Фармакология


Tinctura Absinthii- ащы жусан тұндырмасы



бет163/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   200
Фармакология

Tinctura Absinthii- ащы жусан тұндырмасы: 25 мл флаконда шығарылады. Астан 20-30мин бұрын 10-20 тамшыдан қабылданады. Оның құрамында абситин гликозиді, сонымен бірге құрамында терпен мен камфора, изомерлі абсентолы менэфир майы бар.
Tinctura Amara – Ащы тұндырманың құрамы: толғақшөптен, үш жапырақты су перісі жапырағынан (60,0), иір тамырсабағынан, ащы жусан шөбінен (30,0), кориандр жемісінен (15,0) және 40% этил спиртінен (1л дейін) тұратын 25 мл флаконда шығарылады.
Тәбетті төмендететін дәрілер\анорексигенді дәрілер\. Алиментарлы семіздік зат алмасуы бұзылуына, сонымен қатар жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларына және т.б алып келеді. Семіздікті емдеудің ең тиімді жолы тамағын тыю, яғни ашығу сезімін басу үшін кейде тәбет төмендететін дәрілер белгіленеді. Тәбетті төмендететін дәрілерге: фепранон, дезопимон, дексфенфлурамин, \изолипан, минифаж, фенфлурамин, пондимин\, мазидол \теронак, санорекс\ жатады. Әсер ету механизмі: гипоталамустағы тою орталығын қуаттандырып, тәбетті төмендетеді және ашығу сезімін төмендетеді. Қолданылуы: алиментарлы семіздікте, сонымен қатар гормонды бұзылыстардан болған семіздікте белгіленеді. Жанама әсері: ауыз қуысының құрғауы, іш қату немесе іш өту, артериялық қан қысымның көтерілуі, психиканы қуаттандырғыш әсеріне байланысты тітіркенулер және ұйқысыздық, ұзақ қолданғанда үйренгіштік дәріге тәуелділік байқалуы мүмкін.жүктілікте, артериялық гипертензияда, ми мен коронарлы қан айналымының бұзылуында, психикаалық ауруларда, гипертиреозда, эпилепсияда, психозда, бауыр мен бүйрек ауруларында қолдануға болмайды. Бұл дәрілерді глаукомада қолданылатын МАО ингибиторларымен бірге қолдануға болмайды.
Бірінші анорексигенді дәрі ретінде фенамин қолданған, бір жанама әсері айқын байқалғандықтан, қазіргі таңда оның аналогтары қолданылады.
Phepranonum – фепранон (амфепранон) (А): 0,025 дражеде шығарылады. Таңертең және тәуліктің бірінші жартысында (тамақтан 1 сағат бұрын 1 дражеден тәулігіне 2 рет) қолдану қажет. Емдеу ұзақтығы 2 айға жуық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет