі». Тан Қытайында ең көп таралғаны Батыстың — Шығыс Түркістан мен Орта Азия қалаларының музыкасы болтаны мәлім. Кучаның, Қаштардың, Бұхара мен Самарқанның, Отырар мен Тараздың музыкалық дәстүрлері ресми қамқорлық арқылы қытайдың музыкасымен және музыкалықдәстүрімен үштасып кетті. Иран, соғды және түрік актерлері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көп үлес қосты. Барлық артистерден бишілер — жасөспірімдер мен қыздар мейлінше әйтілі болды. «Батыстың секіргіш билерін» әдетте Ташкенттен келген, иран үлтілі кең көйлек және төбесі сүйір, моншақпен әдіптелген биік бөрік киген балалар орындаған. Олар ұзын мата белбеу буынған, олардың ұштары би қимылдарын орындаған кезде желбіреп тұратын. «Шаш биін» алуан түсті кестемен әшекейленген торғын шапан киіп, күміс белдік буынған екі жас қыз орындаған. Олардың кигендері жеңдері тар көйлек пен кішкене алтын қоңыраулар тағылған төбесі сүйір бөрік, ал аяқтарында зерлі қызыл туфли киген. Биші қыздар «құйындай ұйтқыған Батыс қыздары» биін де орындады, онда алқызыл көйлектер мен жасыл шалбар, аяқтарына қызыл күдеріден тігілген етіктер киген соғды қыздары секіре қозғалып, шыр айналып, шар үстінде тұрып, қалықтап жүрді». Мысалы, Константинопольге Шығыс артистерінің «гастрольге» жиі шыгып жүргені мәлім. Мәселен, ақсүйектер қонакасында Византия императрицасы орыс княгинясы Ольганың көңілін сайқымазақтар мен эквилибристикашылар көтерген, ал салжүқ сұлтаны II Арсланның құрметіне I Мануил жасаған мерекеде түрік акробаты қатерлі сальто орындаған. Бетперде киіп те ойындар көрсетілген. Бұл дәстур мұсылман елдерінде неғұрлым кейінгі кезде де сақталған. Бағдатта Наурызды мейрамдау кезінде тіпті халифтің өзінің алдында да бетперде киіп ойын көрсетілгені мәлім. Жібек жолы бойындагы ескерткіштерді қазған кезде түрлі жерлерде музыка және театр мәдениеті саласындаты өзара байланыстың дамығанына көптеген материалдық айғақтар табылды. Бұлар — Тан заманының биші жігіттері мен қыздары, бетперде киген актерлер, түйе үстіне сыйып кететін музыкалық ансамбльдер бейнеленген терракоталар жиынтығы. Бұл артистер көпшілігінің бет әлпеті Орта Азия халықтарының өкілдерін көрсетеді. Пенджикенттің, Варахшаның, Афрасиабтың, Топырақ қаланың салтанат залдарында және Шығыс Түркістан қалаларында сақталған қабырға суреттерінде бетперде киген музыканттар, актерлер бейнеленген. Пенджикентте — биші қыздың ағаштан жасалған тамаша мүсіні, Сырдария бойындагы Кедер қаласын қазтан кезде X — XI ғасыр- лардағы артистің саздан жасалған бетпердесі табылды.[.Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.
Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды.
Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар саудаға түсетін.
Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы дамыды.
Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне қала әлемдік туризм орталығына айналды.
Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әр түрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, сауда қарым-қатынасын орнататын.
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан елдермен туристік халықаралық алмасулардың даму үрдісімен жағдайы Тәуелсіз мемлекеттер үшін туризмнің даму жолымен, жаңа сапамен әлемдік қоғамдастыққа енудің жаңа мүмкіндігі ашылды. Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халқына деген «Қазақстан - 2030» жолдауында туризмнің дамуы басым бағыттың біріндей, оның мақсаты табиғи мен тарихи-мәдени, мәдени және экономикалық міндеттерді шешудегі туристік үзілістік қорларды меңгерумен қатар мемлекеттің мәдени саясатында халықаралық қарым-қатынастарды тұрақтандыру делдалы болатын қабілеті бар геосаяси факторлардың бірі тәрізді туризм ерекшелігін ғаламдық құбылыс ретінде тану.
ДТҰ 1987 жылы өзінің Бас Асссамблеясында ұзақ мерзімді жоба бастауға шешім қабылдады, мақсаты - Ұлы Ж3бек жолында туризм тұжырымдамасын жылжыту. Халықаралық туризмнің дамуында ДТҰ, ЮНЕСКО мен БҰҰ «Жібек жолы - сөйлесу» трансконтиненталдық жобасының маңыздылығын ескере отыра Қазақстан Республикасының Елбасы жарлығымен «Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, сақтау және түркітілдес мемлекеттердің мәдени мұрасының сабақтас дамуы, туризмнің инфрақұрылымын құру» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілген, ал осы жобаны жүзеге асыру үшін «Қазақстан -Жібек жолы» ұлттық компаниясы құрылған.
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан елдер үшін бұл мәдени туристік алмасудың дамуының бірегей мүмкіндігі. Олармен мәдени туристік алмасуды оңтайландыру үшін Қазақстанның мүмкіндіктерін зерттей келе халықаралық мәдени туристік алмасуларды дамыту үшін Ұлы Жібек жолының рөлі мен мағынасын Қазақстанның мәдени саясатын дамытудағы мүмкіндіктерін зерттеу.
Саяхат туризм ретінде Қазақстан аймағында Ұлы Жібек жолының дамуымен қатар пайда болған. Ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолымен саудагерлер, дін таратушылар, географтар, басқыншылар саяхаттаған. Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығыс арасында маңызды байланыс мүше қызметін атқарған, соның арқасында мәдени құндылықтармен, өнермен, идеялармен, технологиялармен, діншілдіктермен адамдармен алмасу болған. Сауда мен мәдениет орталықтары – қалалар гүлденіп, шаруашылықтың барлық салалары дамыған.
Ғасырлар өте келе, Ұлы Жібек жолына деген қызығушылық күллі әлемнен келуші білім құмар келушілердің көп санының көңілін тартады. Сондықтан XXI ғасырдың болашағы зор жобаларының ішіндегі ең бастысы Ұл Жібек жолын жаңғырту бойынша халықаралық бағдарламасы өзінің тарихи және жалпы адамзат аумағымен ерекше орын алады.
1987 жылы ЮНЕСКО ның Ассамблея конференциясының 24 сессиясында Ұлы Жібек жолын зерттеу бойынша Халықаралық жоба мақұлданған. Бастама иелері Греция, Шри Ланка. Осыдан екі ірі бағдарлама жүзеге асырыла бастады: «Адамды қоршаған орта, Жермен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ». 1991 жылы ЮНЕСКО ның «Жібек жолы -диалог жолы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылған, кейіннен Ұлттық компанияға айналды.
1993 жылы Индонезияда өткен ДСБ ның Бас Ассамблеясында ұзақ мерзімді туристік жобаны жүзеге асыруды бастауға шешім қабылдаған, оның мақсаты: Ұлы Жібек жолындағы туризмнің ерекше тұжырымдамасын алға шығару, негізінде тұрақты даму қағидаларын бекітуге қолдау көрсететін жалпы адамзат құндылықтарын бекіту және дамыту. 1994 жылы ДСБ шеңберінде 19 қатысушы елдер «Ұлы Жібек жолындағы туризм бойынша Самарқан декларациясы» тарихи құжатты қабылдады. Бұл жобаның мақсаты Қытай мен Қазақстанның, Өзбекстан мен Қырғызстанның қалаларымен аймақтарын қосқан керуендер өтетін Ұлы Жібек жолын қайта іске қосу. Жобаны жүзеге асыруға ЮНЕСКО қосылып белсенді қатысушысына айналған маңызды сәттер орын алды. Сол мерзімнен өткен уақытта «Жібек жолының» дамып таралуына мақсат алған бір қатар маңызды бастамалар бет алды.
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан елдермен туристік халықаралық мәдени алмасудың даму үрдістері мен жағдайын ретроспективті талдау соңғы он жылдардағы көрсеткіші бойынша тәуелсіздікті алғаннан бері және шетел мемлекеттеріне еркін жүру мүмкіндігінің пайда болуымен байланысты халықаралық туристік алмасу мен Қазақстанның белсенділігі туризм саласында халықаралық жобаларды жүзеге асыру жоғары деңгейге көтерілді, сол есепте Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту бойынша халықаралық бағдарламалар бар. Бұл кезеңде жүріп – тұру туризміне қызмет ететін туристік фирмалардың саны осы кезеңде қарқынды өсуде.
Елден кетушілер туризміне қызмет көрсететін туристік фирмалардың саны осы кезеңде тым жоғары өсті. Егер 1991 жылға дейін туристік алмасумен үш ұйым айналысса («Туризммен саяхат бойынша Қазақ республикалық кеңесі», «Интурист», «Спутник БММТ»), 2009 жылы 1203 туристік фирмалармен 73 жеке кәсіпкерлер тіркелген. Елімізде 600 жүзден астам туристік агенттіктер бар, 80-нен астам шетелдік компаниялармен байланыс орнатылған. Республикамызда 1232 қонақ үй шаруашылығының кәсіпкерлері 2 278, 6 мың адамға 48 249,6 млн теңгеге қызмет көрсеткен. Туристік фирмалардың көптеген саны Алматы қаласында (690), Нұр - Сұлтанда (87), Қарағанды (76), Павлодарда (56), Шығыс Қазақстанда (48), Алматы облысында (43), Шымкент (37).
Халықаралық туризммен алмасудың әсіресе жылдам ырғақпен дамыған Польшамен, Қытаймен (алып сатарлық тур), Болгариямен (рекреациямен мәдени туризм). Қазақстанға деген туристік ағымды реттеуші елдер Ұлыбритания, Германия, Корея, АҚШ. Бұл ағымдардың айырмашылығы географиялық бағыты болумен қатар, мақсатты ұстаным деуге де болады. Келуші туризмде ерекше орын алатын жеке меншіктік және іскерлік келулер. Олар шет елге деген барлық саяхаттың 90 % құрайды.
Қазақстан шетелге жүздеген мың отандастарын жібере отыра келуші туризмді дамытпай, басқа мемлекеттердегі инфроқұрылыммен жаңа жұмыс орындарын құруды қаржыландырып қана қоймай, миллиондаган долларлардан айырылып төлем қорының дефицитін өсіреді.
ТМД мемлекеттерінде Ұлы Жібек жолының тарихи жол арналары өтетін маңыздылығымен мемлекет аралық туристік байланыстар күшейуде. Ұлы Жібек жолы өтетін ТМД елдерінің арасындағы туристік байланыстарды қайта жаңғыртумен дамыту, ел азаматтырының алдында халықтардың тарихымен мәдениет пен танысу мүмкіндіктерін, әлеуметтік – экономикалық ықпалдастықтағы тәжірибені өзара байытуға кең мүмкіндіктер береді.
Айта кететін жайт ТМД елдері туристік қызметтің әлемдік нарығында шағын ғана орынға ие. Олардың үлесінде әлемдік туристік ағымның 2 % ғана бар.
ТМД елдерінің экономикалық жүйелеріне тән ықпалдастырушы үрдістер құқықтық кеңістікті құрайды, сонымен қатар біріккен туристік кеңістік үшін, туристік нарық үшін жол ашады. Достастық елдерінің алдында тұратын бірінші кезектегі міндеттерінің бірі ТМД шеңберінде туристік әрекеттерді реттеудің заманауи нормативтік – құқықтық қорды қалыптастыру міндеті. Бұл міндетті шешудегі үлкен рөлді атқарған ТМД парлментаралық қатысушы мемлекеттер Ассамблеясы 1980 жылғы әлемдік туризм жайлы декларациясымен, 1989 жылғы туризм жайлы Гаагалық декларациясымен және өзге де осы саладағы халықаралық келісімдермен басшылық ете отыра, 1993 жылы 23 желтоқсандағы «Туризм саласындағы ықпалдастық жөніндегі» үкіметаралық келісімді ескере отыра мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаларының бірлігі ретінде Достастықтың барлық мемлекеттерімен біркелкі түсініп бөлісетін нағыз ұсынушы заңдылық актіні қабылдады».
Республикамыздағы туризм жағдайының жалпы суреті аймақтардағы туризм нарығының даму айналасында қалыптасқан. Олардың әр қайсысы қолда бар қорының негізінде жалпы айналаның түріне өз әсерін тигізеді. Қазіргі кезде Қазақстанмен бірқатар елдер арасындағы ықпалдастық жөнінде туризм саласындағы келісімшарттар бекітілген. Атап айтқанда Япониямен, Франциямен, Қытаймен, Сауд Арабиясымен, Словакиямен, Польшамен, Малайзиямен, Әзірбайжан, Монғолиямен. Туризм саласындағы ықпалдастық қазіргі кезде Қазақстанмен 26 мемлекетпен қойылған, оның ішінде Ресей, Литва, Үндістан, Украина, Филиппин және т.б.
Бұл халықаралық келісімдер Қазақстандағы туризмді дамытудың алғашқы салалық бағдарламасын жүзеге асырумен қатар халықаралық туристік алмасудың және жалпы туристік ағымды өсіруде жағымды рөлін атқару керек.
Туризм мемлекет пен қоғамның әрекет жүйесі ретінде ел ішінде және одан тыс Қазақстанның мәдени саясатының үздіксіз бөлшегі болып табылады. Туризм өз әрекетінің мақсаттары мен міндеттері бойынша мәдениет саласындағы әрекет ретінде, атап айтқанда мәдени құндылықтарды құру, жаңғырту, сақтау, дамыту, тарату мен қолдануға бағытталған, сонымен қатар оларға азаматтарды қосу мәдени саясатты жүзеге асырудың, Ұлы Жібек жолының елдері мен халықтарын Қазақстанның мәдениетімен таныстырудың ыңғайлы тәсілі. Туризмнің гуманитарлық мағынасы шығармашылық және мәдени әлеуетінің даму мүмкіндіктерін қолдануды білдіреді
Европалық комиссияның талдауы бойынша туристердің 60% саяхатта қызықтыратын негізгі зат мәдениет болып табылады. Басқа елдердегідей туризм Қазақстанда да ең басым сала. Біздің елдің геосаяси жағдайы мен қорлары ғылыми мақсат немесе іскерлік қызығушылықтары бар туристерді тартады. Қазақстандағы туристік саланы табысты дамыту үшін басты міндетті шешу қажет, ол туризмнің жағымды инфроқұрылымын реттеу. Бұл үрдіске қатысты: жолдарды жөндеу, заманға сай байланыс құралдарын енгізу, әуе желілерін кеңейту, сервистік қызмет көрсетуді жетілдіру, туристік обьектілерді қайта жаңарту және т.б.
ДТҰ мен ЮНЕСКО мәліметтері бойынша Ұлы Жібек жолы 2020 жылына дейін барлық әлемдегі саяхатшылардың үштен бір бөлігін қабылдап туристер үшін ең тартымды бағытқа айналады.
Бүгінде барлық кеңістіктерде жүздеген бағыттар өңделіп әрекет жасауда. Десекте әлемдегі ең тартымды және ең ұзақ жол – 12800 шақырым – Ұлы Жібек жолы. Бұл жол мыңдаған жылдар бойы жаһанданудың екі жақты өзені ретінде Батыс пен Шығысты байланыстырған. Өткен ғасырдың саудагерлері, миссионерлерімен географтарының саяхаттарына бүгінгі күні туристер де қосылуда. Ұлы Жібек жолының бағытын ұйымдастыруына қарай адамзаттың үлкен бөлшегі бүгінде әлемдік мұраға қол жеткізе алады, сонымен қатар географиялық шеңбермен шектелмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет