Федоров ауданы әкімінің ресми порталының «Бизнесті қорғау» бөліміне келіп түскен кәсіпкерлердің өтініштерін қарау ережесі жалпы ережелер Осы Ереже Федоров ауданы әкімі ресми порталының «Бизнесті қорғау»



Дата01.07.2016
өлшемі116.46 Kb.
#170190



Аудан

әкімі аппараты басшысының

2010 жылғы _______________

№___ бұйрығымен бекітілген



Федоров ауданы әкімінің ресми порталының «Бизнесті қорғау» бөліміне келіп түскен кәсіпкерлердің өтініштерін қарау

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер


1. Осы Ереже Федоров ауданы әкімі ресми порталының «Бизнесті қорғау» бөліміне «fedorovka@kostanay.kz» (бұдан әрі - әкімнің сайты) келіп түскен кәсіпкерлердің өтініштерін (бұдан әрі - өтініштер) қарау кезіндегі негізгі талаптарды айқындайды.

2. Кәсіпкерлердің өтініштерін қарау «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Қабылдау, аудан әкіміне, оның орынбасарларына, аудан әкімі аппаратының басшысына қарау үшін жіберуді, іс жүргізуге әдістемелік басшылықты, осы Ереже талаптарының орындалуын бақылауды құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, жауаптарға сараптама жүргізуді – аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдері, Интернет-ресурсты техникалық сүйемелдеу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді – аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жүзеге асырады.

4. Кәсіпкерлердің өтініштерін уақытылы және сапалы қарау үшін жауапкершілік – аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының берген тапсырмаларына сәйкес кәсіпкерлердің өтініштерін қарайтын мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

2. Кәсіпкерлердің өтініштерін әкімнің сайтында тіркеу, өтініштерді есепке алу және қарау
5. Кәсіпкерлердің өтініштерін сайтта тіркеу мынадай кезеңдерден тұрады:

1) пайдаланушы келісіміне қол қою (1-қосымша);

2) автордың сайтта тіркелуі;

3) автордың өз өтінішіне солар арқылы қолжетімді болатын жеке логині мен паролін толтыруы;

4) автордың электрондық өтінішті жазуы;

өтініштің нысанын толтыру (2-қосымша);

өз өтініші туралы мәліметтерді жариялауға келісім беруі (қалауы бойынша) белгі қоюы (айтылмағанда – олар жасырылады);

өтінішті жіберу;

өтінішке тіркеу нөмірінің автоматты түрде берілуі.

6. Кәсіпкердің өтінішін есепке алу және қарау мынадай кезеңдерден тұрады:

1) әкім сайты деректерінің арнайы базасына қолжетімді қамтамасыз етуді әкімдіктің ішкі саясат бөлімі жауапты маманы логин мен паролді енгізу арқылы жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарын сақтауға, логин мен модератордың жұмыс орнына қол жеткізу паролінің жабықтығын қамтамасыз етуге дербес жауапкершілік жоғарыда аталған бөлімнің меңгерушісіне жүктеледі;

2) аудан әкімі аппаратының жауапты маманы келіп түскен электрондық өтінішті қағазға шығарады және белгіленген тәртіпке сәйкес осы өтініш бойынша тапсырма алу үшін облыс әкіміне, ол болмаған жағдайда оның орынбасарларына, облыс әкімі аппаратының басшысына жібереді. Өтініштің көшірмесін тапсырмасымен (қажет болған жағдайда леспе хатпен) тапсырмасына сәйкес орындауға жібереді (мерзімі – 3 жұмыс күні).

Орындаушы үшін өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік 20 күннен аспау керек;

3) өтініштерді уәкілетті мемлекеттік органдарда қарау мерзіміне бақылауды құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады;

4) өтініштерді уақытында қарауға, жауаптың сапасы мен толықтығына жауапкершілік әкімнің, оның орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша өтінішті қарайтын уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі;

5) өтініштерді қарайтын мемлекеттік орган дайындаған жауабына сараптамадан өткізу үшін аудан әкімінің орынбасары немесе аудан әкімі аппаратының тиісті бөліміне береді.

Сараптаманы күнтізбелік 5 күн ішінде жүзеге асырады, қажет болса мемлекеттік органның берген жауабының дұрыстығын орнына барып тексереді. Көрсетілген мерзімді қажет болған жағдайда әкім немесе аппарат басшысы ұзартуы мүмкін;

6) ішкі саясат бөлімінің жауапты қызметкері облыс әкімі аппараты тиісті бөлімінің басшысының бұрыштамасымен жауапты алғаннан кейін аудан әкімі немесе оның орынбасарлары қол қойған оны сайтқа орналастырады. Арыз иесіне электрондық поштасындағы жауап туралы автоматты түрде хабар жіберіледі.

7. Өтініштерді қарау кезеңдері сайтта мынадай түстермен белгіленеді:

көк - өтініш қабылданды, бірақ қаралған жоқ;

жасыл - өтініш қаралуда;

қызыл – қарау мерзімі өткен өтініш;

қара - өтініш қаралды, авторға жауап берілді.

Федоров ауданы әкімі ресми порталының

«Бизнесті қорғау» бөліміне келіп түскен

кәсіпкерлердің өтініштерін қорғау ережесіне

1-қосымша

Федоров ауданы әкімі ресми сайтының «Бизнесті қорғау» арнайы бөлімін пайдаланудың негізгі шарттары, тараптардың

құқықтары мен міндеттемелері туралы

ПАЙДАЛАНУШЫЛАР КЕЛІСІМІ



  1. Келісімнің мәні

Аталған Келісім Федоров ауданы әкімінің ресми сайты «Бизнесті қорғау» арнайы бөліміне жергілікті атқарушы органдар тарапынан өз құқықтары мен Заңды мүдделері бұзылуының нақты фактілері бойынша шағымдармен, мәлімдемелермен және ұсыныстармен жүгінген Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын (жеке және заңды) тұлғалар (бұдан әрі - Пайдаланушылар) мен Федоров ауданы әкімінің аппараты атынан аталған сайттың бөлімі әкімшілігі (бұдан әрі - Сайт әкімшілігі) арасындағы қатынастарды реттейді.

Сайт әкімшілігі орналастырылған өтініштерді өңдемейді және олардың мазмұны үшін жауапкершілік алмайды.

Сайтың арнайы бөліміне өтініш орналастырылған Пайдаланушы өтініште айтылған үшінші тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін, басқа да құқықтары мен заңды мүдделерін қозғауы мүмкін ақпаратты орналастырумен байланысты туындайтын өз мүдделерін дербес білдіреді және қорғайды.

Пайдаланушы Келісімнің шарттарымен келіскенін білдіріп, «Осы шарттармен таныстым және оларды қабылдаймын» деген түймесін басып растаған сәттен бастап күшіне енеді.



  1. Ұсынылатын қызметтер

Сайттың әкімшілігі Пайдаланушыларға жергілікті атқарушы органдардың құқыққа қайшы әрекеттерінің барлық фактілері туралы сайттың арнайы өтініш орналастыруына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар судьялардың әрекеттеріне және олардың актілеріне шағымданудың заңнамалық актілермен белгіленген тәртібін ескере отырып, Пайдаланушылардың осы мәселелер бойынша өтініштері сайттың арнайы бөліміне орналастыруға жатпайды.

Пайдаланушылардың өтініштерін аудан әкімінің тапсырмасы бойынша тиісті мемлекеттік органдары қарайтын болады. Пайдаланушы ақпаратты Сайт әкімшілігі айқындаған мәтіндік форматта ұсынуы тиіс.

Пайдаланушы өз орналастырған ақпараттың іздеуіш және басқа да автоматтандырылған сервистер және өзге де тәсілдер пайдаланылып, яғни басқа адамдар қарай алуы мүмкін екенін ұғынуы және мұнымен келісуі тиіс.



  1. Келісімнің шарттары

Сайттың арнайы бөлімінде мыналарға қатысты ақпаратты:

заңсыз, зиянды, қоқан-лоқы жасайтын, үшінші тұлғалардың адамгершілігін, ар-намысы мен қадір-қасиетін, құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорлайтын, жала жабатын, авторлық құқықты бұзатын, өшпенділікті, қатыгездікті, күш көрсетуді және/немесе адамдарды нәсілдік, этностық, жыныстық, әлеуметтік белгілері бойынша кемсітуді насихаттайтын, діни, нәсілдік немесе ұлтаралық алауыздықты өршітуге ықпал ететін, жануарларды қинайтын не жауыздық көріністерінен тұратын және Қазақстан Республикасы заңнамасымен таратуға тыйым салынған басқа да материалдарды;

азшылықтың құқықтарына қысым жасалатын материалдарды;

Пайдаланушы заң бойынша немесе қандай да бір келісімшарттарға сәйкес қолжетімді етуге құқығы жоқ материалдарды;

қандай да бір патентті, сауда маркасын, коммерциялық құпияны, копирайт немесе басқа да меншік құқықтарын және/немесе үшінші тараптың авторлық және олармен сабақтас құқықтарын қозғайтын материалдарды;

арнайы түрде рұқсат берілмеген жарнама ақпаратын, спамды, «пирамидалар», «бақыт хаттары» сияқты түрлі схемаларды және басқаларын;

кез келген компьютерлік немесе телекоммуникациялық жабдықтың немесе бағдарламалардың жұмыс істеуіне нұқсан келтіруге, жоюға не шектеуге, рұқсат берілмеген қол жеткізуді жүзеге асыруға арналған компьютерлік кодтары бар материалдарды, сондай-ақ коммерциялық, бағдарламалық өнімдердің сериялық нөмірлерін, логиндерді, парольдер мен Интернеттің ақылы ресурстарына рұқсат берілмеген қол жеткізуді алатын басқа да құралдарды;

басқа пайдаланушылардың дербес деректерін жинауға және сақтауға бағдарланған материалдарды;

жарнамалық, коммерциялық немесе насихаттық сипаттағы жазбалардың келісілмей берілуін;

ішімдікті, темекіні және есерткіні, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған басқа да заттарды жарнамалауды;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын материалдарды орналастыруға жол берілмейді.

Сайттың арнаулы бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасынан, сондай-ақ халықаралық келісімдерді қасақана бұзу мақсатында пайдалануға тыйым салынады.



  1. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері




  1. Пайдаланушының:

1) сайттың арнаулы бөлімінде заңдарды және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді бұзу, өтінішті қарайтын субъектілердің, лауазымды адамдардың жұмысындағы кемшіліктер туралы мәтіндік хабарламаны не олардың қызметі туралы сынды орналастыруға құқығы бар;

2) қайталап өтініш жасауға, онда:

алдындағы өтініш бойынша қабылданған шешімге шағымдануға;

бұрын жолданған хабарламаның келіп түскен уақытынан бастап белгіленген қарау мерзімі өтіп кеткен, бірақ Пайдаланушы жауап алмаған болса, оның уақытында қаралмағаны туралы хабарлауға;

алдындағы өтініштің қаралуы мен шешілуі кезінде жол берілген басқа да кемшіліктерді көрсетуге құқығы бар;

3) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіппен жазбаша өтініш жасауға құқығы бар. Яғни, сайттың арнаулы бөліміне жүгіну Пайдаланушының аталған Заңда берілген өтініш жасау мүмкіндігін пайдаланудың заңды құқығынан айырмайды;

4) Пайдаланушының Сайт әкімшілігіне өз өтініші туралы мәліметтерді жариялауға өтінуге құқығы бар, олай айтылмаса, олар басқа Пайдаланушылар мен сайт бөліміне кірушілерден әрдайым жасырын тұрады.



  1. Пайдаланушы міндетті:

1) өтініште – тегін, атын, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің атын, почта мекенжайын, электрондық почта мекенжайын, телефонын көрсетуге міндетті. Пайдаланушы – заңды тұлға, бұдан басқа, ұйымның атауын, почта мекенжайын, электрондық почта мекенжайын, ұйымның телефонын көрсетуге тиіс;

2) шағым бергенде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған мемлекеттік органның атауын немесе лауазымды адамдардың лауазымын, тегін, аты-жөнін, өтініштің негіздемесі мен нақты талаптарын көрсетуге міндетті. Өтініште мәселенің мәні нақты баяндалуға, қажет болғанда құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуының фактісі орын алған уақытты, орынды, басқа да жағдаяттарды, сондай-ақ оның толыққанды әрі әділ қаралуы үшін қажетті өзге де ақпаратты қамтуға тиіс;

Пайдаланушы өтініште қамтылған ақпараттың дәйектілігі үшін түгелдей дерлік жауапкершілікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне алатынын түсінуге тиіс және сайттың арнаулы бөлімін жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мүдделерін бұзу үшін пайдаланудан аулақ болуға міндетті.





  1. Сайт әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері




  1. Сайт әкімшілігінің:

1) жекелеген хабарламаларды немесе жекелеген ІР-мекенжайды немесе мекенжай топтарын, олардың иеленушілері немесе Пайдаланушылар осы Келісімнің талаптарын не Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамаған жағдайда біржақты тәртіппен алып тастауға;

2) иесі көрсетілмеген өтініштерді алып тастауға құқығы бар. Егер мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатер туралы мәліметтер болса, ол сайттың бөлімінен алып тасталады, бірақ тиісті ақпарат мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес жіберілетін болады;

мәселенің мәні баяндалмаған өтініштерді алып тастауға;

осы Келісімнің нысанына жатпайтын мәселелер жөніндегі өтініштерді алып тастауға;

3) өтінішті мәні бойынша қарауды құндылығы бар, бірақ басқа адамдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ құпия мәліметтерді не мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын болса, өтініштегі жекелеген ақпаратты басқа Пайдаланушылардан және сайт бөліміне кірушілерден жасыруға;

4) қажетті жағдайда өтінішті қараудың белгіленген мерзімін ұзартуға;

5) осы пайдаланушы келісімнің жекелеген ережелерін біржақты тәртіппен өзгертуге құқығы бар.



  1. Сайт әкімшілігі міндетті:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушылардың келісімінсіз олар туралы жеке ақпарат таратуға;

2) өтініш жасау фактісін немесе ол туралы, оның жеке деректері мен басқа декректемелерді басқа Пайдаланушылардан және сайт бөліміне кірушілерден жасыруға міндетті. Пайдаланушының қалауы бойынша өтініш туралы мәліметтерді ғана жариялауға;

3) жеке тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғалардың атынан өкілдік ететіндердің келісімінсіз олардың жеке өмірі туралы мәліметтерді немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді не заңмен қорғалатын өзге де құпияны таратпауға, жеке тұлғаның өтінішке қатысы жоқ жеке басы туралы деректерді орналастыруға жол бермеуге;

4) үш күн мерзімде өтініштің мәнін зерделеп, өтнішті мәні бойынша қарайтын мемлекеттік органды айқындап, бұл туралы Пайдаланушыны хабардар етуге;

5) өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде Пайдаланушыға оның өтінішін тиісті мемлекеттік органдардың қараған қорытындылары мен қабылдаған шаралары туралы ақпаратты сайттың бөліміне орналастыра отырып, хабарлауға міндетті. Бұл ретте мұндай ақпарат азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне залал келтіруі, мемлекеттік құпияларды не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қамтуы мүмкін жекелеген жағдайларда Сайт әкімшілігі мәселе қаралып, Пайдаланушыға берілген жауапты сайт бөліміне орналастырмау құқығына ие бола алады. Ондай жағдайда Пайдаланушыға «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында айқындалған тәртіппен жазбаша жауап берілуге тиіс;

6) өтінішті қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, Пайдаланушыға жауап берілетін жаңа мерзім туралы хабардар етуге міндетті.
_____________________

Федоров ауданы әкімі ресми сайтының

«Бизнесті қорғау» бөліміне келіп түскен

кәсіпкерлердің өтініштерін қорғау ережесіне

2-қосымша


ӨТІНІШТІ ТОЛТЫРУ НЫСАНЫ


  1. Автор тіркеу кезінде толтырады




  1. Пайдаланушының аты (логин)

  2. Пароль

  3. Парольді тексеру

  4. Заңды тұлғаның атауы (АҚ, ЖШС, ДК және басқалары)

____________________________________________________________________

  1. Автордың лауазымы, тегі, аты-жөні _____________________________

____________________________________________________________________

  1. Электрондық мекенжайы ______________________________________

  2. Почта мекенжайы: облыс ______________________________________

(№ 1 анықтамалықтан алынады)

қала/аудан______________ көшесі ______________ үй ____, пәтер____

(№ 2 анықтамалықтан алынады)

байланыс телефондары ________________________________________



  1. Қауіпсіздік кодын енгізу



  1. Автор өтінішті жазу кезінде толтырады

1) Өтініштің тақырыбы___________________________________________

(№ 3 анықтамалықтан алынады)

2) Өтініштің мәтіні ______________________________________________

3) Іс-әрекетіне шағым жасалатын мемлекеттік орган__________________

____________________________________________________________________

(№ 4 анықтамалықтан алынады)
4) Аталған меморган атынан өкілдік етуші лауазымды адам (Т.А-Ж., арнаулы немесе әскери атағы (бар болса) ___________________________

____________________________________________________________________


5) Қауіпсіздік кодын енгізу

3. Аудан әкімі аппаратында толтырылады




  1. Өтінішті тексеру қай уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылған: __________________________________________________________________

(№ 5 анықтамалықтан алынады)

  1. Өтінішті қарау үшін белгіленген мерзім_________________________

(күнтізбеден алынады)

  1. _____________________________________________дейін ұзартылған

(күнтізбеден алынады)


  1. Өтініш бойынша қолданылған шаралар: __________________________________________________________________

5) Федоров ауданы әкімі аппаратының өтінішті қарауға жауапты адамы __________________________________________________________________



(лауазымы, тегі, аты-жөні)
6) Сайтта жауаптың орналастырылу күні ___________________ 20___ж.
________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет