Ғарышкерлiкке кандидаттың, ғарышкердiң жыл сайынғы профилактикалық тексерiлуiн, медициналық және санаторийлiк-курорттық емделуiн қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі28.53 Kb.
#9387
Ғарышкерлiкке кандидаттың, ғарышкердiң жыл сайынғы профилактикалық тексерiлуiн, медициналық және санаторийлiк-курорттық емделуiн қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 Қаулысы



      "Ғарыш қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Ғарышкерлiкке кандидаттың, ғарышкердiң жыл сайынғы профилактикалық тексерiлуiн, медициналық және санаторийлiк-курорттық емделуiн қамтамасыз ету қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 


Yкiметiнiң     
2012 жылғы 8 мамырдағы
№ 596 қаулысымен   
бекiтiлген   

Ғарышкерлiкке кандидаттың, ғарышкердiң жыл сайынғы
профилактикалық тексерiлуiн, медициналық және санаторийлiк-курорттық емделуiн қамтамасыз ету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғарышкерлiкке кандидаттың, ғарышкердiң жыл сайынғы профилактикалық тексерiлуiн, медициналық және санаторийлiк-курорттық емделуiн қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Ғарыш қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрленген және ғарышкерлiкке кандидаттың, ғарышкердiң Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған жағдайда, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жыл сайынғы профилактикалық тексерiлуiн, медициналық және санаторийлiк-курорттық емделуiн қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.


      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасының ғарышкерлiгiне кандидат (бұдан әрi – ғарышкерлiкке кандидат) – алдын ала iрiктеуден өткен және ғарышкер бiлiктiлiгiн алу үшiн даярлыққа жiберiлген Қазақстан Республикасының азаматы;
      2) Қазақстан Республикасының ғарышкерi (бұдан әрi – ғарышкер) – даярлықтан өткен, ғарышкер (сынаушы ғарышкер, зерттеушi ғарышкер, нұсқаушы ғарышкер) бiлiктiлiгiнiң және ғарышкер мәртебесiнiң берiлгенi туралы құжаттар алған Қазақстан Республикасының азаматы;
      3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi – Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетiлетiн медициналық көмектiң медициналық қызметтер тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын бiрыңғай көлемi.

2. Жыл сайынғы профилактикалық тексерiлулердi және медициналық
қызмет көрсетудi қамтамасыз ету тәртiбi

      3. Ғарышкерлiкке кандидаттың, ғарышкердiң және олардың отбасы мүшелерiнiң жыл сайынғы профилактикалық тексерiлуiн Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiнiң медициналық ұйымдарында (бұдан әрi – медициналық ұйымдар) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде жүзеге асырылады.


      4. Жыл сайын 15 қаңтарға ғарыш қызметi саласындағы уәкiлеттi орган ғарышкерлiкке кандидатқа, ғарышкерге медициналық ұйымдарда жыл сайынғы профилактикалық тексерiлуден өту мүмкiндiгi туралы хабарлама жiбередi.
      5. Ғарышкерлiкке кандидатқа, ғарышкерге және олардың отбасы мүшелерiне медициналық қызмет көрсету медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.
      6. Медициналық көмек ғарышкерлiкке кандидатқа, ғарышкерге және олардың отбасы мүшелерiне тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде денсаулық сақтау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес көрсетiледi.
      7. Науқасты Қазақстан Республикасының стационарлық көмек көрсететiн көп бейiндi денсаулық сақтау ұйымдарына, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның қарамағындағы республикалық ұйымдарға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшiн ауыстыру қажеттiлiгi туындаған жағдайда, мұндай ауыстыру заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Санаторийлiк-курорттық емделудi қамтамасыз ету тәртiбi

      8. Туа бiткен және жүре пайда болған аурулардан, сондай-ақ жiтi, созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарынан зардап шегетiн ғарышкерлiкке кандидат, ғарышкер және олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 15 қарашадағы № 1342 қаулысымен бекiтiлген Қалпына келтiру емi және медициналық оңалту, оның iшiнде балаларды медициналық оңалту қағидаларына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде қалпына келтiру емiне және медициналық оңалтуға жiберiледi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет