Фармакология


LabetаІоІ - лабеталол (Б)



бет103/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   200
Фармакология

LabetаІоІ - лабеталол (Б): 0,1 және 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақ үстінде; 1% 5 мл еріт. амп. шығарылып, стационар жағдайында к/т (тез және күшті әсерімен байланысты ортостатикалық гипотензия байқалуы мүмкін) енгізіледі.
β-адреноблокаторларды науқастың жағдайын асқындырып алмау үшін, қабылдауды бірте-бірте төмендеткен дұрыс («доғару белгісі»), Ішкі симпатомиметикалық белсенділігі бар И-адреноблокаторларда доғару белгісі сирек кездеседі. β-адреноблокаторлар (тимолол) глаукоманы емдеу үшін көз тәжірибесінде қолданылады.
7.Симпатолитикалық дәрілер: резерпин (рауседил, серпазил), октадин (гуанетидин, изобарин, исмелин), орнид (бретилий).
Норадреналиннің қайта ұстау және депонирлену (октадин, резерпин), немесе синапстан алдыңғы жүйке үштарынан норадреналиннің белінуін бұзу (орнид) жолымен, жүйке талшықтарынан норадреналиннің бөлінуін азайтады. Негізгі әсері: қан тамырларды кеңейтіп, АҚ төмендету. Гипертониялық ауруларда (резерпин), артериялық гипертензияның ауыр түрінде (октадин) және антиаритмиялық дәрі (орнид) ретінде қолданылады.
Reserpinum - резерпин (Б); 0,0001 және 0,00025 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 2 - 4 рет тамақтан соң; 0,25% 1 мл еріт. амп. шығарылып, 1 мл б/е және к/т енгізіледі. Резерпин раувольфия әсімдігінің алкалоиды, гематоэнцефальды кедергіден жеңіл өтіп, тыныштандыратын әсері бар. Жанама әсері жағынан депрессия, ұйқы келуі, жаппы әлсіздік, бас айналу, ентігу, асқазан безініңсекрециясыныңкүшеюі, АІЖ-ң түйілуі, іш ету, жүрек айну, брадикардия, миоз, мурын бітуі және ұзақ қолданғанда паркинсонизм байқалуы мүмкін. Құрамында резерпині бар таблеткапар: «Адельфан- эзидрекс», «Трирезид», «Кристепин», «Бринердин», «Неокристепин». Раунатин (раувазан) препаратының құрамында да раувольфия алкалоиды бар, қолданылуы резерпинге ұқсас, бірақ ОЖЖ-не әлсіз әсер етеді.
Осtadinum - октадин (Б): 0,025 таб. түрінде шығарылады. Жанама әсері: ортостатикалық коллапс (препаратты қабылдап болған соң науқас
төсекте 2 сағат дем алуы керек), адинамия, брадикардия, жүрек айну, іш өту, мұрын бітелуі және сұйықтықтардың ұлпаларда ұсталуы мүмкін.
Препараттарды жедел ми қан айналысының бұзылуында, органикалық жүрек-қан тамыр ауруларының ауыр түрінде, бүйрек жеткіліксіздігінде, атеросклерозда, ал резерпинді - асқазан мен ұлтабардың жарасында, октадинді - феохромоцитомада қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет