Мәліметті тез іздеп табу мүмкіндігі



бет1/8
Дата02.01.2022
өлшемі1.24 Mb.
#453509
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Бекнур


Кіріспе

Қазірігі таңдағы ақпараттық жүйе формасы мәлімет банкілері болып табылады. Олардың құрамына электронды есептеуіш машинасы базасындағы есептеуіш жүйе, мәліметтер базасын басқару жүйесінде бір немесе бірнеше мәліметтер базасын, қолданбалы бағдарламалар құрамы (қосымшалар) кіреді. Мәліметтер базасын мәліметтерді сақтауға, мәліметтерге тиімді және тез қолжеткізуді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасын ішінде сақталатын ақпаратты білдіреді.

Осы курстық жоба теміржол кассаларын автоматтандыру жұмысын оңайлату, жақсарту мақсатында құрылған жүйе. Мәліметтер базасын ұйымдастыру модельдері арқылы көптеген қызметтерді автоматтандыру, яғни арнайы мәліметтер базасын құрып программа жүйесін ұйымдастыру.Ол қазіргі кезде әртүрлі технологиялардың дамуына байланысты барлығында компьютерлік жүйеде автоматтандыру қолға алынып, жүзеге асуда. Қолданбалы программалар (қосымшалар) мәліметті өңдеуге қызмет етіп, мәліметтер базасында сақталады.

Қолданушы қосымшаларды қолдана отырып мәліметтер базасымен жұмыс істейді. Локалды мәліметтер базасында мәліметтер базасын және қосымша бір компонентте орналасады, ал алыстатылған мәліметтер базасында қосымша мен мәліметтер базасы бөлек орналасады.Мәліметтерді ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтер базасын да мәліметтерді көрсету модельдерін анықтайды: иерархиялық, желілік, реляциялық және обьектілік–бағытталған. Иерархиялық модельде мәліметтер ағаш тәрізді (иерархиялық) құрылымда беріледі. Желілікте келтірілген графа түрінде ұйымдастырады. Оның кемшілігі – құрылымның каттылығы және оны ұйымдастыру қиындығы.

Қазіргі заманғы компьютер технологиясын қолданып электрондық мәліметтер қорын құру ғылымда, техникада, адамзаттың күнделікті өмірінде кеңінен қолданылуда. Соның бір мысалы болып, теміржол кассаларын автоматтандыру болып саналады. Теміржол кассаларының автоматтандырудың электрондық мәліметтер қорынының артықшылықтары:

- мәліметті тез іздеп табу мүмкіндігі;

- есімі немесе фамилиясы бойынша тез

іздеп табу;

- жүргіншілер туралы ақпарат өзгерген немесе жойылған жағдайда

мәліметтерді өзгерту немесе жою мүмкіндігі;

- фамилиялары және қалалар бойынша сұрыптау мүмкіндігі.

Borland C ++ Builder мәліметтер базасына қол жетімділіктің кең мүмкіндіктеріне ие. Мәліметтер қоры ақпаратты сақтауға ғана емес, сонымен қатар ақпаратты таңдауға және өңдеуге де арналған болғандықтан, оларды қолданудың маңызды аспектілерінің бірі - оларға сұраныстар жасау. Сонымен, бүгін біз C ++ Builder сұраныстарды құру мәселелерін қалай шешетінін қарастырамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет