Сыртқа бөліп шығару мүшелерінің жас ерекшеліктері



бет1/3
Дата21.11.2023
өлшемі0.59 Mb.
#483954
түріЛекция
  1   2   3
ОФД 11 лекц

Сыртқа бөліп шығару мүшелерінің жас ерекшеліктері

  • Лекция №11

Жоспары:

Зәр шығару жүйесі

  • Ағза енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың соңғы өнімдерін ыдырау өнімдері дейміз.
  • Ыдырау өнімдері арнайы зәр шығару мүшелерінің көмегімен ағзадан сыртқа шығарылады.
  • Ыдырау өнімдерін шығару - ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қалдық (қажетсіз) заттардың дер кезінде ағзадан шығарылмауы адам үшін өте қауіпті.
  • Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүшелер - бүйрек, өкпе, тері, тер бездері, ішек.

Бүйректің құрылысы, қызметінің жас ерекшелігі

  • Зәр шығару жүйесіне 2 бүйрек, 2 несепағар, бір куық және бір зәршығару өзегі жатады.
  • Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі - бүйрек. Ағзадан зат алмасу соңғы өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады.

Бүйрек құрсақ қуысында 1-2- бел омыртқаның екі жағында орналасқан.

  • Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен сәл төменірек орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады

Бүйректің қызметі

  • Сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена қантамырларымен жүрекке карай ағады.
  • Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.
  • Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.
  • Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.
  • Су мен тұздың мөлшерін реттейді.
  • Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет