Фармакология



бет106/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   200
Фармакология

І. Анальгезия сатысы: біртіндеп ауырсыну сезімінің және естің жойылуымен сипатталады. Соның салдарынан амнезия (естің жойылуы) дамиды.
ІІ. Қозу сатысы: науқаста қозғалыс пен сөйлеудің қозуы, тыныс алу мен тамыр соғуының жиілеуі, АҚ-ң жоғарылауы, көз қарашығының кеңеюі, рефлекторлы қызметтің барлық түрі күшейеді.
ІІІ.Хирургиялық наркоз сатысы: 1-і дәрежесі - беткейлі наркоз.
физиологиялық процестер қалыпқа келеді, ұйқы бірқалыпты, тыныш, қасаң қабық пен жұтқыншақ-көмекей рефлекстері сақталған, көз қарашығының жарықты сезінуі мен бұлшық ет тонусы сақталған. 2-і дәрежесі айқын наркоз: тыныс алу, тамырдың соғуы, АҚ - бір қалыпты, кез қарашығының жарықты сезінуі әлсіз, рефлекторлы белсенділік пен бұлшық ет тонусы төмен. 3-і дәрежесі - терең наркоз: тыныс алуы - жеңіл, жиі, диафрагмапьды; кез қарашығы біртіндеп кеңейіп, жарыққа реакциясы жойылады; тахикардия дамып, АҚ төмендейді, толық бұлшық ет атониясы дамиды. 4-і дәрежесі - өте терең наркоз: барлық физиологиялық процестер шегіне жетіп, қабырғааралық бұлшық еттердің салдануына алып келіп, диафрагманың жиырылуы және АҚ төмендейді.
IV. Агональды (салдану) сатысы: тыныс алудың толық бұзылуы, тамыр соғуының жойылуы, қан айналымның тоқтауы. Тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталығының салдануынан өлімге алып келеді.
Наркозға арналған дәрілер енгізілуі доғарылғаннан кейін, ағзада ояну кезеңі басталады: наркоздың барлық сатылары кері ретпен жүріп, артынша наркоздан кейінгі уйқы басталады.
Наркоз түрлері:
Ингаляциялық наркоз: наркоз аппаратының маскасы немесе эндотрахеальды түтікше арқылы газ тәрізді немесе ұшқыш сұйық анестетиктермен демалу жолы. Ингаляциялық наркоз жеңіл басқарылады, бірақ оған сай қурал жабдықтарды талап етеді.
Ингаляциялық емес наркоз: анестетик ерітінділері күре тамырға енгізіледі (бір реттік, бөліп немесе тамшылатып), ал бұлшық етке немесе тік ішекке сирек енгізіледі. Ингаляциялық емес наркоздың қозу кезеңі жоқ, қарапайым, бірақ нашар басқарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет