Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Педагогика факультеті
«7М01601-Тарих», «7М01101-Педагогика және Психология», «7М01401-Дене шынықтыру және спорт», «7М01701-Қазақ тілі және әдебиеті», «7М01702-Шетел тілі екі шет тілі», мамандығының 1 курс студенттеріне 2022-2023 оқу жылының
бірінші семестріне арналған
«Ғылым тарихы мен философиясы»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы
(силлабус)
Орал - 2022 ж.
Құрастырған: ф.ғ.к., профессор Хайрушин Ж.К.
Тарих және құқық кафедрасы
«№ 413 кабинет»
Кредит саны – 3
Дәріс – 10 сағат
Практикалық жұмыстар – 15 сағат
МОӨЖ - 15 сағат
МӨЖ - 30 сағат
Емтихан – 15 сағат
Барлығы - 90 сағат
1. Оқытушы туралы мәліметтер
Хайрушин Жубаныш Каирович - «Тарих және құқық» кафедрасының а.профессоры,филос.г.к.,zhudita@yahoo.com
2. Өткізу орны мен уақыты
Өткізу уакыты: 1 семестр 2022-2023 оқу жылы
Өткізу орны: Орал қаласы, Н.Назарбаев 194. сағаттар: сабақ кестесі және СӨЖ кестесі бойынша өткізіледі.
3. Пререквизиттер:Философия
Постреквизиттер:Мамандану пәндері
4.Курстың қысқаша мазмұны (таңдау компоненті)
Аталмыш курс ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік береді, ғылымға философиялық және социологиялық талдау жасайды.
«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, аналитикалық қабілетін және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті дағдыларын дамытады.
Курс мақсаты:ғылымның тарихын оқып-үйрену негізінде ғылыми ойлаудың стилін жасау.
Курс міндеттері:
ғылымның тарихы мен философиясының негізгі мәселелері мен тақырыптарының ерекшеліктерін және өзара байланысын анықтау;
ғылымның өзіндік санасын оның әлеуметтік-философиялық қырлары тұрғысынан ашу;
ғылымның мамандық, әлеуметтік институт және өндіргіш күш ретіндегі феноменін түсіндіру;
жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдардың пәндік ерекшеліктерін, олардың ортақ жақтары мен айырмашылықтарын ашу.
Достарыңызбен бөлісу: |