«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата16.06.2016
өлшемі100.85 Kb.
#138581




Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

201_ жылғы «___» ________

№ _______ бұйрығымен бекітілген





«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicensc.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікті беру кезінде -5 (бес) жұмыс күні ішінде;

куәліктің телнұсқасын беру кезінде - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты -15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), куәліктің телнұсқасы, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымы төленеді, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:

1) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін - 14 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшері негізге алына отырып;

2) ғарыш объектілерінің және оларға құқықтардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін - 3,5 АЕК құрайды.

Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, олар төлемнің көлемі мен күнін растайтын түбіртек немесе төлемдік тапсырма береді.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, тіркеу алымын төлеу «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮТШ) жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2) порталда - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден басқа).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

Көрсетілетін қызметті берушіге:

1) куәлікті алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;

ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;

2) куәліктің телнұсқасын алу үшін (жоғалған жағдайда):

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстырып тексеру түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;

куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.

Порталға:

1) куәлікті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;

ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын электрондық құжат;

2) куәліктің телнұсқасын алу үшін:

Куәлік жоғалған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетте» куәліктің электрондық көшірмесін алу мүмкіндігі бар.

Порталдағы «жеке кабинеті» болмаған жағдайда куәлік жоғалған кезде көрсетілетін қызметті алушы куәліктің телнұсқасын ала алады және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;

куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын электрондық құжат.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын көрсетілетін қызметті берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, көрсетілетін қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, тіркеу алымын ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төлеу туралы, ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық деректер нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға:

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде күні және уақыты, құжаттар қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетілген тізімдеменің көшірмесі;

2) порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау  салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

10. Мыналар:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;

4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, 349-кабинет мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жіберіледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде, не жұмыс күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген демалыс және мерекелік күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, түскен шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) және талон беру болып табылады.

Шағымда:


1) жеке тұлғаның - тегі, аты, әкесінің аты, пошталық индексі;

2) заңды тұлғаның - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефон нөмірі бойынша алуға болады.

Электрондық өтінішті жолдағаннан кейін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.kazcosmos.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің телефоны: 8 (717 2) 74-25-82, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: (1414).


«Ғарыш объектілері және 
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша       
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті


Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
___________________________________________________________ негізінде
                 (құқық белгілейтін құжат атауы)
_____________________________________________________________ тиесілі
(мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның тіркелген орны)
________________________ ғарыш объектісін және оған ________________
(ғарыш объектісін және
құқығын* ________________________ ғарыш объектілерінің тіркелімінде
       оның жалпы мақсатын белгілеу)
тіркеуді сұраймыз.

Ғарыш объектісін ұшыру (жорамалданатын ұшыру) өткізу орны мен


күні:
«__» _________________                      _________________________
____________________________________________________________________
      Орбитаның негізгі өлшемдері: апогей, км _______ перигей, км
____ айналу бұрышы, град._________ айналу кезеңі, сек._______________
      Қосымша мәліметтер: ___________________________________________
____________________________________________________________________
      Өтінішке мына құжаттарды қоса беремін: ________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________  _____________ ____________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы)      (қолы)      (Т.А.Ә.)
М.О.
20__ ж. «__»_____________

Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына


тиесілі ғарыш объектісі үшін толтырылады
«Ғарыш объектілері және 
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша       
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті



Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
телнұсқасын алуға өтініш
___________________________________________________ ғарыш объектісіне
(ғарыш объектісінің мақсаты және оның жалпы мақсаты)

Ғарыш объектісінің 20__ж. «__» ___________ № __________ мемлекеттік


      Телнұсқаға сұрау салудың себебі:_______________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:______________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (өтініште көрсетілген деректерді растайтын құжаттар)
_________________________________      _____________   ______________
(мемлекеттік көрсетілетін алушы)          (қолы)          (Т.А.Ә.)
М.О.
20__ж.«__» _____________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет