Ғылыми жетекші: Акишева Д. М. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы



Дата17.07.2016
өлшемі58.5 Kb.
#204602
М. Қанатұлы, С.Н. Нұрланова

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенті, Семей қ.

Ғылыми жетекші: Акишева Д.М.

«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЮДЖЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
Нарықтық қатынастар туындатқан экономиканы басқарудың жаңа механизмдері бюджетті басқару жөніндегі мәселелерге де жаңаша көзқарастың қажет екендігін айқындап отыр. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де бюджет зор рөл атқарады. Ол нарықтық қатынастардың құрамдас бөлігі және сонымен қатар мемлекеттік саясатты іске асырудың құралы болып табылады. Бюджетті жоспарлау, басқару теорияларын қарастырмас бұрын, осы ұғымға, оның мәнін ашатын түсініктерге тоқтала кетуді жөн санаймыз.

Бүгінгі таңдағы мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы тұрғысынан негізгі мәселе бюджет жүйесін басқару процесі деп санауға болады. Бюджеттің қызметі бюджеттің кірісі мен шығысы сияқты ерекше экономикалық формалар арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорларын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты. Бұл жекелеген құндық бөлу этаптарын көрсететін мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ерекшеленген формасы.

Мемлекеттік бюджеттің табысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер базасында елдің экономикасын ары қарай дамыту мен инвестиция тартуға бағытталған белгіленген халықты ынталандырушы шаралары мен орта мерзімге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарымен анықталады. Бюджет кірістерін басқарудың барлық процесі табысты реттеудің негізгі принціптері бекітілген «Бюджет туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледі, сондай-ақ республикалық бюджетте ағымдағы жылға сәйкестендірілген табыстардан нақты аударымдар бекітіледі.

Бюджет — республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бейнелейді. Сондықтан да бюджет қаражаттарының қалыптасуы, атқарылуы және мақсатты пайдаланылуын білу өте маңызды.

Орта мерзімді кезеңдегі фискальды саясаттың негізгі мақсаты болып елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды бағыттарын шешу үшін салықтық-бюджеттік құралдарды тиімді пайдалану табылады. Атап айтқанда, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуін жылдамдатуға және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады.
      Орта мерзімді кезеңде аталған мақсатқа жету үшін келесідей негізгі міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:


  1. бюджет заңдылығын жүйелеу;  

  2. бюджеттік жоспарлауды жетілдіру;

  3. мемлекеттік шығындардың тиімділігін және нәтижелілігін арттыру;

  4. өткізілетін әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту;

  5. болашаққа бюджеттік жоспарлау ролін арттыру;  

  6. көлеңкелі экономика үлесін төмендету;

  7. бюджетаралық қатынастардың ашықтылығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану механизмін жетілдіру; 

  9. сақтау саясатын өткізуді есепке ала отырып үкіметтік қарыз және республикалық бюджет тапшылығының тиімді мөлшерін анықтау;

  10. үкіметтік қарыз құрылымындағы сыртқы қарыз үлесін біртіндеп төмендету.

Фискальды саясат мемлекеттің жалпыэкономикалық саясатының құрамдас бөлігі бола отырып инфляцияның ортажылдық деңгейін сақтауға, төлем балансын тұрақтандыруға әсерін тигізеді.

2006-2008 жылдардағы бюджеттік саясат облысындағы негізгі стратегиялық мақсаттардың бірі болып бюджеттік саясаттың мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму сферасына бағытталуы, сондай-ақ бюджеттің ашықтылығын қамтамасыз ету табылады.

Жалпы бюджеттік саясаттың негізгі мақсаты болып бюджеттік құралдарды қолдану арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлеуметтік-экономикалық дамудың басымды міндеттерін шешу табылады. Сонымен қатар мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттыру, бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану, барлық деңгейдегі бюджеттердің ашықтылығын қамтамасыз ету.

Есепті кезеңде бюджет қаражаттарын шығындаудың негізгі басымдықтары болып денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік реформалардың іске асырылуын тереңдету, тұрғын-үй құрылысы саясатын іске асыру, аграрлық кешенді дамыту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы саясатты іске асыру табылады.

Бюджет қаражаттарын «мақсатсыз пайдалану», «негізсіз пайдалану», «бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану» ұғымдары шектеліп, орнына бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу нәтижелілігін анықтайтын «индикаторлар» ұғымы енгізілген.

Бюджеттік процеске нормативті әдісті енгізу шеңберінде орталық мемлекеттік органдармен қызмет ететін нормативті құқықтық актілерді қайта қарау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген нормаларды қайта бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жауапкершілігін және бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына бақылауды нығайту мақсатында «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің бюджет заңдылығын сақтау бөлімі бойынша бөлігіне мемлекеттік мекемелер және оның басшыларының жауапкершілігін нығайту мақсатында салынатын айыппұлдар мөлшері жоғарылатылған.

Стратегиялық, аймақтық, салалық бюджеттік бағдарламалардың санын жоғарылату және оның іске асырылу тиімділігін арттыру мақсатында бағдарламаларды өңдеу және оның тиімділігін бағалаудың жаңа жолдары қарастырылған.

Бюджеттік бағдарламаларды стратегиялық құжаттармен байланыстырып, бюджеттік бағғдарламалардың сапасын жоғарылату арқылы бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру керек.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау процесін жетілдіру үшін соңғы нәтижеге жету жауапкершілігін нығайту мақсатында бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бюджеттік бағдарлама, ішкі бағдарлама құнын айқындау бойынша норма мен нормативтерді енгізуге еркіндік беру жоспарланған.

Елімізде экономикалық және бюджеттік саясатты енгізу және құру тәжірибесіне сәйкес алдыңғы үш жылдық мерзімге арналған фискальды саясат мемлекеттің ұзақмерзімді, ортамерзімді бағдарламаларына сәйкес құрылуы тиіс.

Бюджет мемлекеттің қызметтерін іске асыру және мемлекеттік саясат шараларын іске асырудың негізгі құралы болып табылады. Сондықтан да мемлекет қызметін іске асыру және бюджет саясатын тиімді жүзеге асыру белгілі бір бюджет қаражаттарын талап етеді.

Бюджет туралы заңды дайындау және қарау, бекіту процесі, сонымен қатар оны атқару мен атқарылуын бақылау процесі процедураның басты мәселесі. Соңғы он жылдықта қазақстандық бюджет саласының дамуы, экономикалық және әлеуметтік негізделген құрылыммен және мемлекеттік шығыстар көлемімен қажетті нәтижеге жете қойған жоқ. Негізгі себептерінің бірі ретінде қолданыстағы бюджеттік процедураның әлі де жетілмегенін айта кеткен жөн.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2009 жылдан бастап үш жылдық республикалық бюджетті жоспарлауға көшті. Бұл сұрақ ерекше маңызды болып табылады, өйткені бұл процесс мемлекеттің қызмет етуінің барлық сұрақтарын қамтиды. Мұндай жүйені енгізудің артықшылығы болып бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің еркіндігі, басымды міндеттерді анықтау мүмкіндігі және оны үздіксіз қаржылармен қамтамасыз етуі. Сонымен қатар мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу қазіргі жүйеде орын алып отырған қаражаттарды тарту фактілерін қысқартады. Бірақ мұндай жағдай тек жоспарлаудың және бюджет қаражаттарын пайдаланудың нақты нормативтері болған жағдайда мүмкін болады. Ол үшін елдің нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Сондықтан да бюджет шығыстарының бағыттарын өзгерту бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өкілеттілігі соңғы нәтижеге жеткізуге бағытталуы тиіс. Бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу кезінде үш жылдық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін болдырмау қажет. Сондықтан да бюджетті жоспарлау, атқару және бақылаудың нақты механизмін өңдеу қажет. Егер біз жағымды нәтижелер алатын болсақ мүмкін болатын шығындарды төмендету қажет. Елдің бағдарламалы құжаттарын өңдеген кезде негізделген нақты мақсаттар мен міндеттер қойылуы тиіс. Дұрыс қойылған мақсаттар мен міндеттер – бұл мемлекеттік бюджетті жоспарлау жүйесінің жетістігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануға бақылауды өткізу үшін қызмет етуі тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларды өңдеушілердің қабылдаған шешімдеріне жауапкершілігін арттыратын шараларды да қолдану қажет. Осылайша, бюджетті үш жылдық мерзімге жоспарлау кезінде жоспарлау процесінің қаржыландыру мен бюджет қаражаттарын пайдалану механизмінің арасындағы байланысын ескеру қажет. Бұл сұрақты шешкенде асығыстық болмауы тиіс, алдыңғы қатарлы дамыған елдердің тәжірибесі мен мемлекеттік құрылымның ұлттық ерекшеліктері есепке алынуы тиіс.

Бюджет кірістерін дұрыс жоспарламау бюджет қаражаттарының дұрыс падаланылмауына, яғни 1,5 пайыз мөлшерінде ЖІӨ-нің жоғалуына әкеледі. Бұл жағдайды болдырмау үшін қандай шаралар жасау керек деген сұрақ туындайды. Мемлекеттің стратегиялық және тактикалық міндеттерін іске асыру кезінде қарастырылған шараларды қаржылармен қамтамасыз ету процесі маңызды болып табылады. Осы этапта «экономикаға жұмыс істемейтін» бюджет қаражаттары пайда болады. Мұндай қаражаттарға пайдаланылмаған бюджет қаражаттары (бюджет қаражаттарының еркін қалдығы) бюджетаралақ қатынастардың жетілмегендігіне әкелетін жолдағы бюджет қаражаттары, түрлі инвестициялық жобаларға бағытталған қаражаттар жатқызылады.

Қазақстандық бюджетті басқару процесінің негізгі мәселесі болып бюджеттік процестің жоспарлау, қаржыландыру және бюджет қаражаттарын пайдалану стадияларында қайталанып отыратын қателіктердің болуы. Бюджеттік процестің барлық стадияларында, қаржылық бақылауды қоса алғанда жүйелі байланыс болуы тиіс.

Бюджетті басқару процесі жергілікті бюджеттің кіріс базасын арттыруға аймақтардың әкімдерін ынталандыруы тиіс. Бірақ қалыптасып отырған бюджеттік алулар жүйесі жергілікті басшылық жағынан мұндай ынтаны туғызбайды. Бұл мәселе барлығына яғни ресми трансферттер алатын облыстар мен қалаларға да тән. Аймақтар өздерінің кіріс базасын арттыруға ынталы емес, өйткені үш жылдық мерзімге белгіленген ресми трансферттер сомасы міндетті түрде жергілікті бюджетке түседі. Осындай жағдайда болдырмау үшін нақты бюджеттік және экономикалық реформаны іске асыру қажет және бюджетаралық қатынастардың дұрыс құрылуына көңіл бөлінуі тиіс.

Іске асырылып жатқан шараларға қарамастан бюджеттік жүйе сферасында бірнеше проблемалар орын алып отыр:

1. Бюджет қаражаттарының игерілмеген қалдықтарының болуы. Бұл жағдай жыл сайын тұрақты сипат алып отыр. Оның негізгі себебі ретінде бюджеттік бағдарлама әкімшіліріндегі қаржылық менеджмент деңгейінің төмен деңгейде болуымен және бюджет қаражаттарын алушылардың қаржылық тәртіп деңгейінің төмендігімен түсіндіріледі.

2.Жергілікті бюджет шоттарында бюджет қаражаттарының қалдық сомасының болуы.

3.Бюджет қаражаттарының мақсатсыз пайдаланылуы.

4.Мемлекеттік сатып алулар туралы заңдылықтың бұзылуы.

Бюджеттік жүйенің тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз ететін келесідей шаралар кешенін атауға болады.

Жергілікті қаржылардың ашықтылығын арттыру.

Ашықтылық мемлекеттік қаржыларды басқару тиімділігін қоғам тарапынан бақылаудың негізгі құралы болып табылады, шешім қабылдауда жергілікті үкімет органдарыныің жауапкершілігін арттырады және мемлекеттік мекемелерде ішкі тәртіпті сақтау жауапкершілігін арттырады. Бюджет туралы ақпараттардың сапалылығына тек мемлекеттік қаржыларды басқару органдары ғана емес, сонымен қатар азаматтар, инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілер қызығушылық танытады.

Қазіргі уақытта жергілікті қаржылардың жағдайы, жергілікті бюджеттердің орындалуы жөнінде есеп берушілік туралы ашық түрде статистикалық ақпараттар алуға болады. Сонымен қатар жергілікті деңгейде мемлекеттік қаржылар секторының қызмет етуі жайлы толық ақпарат алу қиынға соғады.

Сондай-ақ аймақтық көрсеткіштерді республикалық көрсеткіштермен сәйкестендіру мақсатында мемлекеттік үкімет органдарының барлық деңгейлері негізінде статистикалық ақпараттарды құрастырудың бірыңғай принціпін өңдеу қажет.

Сонымен қатар өзіне өткен кезеңдегі мемлекеттік басқару субъектілерінің қызмет нәтижелерін және болашақ кезеңдегі мемлекеттік қаржыларды басқарудың тиімділігін арттыру жоспарларын қосатын жыл сайынғы жергілікті басқару органдарының есеп берушіліктерін жария етуді тәжірибеге енгізу дұрыс болар еді.



ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Тоққожа Қ. Бюджет қаражаттарын басқарудың ерекшеліктері. // Экономика негіздері, 2008, № 6, Б. 3-6.

  2. Ахметова С.С. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттік секторды басқару құралы ретінде // Аль-Пари, 2007 № 1, Б. 103-105.

  3. Кубаев К, Абдрахманова С. Бюджетті басқарудың тиімділігін арттырудағы жоспарлаудың ролі // Ізденіс, 2007 № 4, Б. 14-20.

  4. Исахова П.Б. Региональное бюджетное выравнивание: проблемы и пути совершенствования // Финансы и кредит. 2005, № 8,С. 14-17.

  5. Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгзу жөніндегі концепция. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26-желтоқсандағы қаулысы.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет