Ғылым және білім министірлігі



бет1/3
Дата29.06.2016
өлшемі439.82 Kb.
#166627
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ОӘК 042-16.1.61/03-2013

ПOӘК

«Машиналар, автоматтар және ағынды желілер» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



№ ___ басылым





ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«МАШИНАЛАР, АВТОМАТТАР ЖӘНЕ

АҒЫНДЫ ЖЕЛІЛЕР»




5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»

мамандығы үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013
Мазмұны


1

Дәріс оқулар




2

Лабораториялық сабақтар




3

Студенттің өздік жұмысы





1 ДӘРІС ОҚУЛАР
1 дәріс. Машина-автоматтардың жіктелуі.

Жоспар:

1.Машина-автоматтар мен ағынды желілердің жіктелуі,

2. автоматтардың орындаушы механизмдерінің сипаттамасы.
Машина-автоматтар мен ағынды желілер курсының негізі өндірістік жабдықтары, яғни автоматтар және жартылай автомат-машиналар

Бірақта ағынды желілер құрамына қарапайым машиналар да кіруі мүмкін.

Құрылымдық жоспарда барлық автоматтарды тұрғызу құрылымының ортақ ұқсастықтары бар. Олардың барлығы келесі элементтерден тұрады:

1. Қозғалтқыш механизм (электрқозғалтқыш немесе бірнеше қозғалтқыш).

2. Жетекті механизм (төмендеткіш және беріліс жүйелері – тісті, буынтықты, таспалы, шынжырлы және т.б.).

3. Таратушы басқарушы білік (ТББ):



  • ішінде орналасқан жұдырықшалар, олар орындаушы механизмдерге немесе басқа қозғалыс түрлерін айналу қозғалысына түрлендіретін механизмдерге қозғалыс береді

4. Берілісті орындаушы механизмдердің түрлері:

  • рычагтар, тягалар, реектер, секторлар, олар таратушы механизмдерден жұмысшы органдарға қозғалыс береді.

5. Жұмысшы орган (немесе жұмысшы органдар) яғни технологиялық процестің операцияларын орындайтын механизмдер, мысалы:

  • құю, бөтелкелердің аузына қалпақшалар дайындау, қалпақшалармен жабу және т.б.

6. Дана шикізаттарды тасымалдау механизмдері:

- өнімдер; бөтелкелер; қалпақшалар; орау фольгалары, қағаздары және т.б.

7. Сақтандырғыш механизмдері машиналарды шикізат пен материалдар болмай қалғанда жылдам тоқтатуға арналған.

Барлық технологиялық машиналарды екі белгілері бойынша жіктеуге болады:

1) әсер ету сипаты

2) автоматтандыру жүйесі мен дәрежесі

Әсер ету сипаты бойынша машиналар келесідей бөлінеді:

1. Циклдық әрекеттегі бір позициялы машиналар, бұл қарапайым машиналар автоматтар болып табылмайды.

Бұл машиналарда,


  • машиналар ішінде өңделетін обьектілерді тасымалдау жүрмейді.

Мысалы, араластырғыш немесе сыр жасау ваннасында өңделетін обьектілер даналық емес сипатта болады.

2. Ағынды өтпелі машиналар, оларда машина ішінде тасымалдау жүреді

Бұл машиналар сондай-ақ:

2.1. Үздікті-ағынды машиналар, бұларда өңделетін обьектілер үздікті қозғалады.

2.2. Үздіксіз-ағынды машиналар, бұларда өңделетін обьектілер үздіксіз қозғалады.

Ары қарай машиналар кластарға және кластар тармағына бөлінеді. Машиналар классы шартты түрде римдік цифрлармен нөмірленеді:



  • 0, I, II, III, IV.

Машиналар кластарының ішінде «П» және «С» кластар тармағы болады:

«П» класс тармағы мынаны білдіреді,



  • Машинаның жұмысшы органы өз позиция шектерінде қозғалмай машина ішінде белгілі бір позициялық орын алады.

«С» класс тармағы мынаны білдіреді,

  • Жұмысшы орган өңделетін объектінің қозғалысымен біріктірілген болып табылады.

0 класс машиналары– бір позициялы циклдік өтпейтін машиналар, онда:

  • өңделетін объект (ӨО) үлкен болып табылады.

  • және бір тұйықталған көлемде өңдеу процесі жүреді.

I класс машиналары – бұл өтпейтін машиналар, мұнда жұмысшы органдарға өңделетін объекті енгізіледі және содан соң беріледі. Бұл кезде жұмысшы орган бір немесе бірнеше операцияны іске асыра алады.

II класс машиналары – бұл көп позициялы ағынды-толассыз машиналар, мұнда өңделетін объектілер тоқтап қозғалады. Тоқтаған кезде өңделетін объектілердің өңдеуі жүреді.

«П» класс тармағы әткеншекті немесе сызықтық транспортер машиналарын құрайды.

«С» класс тармағы объектілер жұмысшы органмен немесе өзімен тасымалданады немесе арнайы механизмдермен (вакуум-қармауыштармен) машиналарды құрайды.

ІІІ класты машиналар - өңделетін объектілер тоқтаусыз қозғалады, толассыз-ағыны машиналар. Жұмысшы орган объекті қозғалыстарының траекториясына көлденең қозғалысты тудырады.

Осы кластың типтік машиналары болып сүтті, қышқыл сүт өнімдерін, сыраны бөліп құюға арналған автоматтар табылады.



IV классты машиналар – даналық емес көлемді немесе массалы өнімдерді өңдеуге арналған машиналар.

а) үздіксіз әрекетті машиналар немесе бір позициялы машиналар

б) толассыз әрекетті машиналары, өз кезегінде үш топқа бөлінеді.

II класс машиналары немесе басқаша үздіксіз -ағынды машиналар - олар даналық өнімді үздіксіз өңдейді.

Оларда транспортер немесе айналатын ротор өнімді бір позициядан басқа позицияға орналастырады; тоқтаған кезде өнім немесе бұйым жұмысшы органдармен өңделеді.

II класс машиналарына ең алдымен тамақ өнімдерін буып-түйетін автоматтар жатады.

ІІІ класты машиналар, толассыз-ағынды машиналар даналық өнімдерді өңдеуге арналған.

Бірақта тасымалдаушы орган оларға өнімді тоқтаусыз беріп отырады.

Бұл машиналардың ерекшелігі жұмысшы органның жылдамдығы және өнім немесе бұйым жылдамдығы бірдей, яғни бір-біріне сәйкес келеді.
υтранс. = υөнім
IV классты машиналар - толассыз-ағынды машиналар, сонымен қатар олар даналық сипатта емес көлемді немесе массалық өнімдерді өңдеуге арналған.

Бұл машиналарда жұмысшы орган өзі машинаға кіргеннен шыққанға дейінгі өнімді толассыз қозғалысқа келтіреді.

IV классты машиналардың ерекшелігі жұмысшы орган жылдамдықтары мен өнім сәйкес келмейді.

Ережеге сәйкес, тасымалдаушы орган жылдамдығы өнім жылдамдық көбірек.


υтранс. > υөнім
Автоматтандыру дәрежесі бойынша машиналар мынаған бөлінеді:

  • қарапайым машиналар , машиналар - жартылай автоматтар , машиналар - автоматтар және өздігінен икемделетін (кибернетикалар) машиналар.

Ең күрделі болып бағдарлама жасап шығаратын және қисынды операциялар жүзеге асыратын қабілетті өздігінен икемделетін машиналар табылады.

Автоматтандыру жүйелерінің түрлері және энергия тасымалдау әдісі бойынша:

  • механикалық, гидравликалық, пневматикалық, электрлік және аралас автоматтандыру жүйелері және энергия тасымалдау тәсілдері.

Автоматтандырудың механикалық жүйесінде қозғалтқыштан жұмысшы органдарға энергияның берілуі қатты және иілгіш торапты механизмдердің әртүрлі арқасында жүзеге асады.

Гидро - және пневможүйелерде электрқозғалтқышы білігінің айналу энергиясы былай түрленеді:

  • бастапқыда насос немесе потенциалдық немесе кинетикалық энергияға компрессор арқылы аралық жұмысшы орта жүйесімен (май немесе ауа) бекітілген.

  • содан соң екінші қайтара түрлендіргіштер арқылы (гидро және пневмоцилиндр) бұл энергия механикалық жұмысқа айналады.

Электрлік жүйелерде энергия тасымалдау атқару механизмдеріне, ал олардан жұмысшы органдарға беріледі.

  • электр-магниттер немесе электрқозғалтқыштар арқылы. Көп позициялы машиналар үшін көп моторлы жетектер қажет.

Аралас жүйелер гидромеханикалық, немесе электргидравликалық, немесе гидропневматикалық жүйелерді қолдануды ұсынады.

Жүйелерді басқару әдісіне және бағдарламалау түріне қарай келесідей ажыратады:

1) орталық қатаң басқарумен және


  • немесе қозғалтқыш пен атқару механизмдері арасындағы жалпы командалық-күштік байланыспен;

  • немесе жеке-жеке командалық және күштік байланыстармен.

2) жолды басқарумен

3) кері байланыспен



Қатаң басқармалы автоматтандыру жүйелерінде

  • машинаға белгілі бағдарлама кіргізіледі.

  • олар атқарушы механизмдерге әсер етіп, процесс қалай өтсе де өз командасын алмастырмайды.

  • бұл кезде жұмысшы орган жұмысына түзетулер блоктаушы және сақтандыру механизмдерімен енгізіледі.

Тамақ өнеркәсіптерінде қолданылатын автоматтардың басты бөлігі командалық – күштік автоматтандыру жүйесін қолданады. Осы автоматтарда таратушы-басқарушы білік - РУВ болады. РУВ-қа жұдырықшалар орнатылады, олар орындаушы механизмдер мен жұмысшы органдардың басты тораптары болып келеді. Әрбір жұдырықшаның профилі орындаушы механизмдер мен жұмысшы органдар жұмысының берілген бағдарламасы болып табылады. Барлық автоматтың жұмыс бағдарламасы жұдырықша РУВ болады.

Жолды басқаруы бар автоматтандыру жүйелерінде әрбір алдындағыға механизмді жұмысқа қосу уақытында немесе қозғалыс соңысында келесілермен жүзеге асады:



  • әртүрлі ажыратқыштар, тіректер , пневмоклапандар, фотоэлементтер және т.б.

  • жолды басқару гидравликалық және пневматикалық автоматтандыру жүйесімен жабдықталған автоматтарда қолданылады.

Кері байланысты жүйелерде болады

  • тапсырма беретін және қадағалаушы жетектер.

Ең күрделі автоматтар тамақ өнеркәсіптерінде қолданылмайды. Бұл автоматтарда жұмыс бағдарламасы арнайы копира немесе үлгі түрінде беріледі. Бақылайтын органдар - қуыс бұрғылар немесе фотодатчиктер.

2- дәріс. Ағынды желілердің жіктелуі. Тамақ өндірісі автоматтарының

атқару механизмдерінің жіктелуі
Барлық тамақ өндірістері массалық өндірістерге жатады. Бұл ағынды желілерді жасауға жағдай жасайды.

Ағынды желілердің жіктелуі келесі белгілермен жүргізіледі:

1. Тармақталуы бойынша ағынды желілерді жай, сәйкес келмейтін, қосылатын, аралас деп бөлуге болады.

Жай желілерге дайын өнімнің бір түріне шикізаттың бір түрі ғана өндіріледі . Бұған мысалы ретінде ішектерді өңдеу желісі жатады.

Сәйкес келмейтін – мұнда шикізаттың бір түрінен өнім бірнеше түрін өндіретін желілер.

Қосылатын желілер шикізаттың бірнеше түрлерінен өнімнің бір түрін өңдіруді болжайды.

2. Механикаландыру және автоматтандыру дәрежесі бойынша.

Ағынды желілер бола алады:



  • қарапайым, механикаландырылған, кешенді - механикаландырылған, автоматтандырылғандар және автоматтылар.

Мысалы, қарапайым желілерде өңделетін объектілерді - ет ұшасын конвейерсіз аспалы жолдарға бір жұмысшы орыннан басқа орынға береді, онда операторлар өңдеуді қолмен жүзеге асырады.

Механикаландырылған желілерде өңделетін объектілерді толассыз немесе үздіксіз қозғалушы транспортерге немесе конвейерге орналастырады, ал негізгі операциялар арнайы механизмдер арқылы операторлар көмегімен іске асырылады.

Кешенді – механикаландырылған желілерде барлық негізгі және транспортты операциялар машиналармен және механизмдармен орындалады. Басқару, бақылау, тиеу, түсіру операторлармен жүзеге асады.

Автоматтандырылған желілер автоматты және жартылай автоматты жабдықтармен, бақылау-өлшеу және реттеуші құралдармен жабдықталған машиналардың бірыңғай кешені. Операторлар тек қосу мен жөндеуді, ал кей кездерде тиеу мен түсіруді жүзеге асырады.

Автоматты желілерде барлық операциялар, соның ішінде бақылау, сонымен қатар адамның қатысуынсыз қайтадан жөндеу іске асырылады.

3. Элементтер (машиналардың) байланыстарының сипаттамасы бойынша ағынды желілер қатаң, иілгіш және жартылай иілгіш байланыста болады.

Қатаң байланысты желілер өңделетін объекті тиеу позициясынан түсіру позициясына дейін беріледі.

Барлық машиналар бірдей тактімен және өнімділікпен жұмыс істейді және егер бір машина істен шықса, онда келесілер өшірілуі тиіс.

Иілгішті (буферлі) желілер такті өнімділігі бойынша бір-біріне тәуелсіз бола алады. Ол үшін машиналар арасына:


  • ағынды қамсыздандырады және буферлі сыйымдылықтар болып табылатын операция аралық жинақтағыштар,

  • Бұл жағдайда бункерлер және коректенгіштер қолданылады. Кейде бункерлер орнына транспортерлер қолданылады.

Жартылай иілгішті желілер бөлек учаскелерден тұрады. Әрбір машиналардың учаскелері қатаң қосылған және өңделетін объектіні бір-біріне тапсырады. Учаскілер арасында бункерлі жинақтағыштар орнатылған.

Тамақ өнеркәсіптерінің машиналарында әртүрлі механизмдер қолданылады. Олардың тораптарынан жұмысшы органдардың қозғалыс заңдары мен параметрлері тәуелді болады.

Акад. И.И.Артоболевскийдің жіктелуіне сәйкес автоматтарда келесі механизмдер топтары қолданылады:


  • рычагтар (Р); жұдырықшалар (К); тісті (З), фрикционды (Ф); торапты механизмдер (Г); қатаң торапты механизмдер (П); гидравликалық және пневматикалық байланысты (ГП); электрлік байланысты (Эл); электргидравликалық байланысты (ЭГ) механизмдер.

Бұл топтар шағын топтарға бөлінеді. Мысалы, рычагты механизмдар:

  • шарнирлі-рычагты, кулисті- рычагтар, кривошипті-сырғымалы, рычагты- жұдырықшалы, рычагты-тісті, рычагты-храпты және т.б.

Бірақ конструкциялары аса көп санды болғандықтан, автомат жұмысында негізгі рөльді мыналар атқарады:

  • жетекші тораптың таратушы-басқарушы білікке бекітілген атқару механизміне және біріншінің қосылған құрылымдық топтар типі.

Жетекші торап және біріншінің құрылымдық топтар жиынтығын негіздік механизмдер (жұдырықшалар, кривошипті – шатунды және т.б.) деп айтады.

Негіздік механизмдерге қосымша тораптарды қосу арқылы мақсаттық механизмдер (мөлшерлегіштер, орамалар, манипуляторлар және т.б.) жиынын құрауға болады.

Негіздік механизм ең алдымен таратушы-басқарушы біліктің айналу қозғалыстарына арналған:


  • қайтымды-кері, қайтымды-тербелмелі, тербелмелі, циклдік жұмысшы органдар қозғалысы тоқтатып айналдыратын.

Тамақ өндірісінің автоматтарында дискілі және цилиндрлік жұдырықшалары бар жұдырықшалы механизмдер кеңінен таралған. Олардың артықшылықтары: конструкциясының қарапайымдылығы, сенімділік, тұтастық және п.ә.к. салыстырмалы жоғарлығы болып табылады.

Ең басты артықшылығы - жетекті торап - итергіштің қозғалысын жүзеге асыру.

Жұдырықшалы механизмдердің кемшіліктері:

а) шектесуші беттердің салыстырмалы тозуы;

б) жоғары жылдамдықтар кезінде қолдану шектеулігі;

в) жасау қиындығы.



3 – дәріс. Жұдырықшалы механизмдердің түрлері. Жұдырықшалы механизмдердің геометриялық сипаттамалары

Олар екі түрге бөлінеді:

а ) жазық. б) кеңістікті.

Қозғалыс сипаттамасына байланысты механизмдер:



  • айналу жұдырықшаларымен;

  • ілгерлемелі қозғалушы жұдырықшалармен.

Жұдырықшалы механизмдердің жетектегі тораптары (итергіштер) ілгерлемелі немесе тербелмелі қозғалыс жасайды. Егер итергіштің қозғалыс сызығы жұдырықша айналуларының ортасы арқылы жүрсе (а суреті), онда механизм орталық деп аталады. Егер итергіштің қозғалыс сызығы жұдырықша айналуларының ортасының шеті арқылы жүрсе (б суреті), онда механизм ортадан тыс деп аталады. Егер жетектегі торап коромысло (в сурет) болып табылса, онда коромыслолы жұдырықшалы механизм деп аталады.

Цилиндрлік беттің қимасы қисық деп аталатын нақты профильді жұдырықшаны береді. Жұдырықшаның нақты профильнің минималды радиусы (ro) негізгі епелектің радиусы деп аталады. Нақты профильде төрт учаскені бөлуге болады. Бұл учаскілер итергіш қозғалысының төрт фазасына сай болады:



  • жою профилі (жұдырықшаның айналу орталығынан итергіштің жою фазасына);

  • қашықтау профилі (жұдырықшаның айналу орталығынан итергіштің ең үлкен қашықтау фазасына);

  • жақындау профилі (жұдырықшаның айналу орталығынан итергіштің жақындау фазасына);

  • жақын тұру профилі (жұдырықшаның айналу орталығынан итергіштің ең аз жою фазасына);

Көрсетілген профиль учаскелеріне орталық профильдік бұрыштар сай келеді:

  • жою βУ;

  • алыс тұру βД;

  • жақындау βП;

  • жақын тұру βБ;

Профильдік бұрыштарға жұдырықшаның бұрылу бұрыштары сай келеді:



  • жою бұрышы φУ;

  • алыс тұру бұрышы φД;

  • жақындау бұрышы φП;

  • қашықтау бұрышы φБ;

Жұдырықшаның жұмысшы бұрылу бұрышы деп бұрыштар қосындысы аталады:

φР = φУ + φД + φП;
ω1 жылдамдықпен жұдырықшаның біркелкі айналуы кезінде осы жылдамдық мөлшеріне жұдырықшаның бұрылу бұрыштарын бөлу арқылы итергіш қозғалысының фазалар ұзақтығын анықтауға болады:

Жалпы жағдайда орталық жұдырықшалы механизмдер үшін β бұрыштары мен φ бұрыштары бір-біріне сәйкес келеді.

Ортадан тыс жұдырықшалы механизмдеріне арналған β бұрыштары φ бұрыштары сәйкес келмеуі мүмкін. Орындалатын технологиялық процестің тәуелділіктерінен профиль учаскелері болмайды. Профильдік бұрыштар нольге тең келеді.


Жұдырықшалар мен итергіштердің конструкциялары

Жұдырықша конструкциясы мен түрлері келесідей анықталады:

- біріншіден, жетектегі торап қозғалыстарының заңымен;

- екіншіден, жоғары кинематикалық жұптардың тұйықталу тәсілімен;

- үшіншіден, оны білікке бекіту тәсілімен.

Жұдырықшалар былай жасалады:



  • білікпен бірге, олардың білікте орналасуын реттейтін ауысымды,

  • жұдырықшаларды жасау материалы ең алдымен сұр шойын СЧ 21-40, модификацияланған шойын МСЧ 28-48, 20 және 20 Х болаттар, болат 45 және т.б.

Итергіштер ұшталған, жалпақ және саңырауқұлаққа ұқсас болады.

Тозуды азайту мақсатында шығыршықты итергіштер қолданады, яғни сырғанау үйкелісі тербеліс үйкелісімен ауыстырылады. Механизмнің қалыпты жұмыстары үшін жетекші және жетектегі тораптармен тұрақты контактіні қамтамасыз еу керек. Бұл тұйықталу күштік немесе геометриялық болу қажет.

Күштік тұйықталу былай қамтамасыздандырылған болуы мүмкін:

- итергіш және оның бөлшектерінің ауырлық күштерімен; арнайы серіппемен; немесе гидро - және пневмозатворлар көмегімен.

Геометриялық тұйықталу жоғары сенімділікке ие болуы тиіс, өйткені итергіш доңғалағы пазда немесе коромысло пазында орналаса бастайды.
Механизм жұмысы мен негізгі теориялар

Жетектегі тораптың қозғалыс сипаты, яғни:

- S2 –нің жылдамдығы V2 және үдеу a2 арқылы ауысуы

- жұдырықшаның жұмысшы беттерінің кескін үйлесімімен анықталады.



Сурет 1 – Жұдырықшалы механизмдердің түрлері


Сурет 2 – итергіш қозғалысының фазасына сәйкес келетін жұдырықшалардың профильді бұрыштар



Сурет 3 – Жұдырықшалардың конструкциялары





Сурет 4 – Итергіштердің конструкциялары

Сурет 5 – Итергіштерге шығыршықтарды бекіту әдістері



Сурет 6 – Итергіштер үдеуінің өзгеру графиктері
Жұдырықша берілген профилі кезінде итергіштің ауыспалылығын аналитикалық немесе графикалық жолмен анықтауға болады.

Координаталарда итергіштің ауыспалылықтарын графигін салып:



  • S = f(t) яғни ауыспалылық - уақыттың функциясы

  • графикалық дифференциялау көмегімен жылдамдықтың (V2) және уақыттан үдеудің (а) өзгеру заңдары.

Итергіш үдеуінің өзгеруінің мүмкіндік заңдары үш жағдайда бола алады:

а) толқынды қисық заңы бойынша (синусоида);

б) соңғы мөлшердің секіріс заңымен;

в) шексіз мөлшердің секіріс заңымен.

Үдеулердің өзгеру сипаттамасына байланысты динамикалық жүктеулердің әртүрлі мөлшерлері пайда болады. Осыған сәйкес механизмдарді былай бөледі:

а) екпінсіз; б) жұмсақ соққымен; ) қатты соққымен.



4-дәріс. Даналық бұйымдары бар машиналардың автоматты қоректендіргіштер
Қоректенгіштердің құрылымы, жіктелуі және негізгі типтері
Негізгі технологиялық операциялар адамның қатысуынсыз іске асырылады. Бірақ қосалқы операциялары (өңделетін объектіні, яғни шикізатты, жартылай фабрикаттарды және дайын бұйымдарды тиеу, түсіру, бекіту және машина ішінде тасымалдау) бар автоматтандырылған машина ғана толық автомат болып есептеледі.

Қоректенгіштер деп өңделетін объектіні машинаға беруге арналған құрылғыларды айтады.

Негізінен қоректенгіштер өңделетін объектіні кеңістікте және уақытта бағдарлау мүмкіншілігіне ие болады. Бұл жағдайда олар бағдарлаушы-қоректендіргішті құрылғылар (БҚҚ ) деп аталады :

Бағдарлаушы-қоректендіргішті құрылғылар:

а) автоматты және жартылай автоматты;

б) даналық және топтық қоректендіргішке арналған;

в) бір ағынды және көп ағынды;

г) белсенді мәжбүрлік және әрекетсіздік бағдарлау.


Әрекет етуі бойынша қоректенгіштер:

а) гравитациялық;

б) ортадан тепкіш;

в) тербелмелі;

г) аралас.
Конструкциясы бойынша қоректендіргіштер:

а) бункерлі; б ) шахталы; ) дискілі; г ) науа тәріздідес және т.б.


Қоректендіргіштер келесі функционалды құрылғылардан тұрады:

1) тиеу құрылғылары;

2) жинақтау құрылғылары (аралық сыйымдылықтар);

3) бөлуші құрылғылар;

4) бағдарлаушы құрылғылар;

5) беруші құрылғылар;

6) үйлестіруші, бақылаушы және қосалқы құрылғылар.
Көптеген қоректендіргіш типтерінде жеке элементтер болмайды, немесе олар бірлескен болады.

Мысалы, қоректендіргіштерде жинақтау құрылғылары болмауы мүмкін. Бөлу және бағдарлау функциясын бір жұмысшы орган атқаруы мүмкін. Олардың конструктивті атқаруылуы әртүрлі болады. Мысалы, сыйымдылықтар келесі түрде бола алады:

- бункерлі, воронкалы, магазинды, транспортерлі және т.б.

Тамақ өндірісінде жартылай автоматты қоректендіргіштер магазинді және автоматты бункерлі тиейтін құрылғылармен жабдықталған машиналар кеңінен қолданылады.

Жартылай автоматтық магазиндік қоректендіргіш келесі түрге ие

- өңделетін объекті магазинге даналап немесе порциялап қолмен жиналады,

- ал арнайы бергіштер оларды машинаға кезекпен береді.
Магазиндер келесі түрде жасалады:

а) шахта; б ) тартпа; в) транспортерлі; г) ұялары бар дискілі және т.б.


Бергіштер өңделетін объектіні алу және даналап беру функцияларын орындайды.

1сурет- а) магазинді қоректендіргіш; б) бункерлі қоректендіргіш


1а суретте магазинді қоректендіргіш схемасы берілген, ол цилиндрлік формадағы бұйымдар белгілі бір ретте салынатын магазинен 1, науалар түріндегі аралық транспортерден 2 және бергіштен 3 тұрады.
Бункерлі қоректендіргішдің артықшылығы мынада:

- Өңделетін объектілер бункерге толтыра тиеледі. Олар жиі орналасады. Бұйымдар қажетті қалыпта даналанып беріледі.

1б суретте бункерлі қоректендіргіш схемасын көрсетілген. Бұйымдар толтыра тиеледі. Кеңістікте бұйымды бағдарлайтын және бөлетін қармауыш орган 3 арқылы көтеріліп, жеке дайындамаларды тартып алады.

Егер көтерілген дайындама дұрыс жағдайда болмаса, ол жұлдызша 1 арқылы кері лақтырылады. Науа жинақтағыш-транспортер 5 қызметін атқарады. Бергіш 4 дайындамаларды даналап жұмысшы позицияларға береді.

Мұндай қоректенгіштер бункерлі бағдарлайтын құрылғы немесе бункерлі бағдарлау- қоректенуші құрылғы деп аталады.

Бункерлердің сыйымдылықтары магазин сыйымдылығынан көбірек бола алады. Сондықтан тиеуді жиі орындамай-ақ қоюға кейде болады. Бункерлі қоректендіргіш магазинге қарағанда кеңінен қолданылады. Бірақта бункерлі қоректендіргіш өңделетін объектілерді бағдарлау бойынша қосымша операциясыны орындағандықтан күрделі болып келеді.

Магазиндік қоректендіргіш орау автоматтарынды қолданылады. Олар екі типті магазиндерден тұрады:

- біріншісі , орайтын бұйымдарын (кәмпиттер) беруге арналған;

- екіншісі, буып-түйетін материалдар (этикеткалар) бланкілерін беруге арналған.

Кәмпиттерді беру магазині:

- айналатын әткеншек түрінде жасалған үстел. Кәмпиттерге лайықты әткеншек сыртында тесік қалталар орналасқан.

Әткеншек астында қозғалмайтын диск орнатылған. Дискте әткеншек тесіктеріне ұқсас бір ғана тесік болады.

Жоғарғы айналған әткеншек кәмпитінің кезекті тесігі төменгі диск тесігімен сәйкес келсе ғана кәмпит бергішке беріледі.

Бергіш оны орамаға нақты бір жағдайда береді. Этикеткаларға арналған магазин төрт бұрыштық тіреуіштан тұрады. Одан әрі вакуумды сорғыш оларды төмен жағынан даналап таңдап, орау позицияларына жібереді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет