Фармакология


Б. Қанның ұюына әсер ететін дәрілер



бет182/200
Дата10.05.2023
өлшемі1.76 Mb.
#473482
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   200
Фармакология

Б. Қанның ұюына әсер ететін дәрілер.
1. қан ұйытатын дәрілер (гемостатиктер прокоагулянттар)- қан кетуді тоқтату үшін қолданылады.
А. әсері тікелей емес: тірі ағзада in vivo белсенділік көрсетеді. К витаминнің синтетикалық аналогтары:. (викасол,фитоменадион)
Б. әсері тікелей: in vivo және vitroағзада және одан тыс жерде түтікшеде белсенділік көрсетеді.
Донор-(қан беруші)қанының препараттары:
Thrombinum – тромбин: 125 ӘБ тромбині бар флаконда шығарылады, қолданар алдында 10 мл 0,9% NaCl еріт. ерітеді. Тромбин фибриногенді фибринге айналдыратын, қан ұю жүйесінің табиғи компоненті болып табылады. Майда капиялрлардан және паренхиматозды мүшелерден қан кетуді тоқтатау үшін тек жергілікті қолданылады! К/т және б/е енгізуге болмайды (тромбоэмболия).
Фибриноген тромбиннің әсерінен фибринге айналады. Қандағы фибриноген құрамының төмендеуімен байланысты, қан кетуде (нұсқау бойынша күре тамырға) қолданылады.
Өсімдіктекті дәрілік препараттары: жұмыршақ (пастушья сумка,), қалақай, мыңжапырақ, айланшөп таран (қымыздық), , т.б.
2.Қанның ұюына төмендететін дәрілер. (Антикоагулянттар).
А. әсері тікелей : (тек қан ұю факторына әсер етеді.)
Heparinum-гепарин (Б): 5 мл флаконда (1 мл-де - 5000, 10 000 және 20 000 ӘБ бар) – к/т, б/е, т/а енгізіледі. Ung. Heparini 25,0-зақымдалған тері аймағына абайлап жағуға арналған. Ung. «Heparoid» 30,0 шығарылады.
Гепарин – протромбинді тромбинге айналуын төмендетеді,ондағы тромбиннің белсенділігін төмендететін қанның ұюына қарсы жүйенің факторы. Күре тамырға енгізгенде қан ұюының төмендеуіне тез әсер етіп, әсері 4-5 сағ. созылады. Натрий және кальций тұздары түрінде шығарылады. Кальций тұзы көбінесе жергілікті гематоманы сирек тудырады. Құрамында гепарині бар препараттарының бірі лиотон 1000 флебитте, тромбофлебитте, варикозда сыртқа қолданылады.
Төмен молекулалы гепариндерде (гепаиноидтар): эноксапарин, фраксипарин жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет